МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл icon

МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл



НазваниеМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
страница1/12
Дата конвертации20.06.2013
Размер1.68 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12







Меңдіқара аудандық

мәслихатының

2012 жылғы «__»_______

шешіміне

қосымша


МЕҢДІҚАРА АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ


Боровской, 2012 жыл


МАЗМҰНЫ




МАЗМҰНЫ 3

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР................................................................64 3

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ 4

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙДІ ТАЛДАУ 7

2.1. Аудан жағдайының позитивті және келеңсіз жағдайларын бағалау, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына олардың әсері 7

2.2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 10

2.2.1. Аудан экономикасын талдау 10

Өнеркәсіп 10

Шағын және орта кәсіпкерлік 18

2.2.2. Ауданның әлеуметтік саласын талдау 19

3 жыл бойы әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардың балаларына көмек көрсетуге бөліген көзделген қаражатты қаржыландыру ұлғайды: 2007 жылы қор 4160,0 мың теңгені құрады, 2008 жылы- 5873,0 мың теңге (41% ұлғайды), 2009 жылы – 14824,0 мың теңге, 2010 жылы – 8858,0 мың теңге. 27

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарлар ауыртпалығын алдын алу және төмендету 32

2.2.4. Әкімшілік-аумақтық бірліктер шеңберінде ауданның аумақтық (кеңістік) дамуы 35

2.2.5. Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау 36

2.3. Орта мерзімді перспективада аудан аумағы тұрақты әлеуметтік-эконмикалық дамуының негізгі мәселелері, тәуекелдері, ұстайтын факторлары, бәсекелі артықшылығы мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы 38

2.4. Меңдіқара ауданының аумағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатының талдауы 39

^ 3. АУДАННЫҢ ДАМУ КӨРІНІСІ 39

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ 41

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ........39-64

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР................................................................64


6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ.....................................................65


^

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ





Атауы

Меңдіқара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Меңдіқара ауданы Қостанай облысының солтүстік бөлігінде, орманды алқапты аймақта орналасқан, 1885 жылы құрылған.

Ауданның солтүстік шекарасы Тобыл өзені, ауданның шығыс шекарасы Обаған өзені болып табылады. Аудан Қазақстан Республикасының бес ауданымен шекаралас (Ұзынкөл, Сарыкөл, Алтынсарин, Қостанай мен Федоров) және бір Ресей Федерациясының (Қорған).

Аудан орталығы-Боровской селосы, 1930 жылы құрылды. Аудан орталығында Зоново өзені орналасқан.

Аудан құрамына 44 елді мекен кіреді, олар 13 селолық округтерге бірлескен.

Аудан аумағында отыздан астам ұлт пен ұлыстар тұрады. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан халқы 30,486 мың адамды құрайды, одан 43 % - қазақтар, 40 % - орыстар, 17 % - басқа ұлттар. Халықтың тығыздығы-бір шаршы шақырымға 2,2 адам.

Бағыттар

  1. Экономика

2. Әлеуметтік сала

3. Инфрақұрылым

  1. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

  2. Мемлекеттік қызметер

Бағдарламаның мақсаттары

1-мақсат. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексін арттыру.

2-мақсат. Ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін жеткілікті көлемдерде агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігінің өсімі.

3-мақсат. Бизнес ортаны жақсарту.

4-мақсат. Ішкі сауданы дамыту есебінен ауданның экономикалық әлеуетін ұлғайту.

5-мақсат. Инвестициялық климатты жақсарту.

6-мақсат. Бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ оларды ішкі нарықта жылжыту.

7-мақсат. Білім беру қызметтерін сапалы ұсыну, халықты қолжетімді және сапалы біліммен қамту.

8-мақсат. 0-ден 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиемен және оқумен толық қамту.

9-мақсат. Типтілік жастағы жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету.

10-мақсат. Халықтың денсулығын жақсарту.

11-мақсат. Халық өмірінің ұзақтығын өсіру үшін жағдайлар жасау.

12-мақсат. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жұмысын қалыптастыру.

13-мақсат. Аз қамтылғандар санынан еңбекке жарамды халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына қол жеткізу.

14-мақсат. Отандық мәдениетті сақтау, көпшілікке тарату және насихаттау.

15-мақсат. Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

16-мақсат. Дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысу және спорттық резерв пен жоғары кластағы спортшыларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау.

17-мақсат. Ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмды нығайту.

Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекетін жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту. Мемлекеттік жастар саясатының іске асыру тиімділігін арттыру.

18-мақсат. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін, стандарттарды дамыту.

19-мақсат. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жүйесін дамыту және жетілдіру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою.

20-мақсат. Ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшу мақсатымен ауданның инфакоммуникация саласын дамыту жағдайлары мен тетіктерін жасау.

21-мақсат. Әлеуметтік сала және тұрғын үй құрылысы нысандарын дамыту.

22-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту.

23-мақсат. Экономикалық кеңістіктің байланысын жақсарту.

24-мақсат. Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жүйесінің тиімділігін арттыру.

25-мақсат. Ауыл халқының тіршілігін қамтамасыз ету жағдайларын жақсарту.

26-мақсат. Ормандарды сақтау, қорғау мен молайту және орман өсіру.

27-мақсат. Ауданның экожүйесін сақтау бойынша жағдайлар жасау.

28-мақсат. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру.

Міндеттер

1. Өнеркәсіп өнімінің көлемін ұлғайту.

2. Өнеркәсіп өнімі өсімінің қарқынын молайту.

3. Озық технологиялар (ылғал сақтайтын технологиялар) көмегімен өңделетін бидай дақылдарының көлемін ұлғайту, картоп пен көкөніске қарасты көлемдерді ұлғайту.

4. Ауыл шаруашылығы сапалы өнімінің өндірісі және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, субсидиялау бағдарламасына қатысатын АШТӨ ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін ұлғайту.

5. Ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы санында асыл тұқымды мал басының үлесін көбейту ( %).

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейту.

  2. Шағын кәсіпкерлікте қамтылғандардың санын көбейту.

  3. Инвестициялық белсенділікті арттыруға жәрдемдесу.

  4. Тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді мемлекеттік сатып алуда жергілікті мазмұнды дамыту.

  5. Педагогикалық кадрлардың сандық құрамын ұлғайту. Жоғары білікті педагогикалық кадрларды сапалы іріктеу.

  6. Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру.

  7. Аз қамтылған отбасылардың барлық балаларын ыстық тамақпен қамту.

  8. Түлектердің 100% жұмысқа орналастыруға қол жеткізу.

  9. Медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз ету. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру.

  10. «Д» есебіне уақытында қою, 3 реттік УДЗ. БСК, СД, қатерлі ісікті анықтауға скринингтік тексерістерді өткізу, 1-2 сатысында 75 % дейін қатерлі ісікті анықтау % жақсарту. СӨС алдын алу, ОКС, ОНМК ауруларды жүргізудің алгоритмдерін сақтау, оңалту іс-шараларын өткізу.

  11. Тиімді жұмыспен қамтуды арттыру.

  12. Халықтың әл-ауқаты деңгейін аттыру.

  13. Тұтынушылардың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі.

  14. Негізгі қоғамдық өмір салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік дәрежесі.

  15. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер санын көбейту.

  16. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.

  17. Этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту.

  18. Этникааралық келісімді сақтау және нығайту.

  19. Қоғамдық тәртіпті нығайту және өмір қауіпсіздігінің, азаматтар денсаулығының, құқықтары мен бостандықтарының қажетті деңгейін ұстау.

  20. Төтенше жағдайларға қарсы іс-әрекеттерге жағдайлар жасау.

  21. Компьютерлік сауаттылықты арттыру. Халыққа қызмет ұсыну үрдістерін жетілдіру.

  22. Телекоммуникацияларды дамыту.

  23. Ауыл халқының өмір тіршілігін қамтамасыз ету жағдайларын жақсарту.

  24. Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  25. Облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың жағдайын жақсарту.

  26. Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.

  27. Ауылдық жерге әлеуметтік сала мамандарын тарту.

  28. Орман ресурстарын сақтауды, молайтуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

  29. Халыққа қызмет ұсыну үрдістерін жетілдіру.

Нысаналы

индикаторлар

1. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі.

2. Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметтерінің) жалпы шығысы нақты көлемінің индексі.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнімді шығару көлемі.

4. Ауданның бөлшек тауар айналымының өсімі.

5. Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлемінің индексі.

6. Таурларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұнның үлесін көбейту.

7. Білімнің қолжетімділігімен және сапасымен халықты қанағаттандыру деңгейі.

8. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту.

9. Типтік жастағы жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі.

10. Халықтың медициналық қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі.

11. Тұрғындардың 1000 адамға жалпы өлімін төмендету.

12. Жұмыссыздық деңгейі.

13. Кедейшілік сызығынан төмен кірістермен халықтың үлесі.

14. Халықтың мәдениет саласының сапасымен қанағаттану деңгейі.

15. Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесі.

16. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын барлық жастағы халықты қамтуды көбейту.

17. Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарын оңды бағалайтын халық үлесін көбейту.

18. Ішкі істер органдарына халық сенімінің болжамды деңгейі.

19. Байланыс және телекоммуникация саласында халықтың қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейі.

20. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі.

21. Тұрғын ғимараттарды пайдалануға енгізу, жалпы көлем ш. м.

22. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі.

23. Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейі.

24. Жоғары даму әлеуетімен ауылдық елді мекендердің санын көбейту.

25. Мемлекеттік орман қорының жер-суларының орманмен жабылған алаңы.

26. Улы заттардың жалпы шығарындыларын төмендету.

28. Халықтың әлеуметтік-маңызды қызметтер көрсетумен қанағаттану деңгейі.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары, қарыз қаражаттары.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 2351,4 млн.теңге

2012 жыл – 2400,0 млн.теңге

2013 жыл – 2549,0 млн.теңге

2014 жыл – 2732,4 млн.теңге

2015 жыл – 2071,0 млн.теңге

Всего: 12103,8 млн. теңге


^ 2. АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙДІ ТАЛДАУ

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Похожие:

МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл iconМеңдіқара ауданының 2013-2015 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Меңдіқара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде құрастырылған. Бюджет «Меңдіқара ауданының...
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл iconМеңдіқара ауданының 2014-2016 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Жолдауына және 2011-2015 жылдарға арналған Меңдіқара ауданының аумағын дамыту бағдарламасы негізінде құрастырылған. Бюджет «Меңдіқара...
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл iconҚаулы жобасы шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер тізбесін бекіту туралы
Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған...
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
МЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл icon2011-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының аумағын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда
Зырян ауданында 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы іске асырылуда
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы