|
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ХИМИЯ ПӘНІНДЕ ЖАҢАШЫЛ ТҰРҒЫДА ҚОЛДАНУ Г.М. ҚАЛЫМ Ертіс ауылы, №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі Кіріспе Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасының мақсатына сай: бәсекелістікке қабілетті, құзырлы, шығармашыл, білімді, дамушы, ортаға сай өмір сүруге, өзінің сол секілді ортаның қызығушылығына сай өзін-өзі өзектендіруге дайын тұлғаны қалыптастыру және дамыту, мұғалімнің қызметі нақты оқу үрдісінің мақсаттарын жобалауға, оқу үрдісің ұйымдастыруға, оқу материалдарын дайындауға және меңгеруді реттеуге, ақпараттық орта әлеуетін пайдалануға, оқушылардың білімдік кеңістіктерін кеңейту мүмкіндіктерін іздендіруге бағытталады.[1] Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. Ол мектеп бітіргеннен соң, оқушының қоғамдық кеңістікке оңай сіңіп кетуін, әлеуметтік көзқарасының дұрыс қалыптасып, мектепте алған білімін өмірде қажетіне жарата білуін нысанаға алады. Бұл дегеніңіз мектеп қабырғасында әр баланың құзырлығы арқылы да аңықталады. Ендеше, білім меңгеру үрдісіндегі негізгі тұлға ұстаздың құзырлығы қандай болмақ? Ұлы Абайдың: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деген сөздері ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер емес пе? Сондықтан кәсіби шеберлігі шыңдалған, құзырлығы жоғары, өз ісінің технологы болу ұстаздан нені талап етеді десек, ол мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден тұрады. Нәтижеге бағытталған білімдендірудің жаңа жүйесіне көшу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда да жаңа көзқарасты қалыптастыруды, құзырлықтарын үнемі дамытуды талап етеді. Жоғары мәдениетті адам ғана осы қажеттіліктерді шешудің жолдарын іздейді, табады. Мәдениет – адамның ішкі жан дүниесінің өзгеріп , дамып,жетіліп отыруын аңықтайтын сапалары және қасиеттері. Ендеше, білімді, рухани сапасы жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыратын – мектеп, ал мектептің жүрегі – мұғалім. Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның тапсырысы. Әр сабағына өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жананы табатын өнер», - дейді Жүсіпбек Аймауытов. Білім беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер қатары анықталған.Құзырлықтың мән-маңызы ашылып, оған қол жетудің жолдары жан – жақты қарастырылған. Ал, осы айтып жатқан құзіреттілік дегеніміз не? Құзыр - бұл адамның бойындағы бар білік пен білім және қабілеттері. Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс әрекетке дайындық, (қазақ түсіндірме сөздігі). Ал, құзыреттілік дегеніміз – бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің болуы. Бүгінгі таңда химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.[2] Мультимедиялық көмекші құралдармен жұмыс істей отырып, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолданады. Мұндай жұмыс сабақтың келесі кезеңдерінде іске асырылады: - үй жұмысын тексеруде; - жағдаятты шешкенде; - жаңа сабақты түсіндіргенде; - жаңа сабақтың бекіту кезеңінде; - сабақ барысында оқушылардың білімдерін тексеруде. Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы өнеркәсіп салаларының дамуы, қызықты мәліметтер, көрнекіліктер табылады. Әрине, көп жұмыстар тексеруді, түзетуді талап етеді, бірақ сабаққа дайындалу барысында әдістемелік жағынан көмек береді. ^ – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабақ, пікірталас сабағы. ^ – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі.Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі (компьютер көрсетеді). Тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчарт арқылы көрсету формаларының бірі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады. Интернет желесінен кітапхана қорын керекті суретер, құжаттар, сызбалармен толтырып жаңаға ұмтылдық. Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі. Сонымен, оқу - жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану келесі нәтиже береді: - оқушылар электронды оқулықтармен, виртуалды лабораторияда және интернет желісімен жұмыс істей алады; - оқушының білімі қысқа және кез келген уақытта бағаланы; - қайталау мүмкіндігі кеңейді - орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады - интерактивті тақтаны еркін қолданады; - ақпараттық мәдениетін дамытады; - сабақта уақыт та үнемделеді; - оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды; - зерттеу дағдылары дамиды; - оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады - әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады; Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы төмендегідей анықталады: Ақпараттық құзырет - компьютерлік білімділігі,жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электрондық пошта, Интернет) мүмкіндігі. ^ – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, оқушылар арасындағы сенімділік , бірін – бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері. Әлеуметтік- құқықтық құзірет- өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік. Мәдениет – танымдық құзыреттілік. Оқу – танымдық құзыреттілік. Коммуникативті құзыреттілік. Ақпараттық – технологиялық құзыреттілік. Әлеуметтік – еңбек құзыреттілік. Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзыреттілік. ![]() ![]() ![]() ![]() Педагогиканың дамуының қазіргі кеңінде, оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік талаптарын анықтағанда, дәстүрлі педагогикалық әңгіме принциптері жаңа принциптеріне ауыстыру жайлы емес, принциптерді қайта қарап, олардың мазмұның жаңа өзгерген шарттарға сай толықтыру жайлы болу керек Педагогикалық үрдісті технологияландыру – бүл бүгінгі күннің қажеттілігі. Педагогикалық үрдісінің негізгі формасы – сабақ. Ендеше сабақтың өз мәнінде өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ал мұғалімнің шеберлігі – сабақтың түрі мен оны өткізудегі тиімді әдісті таңдай білуі, сабақ жоспарын жобалауы.[3] Қорытындылау. Интерактивті тақтамен сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, интеллектуалдық,шығармашылық белсенділігін арттырады. Демек, болашақта мұгалімдердің еңбектері өз сабақтарында ақпараттық – коммуникативті технологиялар пайдалану арқылы жеңілдейді. Жаңа акпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші – адам деп санаймын. Резюме Химия дәрісінде, ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалану ,модельдеу және интерактивті құралдарын қолдану, интернетте жұмыс істеп білу, электронды оқулықтарды пайдалану үлкен рөл атқарады. УРОК Қ.С. Құдайбергенова «Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми - теориялық негізінде», монографиялық еңбегінде үсынған күнделікті сабақ жоспарының жобасында білімді меңгеру әр деңгейдің мақсатынан оқушының қызметі, білімін өрістігі, танымдық қабілеттін арттыруы, күтілетін нәтижелер белгіленеді. 8 сыныптағы «Қышқылдардың жіктелуі,алынуы,олардың химиялық қасиеттері» тақырыбына сабақ жоспарын келтеріп, сонымен бірге интерактивті тақта қолдану жолдарын көрсеттім. Ақпараттық - коммуникативті әдістерді қолдану өзінің нәтижесін береді. Сабақ тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі,алынуы, олардың химиялық қасиеттері
«Миға шабу » 1. Сутектің таңбасы қалай оқылады? 2. Оттек неше валентті? 3. Көмір қышқыл газының формуласы ? 4. біреуі оттек болып келетін екі элементтен түзілген күрделі затты қалай айтамыз? 5.NaCL –қай заттың аты? 6. Аса бағалы металдар? 7.Кальций оксидіне су қосқанда түзіледі.....? 8. Негіздердің түрлері болады ? 9. «.......-атасы,жер –анасы » 10. Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар/атомдар тобы/ бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция ? «Танымдық кесте»
^ «Қышқылдарды жіктеу» Флипчартта берілген химиялық формулаларды тасымалдап оттеті, оттексіз және негіздігі бойынша жіктеу . «Қышқылдарды алу» жолдары қарастырылады « Қышқыл –қауіпті !»- Интернет желісінен алыңған суретті ақпаратты көру . ^ «Қышқылға түстім, жоқ болдым. Сілтіге түстім, от болдым. Айтындаршы, балалар Неліктен мен «шоқ» болдым? »( Фенолфталейн ) «Қышқылға құлап қызардың Раушан гүлдей шырайлы Секірдің де сілтіге Сарғалдақтай сарғайдың. Тек тұрсаң да әдемі ең Алқызыл түсің арайлы Айтшы өзің кім едің?» ( Метилоранж ) ^ Химиялық реактивтерді қолданып эксперементтік есептерді шығару: 1 есеп: Нөмірленген 2 құтыда 2 түссіз сүйық берілген. Индикаторларды қолданып қышқылдың қай ыдыста екенін анықтаныздар. 2 есеп: Мырыштан мырыш хлоридің алыңыздар. 3 есеп: Берілген тұз натрий карбонатының ерітіңдісінен көмірқышқыл газын алыңыздар. 4 есеп: Мыс хлоридің қандай әдістермен алуға болады? Тәжірибелерді жүргізіндер. 5 есеп: Егер натрий гидроксидіне фенолфталейнді тамызып барып күкірт қышқылын қосқанда қандай өзгеріс болады ? Орындаған тәжірибелердің бақылауларын нақтылап, реакциялардың жүру белгілері мен жағдайларын, химиялық реакция теңдеулерін жазып дәлеледеңдер. «Химиялық қасиеттеріне сызбаңұсқа құрастыру» : 1.
5. сілті +қышқыл = тұз+ су Пайдаланған әдебиеттер : 1. . Қ.С. Құдайбергенова, « Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми- теориялық негізінде», монографиялық еңбек, Алматы , 2008, бет 257,258 2. . 12 жылдық білім беру ,Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал №6 , Астана, 2010, 3. 12 жылдық білім беру ,Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал №10 , Астана, 2010, бет 37, 49. 4. Химия мектепте, ғылыми-педагогикалық журнал , №1 ,Алматы, 2009, бет22. 5. Химия мектепте, ғылыми-педагогикалық журнал , №2 ,Алматы, 2009, бет19. 7 |
![]() | Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010– 2014 жылдарға арналған бағдарлама | ![]() | Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010– 2014 жылдарға арналған бағдарлама |
![]() | Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген... | ![]() | Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылдың І жартыжылдық анықтамасы Асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – ҚРҮ сәйкесінше ҚРҮҚ) 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген... |
![]() | «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» с алалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» БШ) негізінде әзірленді және орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен қолданылатын білім, дағды, құзырет сипатына байланысты деңгейлер... | ![]() | Қазақстан республикасының заңы ақпараттандыру туралы Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану... |
![]() | Қазақстан республикасының заңы ақпараттандыру туралы Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану... | ![]() | Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту... |
![]() | Қазақстан республикасының заңы ақпараттандыру туралы (жаңа редакция) Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану... | ![]() | «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны... |