Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon

Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



НазваниеБұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Дата конвертации09.04.2014
Размер70.22 Kb.
ТипДокументы
источник

«Меңдіқара ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімі» ММ басшысының

« »____________ 2013 жыл

бұйрығымен бекітілген_


Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының

РЕГЛАМЕНТІ


1. Жалпы ереже.


1. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы (бұдан әрі) мемлекеттік қызметкер болып табылады.

2. Басшысы бөлім қызметіне басшылық жасайды, құрылымдық бөлімшелердің қызметін айқындайды, сенімхатсыз бөлімнің атынан жұмыс істейді және оның мүделерін ұсынады, шарттар жасасады, сенімхаттарды береді, банкте есеп айырысу және басқа да шоттарын ашады, бөлімнің барлық жұмыскерлері үшін міндетті, бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді.

3. Осы регламенттың талаптарына сәйкес, іс жүргізу, есеп, құжаттарды толтыру және сақтау және құжаттардың бөлімдердегі уақытылы орындалуын бақылау сектор меңгерушілеріне жүктеледі.

4. Мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымы (нормативтік актілерден басқа) тек мемлекеттік тілде жүзеге асуы тиіс. Қажет болған жағдай орысша нұсқасы қоса беріледі. Фирмалық бланкіде мемлекеттік тілде ғана басылуы тиіс.

5. Басшы болмаған кездерде оның міндетін атқарушы бөлімнің барлық жұмыскерлері үшін міндетті, бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді, қаржы сұрақтарынан басқа.


Жұмысты жоспарлау.


  1. Бөлім өзінің жұмыс мерзімін, негізгі іс-шаралардың жылдық, тоқсандық және айлық жоспарлары бойынша жүргізеді.

  2. Жылдық, тоқсандық және айлық жоспарлар сектор меңгерушілерімен әзірленеді, бөлім басшысымен бекітеді.

  3. Жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды бөлім, сектор меңгерушілер жүзеге асырады.


2. Бұйрықтарды әзірлеу, ресімдеу және жіберу тәртібі.


  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес бөлімнің басшысы, ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы, өзінің жұмыс жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша, бұйрықтарды шығарады.

Бұйрықта белгіленген іс-шаралардың мазмұны, белгіленген мерзімде оның орындалуына жауапты немесе ұйымдарға, жеке тұлғаларға таратылып, олардың қамтылатын көлемі тиісті түрде көрсетілуі тиіс.

  1. Бөлім басшысына қол қоюға берілетін бұйрықтар іс жүргізу және кадрлық қатынас жөніндегі бас маманның (бұдан әрі - маман) түзету арқылы, мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленген үлгідегі бланкілерге басылып теріледі.

Егерде бұйрықтың жобасында осы берілген регламенттің талаптары бұзылып әзірленсе, онда маман қайта дұрыстау үшін қайтарады.

  1. Бөлімнің басшысы қол қойған бұйрықтың түпнұсқасы, маманға беріледі. Бұйрықтың түпнұсқасына қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тиым салынады.

Келіп түскен бұйрықтар белгіленген үлгідегі журналдарда жеке тіркеледі.

  1. Бұйрықтар нормативтік –актілерде белгіленген мерзімнен бастап немесе қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.


3. Құжаттардың орындалуына бақылау жасау және оларға

тексеру жүргізуді ұйымдастыру тәртібі.


  1. Кіріс құжаттарының орындалуына бақылау жасау және оларға тексеру жүргізуді ұйымдастыру тәртібі:

Кіріс құжаттары маман тіркегеннен кейін және бөлім басшысы, ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы, қарауынан соң, іс жүргізу жөніндегі маманына қайтарылады.

Орындау бойынша нақты шаралардың қабылдануын талап ететін, басшысының қарары бар құжатында, бақылау-тіркеу карточкісі ашылып жүргізіледі, бір данасы орындаушыға жолданады. Егерде тапсырманың орындалу мерзімі көрсетілмеген болса, құжатқа қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей орындалуы қажет, ал қойылған «жедел» деген белгі болған жағдайда 5-10 күн мерзім аралығында орындалуы тиіс.

3) жалпы ереже:

Іс жүргізу және кадрлық қатынас жөніндегі бас маман құжаттарға (картотекаға) есеп жүргізеді.

Белгіленген мерзімде тапсырма орындалмаған жағдайда маман жазбаша түрде 3 күннен кешіктірмей басшыға кешіктірілудің себебі туралы хабарлауы керек.

Маман ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бақылаудағы құжаттарды «жинақ папкасын» ашып жүргізеді, онда жүзеге асыру барысы туралы барлық материалдар шоғырланған (анықтамалар, ақпараттар, кеңес хаттамалары, тексеру материалдары, берілген мәселелер бойынша басшылықтың тапсырмалары).

Құжаттың орындалуын жүзеге асырушы маман, (сұрау салуды алғаннан кейін) маманға бақылауда тұрған құжаттың орындалу барысы туралы анықтама – ақпаратын ұсынады.

Бақылау секторы бақылауда тұрған құжаттар бойынша әр ай сайын ұсынылады:

- орындалу мерзімінің ауытқушылығы туралы жиынтық мәліметтері бөлім басшысына тапсырылады.

Бақылау – тіркеу карточкісінде немесе орындалу туралы анықтама-ақпаратында бөлім бастығының қарар бақылауынан құжаттар алынып тасталады, сонымен қоса:

- белгіленген қызметінің мерзімі аяқталғаннан кейін;

- қойылған мәселелерді толық шешкеннен кейін, мемлекеттік органның немесе лауазымдық тұлғаларға осы мәселелер жөнінде шығарылған құжат туралы ескерту жасалынады.

Құжат бақылаудан алынғаннан кейін, бұл жөнінде бөлім – орындаушысы сол күні мүделі тұлғаларға хабарлайды.


^ 4 Кадрлармен жұмыс істеу.


1) Кадрлармен жұмыс істеуді іс жүргізу және кадрлық қатынас жөніндегі бас маман Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Мемлекеттік қызмет туралы» күші бар Заңына сәйкес жүзеге асырады:

-басшымен келісілетін және тағайындалатын, бөлім жұмыскерлерінің лауазым санаттарына есеп жүргізеді;

-бөлімде лауазымға ұсынылған тұлғалармен әңгіме өткізілуін жүзеге асырады;

-мемлекеттік қызметкерлер бөлімінде аттестацияның өткізілу уақытының кестесін әзірлейді және ұйымдастырады.

-әкімшілік бөлімінде есепке алуға жататын, қызметкерлер үшін жеке істерді қалыптастырады.

-мемлекеттік қызметкерлердің лауазымына сәйкес қызметінен босату немесе тағайындау үшін бұйрықтардың жобасын дайындайды;

2) Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу туралы конкурстардың өткізілуін жүзеге асырады, аттестациялауға, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін қызметкерлердің өтуін жүзеге асырады.

3) Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық ереже мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлерге кеңес береді, мемлекеттік қызметке байланысты қойылған шектеулердің сақталуын бақылайды.


^ 5. Азаматтардың үндеуілері және жеке қабылдаулар бойынша ұйымдастыру жұмысы.


1) Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде азаматтардың үндеу мәселелері бойынша сектордың маманы жауапкершілігін өз мойнына алады.

2) Бөлімге азаматтардан келіп түскен хаттарға келіп түскен күнінен бастап іс жүргізу және кадрлық қатынас жөніндегі бас маман тіркеу жұмысын жүргізеді.

3) Азаматтардың үндеулерінің орындалуы туралы нұсқау жасау, басшысының қарар формасы түрінде беріледі.

4) Азаматтардың хаттары келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзім ішінде шешімін табады, ал қосымша зерделеуді талап ететіндері – кідіріссіз, 15 күнен көп емес уақыт аралығында шешіледі.

Сонымен қоса азаматтардың хаттарының орындалу мерзімі жоғары тұрған органдардың тапсырмаларында немесе бөлім басшысының қарар мәтінінде белгіленуі мүмкін.

Хаттар бойынша мәселелерді шешуге арнайы тексеру жүргізу қажеттілік болған жағдайларда ғана, хаттардың шешілу мерзімін бөлім басшысы ұзартуы мүмкін, бірақ бір айдан көп емес мерзім аралығына дейін, осы жөнінде жазбаша немесе ауызша түрде өтініш иесіне хабар беріледі.

5) Азаматтардың хаттарына басшысы немесе осы үшін уәкілетті лауазым тұлғалар жауап қайтарады.

6) Үндеу толық шешімін тапты деп есептеледі, егерде онда барлық мәселелер қаралып, қажетті шаралар қабылданып және толық жан-жақты жауап берілген кезде ғана.

7) Азаматтарды жеке қабылдау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қаңтарындағы № 58 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік орындаушы органдарында азаматтарды қабылдау Ережесін бекіту туралы» қаулысының кестесіне сәйкес жүргізеді.


^ 6. Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде іс жүргізуді ұйымдастыру.


1) Бөлімдегі іс жүргізуді Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің іс жүргізу туралы нұсқаулары мен құжаттаудың негізгі ережелеріне және Қазақстан Республикасының ұйымдастырушылық – құқықтық түрлеріндегі барлық мекемелер мен ұйымдарында, бірлестік (кәсіпорындарында) құжаттарды басқару.

Орындауды талап ететін қызметтік құжаттардың нақты қарар мазмұнында орындалу мерзімі мен орындаушылар көрсетілуі тиіс.

2) Қарарға сәйкес орындаушыға құжаттардың жолдануы іс жүргізу және кадрлық қатынас жөніндегі бөлімнің бас маманы арқылы жүзеге асырылады.

3) Құжаттардың сақталуына жауаптылар қарар жүктеуіне сәйкес жауапты тұлғаларға жүктеледі.

4) Жоғары тұрған органдарға жолданатын қызметтік құжаттарға, басшысының, ол болмаған кездерде оның міндетін атқарушы қолы қойылады.


7. Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміндегі жұмыс уақытының регламенті.


  1. Бөлімнің жұмыс күні сағат 0900 -ден бастап 1800 -ге дейін жалғасады, түскі үзіліс сағат 1300 -ден бастап 1400 -ге дейін.

2) Бөлімнің мәжіліс немесе басқа іс-шараларды өткізулерін бөлімнің басшысы айқындайды.



Похожие:

Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданының кәсіпкерлік бөлімінің жұмыс регламенті Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Меңдіқара ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысының "24 "шілде 2013 жылғы №12 бұйрығымен
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Меңдіқара 2011» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының...
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconСотталғандарды қоғамдық жұмыстар түрінде жазалауда жұмысқа орналастыру үшін ұйымдардың тізбесін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданы әкімдігінің «Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боровской өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconАудандық бюджеттік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1...
Бұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЕңбек өтілін растау үшін арнаулы комиссияның құрамына өзгерістерді Меңдіқара аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы