Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы icon

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы



НазваниеҰшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
страница1/39
Дата конвертации26.09.2014
Размер5.76 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен

«28» _09 _ 2013 жыл

№_764_ бекітілген

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын

авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік

бағдарламасын бекіту туралы
1. Жалпы ереже
1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы (әрі қарай –Үлгілік бағдарлама) Қазақстан Республикасының 15 шілде 2010 жылғы «Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі жөнінде» Заңының 14 бабы 1 тармақ 15) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру және кәсіби даярлықтың сапасын арттыру мақсатында жасалды.

2. Осы Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлықтарын жүзеге асыру кезіндегі принциптерін, жүзеге асыру тәртібін, кезеңдерін ұйымдастыруды, бағдарламалар мазмұны көлемінің неғұрлым аз мөлшерін және басқа да өлшемдерін, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерінің (мамандарының) басқа да санаттарын бекітеді.

3. Осы Үлгілі бағдарламада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО), Еуропа авиациялық реттегіштерінің, Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым ережелерінің (ВМО) стандарттары мен тәжірибелері қолданылған.

4. Осы Үлгілі бағдарламада келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы (әрі қарай – АА АОО) – авиациялық қызметкерлерді даярлаумен, қайта даярлаумен және кәсіби деңгейін ұстап тұрумен айналысатын заңды тұлға;

2) авиациялық қызметкерлер, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын лауазымды тұлғалар, кәсіби даярлықтан өткен және осы қызметтерді жүзеге асырумен тікелей шұғылданатын мамандар:

әуе кемесінің ұшуын атқару бойынша (ұшу және кабина экипажы, қызметкерлер, маман);

әуе кемесінің ұшу жарамдылығының күтімі бойынша (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыратын маман, қызметкерлер);

әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша (әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчерлік қызметкерлер, авиациялық стансаның операторлары, маман);

ұшуды қамтамасыз ету бойынша (ұшуды қамтамасыз ету бойынша қызметкер/ ұшу диспетчері);

теңіз конструкцияларында орнатылған тікұшақ алаңдарында тікұшақтардың ұшуын жерден қамтамасыз ету бойынша (қызметкерлер, маман);

іздеу және құтқару бойынша (қызметкерлер, маман);

ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс бойынша (радиотехникалық жабдықтар мен байланысты атқару бойынша мамандар, инженерлік-техникалық қызмет көрсетушілер);

ұшуды электрлік жарық техникасымен қамтамасыз ету бойынша (әуежайдың электрлік жарық техникасы жабдықтары бойынша жұмыс істейтін мамандар, инженерлік-техникалық қызмет көрсетушілер);

3) әуе қозғалысына қызмет көрсету – ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, апаттық хабарлау, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, кіреберісте диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуежайда диспетчерлік қызмет көрсету);

4) бортсерік – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ апатты жағдайда немесе шұғыл эвакуациялау қажет болған жағдайда жолаушыларды әуе кемесінің бортынан қауіпсіз және жылдам алып шығуды ұйымдастыру және басқа да қызметтерді атқару үшін әуе кемесінің бортында жүретін кабина экипажының мүшесі;

5) біріктірілген оқыту – оқытудың түрлі формаларын қиыстыру арқылы кәсіби даярлықтан өткізу;

6) тренажердағы даярлық – авиациалық қызметкерлердің кәсіби даярлық процесі кезеңі, оның барысында үйренуші азаматтық авиация саласының уәкілетті органдары бекіткен ұқсас конструкциялар арқылы тәжірибелік біліктілік пен машыққа қол жеткізеді, біліктілікті бабына келтіреді және жетілдіреді;

7) кәсіби даярлық – алғашқы даярлық, қайта даярлау, кәсіби деңгейді сақтау, машықтану, қысқа мерзімді курстар, тренингтер және авиациялық қызметкерлерді оқытудың басқа да түрлері;

8) кәсіби деңгейді сақтап тұру – авиациялық қызметкерлерді оқыту процесінің мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды берумен қатар, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке талаптарына сәйкес кәсіби білімді, біліктілік пен машықты жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылады;

9) кешенді (үлгілі) оқыту – белгіленген мерзім ішінде оқытудың барлық бағдарламаларын бір уақытта жүзеге асыру арқылы кәсіби даярлықтан өткізу;

10) қайта даярлау белгіленген үлгідегі құжаттарды береумен қатар, азаматтық авиация саласы мамандарының жаңа кәсіби білім (қосымша) алуына, біліктілікке, машықтануына (оның ішінде біліктілік белгісі) және авиациялық техниканы зерттеулеріне бағытталған оқыту процесі;

11) модульдік оқыту – әр кезеңі (модуль) рейтингтік бақылау жүйесі мен алған бағалары және машықтары бойынша аяқталған топтама ретінде кадрларды даярлаудың сатылы жүйесін қолдана отырып үзіліссіз оқыту тәсілі;

12) сертификат талаптары – ұйымдарға, олардың мазмұнына авиациялық қызметкерлерді даярлау деңгейі мен сапасын анықтау мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

13) теориялық даярлық кәсіби даярлақ процесі кезеңі, оның барысында үйренуші арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ білімін бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес жаңғыртады және жетілдіріп отырады;

14) үлгілі бағдарламалар – авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдарының кәсіби даярлықты бір үлгіде оқытумен қатар, өз бағыттарының, мамандануларының және қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне қарай оқу бағдарламаларын өз қалаулары бойынша жасау мүмкіндіктерін сақтауға арналған бағдарлама;

15) ұшу даярлығы ұшу құрамының кәсіби даярлық процесі кезеңі, оның барысында үйренуші тәжірибелік тұрғыдан ұшу шеберлігі мен машықтарына қол жеткізеді және жетілдіре түседі

16) штаттан тыс жағдай – міндетті түрде қауіп төндіруі немесе елеулі қатер туғызуы маңызды емес, бірақ жедел назар аударуды қажет ететін жүйелі немесе жиі кездеспейтін, елеулі және аяқ астынан орын алған кейбір жағдайлар.

Осы Үлгілі бағдарламада қолданылып отырған аббревиатура осы Үлгілі бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген.

5. Осы Үлгілі бағдарлама АА АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіби даярлаумен айналысатын ұйымдардың өз кәсіби даярлық бағдарламаларын (курстар) жасауы үшін пайдалануға арналған.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39



Похожие:

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы icon«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» рмк «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы»
«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы...
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекiту туралы 2011 жылғы 25 сәуiрдегi №441 қаулыларына өзгерiстер...
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы icon"Авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрамға
Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 20 қазандағы №465 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы iconАудандағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы
Аудан көлемінде жол қауіпсіздігін сақтау, жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында Арал ауданы әкімдігі мен мүдделі мемлекеттік органдар...
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы iconАудандағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы»
Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен,...
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы icon«Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
Лдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Басқа санаттарға енгізілмеген басқа да кәсіби, ғылыми...
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы iconҚоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың тізімі

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы icon«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы персоналының нормативтік санын бекіту туралы
НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санының бекіту ережесінің 12-тармағына сәйкес,...
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы iconҚоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы
Осы Заң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркiмен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық...
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы icon«Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы персоналының 2013-2015 жылдарға арналған нормативтік санын бекіту туралы
НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту ережесінің 12 және 13-тармағына сәйкес,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы