«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon

«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру»



Название«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру»
Дата конвертации23.02.2014
Размер89.36 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға жүгінген жағдайда:

пайдаланушы сертификатын беру – күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде;

пайдаланушы сертификатының телнұсқасын беру – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Пайдаланушы сертификатын көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке келуімен берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

Порталда Пайдаланушы сертификатын көрсетілетін қызметті алушы электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.

Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты:

қоса алғанда 50 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 1144 айлық есептік көрсеткіш;

51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 1232 айлық есептік көрсеткіш;

201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 1272 айлық есептік көрсеткіш;

401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 1319 айлық есептік көрсеткіш;

601 адамнан қоса алғанда 1200 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 1363 айлық есептік көрсеткіш;

1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 1407 айлық есептік көрсеткіш;

2001 адамнан астам – алым төленген күнгі қолданыстағы 1458 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Пайдаланушыны сертификаттау бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз жүзеге асырылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау жіберілген жағдайда төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады (бұдан әрі - ЭҮТШ).

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбіден қос алғанда жұмаға дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі):

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) пайдаланушыны сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат;

3) заңды тұлға куәлігінің көшірмесі* немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

4) өтініш беруші жарғысының көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі;

5) мыналарды қамтитын өтініш берушінің ақпараты:

өтініш беруші қызметінің негізгі орны;

ұшудың болжамды түрлері;

ұшу жұмыстарын ұйымдастыру;

ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі;

ұшуды қамтамасыз ету;

ұшу және техникалық персоналдың дайындығы;

техникалық қызмет көрсету объектілерінің дайындығы;

әуе кемелерінің дайындығы;

авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстративтік ұшуды өткізу мүмкіндігі;

6) басқарма құрылымы және лауазымы, т.а.ә., білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты адамдар;

7) көрсетілетін қызметті берушімен мынадай басшылардың лауазымы келісілгендігін растайтын құжаттар:

ұшу қызметі;

ұшу қауіпсіздігі бойынша инспекция;

ұшу жарамдылығын қолдау бойынша;

сапаны бақылау бойынша;

авиациялық қауіпсіздік бойынша;

персоналды даярлау бойынша;

8) тұрақты тасымалдар үшін жоспарланатын межелі пункттер мен қосалқы әуеайлақтардың, жоспарланатын ұшу үшін қолданылуы бойынша тұрақты емес тасымалдар және пайдалану базалары аудандарының тізімі;

9) үлгісі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері, ұшуға жарамдылығы сертификаттары, радиостанцияларға арналған рұқсаттар, жергілікті жердегі (егер көзделген болса) шуыл бойынша сертификаттары көрсетілген әуе кемелерінің тізімі. Әуе кемелерін жалға алған жағдайда жалға алу (лизинг) туралы шарттарды көрсетуге тиіс;


10) ұшу және жердегі персоналды даярлау және аттестаттауды ұйымдастыру бойынша ақпарат;

11) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулық;

12) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқаулығы;

13) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама (регламент);

14) сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы 5700 кг астам әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару нұсқаулығы;

15) байланыс процедураларын қоса алғанда, ұшуды орындауды басқару және бақылауды ұйымдастыру бойынша ақпарат (dispatch);

16) сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;

17) пайдаланушының өз авиациялық қызметінің қажетті түрлерін қамтамасыз етуге арналған шарттарының көшірмелері;

18) пайдаланушы басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;

19) азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін алдын алу бойынша шаралар туралы құжаттар;

20) пайдаланушының өзі немесе шарттық негізде жүзеге асыратын ұшу жұмыстарын жерде қамтамасыз ету бойынша ақпарат;

21) пайдаланушы (өтініш беруші) ұсынатын арнайы операция түрлеріне қатысты (Cat II, III, RVSM, EDTO, PBN, RNAV, RNP) бақылау тексеру карталары;

22) жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдарымен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттар тізімі;

23) сыртқы ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдау бойынша шарттардың көшірмелері;

24) жолаушы және жүк тасымалдарын ресімдеу үшін қажетті құжаттар үлгілері.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжат көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен куәландырылады.

Пайдаланушы сертификатының телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемемен және бұрын берілген пайдаланушы сертификаты (жоғалту (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса берілген өтінішті ұсынады.

Порталда:

Пайдаланушы сертификатын (телнұсқасын) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.


3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану үшін шағым мемлекеттік қызметтің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы почта немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы жағдайында Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).

_____________________




Похожие:

«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №256 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы»...
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» icon«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы