|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «20» қарашадағы № 912 бұйрығымен бекітілген «Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты 1. Жалпы бөлім 1. «Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Жерде қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және: 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге; 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге; 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған. 2. КС негізгі пайдаланушылары: 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер; 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады. 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді. 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы; 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат; 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар; 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі; 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі; 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі; 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті; 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі; 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы; 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы; 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы. 2. КС паспорты 5. КС паспорты мынаны анықтайды: 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «52.23 Әуе көлігі саласындағы қызметтер»; 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету, әуеайлақтарда жерүсті қызмет көрсетуге байланысты қызметті қамтамасыз ету; 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері. ^ 1-параграф «Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман» 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 4221 «Жолаушылар әуе тасымалдауларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша агент»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жолаушылар авиа тасымалдауларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша агент, билеттерге тапсырыстар қабылдау бойынша агент; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маманның еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген. ^ 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3145 «Әуеайлақ қызметінің технигі»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: әуеайлақ қызметінің технигі; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша маманның еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген. ^ 8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3145 «Әуеайлақ қызметінің технигі»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: менеджер, басқарушы; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша ауысым бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген. ^ 9. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1 - 3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады. ^ 10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 – 3-кестелерінде келтірілген. 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері 11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі. 12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады. ^ 13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады. 18. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген. «Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 1-қосымша ^ еңбек қызметінің (кәсібінің) түрлері
Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы; ӘК – әуе кемесі. «Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 2-қосымша 1-кесте ^
2-кесте ^
3-кесте 3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша ауысым бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 3-қосымша ^
2-кесте
3-кесте
«Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша ауысым бастығы»
Ескертпе: Ф – функция. «Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 4-қосымша ^ 1-кесте 1. «Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
2-кесте ^
3-кесте ^
Ескертпе: М – міндет. «Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 5-қосымша Келісу парағы
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді. Кәсіптік стандарттардың реестріне № ___________________________тіркелді. Хат (хаттама) № ___________ Күні |
![]() | «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы... | ![]() | «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет... |
![]() | «Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер «Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Жолаушылардың әуе көлігі» кәсіби қызметі саласындағы біліктілік деңгейіне,... | ![]() | Кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету... |
![]() | «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету,... | ![]() | «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Автокөліктік құралдарды жөндеу және техникалық... |
![]() | «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» Кс «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне және құзыретіне,... | ![]() | «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Осы «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету... |
![]() | Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі ... | ![]() | «Темір жол көлігі жолаушыларының сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Темір жол көлігі жолаушыларының сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру» «Темір жол көлігі жолаушыларының сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Қалааралық жолаушылар теміржол... |