«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер icon

«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер



Название«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
Дата конвертации23.02.2014
Размер227.14 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы 20 қарашадағы № 914 бұйрығымен бекітілген


«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Жолаушылардың әуе көлігі» кәсіби қызметі саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.


2. КС паспорты


5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «51.10 Әуе жолаушылар көлігі»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.


^ 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары


1-параграф «Борт жолсерігі»


6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 5111 «Темір жол вагоны жолсеріктері, борт жолсеріктері, стюардтар»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: борт жолсерігі;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің әуе кемесінің бортында жолаушыларға қызмет көрсету процесін ұйымдастыруды жүзеге асыруы;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Борт жолсерігінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.


^ 2-параграф «Аға борт жолсерігі»


7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 5111 «Темір жол вагоны жолсеріктері, борт жолсеріктері, стюардтар»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: аға борт жолсерігі;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің әуе кемесінің бортында жолаушыларға қызмет көрсету үрдісін ұйымдастыруды жүзеге асыруы;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Аға борт жолсерігінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.


^ 3-параграф «Борт жолсерігі-нұсқаушы (желілік нұсқаушы)»


8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 5111 «Темір жол вагоны жолсеріктері, борт жолсеріктері, стюардтар».

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: Борт жолсерігі-нұсқаушы (желілік нұсқаушы);

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің әуе кемесінің бортында жолаушыларға қызмет көрсету үрдісін ұйымдастыруды жүзеге асыруы;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Борт жолсерігі-нұсқаушының (желілік нұсқаушының) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.


^ 4. КС бірліктерінің тізбесі


9. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1 - 3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.


^ 5. КС бірліктерінің сипаттамасы


10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 – 3-кестелерінде келтірілген.


6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері


11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.


^ 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі


13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

14. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.


«Борттық қызмет көрсету»

кәсіби стандартына

1-қосымша


^ Біліктілік деңгейлері бойынша

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері




р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының тенденцияларын ескерумен кәсіптің атауы


01-2005 ҚР МЖ сәйкес кәсіптің атауы



ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды


^

ӘК бортында қауіпсіздікті қамтамасыз ету; жолаушыларға қызмет көрсету


Борт жолсерігі

Борт жолсерігі

3

-



Аға борт жолсерігі

Аға борт жолсерігі

4

-



Борт жолсерігі - нұсқаушы (желілік нұсқаушы)

Борт жолсерігі - нұсқаушы

4

-

Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

ӘК – әуе кемесі.


«Борттық қызмет көрсету»

кәсіби стандартына

2-қосымша


1-кесте


^ 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Борт жолсерігінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар



Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Авиациялық сала ұйымдар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

  1. Қысым айырмасы (биіктеу және төмендеу барысында);

  2. Шуылдың және дірілдің жоғары деңгейі;

  3. ӘК бортындағы өрт және жарылысы;

  4. Психоэмоциялық салмақтар

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Борт жолсерік жұмысына 18 жасқа толған, және сертификатталған Оқу орталығында оқудан өткен, қолданыстағы 2 сыныпты ДҰСК (дәрігерлік-ұшу сарапатамалық комиссиясының) медициналық қорытындысы бар, борт жолсерігі жұмысы үшін қажетті көлемде мемлекеттік және ағылшын тілдерін білетін тұлғалар жіберіледі

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Техникалық және кәсіптік білім

Талап етілмейді



2-кесте




^

2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Аға борт жолсерігінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар



Кәсіптер бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Авиациялық сала ұйымдар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

1) Қысым айырмасы (биіктеу және төмендеу барысында);

2) Шуылдың және дірілдің жоғары деңгейі;

3) ӘК бортындағы өрт және жарылысы;

4) психоэмоциялық салмақтар.

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Борт жолсерігі жұмысына 18 жасқа толған, және сертификатталған Оқу орталығында оқудан өткен, қолданыстағы 2 сыныпты ДҰСК (дәрігерлік-ұшу сарапатамалық комиссиясының) медициналық қорытындысы бар, борт жолсерігі жұмысы үшін қажетті көлемде мемлекеттік және ағылшын тілдерін білетін тұлғалар жіберіледі.

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіптік білім

Кемінде 2 жыл борт жолсерігі ретіндегі жұмыс өтілі болуы


3-кесте

^

3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Борт жолсерігі-нұсқаушы (желілік нұсқаушы) еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар



Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Авиациялық сала ұйымдар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

1) Қысым айырмасы (биіктеу және төмендеу барысында);

2) Шуылдың және дірілдің жоғары деңгейі;

3) ӘК бортындағы өрт және жарылысы;

4) психоэмоциялық салмақтар.

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Борт жолсерік жұмысына 18 жасқа толған, және сертификатталған Оқу орталығында оқудан өткен, қолданыстағы 2 сыныпты ДҰСК (дәрігерлік-ұшу сарапатамалық комиссиясының) медициналық қорытындысы бар, борт жолсерік жұмысы үшін қажетті көлемде мемлекеттік және ағылшын тілдерін білетін тұлғалар жіберіледі

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіптік білім

Авиация саласында 4 жыл жұмыс өтілінің болуы



«Борттық қызмет көрсету»

кәсіби стандартына

3-қосымша


^ КС бірліктерінің тізімі


1-кесте


  1. «Борт жолсерігі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі




Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

ӘК бортында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ф 2

Жолаушыларға сервис ұсыну (жолаушыларға қызмет көрсету)


2-кесте


  1. «Аға борт жолсерігі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі



Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

ӘК қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша борт жолсерік бригадасының жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету

Ф 2

Жолаушыларға сервис ұсыну (Жолаушыларға қызмет көрсету) бойынша борт жолсерік бригадасының жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету


3-кесте


  1. «Борт жолсерігі-нұсқаушы (желілік нұсқаушы)» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі



Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

ӘК бортжолсеріктерінің білімдерін тексеру

Ф 2

Құжаттама жүргізу

Ф 3

Бортжолсеріктердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауын ұйымдастыру және бақылау жасау

Ескертпе: Ф – функция.

«Борттық қызмет көрсету»

кәсіби стандартына

4-қосымша


^ КС бірліктерінің сипаты


1-кесте


1. «Борт жолсерігі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және

дағдылары

Білімі

Ф 1

Авариялық-құтқару жабдығы;


Борт жолсеріктерге арналған ұшуларды жүргізу бойынша нұсқау;

М 1-1 Жолаушыларға ұшу алдындағы нұсқаулық жүргізу

Жолаушыларға ұшу алды нұсқаулық жүргізу машықтары; ӘК бортындағы жолаушылардың деструктивті мінез-құлқымен жұмыс істеу машықтары;

ӘК бортында электрондық аспаптарды қауіпсіз пайдалану машықтары



Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының ұшуларды орындауға қатысты бөлігін білу;

Халықаралық заңнамалар мен стандарттарды білу;

Борт жолсеріктеріне арналған ұшуды жүргізу бойынша нұсқауды білу;

Әуе көлігінде тасымалдауларды ұйымдастыруды білу;

ӘК бортында электрондық аспаптарды пайдалану қағидалары және тәртібі















қосылып тұрған электрондық аспаптардың борттық радиоэлектрондық жабдықтың жұмысына тигізетін әсері;

ӘК командиріне кез-келген байқалған ауытқулар туралы баяндау жосықтары










М 1-2 Авариялық-құтқару жұмыстары және дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету

ӘК бортында барлық құтқару және авариялық жабдықтардың болуын тексеру машықтары, олардың жарамдылығын және дұрыс орнатылғандығын тексеру;

Алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету;

Барлық қажетті құжаттамалар мен нұсқаулардың болуын және сәйкестігін тексеру;

Жүзе білу

Әуе кемелерінің авариялық-құтқару жабдықтарын білу;

Авариялық-құтқару жосықтары және өміршеңдік принциптерін білу;

Борт жолсерігінің іс-қимылына қатысты бөлігіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету ережелерін, авиациялық медицинаны білу;

Заңсыз араласу барысындағы іс-қимылдарын (ӘК басып алу, іріткі салу, ӘК бортына жарылғыш құрылғысын және басқаларды орнату) білу
















Экипаж мүшелерінің міндеттерін, жауапкершіліктерін білу.

Әдеттегі жағдайларда және ерекше әрі авариялық жағдайларда өзара тиімді әрекеттесуді қамтамасыз ету тәсілдерін білу;

ӘК суға қонуы барысындағы құтқару жұмыстарының ережелерін білу

Ф 2

Буфеттік-ас үйлік жабдықтары және жолаушыларға қызмет көрсету құралдары

Жолаушыларға қызмет көрсету жосықтары

М 2.1 Жолаушыларға қызмет көрсету

Буфеттік-ас үйлік жабдықтары мен жолаушыларға қызмет көрсету құралдарын пайдалану машықтары

Ерекше жолаушыларды

қосқанда (мүгедектер, балалар, науқастар, жүкті әйелдер, қарт жолаушылар және басқалары) жолаушыларға қызмет көрсету рәсімдерін білу


2-кесте

^ 2. «Аға борт жолсерігі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және

дағдылары

Білімі

Ф 1

Авариялық-құтқару жабдығы;


Борт жолсеріктеріне арналған ұшуларды жүргізу бойынша нұсқау;

М 1-1 Жолаушыларға ұшу алдындағы нұсқаулық жүргізу

Жолаушыларға ұшудың алдында нұсқаулық жүргізу машықтары.

ӘК бортындағы жолаушылардың деструктивті мінез-құлқымен жұмыс істеу машықтары;

ӘК бортында электрондық аспаптарды қауіпсіз пайдалану машықтары.


Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының ұшуларды орындауға қатысты бөлігін білу;

Халықаралық заңнамалар мен стандарттарды білу (EU OPS, IOSA);

Борт жолсеріктеріне арналған ұшуды жүргізу бойынша нұсқауды білу;

Әуе көлігінде тасымалдауларды ұйымдастыруды білу;

ӘК бортында электрондық аспаптарды пайдалану қағидалары және тәртібі;

ӘК командиріне кез-келген байқалған ауытқулар туралы баяндау жосықтары










М 1-2 Авариялық-құтқару жұмыстары және дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету

ӘК бортында барлық құтқару және авариялық жабдықтардың болуын тексеру машықтары, олардың жарамдылығын және дұрыс орнатылғандығын тексеру;

Алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету;

Барлық қажетті құжаттамалар мен нұсқаулардың болуын және сәйкестігін тексеру;

Жүзе білу.

Әуе кемелерінің авариялық-құтқару жабдықтарын білу;

Авариялық-құтқару жосықтары және өміршеңдік принциптерін білу;

Алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету ережелерін білу; борт жолсерікке қатысты бөліктегі авициялық медицинаны білу;

Заңсыз кірісу барысындағы іс-қимылдарын (ӘК басып алу, іріткі салу, ӘК бортына жарылғыш құрылғысын және басқаларды орналастыру) білу;

Экипаж мүшелерінің міндеттерін, жауапкершіліктерін білу.

Әдеттегі жағдайларда және ерекше әрі авариялық жағдайларда өзара тиімді әрекеттесуді қамтамасыз ету тәсілдерін білу;

ӘК суға қонуы барысындағы құтқару жұмыстарының ережелерін білу

Ф 2

Буфеттік ас үйлік жабдықтары және жолаушыларға қызмет көрсету құралдары

Жолаушыларға қызмет көрсету рәсімдері

М 2-1 Жолаушыларға қызмет көрсету

Буфеттік-ас үйлік жабдықтары мен жолаушыларға қызмет көрсету құралдарын пайдалану машықтары.

Ерекше жолаушыларды

қосқанда (мүгедектер, балалар, науқастар, жүкті әйелдер, қарт жолаушылар және басқалары) жолаушыларға қызмет көрсету рәсімдерін білу


3-кесте


^ 3. «Борт жолсерігі-нұсқаушы (желілік нұсқаушы)» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және

дағдылары

Білімі

Ф 1

ӘК бортжолсеріктер-інің білімдері

Бортжолсеріктерге арналған ұшуларды жүргізу бойынша нұсқау


М 1-1 ӘК бортжолсеріктерінің білімдерін тексеру және тәжірибеден өтуші бортжолсеріктерді қатарға қосу



Рейстік жағдайларда борт жолсеріктердің ұшуда жолаушыларға қызмет көрсету технологиясын, әуе кемесінде жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін, әуе кемесінің электрлік, авариялық-құтқару құралдарын пайдалану ереже-лерін білуін, жұмыс құжат-тамасын жүргізу және рәсім-деу бойынша білімдерін тек-серу. Борт жолсеріктерінің теориялық, тәжірибелік, ал-дын ала және ұшу алдындағы, ұшудан кейінгі бөлшектеу бойынша дайындығын жүргі-зу және жетілдіру машық-тары;

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының ұшуларды орындауға қатысты бөлігін білу;

ҚР әуе кеңістігіндегі ұшудың негізгі ережелерін білу;

Халықаралық заңнамалар мен стандарттарды білу (EU OPS, IOSA); Борт жолсеріктеріне арналған ұшуды жүргізу бойынша нұсқау;

Ерекше жолаушыларды қосқанда (мүгедектер, балалар, науқастар, жүкті әйелдер, қарт жолаушылар және басқалары) жолаушыларға қызмет көрсету рәсімдері

Борт жолсеріктерін оқыту әдістемесі.













Борт жолсеріктерінің аса назар талап ететін (балалар, науқас адамдар, қарт адамдар және т.б.) жолаушыларға қыз-мет көрсете білуін тексеру машықтары; Борт жолсерік-терінің шетел тілін білуін және оларды жолаушыларға қызмет көрсету барысында пайдалана білуін бақылау машықтары




Ф 2

Ұшу құжаттамасы

Құжаттаманы жүргізу рәсімдері

М 2-1 Құжаттаманы жүргізу

Борт жолсеріктерінің жердегі және ұшудағы теориялық және тәжірибелік білімдерін тексерудің болашақтағы жылдық және тоқсан сайынғы жоспарларын жасайды.

Жаңа борт жолсеріктерін және жаңа құрылған бригадаларды іске қосу жос-парларын жасау машықтары ӘК бортында анықтамалық-ақпараттық материалдың, борт жолсерік папкасының мазмұнына және күйіне бақылау жүргізу машықтары.

Борт жолсерік-нұсқаушы жұмысын ұйымдастыруды білу.

Осы бағыттағы білім беру процесін реттейтін құжаттарды білу.













Бекітілген рейстерде жолау-шыларға қызмет көрсетудің технологиялық карталарын әзірлеу және оларға қажетті өзгерістер енгізу машықтары.

Борт жолсеріктерді жеке құжаттамасының болуын және рәсімделу дұрыстығын бақылау машықтары. Тексерістің нәтижелері бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеу және борт жолсе-ріктерінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеу машықтары, жаңа бригадалар қалыптастыру бойынша ұсынымдар беру машықтары. Ұшудағы жолау-шыларға қызмет көрсету тәжірибесін меңгеру, жинақтау және тарату машықтары




Ф 3

Авариялық-құтқару техникасы

Қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету ережелері

М 3-1 Бортжолсеріктер тобының қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ӘК бортында жолаушыларға жоғары мәдениетті қызмет көрсету бойынша жұмысын ұйымдастыру және бақылау жасау

Бортжолсеріктерді күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы навигацияға және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу нұсқаулығына дайындау, борт жолсеріктердің ұшу кітаптарында қажетті жазбаларды жүргізу машықтары. Бортжолсеріктер топтарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ӘК бортында жолаушыларға жоғары мәдениетті қызмет көрсету бойынша шараларды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу машықтары

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықтың барлық түрлерін орналастыру және олардың жарамдылығын тексеру ережелерін білу; ӘК бортында электрондық аспаптарды пайда-лану қағидаларын және тәртібін білу; Қосылып тұрған электрон-дық аспаптардың борттық радиоэлектрондық жабдықтың жұмысына тигізетін әсерін білу; ӘК командиріне кез-келген байқалған ауытқулар туралы баяндау рәсімдерін білу; Ава-риялық-құтқару рәсімдері және өміршеңдік принциптерін білу; борт жолсерігіне қатысты бөлігін-дегі дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдем көрсетуді, авиациялық медицинаны білу; Заңсыз араласу актілері барысындағы іс-қимыл-дарды білу (ӘК басып алу, іріткі салу, ӘК бортына жарылыс құ-рылғысын және басқаларды орна-ластыру); Экипаж мүшелерінің міндеттерін, жауапкершіліктерін білу. Әдеттегі жағдайларда және ерекше әрі авариялық жағдайлар-да өзара тиімді әрекеттесуді қамтамасыз ету тәсілдерін білу; ӘК суға қонуы барысындағы құтқару жұмыстарының ережеле-рін білу


«Борттық қызмет көрсету»

кәсіби стандартына

5-қосымша


Келісу парағы


Ұйымның атауы

Келісілген мерзімі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі






Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.

Кәсіптік стандарттардың реестріне № ___________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні




Похожие:

«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер icon«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жерде қызмет көрсету»
«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Жерде қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне,...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер icon«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер icon«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету»
«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер iconКәсіби стандарты Жалпы бөлім
«Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер icon«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу»
«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету,...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер icon«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау»
«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Автокөліктік құралдарды жөндеу және техникалық...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер iconҚызмет стандарты Жалпы ережелер
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер iconҚызмет стандарты Жалпы ережелер
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер iconҚызмет стандарты Жалпы ережелер
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер icon«Әуе кемесін ұшу пайдалану» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе кемесін ұшу пайдалану»
«Әуе кемесін ұшу пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемесі саласындағы қызмет» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы