Автомобиль көлiгi туралы icon

Автомобиль көлiгi туралы



НазваниеАвтомобиль көлiгi туралы
страница5/5
Дата конвертации21.03.2014
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5
47-бап. Жолаушыны және багажды жөнелтудiң
               кiдiртiлгенi немесе межелi пунктке
               кешiгiп жеткенi үшiн тасымалдаушының
               жауапкершiлiгi

      1. Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалдайтын автокөлiк құралының кiдiргенi немесе мұндай автокөлiк құралының межелi пунктке (қалалық, қала маңындағы, ауданiшiлiк және ауылдық қатынастар тасымалын қоспағанда) кешiккенi үшiн тасымалдаушы кешiккен әрбiр сағат үшiн жолаушыға жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, егер кiдiру немесе кешiгу еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, келтiрiлген зиянды да өтейдi. Бұл орайда айыппұл сомасы жолаушы сатып алған жол жүру құжатының (билетiнiң) құнынан аспауға тиiс.
      2. Жөнелтудiң кiдiртiлуiне байланысты жолаушы автомобиль тасымалынан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға жол жүру ақысын толық мөлшерде қайтаруға, сондай-ақ мұндай кiдiрiске байланысты оның шеккен шығындарын өтеуге мiндеттi.
      3. Тасымалдаушы багажды жеткiзу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн багажды алушыға толық емес тәулiктi толық тәулiк деп есептей отырып, кешiктiрген әрбiр тәулiкке багажды автомобильмен тасымалдау төлемақысының он процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
      Багажды жеткiзу мерзiмiнiң өтуi багаж келуге тиiс күнтiзбелiк күнгi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi. Багажды жеткiзу мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн айыппұлды тасымалдаушы жолаушының талабы бойынша жасалған акт негiзiнде багажды беру кезiнде төлейдi.
      4. Тасымалдаушы багажды жөнелтушiден немесе алушыдан кiдiртуге байланысты туындайтын шығындарды, егер олар орын алған болса, өтеуге мiндеттi.
      5. Қалааралық ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) облысаралық және халықаралық маршруттарда автобусты, шағын автобусты жөнелту тасымалдаушының кiнәсiнен он сағатқа және одан да көп уақытқа кешiктiрiлген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен қонақ үйден орын алып беруге және тамақпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      6. Жолаушының сұрауы бойынша автомобиль тасымалы мерзiмiнiң кешiгуi немесе рейстiң тоқтатылуы туралы оған ресми құжат берiледi немесе жүру құжатында (билетте) белгi соғылады.
      7. Рейс тоқтатылған кезде, еңсерiлмейтiн күштiң әсер ету жағдайларын қоспағанда, тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша жолаушыны жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген межелi пунктке дейiн жуық арада жүретiн рейспен жөнелтудi қамтамасыз етуге нeмece жолаушыға жол жүру құжатының (билеттiң) екi еселенген құнын қайтарып беруге мiндеттi.
      ^ Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      48-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты
               бойынша автокөлiк құралдарының берiлмеуi
               және пайдаланылмауы үшiн жауапкершiлiк

      1. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы автокөлiк құралдарын жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша, автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде бермегенi үшiн, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) автокөлiк құралын бермеген әрбiр жағдай үшiн, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      2. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы пайдаланылуы уақытша тариф бойынша төленетiн, автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде автокөлiк құралдарын бермеген кезде, тасымалдаушы жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) автомобильмен тасымалдау шартында көрсетiлген пайдалану уақытын ескере отырып, автокөлiк құралдарын пайдалану құнының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      3. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүктердi автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде автокөлiк құралдарын толық немесе iшiнара пайдаланудан бас тартқан кезде, ол тасымалдаушыға автокөлiк құралын пайдаланудан бас тартқан әр жағдай үшiн он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе жұмысы уақытша тариф бойынша төленетiн автокөлiк құралдарын пайдаланудан бас тартқан кезде, автомобильмен тасымалдау шартында көрсетiлген пайдалану уақытын негiзге алып, автокөлiк құралдарын пайдалану құнының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

      ^ 49-бап. Контейнерлердiң берiлмегенi және
               пайдаланылмағаны үшiн жауапкершiлiк

      Тасымалдаушының контейнерлердi жүк жөнелтушiге бермегенi үшiн, ал жүк жөнелтушi контейнерлердi пайдаланбағаны үшiн тасымалдаушыға тараптардың келiсiмiнде көзделген мөлшерде, кiдiртiлген әрбiр сағат үшiн, ал аталған келiсiмдер болмаған жағдайда:
      1) жалпы салмағы бес тоннадан кем контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң он бес процентi;
      2) жалпы салмағы бес тоннадан он тоннаға дейiнгi контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң отыз процентi;
      3) жалпы салмағы он тоннадан асатын контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң алпыс процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

      ^ 50-бап. Жүк жөнелтушiнiң құжаттарды уақтылы
               бермегенi үшiн жауапкершiлiгi

      Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдау үшiн қажеттi құжаттардың уақтылы берiлмеуi салдарынан келтiрiлген шығындар үшiн, сондай-ақ ол тауар-көлiк жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң дұрыс еместiгi, дәл еместiгi немесе толық еместiгi үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.

      ^ 51-бап. Тасымалдаушының жүктiң немесе багаждың
               жоғалғаны, жетiспегенi және зақымданғаны
               (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiгi

      1. Тасымалдаушы жүктi немесе багажды тасымалдауға қабылдап алған кезден бастап - алушыға, оған уәкiлеттi адамға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      2. Тасымалдаушы, егер жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүктiң немесе багаждың жоғалғаны үшiн жауап бередi.
      3. Жүктi немесе багажды тасымалдау кезiнде келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде өтеледi.
      4. Тасымалдаушы анықталған зиянды өтеумен қоса жөнелтушiге (алушыға) жоғалған, жетiспеген, бүлiнген немесе бұзылған жүк пен багажды тасымалдағаны үшiн өндiрiп алынған тасымалдау төлемақысын, егер бұл ақы жүктiң құнына кiрмесе, қайтарады.

      ^ 52-бап. Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiнiң
               бұзылғаны үшiн жауаптылық

      Жүктердi жеткiзу, оның iшiнде автомобиль жолдары бойынша жолдың бiр бөлiгiнде тiкелей аралас қатынаста жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн тасымалдаушы, егер кешiктiру өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) кешiктiрiлген әрбiр тәулiкке тасымалдау төлемақысының бес процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау төлемақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.

      ^ 53-бап. Жауаптылықтан босату

      1. Тасымалдаушының кiнәсi дәлелденген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы қол жүгi ретiнде жолаушы өзiмен бiрге алып жүрген багаждың сақталуына жауапты болмайды.
      2. Егер жүктi автомобильмен тасымалдау туралы шартта өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi, жүк алушы апат немесе еңсерiлмейтiн күш салдарынан тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда жауаптылықтан босатылады.

      ^ 54-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль
               көлiгi туралы заңдарын бұзғаны үшiн
               жауаптылық

      Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      ^ 54-1-бап. Өтпелi ережелер

      Осы Заңның 1-бабының 2) және 9) тармақшаларында белгiленген автовокзалдар мен автостанциялардың аумағының алаңына қойылатын талаптар 2011 жылдың 1 қаңтарына дейiн пайдалануға қабылданған автовокзалдар мен автостанцияларға қолданылмайды.
      Ескерту. Заң 54-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      55-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 9-баптың 3) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi
1   2   3   4   5



Похожие:

Автомобиль көлiгi туралы iconАвтомобиль көлiгi туралы
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар...
Автомобиль көлiгi туралы iconАвтомобиль көлiгi туралы
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар...
Автомобиль көлiгi туралы icon«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Нің 2008 жылғы 20 наурыздағы №276 қаулысының негізінде «Қостанай облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi»...
Автомобиль көлiгi туралы iconПриказ № «48» 14 сәуір 2011 г. «Конкурстық өтінімдерді қабылдауды тоқтату туралы»
«ТҰРҒын үй-коммуналдық шаруашылығЫ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi
Автомобиль көлiгi туралы iconПочта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi
Ереже) Қазақстан Республикасының " Iшкi су көлiгi туралы " және " Байланыс туралы " Заңдарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасында...
Автомобиль көлiгi туралы icon«Федоров аудандының тұрғың үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
Арнайы тексеру нәтижелері (ұлттық қауіпсіздік орындарының хатының күні және нөмірі)
Автомобиль көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы №71 Қаулысы «Автомобиль жолдары туралы»
«Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы»
Автомобиль көлiгi туралы iconАрал ауданының аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы «Автомобиль жолдары туралы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Автомобиль көлiгi туралы iconАвтомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы”
Автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру және Қазақстан Республикасының автомобиль көлігіндегі...
Автомобиль көлiгi туралы iconАвтомобиль жолдары туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы