Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы icon

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Дата конвертации30.09.2012
Размер38.14 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1931


Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. 2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы

Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм

бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң

бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы

Үкiметiнiң арасындағы ғылым, техника және ақпарат саласындағы

ынтымақтастық туралы

Келiсiм*

*(2001 жылғы 22 қаңтарда күшiне ендi - ҚР халықаралық шарттары

бюллетенi, 2002 ж., N 1, 2-құжат)


      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастықтың екi жақты ақпарат саласындағы және өзара тиiмдi экономикалық барлық кешендi байланыстардың құрамдас бөлiгi болып табылатынын ескере отырып
      төмендегiлер туралы келiстi


1-бап


      Тараптар тең құқықты және өзара пайдалы принциптер негiзiнде ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастықтың дамуына мүмкiндiк туғызады.


2-бап


      Тараптар жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар, озық технологиялар, ғылыми кадрлар дайындау, өнеркәсiп және санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытады.
      Ынтымақтастықтың нақты нысандары мен шарттары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, мемлекеттiк ассоциациялар мен қорлар арасында олардың бiлiктiлiгi шеңберiнде жеке келiсiмдермен реттеледi.

                                3-бап

      Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық мынадай нысандарда iске асырылады:
      ғылыми қажет ететiн технологияларды құру мен игеру жөнiндегi бiрлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
      Тараптар мемлекеттерiнiң ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы, жоғары оқу орындарындағы, құжатжайлар және кiтапханалардағы, бiрлескен далалық зерттеу мен экспедицияларды қоса алғандағы ғылыми жұмыстар;
      ғылыми-техникалық ақпаратпен, құжаттармен, әдебиет және кiтапнама басылымдармен алмасу;
      ғылыми конференциялар, кеңестер, семинарлар және жұмысшы кездесулер өткiзу;
      ғалымдармен, мамандармен, докторанттар және аспиранттармен алмасу, олардың бiлiктiлiгiн көтеру, тағылымдамалар ұйымдастыру;
      өзара мүдделi ғылыми еңбектер жасау, оқулықтар мен ғылыми-әдiстемелiк оқу құралдарын жазу жөнiндегi бiрлескен туындыгерлiк ұжымдар құру;
      мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды Мемлекеттiк сараптаудан өткiзуге тарту үшiн ғылым, техника және ғылымды қажет ететiн технологиялардың басым бағыттарының жетекшi ғалымдар мен мамандар туралы банктер мәлiметтерiмен алмасу;
      ғылыми ақпаратты өте тиiмдi және жедел пайдалану мақсатында байланыстың компьютерлiк желiсi саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

                            4-бап

      Ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру кезiнде алынған бiрлескен ғылыми зерттеу және басқа ақпарат нәтижелерiн пайдалану тәртiбi, сондай-ақ өнеркәсiптiк меншiктiң объектiлерiн және санаткерлiк меншiкке туындыгер құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi органдары арасында әрбiр нақты жағдайда жеке келiсiмдер жасау жолымен келiсiледi.

                            5-бап

      Тараптар қажеттi жағдайда осы Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн және Тараптардың өзара әрекеттестiгi бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында бiрлескен комиссия құруына болады;
      Осы келiсiмдi жүзеге асыруға жауапты Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады:
      қазақстан Жағынан - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы;
      тәжiкстан Жағынан - Тәжiкстан Республикасының Ғылым академиясы, Тәжiкстан Республикасының Бiлiм министрлiгi.

                            6-бап

      Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлегi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi. Осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысында дау-дамай немесе келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара келiссөздер және консультациялар жолымен шешедi.

                            7-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларды


Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған

күнiнен

бастап күшiне енедi.

Осы Келiсiм бес жылдық мерзiмге жасалады және егер Тараптардың

ешқайсысы да шарттың қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн алты ай бұрын оның

күшiн тоқтатқысы келетiнi туралы мәлiмдемейтiн болса, өздiгiнен келесi бес

жылға ұзартылады.

2000 жылдың 13 маусымда Душанбе қаласында екi данада, әрқайсысы

қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң де

күшi бiрдей.

Осы Келiсiмнiң ережелердiң түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанады.

Қазақстан Республикасының Тәжiкстан Республикасының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн


Мамандар:

Қобдалиева Н.М.

Орынбекова Д.К.



Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Жылғы 18 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Электр және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту жөнiнде
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Электр және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы
Жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "kazsat" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутниктерiн жасау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Азақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 17-18, 77-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 29 қазан n 244
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекіту туралы
Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекіту...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 26 сәуірде Астана қаласында жасалған Казақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconБілім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдер
Р Үкіметі мен Үнді Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет, өнер, білім, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы icon2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 28 сәуірде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттандыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы