|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2008 жылғы «___» __________ № ______ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН (өзгертулер мен толықтырулармен) «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының ЖАРҒЫСЫ Астана, 2008
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Зерде» холдингі» АҚ) осы Жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және оның атауын, оның атқарушы органының орналасқан жерін, акционерлердің құқықтары туралы мәліметтерді, «Зерде» холдингі» АҚ-ның органдарын құру тәртібі мен құзыретін, сондай-ақ олардың қызметін ұйымдастыру тәртібін, «Зерде» холдингі» АҚ қызметін қайта ұйымдастыру және тоқтату шарттарын және «Зерде» холдингі» АҚ жұмыс істеуіне қатысты басқа ережелерді қоса алғанда, «Зерде» холдингі» АҚ құқықтық мәртебесі туралы ережелерді қамтиды. 2. «Зерде» холдингі АҚ «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес құрылды. 3. «Зерде» холдингі АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Жарғыға және «Зерде» холдингі АҚ ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. 4. «Зерде» холдингі» АҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болады. 5. «Зерде» холдингі» АҚ қызметін қаржыландыру жарғылық капитал қаражатының және акцияларының пакеттері «Зерде» холдингі» АҚ меншігіндегі акционерлік қоғамдардан (бұдан әрі – Компаниялар) түсетін дивидендтердің есебінен қалыптастырылатын кірістердің және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге кірістердің есебінен жүзеге асырылады. 6. «Зерде» холдингі» АҚ-ның дербес теңгерімі, банктік шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде толық фирмалық атауы көрсетілген мөрі бар. 7. «Зерде» холдингі» АҚ-ның өз атауы жазылған мөрі, бланктері және оның қызметін жүзеге асыруға қажетті өзге де деректемелері, сондай-ақ банктерде шоттары, соның ішінде валюталық шоттары бар, тауар белгісі, логотипі және өзге де фирмалық деректемелері болуы мүмкін. сондай-ақ мөртабандары, фирмалық бланкілері мен басқа деректемелері болады. «Зерде» холдингі» АҚ барлық деректемелері мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді. 8. «Зерде» холдингі» АҚ осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен еншілес және тәуелсіз заңды тұлғаларды құруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және қызметтеріне қатысуға құқылы. ^ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕРЗІМІ 9. «Зерде» холдингі» АҚ атауы: Толық атауы: 1) мемлекеттік тілде: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы; 2) орыс тілінде: акционерное общество «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде»; 3) ағылшын тілінде: joint-stock company «Zerde» National infocommunication holding». Қысқартылған атауы:
10. «Зерде» Холдингі» АҚ атқарушы органының (оның Басқармасының) орналасқан жері: «Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Алматы көшесі, 1-үй. 11. «Зерде» холдингі» АҚ қызметінің мерзімі – шектеусіз. ^ 12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Зерде» холдингі» АҚ құрылтайшысы болып табылады. 13. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министірлігі «Зерде» холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын және акционер ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік орган болып табылады. ^ 14. Осы Жарғы «Зерде» холдингі» АҚ құрылтай құжаты болып табылады. Барлық мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Жарғымен танысуға құқылы. ^ 15. «Зерде» холдингі» АҚ қызметінің негізгі мәні акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау, инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту, инфокоммуникациялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру мақсатында «Зерде» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару болып табылады. 16. «Зерде» холдингі» АҚ қызметі мынадай негізгі қағидаттарға негізделетін болады: Компаниялар қызметінің бәсеке қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру; «Зерде» холдингі» АҚ мен Компанияларды корпоративтік басқарудың үздік әлемдік практикасын енгізу; тәуелсіз директорлар институтын пайдалануды қолдауды көздейтін транспаренттілік пен кешенділік. Қызметтің осы негізгі қағидаттарын іске асыру «Зерде» холдингі» АҚ-ның Компаниялардың дамуына акционердің функциялары және/немесе тиісті директорлар кеңестерінде өкілдік ету арқылы белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады. 17. «Зерде» холдингі»АҚ негізгі функциялары мен қызмет түрлері мыналар болып табылады: Компаниялардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін қамтамсыз ету; серпінді инфокоммуникациялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу; Компанияларды корпоративтік басқарудың үздік әлемдік практикасын енгізу; Компаниялар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру; Қазақстан Республикасы экономикасының жекелеген салаларын дамытуға жәрдемдесу; инфокоммуникациялық технологиялар нарығын дамытуға жәрдемдесу; бірыңғай инфокоммуникациялық орта, ақпараттық ресурстар, жүйелер мен стандарттар қалыптастыруды қамтамсыз ету; инфокоммуникациялар саласында инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру; инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін арттыру; зияткерлік меншік нарығын дамытуға жәрдемдесу; инфокоммуникациялар саласында инвестициялық қызметті жүзеге асыру; жаңа технологияларды енгізу және инновацияларды пайдалану; Компаниялар үшін мақсаттар қою; қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған Компанияларды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын, орта мерзімді бизнес- жоспарларды, инвестициялық бағдарламаларды және Компаниялардың жылдық бюджеттерін бекіту; Компаниялар тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін қарастыру және анықтау; мақсаттарға қол жеткізуді қамтамсыз ету, соның ішінде Компаниялардың қаржылық нәтижелерін барынша көбейту; Компаниялар қойылған мақсаттарды және тиімділік көрсеткіштерін орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету; Компаниялар қызметінің нәтижелерін мониторингтеу және бақылау; Компаниялар аудитін ұйымдастырушылық қамтамсыз ету; корпоративтік саясатты және басқару қағидаттарын қалыптастыру, оның ішінде Компаниялар басшыларын іріктеу және уәждеу; инфокоммуникациялық даму бойынша ұсыныстар дайындау; әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және енгізу; халықаралық ынтымақтастықты белсенді іске асыру және «Зерде» холдингі» АҚ мен Компаниялардың өкілдігін халықаралық деңгейде жүзеге асыру; экономика салаларының қажеттіліктерін анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, іздестірулер және зерттеулер жүргізу; бірыңғай инфокоммуникациялық орта, ақпараттық ресурстар, жүйелер мен стандарттарды қалыптастыру; технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технологияларды трансферттеу мен коммерциялау орталықтарын, жобалық конструкторлық бюроларды қалыптастыруға қатысу; заңнамамен тыйым салынбаған өзге қызметті жүзеге асыру. ^ 18. «Зерде» холдингі» АҚ Директорлар кеңесі бекітетін ережелердің негізінде әрекет ететін, заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы. «Зерде» холдингі» АҚ нормативтік құжаттарын, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің қызметтерін оңтайландыру және біріздендіру мақсатында «Зерде» холдингі» АҚ-ның атқарушы органы Директорлар кеңесі бекітетін «Зерде» холдингі» АҚ филиалы/өкілдігі туралы үлгілік Ережені әзірлеуге құқылы. Бұл ретте «Зерде» холдингі» АҚ филиалдары мен өкілдіктері туралы Ережелерді тікелей бекітуді де Директорлар кеңесі жүргізеді. 19. Филиалдың (өкілдіктің) барлық бөлімшелерінің құрылымы мен штат кестесі филиал/өкілдік туралы Ережеге, сондай-ақ «Зерде» холдингі» АҚ атқарушы органының құзыреті шегінде оның шешімдеріне сәйкес белгіленеді. Филиал (өкілдік) ішінде құрылымдық бірліктерді құру және жою «Зерде» холдингі» АҚ атқарушы органы шешімінің негізінде жүргізіледі. 20. Филиалдың (өкілдіктің) қызметіне басшылықты «Зерде» холдингі» АҚ атқарушы органы тағайындайтын тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдың (өкілдіктің) басшысы «Зерде» холдингі» АҚ атқарушы органының алдында жауап береді және белгіленген тәртіппен алынған бас сенімхаттың негізінде әрекет етеді. 21. «Зерде» холдингі» АҚ филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі үшін «Зерде» холдингі» АҚ жауап береді. ^ 22. «Зерде» холдингі» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құқықтарға ие және міндеттер алады. 23. «Зерде» холдингі» АҚ Жалғыз акционердің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. «Зерде» холдингі» АҚ өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. 24. Жалғыз акционер «Зерде» холдингі» АҚ міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде «Зерде» холдингі» АҚ қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. 25. Мемлекет «Зерде» холдингі» АҚ міндеттемелері бойынша жауап бермейтіндей, «Зерде» холдингі» АҚ да мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 26. «Зерде» холдингі» АҚ өз атынан мәмілелер (шарттар, келісім-шарттар) жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер алады, сотта қуынушы және жауап беруші болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа әрекеттерді жүзеге асыра алады. 27. «Зерде» холдингі» АҚ зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтардың иесі бола алады, сондай-ақ лицензиялық шарттардың (келісімдердің) негізінде зияткерлік меншік объектілерін пайдалана алады. 28. «Зерде» холдингі» АҚ шығарылымы, орналастырылуы, айналымы және өтеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін бағалы қағаздарды шығара алады. 29. «Зерде» холдингі» АҚ қызметкерлерге еңбекақы төлеу, материалдық-техникалық жабдықтауға, әлеуметтік дамуға, кірісті бөлуге, кадрларды іріктеу мен орналастыруға, кадрларды, оның ішінде шетелде даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді. 30. «Зерде» холдингі» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтасты жүзеге асырады. 31. «Зерде» холдингі» АҚ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республика-сының аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан банктерде және басқа қаржы мекемелерінде ұлттық валютада да, шетел валютасында да шоттар ашуға, уақытша бос ақшалай қаражатты қаржы құралдарына орналастыруға құқылы. 32. «Зерде» холдингі» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстандық та, шетелдік те заңды және жеке тұлғалардан теңгемен және шетел валютасымен қарыздар мен кредиттер алуға және пайдалануға құқығы бар. 33. «Зерде» холдингі» АҚ ішкі нормативтік-техникалық және корпоративтік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді. 33-1. «Зерде» Холдингі» АҚ және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Зерде» Холдингі» АҚ тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережелері негізінде жүзеге асырылады. 34. «Зерде» холдингі» АҚ-ның Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген басқа да құқықтарға ие бола алады және өзге міндеттер ала алады. ^ 35. Жалғыз акционердің:
36. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген басқа да құқықтарға ие бола алады. 37. «Зерде» холдингі» АҚ-ның Жалғыз акционері:
38. «Зерде» холдингі» АҚ мүлкі «Зерде» холдингі» АҚ қызметін қамтамасыз етуге арналған және оған меншік құқығымен тиесілі. 39. «Зерде» холдингі» АҚ мүлкі: 1) акционерлер (құрылтайшылар, инвесторлар) жарғылық капиталға «Зерде» холдингі» АҚ сатып алған акциялары үшін төлем ретінде енгізген ақшалай қаражаттың және өзге мүліктің; 2) «Зерде» холдингі» АҚ қызметінің нәтижесінде алынған кірістердің; 3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа негіздер бойынша сатып алынған өзге де мүліктің есебінен құралады. 40. «Зерде» холдингі» АҚ құратын филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі «Зерде» холдингі» АҚ-ға меншік құқығымен тиесілі.
41. Жарғылық капитал «Зерде» холдингі» АҚ қызметін қамтамасыз ету үшін құрылады және «Зерде» холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің және осы Жарғының талаптарына сәйкес белгіленетін орналастыру бағалары бойынша төлеуі арқылы қалыптастырылады. 42. «Зерде» холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіпте және негіздер бойынша жүргізілуі мүмкін.
БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ
Жай акция акционерге оның қарауына шығарылатын барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құқығын береді. Сондай-ақ жай акция акционерге «Зерде» холдингі» АҚ таза табысы болған кезде дивидендтер алу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Зерде» холдингі» АҚ таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді. 44. «Зерде» холдингі» АҚ акцияларын шығару құжатсыз нысанда жүзеге асырылады. 45. «Зерде» холдингі» АҚ өз акцияларын олардың шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін орналастырады. 46. Орналастырылатын акцияларды төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге мүлік енгізілуі мүмкін. Ақшадан басқа, өзге де мүлікпен төлем жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде әрекет ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырылады. 47. «Зерде» холдингі» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыруды, жүргізуді және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Зерде» холдингі» АҚ тәуелсіз тіркеушісі жүзеге асырады. 48. «Зерде» холдингі» АҚ өзі орналастырған бағалы қағаздарды: 1) кепілге берілетін бағалы қағаздар толық төленген; 2) «Зерде» холдингі» АҚ сатып алған акцияларды қоспағанда, «Зерде» холдингі» АҚ кепілге берілетін акциялардың және оның кепілінде жатқан акциялардың жалпы саны «Зерде» холдингі» АҚ орналастырылған акцияларының жиырма бес пайызынан аспаған; 3) кепіл туралы шартты Директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда кепілге қабылдай алады. ^ АКЦИЯЛАРЫН ТӨЛЕУ 49. «Зерде» холдингі» АҚ орналастыратын акциялар үшін баға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен белгіленеді. 50. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, «Зерде» холдингі» АҚ орналастырылатын акцияларын төлеуге ақша, мүліктік құқықтар, соның ішінде зияткерлік меншік нәтижелеріне құқықтар және өзге мүлік енгізілуі мүмкін. «Зерде» холдингі» АҚ акцияларын ақшадан басқа, мүлікпен төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырылады. Егер «Зерде» холдингі» АҚ орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, «Зерде» холдингі» АҚ-ның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім біткенге дейін Зерде» холдингі» АҚ Жалғыз акционерінің келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға жол берілмейді. 51. Орналастырылатын акция толық төленген сәтке дейін «Зерде» холдингі» АҚ мұндай акцияларды «Зерде» холдингі» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі оны сатып алушының шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ. Толық төленбеген акциялардың және «Зерде» холдингі» АҚ сатып алған акциялардың дауыс беру құқығы жоқ және олар бойынша дивидендтер төленбейді. 13. ДИВИДЕНДТТЕР 52. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жалғыз акционерге тиесілі акциялар бойынша «Зерде» холдингі» АҚ төлейтін Жалғыз акционердің кірісі дивиденд болып табылады. Дивидендттерді төлеу ақшамен, сондай-ақ «Зерде» холдингі» АҚ бағалы қағаздарымен жүргізіледі. Дивидендттерді бағалы қағаздармен төлеуге Жалғыз акционердің жазбаша келісімі болған кезде осындай төлем «Зерде» холдингі» АҚ жарияланған акцияларымен және олар шығарған облигациялармен жүзеге асырылған жағдайда ғана жол беріледі. 53. Жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендттер төлеу туралы шешімді Жалғыз акционер қабылдайды. 54. Дивидендттер есептеу туралы шешім қабылданған кезде жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер Жалғыз акционер белгілеген мерзімде төленеді. 55. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген өз өкілеттіктерінің шегінде, шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялай отырып, жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендттер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы. 56. «Зерде» холдингі» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім осындай шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. 57. Дивидендтер төлеу туралы шешім мынадай ақпарат болуы тиіс:
58. Жалғыз акционер «Зерде» холдингі» АҚ берешегінің құрылу мерзіміне қарамастан алынбаған дивидендттерін төлеуді талап етуге құқылы. Дивидендттер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда Жалғыз акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді. 59. «Зерде» холдингі» АҚ өз капиталының мөлшері теріс болған кезде немесе егер «Зерде» холдингі» АҚ өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса, сондай-ақ егер «Зерде» холдингі» АҚ Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне жауап берсе немесе аталған белгілер «Зерде» холдингі» АҚ-да оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде пайда болса жай акциялар бойынша дивидендттер есептеуге жол берілмейді. 60. Осы Жарғының 59-тармағын бұза отырып жасалған әрекеттер «Зерде» холдингі» АҚ кредит берушілерінің мүдделеріне нұқсан келтіретін ретінде қаралады және кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот оларды жарамсыз деп тануы мүмкін. |