Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары icon

Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары



НазваниеТелекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары
Дата конвертации03.12.2012
Размер77.88 Kb.
ТипДокументы
источник




№ исх: 1499 от: 08.12.2011

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы   « »

№ қаулысымен

бекітілген


Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы

5 шілдедегі Заңының 21-бабына (бұдан әрі – «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленді және телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасау және оларды орталықтан басқару тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын желілерге қолданылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесі – басқарушы технологиялық параметрлерді қалыптастыру және олардың атқарылуын бақылау жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені (бұдан әрі – ТЖОБ жүйесі);

2) уәкілетті мемлекеттік органдар – осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдар;

3) ТЖОБ жүйесіне қатысушылар – байланыс саласындағы уәкілетті орган, байланыс операторлары, байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілеген уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);

4) шетелдік байланыс операторлары – Қазақстан Республикасынан тыс байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

5) түйісу нүктесі – қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларының көлік желілерінде халықаралық қосылысты ұйымдастыру үшін қызмет атқаратын шекара маңындағы желілік торап.



  1. ^ Телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимыл жасау және оларды орталықтан басқару тәртібі


4. Трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылуы мен өзара іс-қимыл жасауы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін орталықтан басқаруды байланыс саласындағы уәкілетті орган «Байланыс туралы» Заңға сәйкес және мына:

1) халықаралық байланыс желілерінде телекоммуникация желілері трафигінің ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты жинақтау және талдау;

2) байланыс құралдары тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсатта пайдаланылған жағдайда соттардың байланыс желілеріндегі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың кез келген желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұру туралы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

3) уәкілетті мемлекеттік органдарды басым пайдалану, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде кез келген желілер мен байланыс құралдарының (үкіметтік байланыстан басқа) қызметін тоқтата тұру құқығымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

6. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы

қызметтерін ұсынуға лицензиясы жоқ операторлар шетелдік операторлармен трафик алмасуды Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары арқылы ғана жүзеге асырады.

  1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы

қызметтерін ұсынуға лицензиясы бар байланыс операторлары шетелдік операторлармен трафик алмасуды ТЖОБ жүйесі арқылы жүзеге асырады.

  1. ТЖОБ жүйесін техникалық сүйемелдеуді уәкілетті ұйым жүзеге

асырады және ол ТЖОБ жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, оны жаңғыртуды және одан әрі дамытуды қамтиды.

  1. Байланыс операторлары өздерінің телекоммуникация желілерін орталықтан басқару орталықтарын ТЖОБ жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.

  2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларының телекоммуникация желілерін ТЖОБ жүйесіне қосу телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін, орнықтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын көздейтін және байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген байланыс операторы мен уәкілетті ұйым арасындағы екі тараптың келісімдері негізінде жүзеге асырылады.

  1. Байланыс операторларының шетелдік байланыс операторларымен

өзара іс-қимыл жасауы байланыс операторының халықаралық трафигі ТЖОБ жүйесі арқылы өткен және түйісу нүктелері тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.

  1. Байланыс операторлары осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен жұмыс істеп тұрған түйісу нүктелерін тіркеуді қамтамасыз етеді.

  2. Түйісу нүктелерін тіркеу үшін байланыс операторлары байланыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жолдайды.

  3. Байланыс операторлары өздерінің өндірістік пайдалануға жаңадан енгізілетін түйісу нүктелері туралы хабарламаны шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен физикалық қосылыстың жоспарланған орнатылуына дейін кемінде 30 күнтізбелік күн қалғанда береді.

  4. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті ұйым байланыс операторының қажеттілігіне сай келетін көлемде халықаралық трафикті ТЖОБ жүйесі арқылы өткізу үшін техникалық шарттарды дайындау мен олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

  5. Уәкілетті ұйымның шет елдердің телекоммуникация желілерін басқару орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауы байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

  6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған және байланыс саласындағы уәкілетті органның немесе байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың атына соттың кез келген байланыс желілері мен құралдарының (үкіметтік байланыстан басқа) қызметін тоқтата тұру туралы шешімдері келіп түскен жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті орган оларды орындау үшін дереу уәкілетті ұйымға жібереді.

  7. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді алған кезде уәкілетті ұйым тез арада осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді және байланыс операторларына оның орындалуын қамтамасыз етудің пайдаланылатын технологиялық параметрлері туралы хабарлайды.

  8. Көрсетілген шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін байланыс операторы өзінің телекоммуникация желісінің басқару орталығына байланыс саласындағы уәкілетті органның жеке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

  9. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін қалпына келтіру соттың немесе байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Байланыс саласындағы уәкілетті орган көрсетілген шешімдерді орындау үшін тез арада уәкілетті ұйымға жолдайды.

  10. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін қалпына келтіру туралы шешімді алған кезде уәкілетті ұйым дереу осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді және оның орындалуын қамтамасыз етудің пайдаланылатын технологиялық параметрлері туралы байланыс операторларына хабарлайды.


_________________


Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларына

1-қосымша


^ Мемлекеттік органдардың тізбесі


  1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы)

  2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

  3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

  6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

  8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

  9. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

  10. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

  11. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

  12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

  13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

  14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

  15. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

  16. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

  17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

  18. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

  19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

  20. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі.

  21. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

  22. Қазақстан Республикасы Призидентінің Күзет қызметі

  23. Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі

_____________________


Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларына

2-қосымша


^ КІМГЕ: Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі


 

Шетелдік байланыс операторларымен түйісуді тіркеуге 

ХАБАРЛАМА


____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

(өтініш берушінің атауы немесе өтініш берушінің Т.А.Ә.)


кейіннен_____________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

(шетелдік байланыс операторының атауы)


шетелдік байланыс операторымен трафик алмасуды жүзеге асыру үшін


____________________________________________________________________________

(түйісудің географиялық координаталары, параметрлері, деректері)


түйісуді тіркеуді жүргізуді сұрайды


 

 

____________________________

(қолы, күні)

 

М.О.


__________________








Похожие:

Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconТрафикт i өтк i зуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация жел i лер i н қосу және өзара іс-қимыл қағидалары
Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconТрафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидалары
Бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген,...
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconПавлодар облысы әкімі аппаратының
Тарын, қазақстандық патриотизмді іске асыруға, аймақтың аса маңызды мәселелерін демократия-лық әдістермен шешуге жәрдемдесуді кәсіби...
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 тамыздағы №931 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу...
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconЖол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22 тармақшасына сәйкес...
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconМемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл қағидасы
Осы Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл қағида (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің...
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconҚазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша келісімдердің тізімі
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconҚазақстан Республикасының Қазынашылық Клиент жүйесімен және Ұлттық Куәландыру Орталығымен пайдаланушылардың өзара іс-қимыл Тәртібіне 4
...
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconӘлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаты
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары iconҚазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және
Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы