«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Название«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации09.04.2014
Размер52.98 Kb.
ТипДокументы
источник

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы «     »         
№   қаулысымен 
бекітілген

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру».
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және кент, ауыл, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).
4. Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:
1) уәкілетті орган;
2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық);
3) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі).
5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтіккөмек алушылар болып табылатын жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) уәкілетті органға, орталыққа және ауылдық округ әкіміне өтініш беру кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды өткізген сәттен бастап 15 минуттан аспайды;
2) құжаттар пакетін өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін (талон алғанға дейін) күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
3) көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
8. Көрсетілетін қызметті алушы алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті орган, ауылдық округ әкімінде:
демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі –Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) орталықта:
демалыс және заңнамада белгіленген мереке күндерін қоспағанда, күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен  өкілдіктері үшін жұмыс кестесі сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті
алушы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш береді және оған: жеке басын  куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматы – жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін (төлқұжат), шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатының көшірмесін немесе азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгісі бар куәліктің көшірмесін);
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган маманы, ауылдық округтің әкімі немесе орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді. 
13. Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) уәкілетті органның, орталықтардың басшыларына тікелей.
Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http//www.enbek/gov.kz; www.con.gov.kz
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;
4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» бетіне);
5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігінде арқылы;
6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
15. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның  тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
16. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. 
17. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады. 
18.Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

19. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek/gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.
20. Консультативтік қызметтер сall-орталықтың (1414) телефоны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетіледі.

Похожие:

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі...
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті...
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі...
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы