«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon

«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Название«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Дата конвертации20.03.2014
Размер177.47 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру,

қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы түрі «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету.

  2. «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады, сондай-ақ өтініш берушіде электронды-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) бар болған жағдайда – «электрондық үкімет» веб-порталы: www.еgov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.



^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті алушы жазбаша өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысын алған кезге дейін:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – отыз жұмыс күні;

2) лицензияны қайта ресімдеу – отыз жұмыс күні;

3) лицензияның телнұсқаларын беру – екі жұмыс күні.

Өтініш берушінің көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген күні сол жерде құжаттарды беру және алу үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 минут.

Алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 10 минут.

Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттарды, куәлік немесе өтініш берушіні, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында портал арқылы алады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: электронды (толық автоматтандырылған немесе ішінара автоматтандырылған).

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мыналар болып табылады:

1) порталда байланыс саласында қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар орындау бойынша қызмет түріне лицензияны, лицензияға қосымшаны немесе телнұсқаны ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауапты электронды құжат нысанында беру. Лицензияны, лицензияға қосымшаны немесе лицензияның телнұсқасын электронды форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар қағаз тасығышта беріледі;

  1. лицензияны, лицензияға қосымшаны немесе телнұсқаны беруден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін мемлекеттік қызметті алушы орналасқан жері бойынша бюджетке лицензиялық алым төлейді:

1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 100 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % құрайды, бірақ 4 АЕК көп емес;

3) лицензия телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол есеп айырысу және ақшасыз есеп айырысу нысанында екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алуға электронды сұраныс портал арқылы берілген жағдайда төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз жүзеге асырылады.

  1. порталда – тәулік бойы.

9. Портал арқылы және мемлекеттік қызмет көрсетуді көрсетілетін қызметті берушіден алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

9.1 Көрсетілетін қызметті берушіден:

9.1.1 Лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) осы стандартқа 2 -қосымшаға сәйкес ресімделген, белгіленген үлгідегі өтініш;

2) заңды тұлға үшiн – жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған) көшiрмелерi;

3) жеке кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесін;

4) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшірмесін;

5) қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшірмесін;

6) біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар электронды көшірмелер түрінде электронды сұрауға қоса беріледі. Байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы стандартқа 2- қосымшада беріледі.

9.1.2.  Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) лицензяның көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған);

3) біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар электронды сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұрауға қоса беріледі. Байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы стандартқа 2- қосымшада беріледі.

Лицензия және (немесе) лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

 1) еркін нысандағы өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат.

9.1.4  Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасының телнұсқасын алу үшін төмендегі құжат қажет:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) лицензия телнұсқасын беру үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат.

9.2. Порталда:

9.2.1 Лицензия алу үшін:

1) алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

2) ЭҮТШ арқылы қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат немесе төлем тапсырмасының (түбіртектің) электрондық көшірмесі;

3) біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар электронды көшірмелер түрінде электронды сұрауға қоса беріледі. Байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы стандартқа 2- қосымшада беріледі.

9.2.2 Қосымша алу үшін:

1) алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

2) біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар электронды көшірмелер түрінде электронды сұрауға қоса беріледі. Байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы стандартқа 2- қосымшада беріледі.

9.2.3 Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

2) лицензияны ЭҮТШ арқылы қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат немесе төлем тапсырмасының (түбіртектің) электрондық көшірмесі;

9.2.4 Телнұсқа алу үшін:

1) алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

2) лицензия телнұсқасын ЭҮТШ арқылы беру үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат немесе төлем тапсырмасының (түбіртектің) электрондық көшірмесі.

Қағаз тасығышта берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер:

1) субъектiлердiң осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысу;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеу;

3)өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
     4)сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде соттың өтiнiш берушiге лицензия алуға тыйым салуы болып табылады.

5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен көзделген негіздемелердің болуы:

сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеулер болғанда және сауал жіберген тұлғаның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығы болмаса;

сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және кімнің иелігінде екені оған белгісіз болса;

сауалдың мәнін нақтылау кезінде сұрау алушы тұлғаның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтінім жасағанын анықтау мүмкін болмағанда;

электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлға сауалды орындау шығыстарын төлемесе, егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе;

6) сауал «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмесе:

ақпаратты сұратқан тұлғаның тегі,аты және әкесінің аты;

заңды тұлғаның атынан сауалмен жүгінген кезде – заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгінген тұлғаның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;

сауалмен жүгінген адамның байланыс деректері(почталық мекенжайы немесе электрондық почта мекенжайы, не телефонның немесе телефакстің нөмірі), олар арқылы ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе оны иеленушісі электрондық ақпараттық ресірстарды беруі немесе ақпаратты сұратқан тұлғамен байланысуы мүмкін;

сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе оғын белгілі құжаттың деректемелері;

Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарлу туралы дәлелденген жауапты осы стандарттың 4- тармағымен белгіленген мерзімдерде электрондық құжат нысанында қызмет берушіден немесе «жеке кабинетінде» алады.

Қызмет беруші орган «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімдерде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны өтініш берушіге бермеген немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелденген бас тартуды ұсынбаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру мерзімдері өткен күнінен бастап берілген болып есептеледі.


^ 3. Шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


11. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шағымды дайындауға жәрдемдескендерге шағымдану тәртібін түсіндіруді функциялары мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты Комитеттің қызметкерлері жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады, № 746 кабинет, телефоны: 8(7172) 74-03-64 не электрондық түрде kanc@mtc.gov.kz мекенжайына беріледі.

16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе Астана қаласы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8 мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефондары: 8 (7172) 74-03-24, 74-13-77 не электрондық түрде, №729 кабинет телефондары: 8 (7172) 74-03-24, 74-13-77 немесе сотқа заңмен белгіленген тәртіппен. Шағым қағаз тасығышта еркін нысанда ұсынылады.

Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін.

Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызметті алушыға, берілген шағымды беруші, шағымның қабылдаған күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның аты –жөні, шағымға берілетін жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты ала алатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылдануын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін портал арқылы қабылдануын растау оның жеткізілуі және тіркелуі туралы хабарлама болып табылады.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті орындау, жауап немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылған ақпарат қолжетімді болады.


4. Өзге талаптар


12. Мемлекеттік қызмет тек заңды тұлғаларға көрсетіледі.

13. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігінің жоқтығын немесе көрсетілетін қызметті берушіге өзінің келуін ескере отырып, қызметті алушының «жеке кабинетінде» порталда, сенімхат арқылы немесе пошталық байланысы арқылы мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор к-сі, 8-үй, 14-кіреберіс, 746-кабинет жүзеге асырылады.

14. Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат 1 қосымшада берілген.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-03-24, 74-13-77, call-орталық: (1414).

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі бойынша кеңесті жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алуға болады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

17. Көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсының адресі www.kanc.kz және www.mtc.gov.kz.


­­­­­­­­­­­­­­­­­____________________

«Байланыс саласындағы қызметтерді көретуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


Қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынама

«Байланыс саласындағы қызметтерді көретуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты


Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор к-сі, 8-үй, 14-кіреберіс, 746-кабинет, телефон 8 (7172) 74-03-24, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы: www.еgov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы www.elicense.kz арқылы жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсының адресі www.kanc.kz және www.mtc.gov.kz.

Жұмыс кестесі:

1)мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз жүзеге асырады.

  1. порталда – тәулік бойы.










Мемлекеттік қызмет көрсетуді веб-портал арқылы алу жөніндегі нұсқаулық:

  1. «электронды үкіметтің» веб-порталына кіру;

  2. мемлекеттік қызмет көрсетуді таңдау;

  3. тіркелу, жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы авторландырылу, электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ);

  4. онлайн мемлекеттік қызмет көрсетуге тапсырыс беру;

  5. мемлекеттік қызмет көрсету стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес электронды сауал алаңын толтыру және қажет болған жағдайда құжаттар пакетін электронды түрде тіркеу;

  6. ЭЦҚ қол қою;

  7. жеке кабинетте мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мен сауалдың статусы туралы хабарлама алу;

  8. одан әрі сұраныстың белгіленген талаптарға сәйкестігін (құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің талдауы) өңдеу жүргізіледі;

  9. қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қарап шығу;

  10. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану (қажеттілігіне қарай)










Қызметті алушының жазбаша өтініш берген сәтінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру –отыз жұмыс күні;

2) лицензияны қайта ресімдеу – отыз жұмыс күні;

3) лицензияның телнұсқасын беру – екі жұмыс күні.

Өтініш берушінің көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген күні сол жерде құжаттарды беру және алу үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 минут.

өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 10 минут.








Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы стандарттың 9 тармағында берілген








Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мыналар болып табылады:

1) порталда Байланыс саласындағы қызметтерді көретуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын көрсету жөніндегі қызмет түріне лицензия, лицензияға қосымшаны немесе телнұсқаны ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты электронды құжат нысанында беру. Лицензияны, лицензияға қосымшаны немесе лицензияның телнұсқасын электронды форматта беру мүмкін болмаған жағдайда, олар қағаз тасығышта беріледі;

2) лицензияны, лицензияға қосымшаны немесе телнұсқаны беруден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру



«Байланыс саласындағы қызметтерді көретуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

Байланыс және ақпараттандыру комитетіне

кімнен

^

ӨТІНІШ

Қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беруіді сұраймын


________________________________________________________________________________

аумағында ____________________________


Ұйым туралы мәліметтер:

1. Меншік нысаны: ____________

2. Құрылған жылы: _______________________________________________________

3. Әділет органдарында тіркеу туралы куәлік: _________________________________

_______________________________________________________________________________

(№, қашан және кім берген)

4. Мекенжай: ______________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс)


5. Есеп айырысу шоты:___________________________________________________________

(е/айырысу №, банк атауы және тұрған жері)


6. Қоса берілетін құжаттар:

1) заңды тұлға үшiн – жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған) көшiрмелерi;

2) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;

4) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшірмесі;

5) қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшірмесі;

6) «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.


Басшы ____________ ________________ (қолы) (Т.А.Ә.)


Мөр орны «____»___________20__ ж.

______________________

«Байланыс саласындағы қызметтерді көретуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша


Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік елтаңбасы

^ МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ

___________________________________________________________________

(толық атауы, орналасқан жері, деректемелері)

_________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес _______________________________________________________________

(қызмет (әрекет)түрінің атауы)

______________________________________________________________ айналысуға берілді.

Лицензия қолданылуының ерекше жағдайы _________________________________________

(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

_________________________________________________________________________

4 - бабына сәйкес)

Лицензияны берген орган _________________________________________________

(лицезиялау органның толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)_______________________________________

_________________________________________________________________________

(лицензия берген орган басшысының

_________________________________________________________________________

(уәкілетті тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты

   Лицензияның берілген күні «___» _____________20 _ ж.

   Лицензияның нөмірі_______________ №_______________

   _________________________қаласы


__________________________

«Байланыс саласындағы қызметтерді көретуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша


Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік елтаңбасы


^ МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША


Лицензияның № _______________

                Лицензияның берілген күні «___» _________20__ж.

Лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына енетін жұмыстар мен қызметтердің лицензияланатын түрлерінің беру тізбесі_________________________________________

_________________________________________________________________________

Филиалдар, өкілдіктер_______________________________________________

(толық атауы, орналасқан жері,

_________________________________________________________________________

деректемелері)

Өндіріс базасы___________________________________________________

(орналасқан жері)

Лицензияға қосымшаны берген орган____________________________________

(лицензияға қосымшаны берген

_________________________________________________________________________

органның толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)_______________________________________

_________________________________________________________________________

(лицензияға қосымшаны берген орган басшысының

_________________________________________________________________________

(уәкілетті тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты)

   Лицензияға қосымшаның берілген күні «____»_____________20__ж.

   Лицензияға қосымшаның нөмірі ______________№_______________

   ______________________ қаласы


_____________________________




Похожие:

«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconКөрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мәселелері бойынша шешімдеріне,
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconПаспорт «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» №576
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» №576
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»

«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
Бұдан кейін тиісті терезеде тіркелу кезінде көрсетілген парольді енгізіп, деректерді растаңыз
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі...
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (мемлекеттік көрсетілетін қызмет...
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы