«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Название«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации23.02.2014
Размер109.52 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға жүгінген жағдайда:

азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;

азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер (куәлік телнұсқасы).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз және/немесе электрондық түрде.

Куәліктерді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке келуімен берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

Көрсетілетін қызметті алушы порталда азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» алады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.

Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөлшерлемелері мыналарды:

азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін – алым төленген күнгі қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;

азаматтық әуе кемелерін қайта тіркеу үшін – алым төленген күнгі қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;

азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжат телнұсқасын беру үшін – алым төленген күнгі қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз жүзеге асырылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау жіберілген жағдайда төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады (бұдан әрі - ЭҮТШ).

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбіден қос алғанда жұмаға дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушыға:

куәліктерді алу үшін осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтініш:

1) азаматтық әуе кемесін алғаш мемлекеттік тіркеу кезінде:

азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу үшін алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

сату-сатып алу шартының, сот шешiмi немесе меншiк құқығын растайтын өзге де құжат көшірмесі;

жалдау, лизинг, мүлiктiк жалдау шартының, әуе кемесiн пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат көшірмесі;

азаматтық әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсінің көшiрмесi;

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы әзірлеген азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң көшiрмесi;

азаматтық әуе кемесiнің мемлекеттiк авиация тiзiлiмiнен немесе шетел мемлекетінің азаматтық әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен алып тасталғанын растайтын құжаттың көшiрмесi (болған жағдайда);

ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатының көшiрмесi (әуе кемесiн айдап әкелген кезде);

әуе кемесiн қайта жабдықтау туралы құжаттар (әуе кемесiнің мақсаты өзгерген жағдайда);

дайындаушы зауыт берген әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы уақытша куәлiгi (әуе кемесiн дайындаушы зауыттан сатып алған жағдайда);

көрсетілетін қызметті беруші немесе шет мемлекет, әуе кемелерiн сертификаттауды жүзеге асыратын халықаралық азаматтық авиация ұйымы берген және көрсетілетін қызметті беруші таныған оның ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын үлгі сертификатының немесе оған балама құжаттың көшiрмесi;

пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретiн куәлiктiң немесе ұшуды орындауға құқық беретiн куәлiктiң көшiрмесi (болған жағдайда);

көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлғасының жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғасын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшiрмесi немесе анықтама.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

2) азаматтық әуе кемесінің меншік иесі өзгерген кезде:

азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу үшін алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

сату-сатып алу шартының көшірмесі, сот шешiмi немесе меншiк құқығы ауысқанын растайтын өзге де құжат;

жалдау, лизинг, мүлiктiк жалдау шартының көшірмесі, әуе кемесiн пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат (болған жағдайда);

азаматтық әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсінің көшiрмесi;

пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретiн куәлiктiң немесе ұшуды орындауға құқық беретiн куәлiктiң көшiрмесi (болған жағдайда);

меншік иесі және/немесе пайдаланушы жеке тұлғасының жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшiрмесi немесе анықтама.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

3) әуе кемесін қайта жабдықтаудан кейін мақсаты өзгерген жағдайда:

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжаттар;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі;

меншік иесі және/немесе пайдаланушы жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* көшiрмесi немесе анықтама.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

4) азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысы өзгерген кезде:

жалдау, лизинг, мүлiктiк жалдау шартының көшірмесі, әуе кемесiн пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат ;

азаматтық әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсінің көшiрмесi;

пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретiн куәлiктiң немесе ұшуды орындауға құқық беретiн куәлiктiң көшiрмесi;

меншік иесі және/немесе пайдаланушы жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* көшiрмесi немесе анықтама.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Барлық жоғарыда көрсетілген құжат көшірмелері көрсетілетін қызметті берушінің қолы және мөрімен (болған жағдайда) расталады.

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін мемлекеттік қызметтің осы стандартына 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтінішті ұсынады:

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру алымы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жоғалу немесе ұрлану фактісін растайтын құжаттар;

пайдалануға жатпайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бүлінген жағдайда);

көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің* көшірмесі немесе анықтама.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

Порталға:

Көрсетілетін қызметті алушы азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді алу үшін (алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде, меншік иесі өзгерген кезде, әуе кемесінің мақсаты өзгерген кезде, пайдаланушы өзгерген кезде) мемлекеттік қызметтің осы стандартына 5-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алу күні және уақыты көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.


3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану үшін шағым мемлекеттік қызметтің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы почта немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы жағдайында Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).


_____________________




Похожие:

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАзаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсi
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconӘуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру актiсi
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconЭлектрондық құжат нысанындағы өтініш
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігін беру» (бұдан әрі...
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметтің атауы – «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу...
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы