Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің icon

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің



НазваниеПавлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің
Дата конвертации20.10.2013
Размер60.91 Kb.
ТипДокументы
источник





Павлодар облысы

Ертіс ауданы әкімдігінің

2013 жылғы 3 қантардағы

№ 6/1 қаулысымен

бекітілген



«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жалпы орта білім беретін ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) жүзеге асырылады.

4. Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.

5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету

тәртібіне қойылатын талаптар


6. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ке дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – үш жұмыс күні.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет-тен бас тартады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

(өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы


10. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды білім беру ұйымына ұсынады.

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға алатын күні белгіленген тізімдеме беріледі.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функ-ционалдық бірліктер қатысады:

1) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы;

2) білім беру ұйымының басшысы.

13. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр құрылымдық-функционалдық бірліктер әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1- қосымшасында көрсетілген.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету және құрылымдық функционалдық бірліктер үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.


4. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


15. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.






«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша



Әр бірліктің әкімшілік іс-әрекетінің (үрдістердің)

жүйелілігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы



Негізгі процесс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің №

(барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5




Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

2

Іс-әрекеттің (үдеріс, рәсім, операциялар) атауы және оларды сипаттау

Мемлекеттік қызметті алушының ұсынған құжаттарын қабылдау және тіркеу

Мемлекеттік қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастыру

Үйде оқытуға туралы бұйрықтың жобасын дайындау немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

Бұйрықты қарау немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты қарастыру

Шығыс құжаттарды есепке алу журналында тіркеу

3

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Күні белгіленген тізімдеме ұсыну

Бұйрық дайындауға құжаттарды беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауға түскен құжаттарды ұсыну

Бұйрықтың, немесе ұсынған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Бұйрыққа қол қою

Үйде оқуға бұйрық туралы немесе ұсынған қызметтен бас тарту туралы дәлелді ауызша хабарлама беру

4

Орындау мерзімі

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

30 минуттан аспайды

5

Келесі іс-әрекеттің нөмері

2- баған

3- баған

4-баған

5-баған










«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта

білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды

қабылдау» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне

2-қосымша



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына

өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті ұсыну сызбасы:

Мемлекеттік қызметті алушы





1. Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы:

Мемлекеттік қызметті алушының ұсынған құжаттарын қабылдау және тіркеу

5. Білім беру ұйымының

жауапты тұлғасы:

Шығыс құжаттарды есепке алу журналында тіркеу

2. Білім беру ұйымының бастығы:

Мемлекеттік қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастыру

4. Білім беру ұйымының бастығы:

Бұйрықты қарау немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты қарастыру




3 Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы:

Үйде оқытуға туралы бұйрықтың жобасын дайындау немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау





Похожие:

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің iconПавлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің
«Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің iconПавлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің iconЕртіс ауданы Әкімдігінің қызмет тиімділігін жалпы бағалау
Ертіс ауданы Әкімдігінің (бұдан әрі Әкімдік) қызмет тиімділігі төмен деп бағаланды. Орташа балл 6 бағыт бойынша 65,01 баллды құрады...
Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің icon2013 жылғы 25 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Ертіс ауданы бойынша Салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде түскен түсімдер сомасын қайтару,
Салық комитеті Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Ертіс ауданы бойынша Салық басқармасы мемлекеттік мекемесінде түскен...
Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің iconПавлодар облысы Качир ауданы әкімдігінің
Павлодар облысы, Качир ауданы, Теренкол селосы, Тургенев көшесі, 85а мекен-жайы бойынша орналасқан «Качир ауданының жұмыспен қамту...
Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің iconПавлодар облысы Качир ауданы әкімдігінің
«Качир ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы,...
Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің iconПавлодар облысы Качир ауданы әкімдігінің
Качир ауданының орта білім беретін ұйымдарымен (бұдан әрі – білім беру ұйымы) және «Качир ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен...
Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің iconПавлодар ауданы Әкімдігінің қызмет тиімділігін жалпы бағалау
Павлодар ауданы Әкімдігінің (бұдан әрі Әкімдік) қызмет тиімділігі төмен деп бағаланды. Орташа балл 6 бағыт бойынша 63,44 баллды құрады...
Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің iconПавлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы
Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 маусымдағы “Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар...
Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің icon2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы