«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» icon

«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс»



Название«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс»
Дата конвертации20.10.2013
Размер73.3 Kb.
ТипДокументы
источник









«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс»

облыстық конкурсы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» аудандық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін белгілейді.

1.2. Конкурсты білім бөлімінің әдістемелік кабинеты өткізеді.

1.3. Конкурсты ұйымдастыру үшін Ұйымдастыру комитеті, Қазылар алқасы және Сараптамалық кеңес құрылады.

1.4. Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

- Конкурс туралы осы Ережені әзірлейді және өзгертеді;

- Конкурсты өткізу шарттарын (өткізу тәртібі, мерзімі, бағалау критерийлері, кезеңдері және .б.) белгілейді;

- Қазылар алқасы құрамын және оның Төрағасын тағайындау туралы шешім қабылдайды;

- Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау, өтінімдердің осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес ресімделуін және берілуін ұйымдастырады;

- Конкурсты өткізу кезіндегі Қазылар алқасы және Сараптамалық кеңестің жұмысын үйлестіреді;

- Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастырады;

- Ұйымдастыру комитеті мен Конкурстың міндеттерін шешуге бағытталған басқа да ұйымдастырушылық шешімдер қабылдайды.

1.5. Қазылар алқасы:

- Конкурстың ақтық сынына қатысушыларын іріктейді;

- Конкурстың аудандық кезеңінде арнайы курс бағдарламаларын бағалайды;

- Конкурс номинациялары бойынша қатысушыларға бірыңғай талаптар қояды;

- Конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

1.6. Облыстық кезеңге қатысушы үміткерлер материалдарының «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» аудандық конкурсының критерийлеріне сәйкестігі туралы құзыретті және объективті қорытынды шығару үшін Сараптамалық кеңес құрылады.

1.7. Сараптамалық кеңестің құрамына Ұйымдастыру комитетінің мүшелері, әдістемелік кабинетінің әдіскерлері енеді.

1.8. Сараптамалық кеңестің сандық құрамын Ұйымдастыру комитеті белгілейді.

1.9. Сараптамашылар іріктеген номинанттар тізімі конкурстың келесі кезеңіне қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі.

1.10. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдардың конкурстың келесі кезеңіне өтуі туралы Сараптамалық кеңестің шешімін жарияламайды.


^ 2. Конкурс қатысушылары

2.1. Конкурсқа негізгі орта білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мұғалімдер, сондай-ақ авторлар ұжымы қатыса алады.

2.2. Конкурсқа жіберілмейді:

- Ережеге сай ресімделмеген материалдар(осы Ереженің 5т. қараңыз);

- Сараптамалық кеңеске белгіленген мерзімнен кешіктіріп ұсынылған жобалар.


^ 3. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

3.1. 12 жылдық бейінді мектептегі білім берудің вариативті бөлігінің мазмұнын қамтамасыз ету.

3.2. 12 жылдық бейінді мектепке арналған перспективті арнайы курстарды іріктеу.

3.3. 12 жылдық бейінді мектепке арналған арнайы курстар дерекқорын құру.

3.4. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби тұрғыда өсуін ынталандыру үшін жағдай жасау.

3.5. 12 жылдық бейінді мектептерге арналған курстар әзірлеудегі пән мұғалімдерінің озық тәжірибесін тарату.

3.6. Жалпы орта білімді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының потенциалды мүмкіндіктерін анықтау.


^ 4. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

4.1 Конкурс үш кезеңде өтеді: 

I кезең – аудандық (қалалық) – 2013 жылғы 29 наурыз аралығында.

IІ кезең – (сараптамалық) – 2013 жылғы 1-10 сәуір аралығында.

IІІ кезең – (облыстық конкурстың финалы - қорғау) – 2013 жылғы 25 сәуірде.

Әрбір қатысушыға жобаны қорғау үшін 5-7 минут беріледі.


^ 5. 12 жылдық бейінді мектепке арналған арнайы курсқа қойылатын талаптар

5.1. Төмендегідей курс түрлерінің біріне сәйкестігі:

- жоғары кәсіби білім беру пәндері мазмұнымен түйіндескен;

- жоғары деңгейдігі, қандай да бір пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған;

- негізгі курстың жекелеген пәндерін тереңдетіп оқыту, осы пән бойынша міндетті бағдарламаға енгізілген;

- негізгі курстың жекелеген пәндерін тереңдетіп оқыту, осы пән бойынша міндетті бағдарламаға енгізілмеген;

- қолданбалы курстар.

5.2 Бағдарламаға мынадай құрылымдық элементтер енгізілуі тиіс:

- бетпарақ;

- түсінік хат;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспар;

- оқытылатын курстың мазмұны;

- әдістемелік нұсқаулар;

- қолданылған әдебиеттер.

5.3. Бетпарақта көрсетілуі тиіс:

- білім беру мекемесінің атауы;

- бағдарламаны қайда, қашан, кім бекіткені туралы мәлімет;

- курстың атауы;

- бағдарлама оқытуды көзделген сынып;

- бағдарлама авторының(авторларының) ТАӘ, лауазымы;

- қала, елді мекеннің атауы;

- бағдарлама әзірленген жыл.

5.4. Түсінік хатта берілуі тиіс:

- осы курсты енгізу қажеттілігінің дәлелі;

- курстың бейінді оқытудағы орны мен рөлі;

- курстың мақсаты мен міндеттері;

- бағдарламаны жүзеге асыру мерзімдері (оқыту ұзақтығы, кезеңі);

- материалдарды іріктеу және құрудың негізгі қағидалары;

- оқыту әдісі, түрі, сабақтар режімі;

- күтілетін нәтиже;

- нәтижені бағалау құралдары.

5.5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда берілуі тиіс:

- бөлімдер, тақырыптар тізбесі;

- әрбір тақырыпты оқуға бөлінген сағат саны;

- сабақ түрі.

5.6. Оқытылатын курстың мазмұнына тақырыптар тізбесі және олардың рефераттық сипаттамасы енгізіледі.

5.7. Әдістемелік нұсқауларда берілуі тиіс:

- әрбір бөлім немесе тақырып бойынша негізгі мазмұнды компоненттер;

- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, құралдары, сабақ түрлерінің сипаты;

- дидактикалық материалдар.

5.8. Қолданылған әдебиеттерде берілуі тиіс:

- курсты оқытуға қажетті әдебиеттер, сонымен қатар басқа да оқу-әдістемелік материалдар мен құралдар тізімі.


Қолданылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі:

Қолданылған әдебиеттер:

1. Седов В.В., Экономикалық теория: оқу құралы. – Челябі:Наука, 2007. – 195 б.

Мәтін Word бағдарламасында теріліп, 14 кегл Times New Roman шрифтісінде, жол арасындағы интервал – 1,0, үстіңгі, астыңғы жақтары – 2 см, сол жағы – 2,5 см, оң жағы – 1,5 см. болуы талап етіледі.

5.9. Ұсынылған курсқа пікір немесе рецензия болуы тиіс.

5.10. Ұйымдастыру комитеті Осы талаптарға сай келмейтін жұмыстарды Конкурсқа қатыстырудан алып тастай алады. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.


6. Ұсынылған жұмыстарға сараптама жүргізу тәртібі

6.1. Конкурстың ІІ кезеңіне өту үшін аудандық (қалалық) кезеңнен өткен қатысушы (мұғалім, авторлар ұжымы) әзірлеген курсты Ұйымдастыру комитетіне 2013 жылғы 08 сәуірге дейін ұсынуы қажет.

6.2 Конкурстың ІІ кезеңіне қатысу туралы өтінімді аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет ұйымдастыру комитетіне жібереді.

6.3. Осы кезеңде әрбір жоба төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

- белгілі бір курсқа сәйкестігі;

- өзектілігі;

- курстың жаңашылдығы;

- курстың педагогикалық мақсаттылығы;

- бағдарламадағы құрылымдық бөліктердің сақталуы;

- мазмұнның ғылымилығы;

- пікір мен рецензияның болуы.

6.4. Осы кезең бойынша шешім Сараптамалық кеңестің хаттамасымен ресімделеді, оған Сараптамалық кеңестің төрағасы қол қояды.


^ 7. Конкурсты қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібі

7.1 Конкурстың қорытындысын Қазылар алқасы шығарады.

7.2 Ұйымдастыру комитеті мынадай қосымша номинациялар тағайындай алады:

- «Әлеуметтік-гуманитарлық бейін бойынша үздік арнайы курс»;

- «Жаратылыстану-математикалық бейін бойынша үздік арнайы курс»;

- «Пән бойынша үздік арнайы курс»;

- «АКТ негізінде ұсынылған үздік арнайы курс».

7.3 Аудандық конкурс жеңімпаздары үшін әр номинация бойынша үш жүлделі орын тағайындалады: І орын- біреу; ІІ орын-біреу; ІІІ орын- біреу.

7.4 Конкурс жеңімпаздары мен лауреаттары Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталады.

7.5 Конкурстың қорытындысы бойынша Ұйымдастыру комитеті нұсқаулар әзірлейді және Конкурс жеңімпаздары курстарының жинағын шығарады.


^ 8. Конкурсты қаржыландыру

8.1. Конкурстың аудандық(қалалық) кезеңін аудандық/қалалық білім беру бөлімдері ұйымдастырады және қаржыландырады.

8.2. Конкурстың облыстық кезеңін Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы ұйымдастырады және қаржыландырады.


9. Қорытынды бөлім

9.1. Барлық мәселелерді, оның ішінде осы Ережеде көрсетілмеген мәселелерді Конкурсты ұйымдастыру комитеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешеді.


Конкурсты ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Ертіс ауылы, И. Байзаков көшесі,14

Байланыс телефондары: 21477


Қосымша 2


"12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс" конкурсына қатысуға өтінім (Excel форматында)



Р/с

Қатысушы-ның

ТАӘ

туған күні

аудан, мектеп

еңбек өтілі

санаты

арнайы курстың атауы

рецензент

байланыс телефон-дары, қатысушы-ның электрон-дық поштасы

1



























Похожие:

«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» iconПавлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» iconПресс-релиз «Өлкетану бойынша үздік арнайы курс»
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспары негізінде,...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» iconПавлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы
...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» icon«Үздік адал кәсіпкер» конкурсы туралы ереже жалпы ережелер
Ереже) «Үздік адал кәсіпкер» жыл сайынғы өңірлік конкурстың (бұдан әрі конкурс) мақсатын, міндеттерін, шарттарын және өткізу тәртібін,...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» icon«Ең үздік білім беру интернет-ресурсы» конкурсының ережесі жалпы ережелер осы Ереже «Ең үздік білім беру интернет-ресурсы»
Осы Ереже «Ең үздік білім беру интернет-ресурсы»конкурсының(бұдан әрі Конкурс)мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оның өткізілу...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» iconҚұттықтаймыз!
Мектепке деінгі білім беру ұйымдары басшыларының секциясында «№96 сәбилер бақшасы – «Радуга» үйлесімді дамыту орталығы» МҚкк-ның...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» iconТұжырымдама Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту
Осы Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» iconЕреже жалпы ереже Байқау журналистер арасында отбасы және отбасылық құндылықтары жайында ең үздік жарияланым «Отбасылық жоба»
Байқау журналистер арасында отбасы және отбасылық құндылықтары жайында ең үздік жарияланым «Отбасылық жоба» Қостанай облысы әкімінің...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» iconСапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа»
«Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 09 қазандағы...
«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» iconШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі
Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы