Автомобиль көлiгi туралы icon

Автомобиль көлiгi туралы



НазваниеАвтомобиль көлiгi туралы
страница4/5
Дата конвертации21.03.2014
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5

тасымалдау

      ^ 30-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты

      1. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жүк жөнелтушi сенiп тапсырған жүктi, тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелi пунктiне жеткiзуге және оны жүктi алуға уәкiлеттi адамға (жүк алушыға) бepугe мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүк тасымалдағаны үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.
      2. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартының жасалуы тауар-көлiк жүкқұжатының жасалуымен расталады.

      ^ 31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын
               өзгерту және бұзу

      Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты өзгерген немесе бұзылған жағдайда тараптар, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарт талаптары өзгергенге дейiн немесе бұзылғанға дейiн оны орындауға байланысты шығарған шығыстардың өтелуiн талап етуге құқылы.

      ^ 32-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты
               бойынша тасымалдаушының және жүк жөнелтушiнiң
               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Тасымалдаушының жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
      1) өзiнiң сипаты, салмақ және көлем өлшемдерi бойынша тасымалдау құжаттарында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi автомобильмен тасымалдаудан бас тартуға;
      2) егер жүктi одан әрi автомобильмен тасымалдау жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiруге;
      3) егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың 2-тармағының 1), 4) тармақшаларына сәйкес, жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн немесе олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шығарған шығындарын өтеуге;
      4) жүк жөнелтушi (жүк алушы) көрсеткен жаңа межелi пунктiне еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, автомобильмен тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар етiп, жүктi оған қайтаруға құқығы бар; егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының осыларға байланысты қосымша шығыстарын жүк жөнелтушi (жүк алушы) төлейдi.
      Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарымен және шартпен белгiленген өзге де құқықтары бар.
      2. Тасымалдаушы жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
      1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және олардың сақталуына қатер төнгенi туралы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) дереу хабардар етуге, бұл орайда жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде өзi жүргiзген әрекеттер туралы дереу хабардар етуге;
      2) жүктi қабылдау кезiнде тауар-көлiк жүкқұжатындағы жүк орындарының санына, олардың маркалануы мен нөмiрлерiне қатысты жазбалардың дәлме-дәлдiгiн, сондай-ақ жүктiң және оның орамасының сыртқы жай-күйiн тексеруге;
      3) автокөлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, автомобильмен тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында жүктiң салынуы мен бекiтiлуiн бақылауға;
      4) жүк алушы автомобильмен тасымалдаушыға қатысы жоқ себептермен жүктi алмаған жағдайда, жүктi межелi пунктiнде, келген күннен бастан отыз күн бойы, тез бүлiнетiн жүктi - төрт күн бойы сақтауға мiндеттi.
      Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi мойнына алады.
      3. Жүк жөнелтушiнiң жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
      1) мәлiмделген жүктi тасу үшiн тиеудiң алдында автокөлiк құралының жарамдылығын тексеруге;
      2) мәлiмделген жүктi тасу үшiн автокөлiк құралы жарамсыз болған жағдайда, тасымалдаушының қызметiнен бас тартуға құқығы бар.
      Жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және шартқа сәйкес өзге де құқықтары бар.
      4. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
      1) автокөлiк құралының келу және кету уақыты туралы жолпараққа белгi соғуға;
      2) автокөлiк құралының жарамсыздығы себептi тасымалдаушының қызметiнен бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасауға;
      3) автокөлiк құралына жүк тиеу процесiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген рұқсат етiлген салмақ пен көлем өлшемдерiнен асыруға жол бермеуге;
      4) тасымалдаушыға тауар-көлiк жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қажеттi жағдайларда, жүк тасымалы үшiн қажеттi өзге де құжаттарды (сертификат, лицензия, ветеринариялық құжаттар, кеден декларациясы) көрсетуге мiндеттi.

      ^ 33-бап. Автокөлiк құралдарын беру, жүктердi тиеу
               және түсiру

      1. Тасымалдаушы Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiне және шартқа сәйкес жүктердi автомобильмен тасымалдауға жарамды автокөлiк құралдарын автомобильмен жүк тасымалдауға қабылданған өтiнiмде (тапсырыста) немесе шартта белгiленген мерзiмде тиеу үшiн жүк жөнелтуге беруге мiндеттi.
      2. Жүктердi автокөлiк құралына тиеу (бекiту, жабу, байлау), сондай-ақ жүктердi түсiру Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде көзделген талаптар сақтала отырып, шартта көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      Тасымалдаушы не жүк жөнелтушi өзiнiң сипатына қарай автомобиль жолдарының ластануын туғызуы және жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн жүктердiң жабылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Жүк жөнелтушi автокөлiк құралдары жүк тиейтiн орынға келгенге дейiн жүктi автомобильмен тасымалдауға тиеу, тасымалдау қауiпсiздiгi, жүктiң және автокөлiк құралының сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi.

      ^ 34-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер

      1. Жүк жөнелтушiнiң кiнәсiнен жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер туындаған жағдайда, тасымалдаушы осындай кедергiлер туындаған сәттен бастап бiр тәулiктiң iшiнде бұдан әрi тасымалдау мүмкiн еместiгi туралы жүк жөнелтушiнi хабардар етуге мiндеттi.
      2. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      3. Егер жүк жөнелтушi осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушы хабардар еткен сәттен бастап үш тәулiк iшiнде (тез бүлiнетiн жүкке қатысты бiр тәулiк iшiнде) жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолданбаған жағдайда, автомобильмен тасымалдаушы үш тәулiк iшiнде жүктiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде келтiрiлген шығындарды ескере отырып, жүктi жүк жөнелтушiге соның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi белгiленген тәртiппен өткiзуге құқылы.

      ^ 35-бап. Жүктi беру

      1. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiндегi жүктiң бүлiнуi немесе бұзылуы салдарынан оның сапасының және (немесе) санының соншалықты өзгеруiнен, жүктi тiкелей мақсатында толық немесе iшiнара пайдалану мүмкiн болмайтын жағдайда ғана жүк алушы жүктi қабылдаудан бас тартуы мүмкiн.
      2. Жүктердi қалааралық автомобильмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша жүктi жүк алушыға беру мүмкiн болмаған жағдайда, жүк жөнелтушi Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыға жүктi жаңа межелi пунктiне жеткiзу туралы нұсқау беруге мiндеттi.

      ^ 36-бап. Құндылығы жарияланған жүктердi
               автомобильмен тасымалдау

      1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiмен (жүк алушымен) келiсiм бойынша құндылығы жарияланған жүктер тасуы мүмкiн.
      2. Iлесусiз тасымалданатын бағалы металдарды (тастарды), олардан жасалған бұйымдарды, өнер заттарын, антикварлық мүлiктердi және өзге де көркем құндылықтарды, бейне- және дыбыс аппаратураларын, электрондық-есептеу және көбейту техникаларын, машиналардың тәжiрибелiк үлгiлерiн, жабдықтарды, аспаптарды, жеке (тұрмыстық) қажетке арналған жүктердi автомобильмен тасымалдаған кезде құндылықты жариялау мiндеттi.
      3. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау үшiн жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) қосымша ақы алынуы мүмкiн, оның мөлшерi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

      ^ 37-бап. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау

      1. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
      2. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтушi құжаттарда (тауар-көлiк жүкқұжатында, автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықта) осы жүктен туатын нақты қауiптi және қолданылуы тиiс сақтық шараларын көрсетуге мiндеттi.
      Автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықтар автомобильмен тасымалдаушыға қауiптi жүктi автомобильмен тасымалдауға арналған тапсырыс түскеннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
      3. Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi осы жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар (жiберiлген) жүк жөнелтушi, жүк алушы жүргiзедi.
      4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға арналған рұқсат беру құжаты – арнайы рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлiк қатынастарда қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiктi халықаралық және республикаiшiлiк қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар бередi.
      6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаiшiлiк қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды бастау алдында «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға белгiленген нысанда хабарлама жiберуге мiндеттi.
      7. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларында:
      1) қауiптi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi;
      2) қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне қойылатын талаптар;
      3) қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар;
      4) қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұру тәртiбi;
      5) 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатты беру тәртiбi айқындалады.
      ^ Ескерту. 37-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi
               автомобильмен тасымалдау

      1. Автокөлiк құралының көлемiн және салмағын ескере отырып, автомобиль жолдарымен жүру үшiн автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген көлем және салмақ өлшемдерiнен асатын жүктер iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер деп танылады.
      2. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
      3. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      ^ 39-бап. Почтаны автомобильмен тасымалдау

      1. Тасымалдаушылар почтаны автомобильмен тасымалдауды почта байланысы ұйымдарымен жасалған, почтаны автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады.
      2. Почтаны тасымалдау үшiн әдейiлеп арналған автокөлiк құралы почтаны автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында почтаны автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады.
      3. Почта байланысының жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн көрсететiн почта операторы көлiгiнiң автомобиль, темiр жол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумағында орналасқан жүк және багаж кешендерiне өтуi почта жөнелтiмдерiн алмасу үшiн бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады.
      4. Егер почтаны автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, почтаны тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын почта байланысы ұйымдары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, почтаны автомобильмен тасымалдау кезiнде оның сақталуы мен тұтастығы үшiн почта байланысы ұйымы жауапты болады.

      ^ 40-бап. Тiкелей аралас қатынастағы жүк тасымалы

      Бiрыңғай көлiк құжаты (тiкелей аралас қатынас) бойынша әр түрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысушы тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың қарым-қатынасы тiкелей аралас тасымалдар туралы Қазақстан Республикасының заң  актiлерiмен айқындалады.

      ^ 41-бап. Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау
               ережелерi

      Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi:
      1) жүктi жеткiзу мерзiмiн;
      2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;
      3) тауар-көлiк жүкқұжатының нысанын және оны қолдану тәртiбiн;
      4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;
      5) автомобильмен тасымалдауға жүктердi қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн;
      6) тез бүлiнетiн жүктi өткiзу тәртiбiн;
      7) құндылығы жарияланған жүк тасымалдау тәртiбiн;
      8) жүктi маркалау тәртiбiн;
      9) жүктi пломбалау тәртiбiн;
      10) актiлер жасау тәртiбiн;
      11) жүктi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртiбiн;
      12) жүктi ұстап қалу тәртiбiн;
      13) жүктiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртiбiн;
      14) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарын куәландыру тәртiбiн;
      15) тез бұзылатын жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын талаптарды айқындайды.
      ^ Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдары

      42-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын
               мемлекеттiк реттеу

      1. Халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және оның аумағынан шығу, сондай-ақ олардың аумақ бойынша транзитпен жүру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      3. Халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат етiлген жүйесi қолданылатын елдерде халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттарды және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттарды бередi.
      Егер халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесi қолданылатын елдерге қатысты рұқсаттарға сұраныс Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына берiлетiн рұқсаттар санынан acca, онда рұқсаттар бiрiншi кезекте:
      1) гуманитарлық жүктердi автомобильмен тасымалдауға;
      2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн жүктердi автомобильмен экспорттық тасымалдауға;
      3) көлiктiң басқа түрлерiнiң тасымалдаушыларымен бiрлесiп орындалатын автомобиль тасымалдарына;
      4) тез бүлiнетiн өнiмдердi автомобильмен тасымалдауға берiледi.
      4. Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекет тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарын сақтауын бақылауды уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      5. Шет мемлекет тасымалдаушылары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде пайдаланатын автокөлiк құралдарын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тексерiп қарауы мүмкiн.

      ^ 43-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен
               халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру
               және жүзеге асыру

      1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау уәкiлеттi орган мен шет мемлекеттiң тиiстi құзыреттi органы арасында автобустардың, шағын автобустардың келiсiлген маршруттары (бастапқы, соңғы және аялдау пункттерiн көрсете отырып) және қозғалыс кестесi бойынша ұйымдастырылады.
      2. Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды орындаған кезде автобус жүргiзушiлерiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдары куәландырған жолаушылар тiзiмi болуға тиiс.
      3. Қазақстан Республикасымен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерi арқылы ғана жүзеге асырылады.
      4. Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттердiң арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде құжаттарды ресiмдеу және тұрақты маршруттар бойынша жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды өткiзу кезектен тыс жүргiзiледi.
      ^ Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      ^ 44-бап. Шет мемлекет аумағында тiркелген автокөлiк
               құралдарын пайдаланып жолаушыларды, багажды,
               жүктердi автомобильмен тасымалдау

      Шет мемлекет аумағында тiркелген, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген, шет мемлекет тасымалдаушыларына тиесiлi автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдау жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметке тыйым салынады.

      ^ 45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге
               асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге
               және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

      1. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын тасымалдаушылар халықаралық талаптарға сай келетiн, өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануға тиiс.
      Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қолданылмайды.
      2. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауға мiндеттi.
      3. Жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдаулар уәкiлеттi орган беретiн рұқсат ету туралы куәлiктiң негiзiнде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға қойылатын талаптар Жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасында белгiленедi.
      4. Қазақстан Республикасында тiркелген, тез бұзылатын жүктердi тасымалдауға арналған көлiк құралдарында халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган беретiн Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау қағидасында белгiленген талаптарға олардың сәйкестiгi туралы куәлiк болуға тиiс.
      ^ Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-тарау. Автомобиль көлiгiндегi жауапкершiлiк

      46-бап. Автокөлiк құралдарын жөнелтудi кiдiрткенi
               үшiн жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылардың
               жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша
               жауапкершiлiгi

      1. Тиеуге немесе түсiруге берiлген автокөлiк құралдарының келiсiлген мерзiмнен тыс бос тұрғаны үшiн жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, егер кiдiру өздерiнiң кiнәсiнен болса, тасымалдаушыға тараптардың келiсiмiмен (шартымен) көзделген айыппұл төлейдi, ал аталған келiсiм болмаған жағдайда - бос тұрған әрбiр сағаты үшiн:
      1) жүк көтергiштiгi төрт тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он екi процентi мөлшерiнде;
      2) жүк көтергiштiгi төрт тоннадан жетi тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он үш процентi мөлшерiнде;
      3) жүк көтергiштiгi жетi тоннадан он тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он төрт процентi мөлшерiнде;
      4) жүк көтергiштiгi он тоннадан астам автокөлiк құралы бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он бес процентi мөлшерiнде төлейдi.
      2. Арнайы бейiмделген автокөлiк құралдарының бос тұруы кезiнде осы баптың 1-тармағында аталған айыппұл мөлшерi екi есе ұлғаяды.
      Аталған айыппұлды жүк жөнелтушi немесе жүк қабылдаушы, өздерiнiң кiнәсiнен автокөлiк құралдары тасымалдаушының көлiк жайында немесе жол үстiнде тұрып қалғаны үшiн де төлейдi.
      3. Автокөлiк құралдарының тұрып қалғанына айыппұл есептеу үшiн тауар-көлiк жүкқұжатындағы және жолпарақтағы келу және кету уақыты туралы белгiлер, ал көлiкжайда тұрып қалғаны үшiн жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жүктi жөнелтуден немесе қабылдаудан бас тартуы негiз болып табылады.
      4. Автомобиль тасымалдарына тыйым салынған жүктi немесе автомобиль тасымалдары кезiнде ерекше сақтық шараларын талап ететiн, атауы немесе өзiндiк ерекшелiгi толық көрсетiлмеген жүктi ұсынғаны үшiн, жүк жөнелтушi келтiрiлген шығындардан басқа, тасымалдаушыға шартта көрсетiлген тасымалдау ақысының бес есе мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      5. Жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар жүктi тиеу және түсiру, дұрыс тиемеу, дұрыс буып-түймеу немесе дұрыс бекiтпеу кезiнде бұл операцияларды тасымалдаушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, автокөлiк құралдарына артық тиеу, олардың зақымдануы салдарынан тасымалдаушыға өздерiнiң кiнәсiнен келтiрген шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
      Тауар-көлiк жүкқұжатында кедендiк, санитарлық және басқа да ережелердi орындау үшiн қажет тиiстi құжаттар қоса берiлмеуi салдарынан автокөлiк құралдары мен контейнерлердiң кiдiртiлгенi үшiн жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдаушыға осы баптың 1 және 2-тармақтарында және осы Заңның 49-бабында белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.

      
1   2   3   4   5



Похожие:

Автомобиль көлiгi туралы iconАвтомобиль көлiгi туралы
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар...
Автомобиль көлiгi туралы iconАвтомобиль көлiгi туралы
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар...
Автомобиль көлiгi туралы icon«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Нің 2008 жылғы 20 наурыздағы №276 қаулысының негізінде «Қостанай облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi»...
Автомобиль көлiгi туралы iconПриказ № «48» 14 сәуір 2011 г. «Конкурстық өтінімдерді қабылдауды тоқтату туралы»
«ТҰРҒын үй-коммуналдық шаруашылығЫ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi
Автомобиль көлiгi туралы iconПочта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi
Ереже) Қазақстан Республикасының " Iшкi су көлiгi туралы " және " Байланыс туралы " Заңдарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасында...
Автомобиль көлiгi туралы icon«Федоров аудандының тұрғың үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
Арнайы тексеру нәтижелері (ұлттық қауіпсіздік орындарының хатының күні және нөмірі)
Автомобиль көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы №71 Қаулысы «Автомобиль жолдары туралы»
«Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы»
Автомобиль көлiгi туралы iconАрал ауданының аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы «Автомобиль жолдары туралы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Автомобиль көлiгi туралы iconАвтомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы”
Автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру және Қазақстан Республикасының автомобиль көлігіндегі...
Автомобиль көлiгi туралы iconАвтомобиль жолдары туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы