Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының icon

Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының



НазваниеИсточник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының
страница6/6
Дата конвертации03.12.2012
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6
42-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды ұйымдастыру

1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды:

1) жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - электрондық ақпараттық ресурстарды тарататын тұлға;

2) қолжетімділігі заңмен шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - осындай электрондық ақпараттық ресурстары бар ақпараттық жүйенің меншік иесі, иеленушісі немесе ұлттық операторы;

3) қолжетімділігін олардың меншік иесі немесе иеленушісі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі ұйымдастырады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:

1) электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбауды;

2) егер мұндай рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;

3) ақпаратқа қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарын барынша азайтуды;

4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына ықпалды болғызбауды;

5) рұқсатсыз қол жеткізу салдарынан өзгертілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.

 

43-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау шаралары

1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық шараларына электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесінің немесе иеленушісінің ақпаратты пайдаланушылармен жасасқан шарттары жатады, оларда белгілі бір электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу шарттары және электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мен оларды пайдалану талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді.

2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастыру шараларына ақпаратқа (ақпаратты материалдық жеткізушілерге) қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (үй-жайға) кірудің ерекше режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді тұлғалар тобы мен ақпараттың сипаты бойынша шектеу жатады.

3. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына ақпараттық жүйелерді табиғи қорғау, ақпаратты қорғау құралдарын, оның ішінде криптографиялық құралдарды пайдалану, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді бақылау және қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйелерін табиғи қорғау жөніндегі шаралар жатады.

4. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірмеуге немесе қауіп төндірмеуге тиіс.

 

44-бап. Дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау

1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері оларды жария етуден қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Мұндай міндет дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған кезден бастап және олардың жойылуына не мәнінің жойылуына дейін немесе осы деректер қатысты болатын тұлғадан оларды жариялауға келісім алғанға дейін туындайды.

2. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды одан әрі беруге оларға қатысты тұлғаның келісімімен ғана немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де негіздер бойынша рұқсат етіледі.

 

^ 9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

45-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

46-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 28-бабының 2) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Ақпараттандыру туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 52-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., 3, 22-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

^ Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 11-і.

217-III ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
1   2   3   4   5   6



Похожие:

Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 08. 02. 2012 09: 52: 26 Қазақстан Республикасының
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 12. 07. 2012 14: 21: 06 Қазақстан Республикасының
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау...
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 07: 36 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 15. 03. 2012 17: 02: 00 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф www, дата последнего изменения документа: 2013. 01. 17
Источник: ис параграф www
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 08: 58: 20 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы