«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» icon

«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру»



Название«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру»
Дата конвертации23.02.2014
Размер278.7 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы «20» қараша № 903

бұйрығымен бекітілген


«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты


1. Жалпы бөлім



1. «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Қалалық және қала маңындағы жер үсті жолаушылар көлігі» кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы

3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауга қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым –қызметтік өкілеттіктер және қызметтік міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ)– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.


^

2. КС паспорты



5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МС) «49.31 Қалалық және қала маңындағы жер үсті жолаушылар көлігі»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің)түрлері.


^

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары



1-параграф «Жолаушылар автомобиль тасымалы диспетчерлік қызметінің операторы»


6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 4131 «Тауарларды кабылдау және тапсыру, есепке алумен шұғылданатын жұмысшылар»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жолаушылар автомобиль тасымалы диспетчерлік қызметінің операторы, автовокзал диспетчерлік қызметінің операторы, такси диспетчерлік қызметінің операторы, тасымалдау диспетчерлік қызметінің операторы;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын диспетчерлік басқару процесін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушылар автомобиль тасымалы диспетчерлік қызметінің операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

^

2-параграф «Жолаушылар автомобиль тасымалының диспетчері»



7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 4131 «Диспетчерлер (авиациалықтан басқа)»

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: автобус паркінің орталық диспетчер қызметінің диспетчері, автовокзал диспетчері, жолаушылар автомобиль тасымалы диспетчері;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын диспетчерлік басқару процесін ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушылар автомобиль тасымалының диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.


4. КС бірліктерінің тізбесі


8. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1, 2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.


^ 5. КС бірліктерінің сипаттамасы


9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4 – қосымшасының 1, 2-кестелерінде келтірілген.


6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері


10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.


^ 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі


12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

«Автомобиль көлігімен

жолаушыларды тасымалдау

кезінде диспетчерлік

қызметті ұйымдастыру»

кәсіби стандартына

1-қосымша

^ Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері


р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының процестерін ескерумен кәсіптің атауы

ҚР 01-2005 МС сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды

1

Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру

Жолаушылар автомобиль тасымалдары диспетчерлік қызметінің операторы

Автомобиль көлігіндегі (теңіз, өзен) диспетчерлік қозғалыстың және тиеп-түсіру жұмыстарының операторы

3

-

2

Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын диспетчерлік басқару процесін бақылауды ұйымдастыру

Жолаушылар автомобиль тасымалдары операторы

Автомобиль көлігі диспетчері

4

-

Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

«Автомобиль көлігімен

жолаушыларды тасымалдау

кезінде диспетчерлік

қызметті ұйымдастыру»

кәсіби стандартына

2-қосымша


1-кесте


1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушылар автомобиль тасымалының диспетчерлік қызметі операторының еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын автокөлік ұйымдарының диспетчерлік қызметтері

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3


Ортақ орта білімі, кәсіби даярлығы (кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беруді ұйымдастыру базаларының курстары бір жылға дейін немесе ұйымда оқыту) және практикалық жұмыс тәжірибесі

СБШ 3-деңгейі бойынша 6 ай (мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кем дегенде 6 ай)

Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіби)

Жұмыс тәжірибесіз


2-кесте

^

2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушылар автомобиль тасымалының диспетчерінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар





Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын автокөлік ұйымдарының диспетчерлік қызметтері

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4


Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіптік) және практикалық жұмыс тәжірибесі

СБШ 3 деңгейінде 3 жыл

«Автомобиль көлігімен

жолаушыларды тасымалдау

кезінде диспетчерлік

қызметті ұйымдастыру»

кәсіби стандартына

3-қосымша

^

КС бірліктерінің тізімі



1-кесте

1. «Жолаушылар автомобиль тасымалы диспетчерлік қызметінің операторы» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі





Шифрі

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау жоспарын орындауды қамтамасыз ету

Ф 2

Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру барысындағы автокөлік құралдарының жұмысын үйлестіру

Ф 3

Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау процесі барысын жедел есепке алу


2-кесте

^

2. «Жолаушылар автомобиль тасымалының диспетчері»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі





Шифрі

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

Жолаушылар автокөлік құралдары жүргізушілерінің жұмысын ұйымдастыру

Ф 2

Жолаушылар автокөлік құралдары жүргізушілерінің жұмысын бақылау

Ескертпе: Ф – функция.

«Автомобиль көлігімен жолаушыларды

тасымалдау кезінде диспетчерлік

қызметті ұйымдастыру»

кәсіби стандартына

4-қосымша


^ КС бірліктерінің сипатты


1-кесте


  1. «Жолаушылар автомобиль тасымалы диспетчерлік қызметінің операторы»

еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білім

Ф1

Тікелей басшының бұйрықтары мен нұсқаулары

Жол құжаттамасы, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары

М 1-1 Жолаушылар автомобиль тасымалдары диспетчерінің өкімдерін орындау

Коммуникация және байланыс құралдарымен, есептеу

техникасымен жұмыс

дағдылары

Қолданыстағы техникалық құралдарды пайдалануды, ақпаратты өңдеу және жіберуді, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу

Жол парақтары

Жол парақтары

М 1-2 Жол парақтарын толтыру, беру және қабылдау және жол парақтарының дұрыс рәсімделуін тексеру

Жол парақтарын рәсімдеу және толтыру дұрыстығын қадағалау дағдылары

Жол құжаттамасын рәсімдеу, қабылдау және өңдеу тәртібін білу

Автокөлік құралдарының жолға шығу кестесі, қозғалыс кестесі және таксомоторларға тапсырыс беруін орындау

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары

М 1-3 Жолға шығу кестесін сақтауды бақылау және автокөлік құралдарының маршруттарға шығу қозғалысын, таксомоторларына тапсырыс беруін орындау

Тасымалдау кестесінің орындалуын және тасымалға уақытында тапсырыс беруді орындауын бақылауды жүзеге асыру бойынша практикалық дағдылар

Ішкі еңбек тәртібін және диспетчерлік қозғалыс қызметіне қатысты құжаттарды білу

Жол құжаттамасы, тіркеу журналы немесе электрондық дерекқор

Жол құжаттамасы, тіркеу журналы немесе электрондық дерекқор

М 1-4 Тіркеу журналына жол құжаттамасын тіркеуді жүзеге асыру немесе дерекқорды құру

Есеп құжаттамасын немесе деректер банкісін жүргізу дағдылары

Жол құжаттамасын тіркеу журналында немесе деректер банкісінде тіркеу тәртібін білу

Спидометр көрсеткіштерінің, жанар-жағар май материалдарын алу, жанар-жағар май материалдары қалдықтарының жазбалары

Спидометр көрсеткіштерінің, жанар-жағар май материалдарын алу, жанар-жағар май материалдары қалдықтарының жазбалары

М 1-5 Спидометр көрсеткіштерінің, жанар-жағар май материалдарын алу және жанар-жағар май материалдары қалдықтары жазбаларының дұрыстығын тексеру

Спидометр көрсеткіші жазбаларының, жанар-жағар май материалдарын қабылдау және қалдығы туралы жазбалардың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырудағы практикалық дағдылары

Автокөлік құралдарын пайдалану және спидометр көрсеткіші жазбаларын белгіленген жүргізу тәртібін, жанар-жағар май материалдардың қалдықтары туралы жазбаларды білу

Жол парақтары

Жол парақтары

М 1-6 Жол парақтарында жүргізушілердің «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерінің жіберген бұзушылықтары туралы жазбаларды анықтау

Жол парақтарында жүргізушілердің «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерінің жіберген бұзушылықтары туралы жазбаларды анықтау бойынша дағдылары

Жол парақтарын толтыру тәртібін және «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерін білу

Автокөлік құралдарының жұмысы туралы алынған деректер

Кезектік-тәуліктік тапсырма, жол құжаттамасы, есептеу техникасы,техника, коммуникация және байланыс құралдары

М 1-7 Кезектік-тәуліктік тапсырмалармен автокөлік құралдарының жұмысы туралы алынған деректер салыстыру, ауытқуларды және олардың шығу себебін анықтау

Кезектік-тәуліктік тапсырмалармен автокөлік құралдарының жұмысы туралы алынған деректерді салыстыру, ауытқуды анықтау дағдылары

Тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі және тасымалдау процесін жедел басқару туралы ережелерді білу

Жүргізушілердің жол-көліктік тәртібі, автокөлік құралдарының жұмыс есебі

М 1-8 Автокөлік құралдары жүргізушілерінің жол-көлік тәртібін сақтауын бақылау және автокөлік құралдарының жұмысын есепке алуын жүргізу

Автокөлік құралдарының жұмысын есепке алу және өндірістік тәртіпті бақылау дағдылар

Автокөлік құралдарының жұмысын есепке алу тәртібін, ішкі еңбек тәртібін, «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерін, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын білу

Ф2

Клиентурамен, автовокзалдармен,

автостанциялармен және кассалармен жедел байланыс

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары

М 2-1 Клиентурамен, автовокзалдармен, автостанциялармен және кассалармен жедел байланысты жүзеге асыру

Клиенттер мен автокөлік құралдарының жүргізушілеріне коммуникация және байланыс құралдары көмегімен жедел ақпаратты алу және жеткізу дағдылары

Клиентурамен, автовокзалдармен, автостанциялармен және кассалармен байланысты жүзеге асыру тәртібі мен әдістерін білу

Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау процессі туралы жедел ақпарат

М 2-2 Жолаушылар автокөлік құралдарының толуы, нақты аралық пункттерді жүріп өту уақыты, маршруттың соңғы пунктіне келуі, техникалық ақаулық себебі бойынша жолда тұрып қалуы, маршруттардағы кешігулер, жолаушылар автокөлік құралдарының уақытында келмеуі туралы ақпаратты жіберу

Маршруттағы автокөлік құралдарының жұмыс барысы туралы деректерді алу мен қабылдау тәртібі мен әдістерін, тасымалдау арақашықтығын, қозғалыс кестесін және тоқтау пункттерінің орналасуын білу

Маршруттағы жұмыс жағдайлары туралы жедел ақпарат




М 2-3 Жүргізушілерге маршруттағы тасымалдаудың ерекшеліктері мен талаптары туралы хабарламаны, жолдардың жағдайын, жеке учаскелерде қозғалыс ерекшеліктерін, сондай-ақ метеоқызметтің дерегін және ауа райы туралы хабарлау

Маршруттағы автокөлік құралдарының жүргізушілеріне өндірістік жағдай туралы деректерді қабылдау мен алу тәртібі мен әдістерін білу

Ф3

Автокөлік құралдарының жолдағы қозғалысы туралы жедел ақпарат

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары

М 3-1 Жолдағы автокөлік құралдарының қозғалысын, тасымал сапасын және жолаушыларға қызмет көрсетуін бақылауды жүзеге асыру

Тасымалдау процесі барысын бақылауды жүзеге асырудың практикалық дағдылары

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Рреспубликасы Заңының негізгі ережелерін, экономика негіздерін, еңбек және басқаруды ұйымдастыруды, Қазақстан Рреспубликасының еңбек заңнамаларын білу

Тасымалдау процесінің барысын есепке алу

Жол құжаттамасы, тіркеу журналы немесе электрондық дерекқор, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары

М 3-2 Тасымалдау процессінің барысын жедел есепке алу

Тасымалдау процесі барысын есепке алуды жүргізу дағдылары

Тасымалдауды ұйымдастыру және тасымалдау процесін жедел басқару тәртібі туралы ережелерді білу

Жылдам өкімдер журналы

Жылдам өкімдер журналы

М 3-3 Жылдам өкімдер журналын жүргізу

Жедел үкімдердің журналын жүргізу дағдылары

Жедел үкімдердің журналын жүргізудің белгіленген тәртібін білу


2–кесте


^ 2. «Жолаушылар автомобиль тасымалының диспетчері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралы

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф1

Жолаушылар автомобиль тасымалдарының диспетчерлік қызметі операторларының жұмысы

Коммуникация және байланыс құралдары

М 1-1 Жолаушылар автомобиль тасымалдарының диспетчерлік қызметі операторларының жұмысын басқару

Бағынышты қызметкерлерге міндеттерді қою, қызмет нәтижесін бағалау, білім мен дағдыларды анықтау дағдылары

Автомобиль көлігінің қозғалысын жедел басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу

Тасымалдардың келісілген жылдам басқарылуы

М 1-2 Тасымалдардың келісілген жылдам басқаруын қамтамасыз ету үшін клиентурамен, автовокзалдармен, автостанциялармен және кассалармен тұрақты байланысын қамтамасыз ету

Клиентурамен, автовокзалдармен, автостанциялармен және кассалармен байланысты жүзеге асыру үшін бағынышты қызметкерлерге міндеттерді қоюды нақтылау дағдылары

Тасымалдардың келісілген жылдам басқаруын қамтамасыз ету үшін көлік процесінің қатысушыларымен жедел байланысты ұйымдастыру әдістерін білу

Тасымалдауға тапсырыс беру және тапсырмалар

Тасымалдауға тапсырыс беру және тапсырмаларын тіркеу журналы

М 1-3 Тасымалдауға тапсырыс беруді және тапсырмаларды тіркеу

Белгіленген тәртіпте түсіп жатқан тапсырысты және тапсырмаларды уақытында есепке алуды қадағалау дағдылары

Ішкі еңбек тәртібін, ұйымда белгіленген іс жүргізу тәртібін білу

Автокөлік құралдары жүргізушілеріне нұсқаулық жүргізу

Коммуникация және байланыс құралдары

М 1-4 Автокөлік құралдары жүргізушілеріне маршруттағы тасымалдаулардың ерекшеліктері мен талаптары, жолдардың жағдайлары, нақты метеорологиялық жағдайдағы жеке учаскелерде қозғалыс ерекшеліктері туралы нұсқаулық жүргізу

Өндірістік нұсқаулықтарды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша дағдылары

Жолдың сызбасын және олардың жағдайын, маршруттарды және жол шарттарының сипатын, маршруттық желіні және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қозғалыс жағдайларын білу

Автокөлік құралдарының нормативтен тыс тұруы

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, техниканың нормативтен тыс тұрып қалуын жою әдістемесі

М 1-5 Автокөлік құралдарының нормативтен тыс тұруын жою шараларын қолдану

Жолаушылар автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының нормативтен тыс тұрып қалуын жою шараларын қолдану және іске асыру дағдылары

Автокөлік құралдарының нормативтен тыс тұрып қалуын жою әдістері мен тәсілдерін, автокөлік құралдарын пайдалануын, автокөлік құралдары жүргізушілерінің жұмыс уақыты мен демалу уақыттары туралы ережені, экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы негіздерін білу

Техникалық-экономикалық көрсеткіштердің есебі

Жол парақтары, есептеу техникасы, техникалық-пайдалану көрсеткіштерін есептеудің бекітілген әдістемесі

М 1-6 Жол парақтарында тиісті техникалық- пайдалану көрсеткіштерін есептеуді орындау

Жол парақтардағы техникалық пайдалану есептеуін орындау және тексеру дағдылары

Жол парағын ресімдеу мен өңдеу тәртібін, техникалық пайдалану көрсеткіштерінің есебін білу

Жолдағы автокөлік құралдарының жұмысын жылдам басқару

Коммуникация және байланыс құралдары

М 1-7 Маршруттағы қозғалысқа техникалық және басқа да себептерге байланысты уақытынан бұрын кеткендер орнына резервті автокөлік құралдарын қосу, автокөлік құралдарын жолдарды жөндеуге байланысты маршруттан маршрутқа, басқа жүру жолына жедел ауыстыру бойынша шаралар қабылдау

Резервтегі автокөлік құралдарын маршрут бойынша қозғалысқа қосу және автокөлік құралдарын маршруттан маршрутқа жедел ауыстыру шараларын қабылдау және оны іске асыру дағдылары

Ұйым мен бөлімшелердің өндіріс қуаттылығын және қозғалыс кестесін және аялдама пункттерінің орналасу орнын, жолдардың сызбаларын және олардың күйін, кәсіпорын мекен жайларын және олардың қызмет көрсету ауданындағы жұмыс режимін, тасымалдау арақашықтығын және жол шарттарының сипатын, маршруттық желіні және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қозғалыс шарттарын білу

Жолдағы бұзылған автокөлік құралдарына техникалық көмек көрсету

М 1-8 Жолдағы бқзылған автокөлік құралдарына уақытында техникалық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Ұйымның жөндеу қызметтеріне жылдам хабарлау дағдылары

Қозғалыс кестесін және аялдама пункттері орналасқан орнын, жол сызбаларын, маршруттық желіні, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу

Ф2


Автокөлік құралдарының жүргізушілерімен тасымалдау жоспарын, ауысымдық тапсырманы орындау

Тасымалдау жоспарын, автокөлік құралдары жүргізушілерінің ауысымдық тапсырмаларын орындаудағы үлгілік шаралар, шараларды қолдану жөніндегі үкімдер мен нұсқаулар

М 2-1 Автокөлік құралдары жүргізушілерінің тасымалдау жоспарын және ауысымдық тапсырманы орындауы бойынша шаралар қолдану

Автокөлік құралдары жүргізушілерінің тасымалдау жоспарын және ауысымдық тапсырманы орындау шараларын іске асыру дағдылары

Экономика негіздерін, еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды, экономиканы, өндірісті ұйымдастыруды, өндірістік жоспарлауды, еңбекті және басқаруды, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын білу

Автокөлік құралдарының жұмысын бақылау, есеп және талдау

Есептеу техникасы, коммуникациясы және байланыс құралдары

М 2-2 Автокөлік құралдарын жедел есепке алу, қадағалау және талдау жұмыстарын жүзеге асыру

Автокөлік құралдарын жылдам есепке алу, бақылау және қорытындыларын талдау жұмысын жүзеге асыру дағдылары

Автокөлік құраллдарының жүргізушілерінің кезектік тапсырмалары мен тасымалдау жоспарын орындауы

Тасымалдау жоспарын орындаудағы,автокөлік құраллдарының жүргізушілерінің кезектік тапсырмаларының есеп беру құжаттамасы.

М 2-3 Автокөлік құралдарының жүргізушілерінің тасымалдау жоспары және кезектік тапсырмасын орындалуын қадағалау

Автокөлік құралдары жүргізушілерінің тасымалдау жоспарын және ауысымдық тапсырмаларын орындағанын тексеруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру дағдылары

Жол құжаттамасын толтыруды, беруді және қабылдауды ұйымдастыру

Жолаушылар автомобиль тасымалдарының диспетчерлік қызметі операторларына нұсқаулар мен үкімдер

М 2-4 Жүргізушілердің орындаған жұмысын көрсететін жол парақтарын және басқа да құжаттарды толтыруды, беруді және қабылдауды ұйымдастыру

Белгіленген тәртіпте жүргізушілердің орындаған жұмысын көрсететін жол парақтарын және басқа да құжаттарды дұрыс толтыруды, беруді және қабылдауды ұйымдастыру дағдылары

Жол парақтарын ресімдеу, тапсыру, қабылдау және өндеу тәртібін, орындалған тасымалдар бойынша ауысымдық тапсырмаларды және өзге де құжаттарды, автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерін білу

Автокөлік құралдары жүргізушілерінің ауысымдық тапсырмаларының сапалы орындалуы

Жолдағы жолаушылар тасымалы кезіндегі автокөлік құралдары жұмысының сапасы бойынша деректер

М 2-5 Автокөлік құралдары жүргізушілерінің ауысымдық тапсырмаларын сапалы орындауына талдау жүргізу

Автокөлік құралдары жүргізушілерінің ауысымдық тапсырмаларды орындау сапасын талдау дағдылары

Орындалған тасымалдар бойынша құжаттар

Орындалған тасымалдар бойынша жол құжаттамасы, жол құжаттамасын толтырудың белгіленген нысандары


М 2-6 Орындалған тасымалдар бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексеру

Орындалған тасымалдар бойынша құжаттардың дұрыс ресімделгенін тексеру дағдылары

Жолаушылар тасымалы бойынша көліктік процесті бақылау және есепке алу

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, қолданылған шаралар туралы нұсқаулар және мен үкімдер

М 2-7 Орындалған жолаушылар тасымалын бақылау мен есепке алды қамтамасыз ету, көліктік процестегі істен шығуды жедел жою бойынша шаралар қабылдау

Орындалған жолаушылар тасымалын есепке алу және көліктік процестегі істен шығуды жедел жою бойынша шаралар қабылдау дағдылары

Жолаушы тасымалын есепке алу әдістері мен тәсілдерін және көліктік процестің бұзылуын жоюды білу

Ауысымдағы жұмыстар және оқиғалар туралы жедел жиынтықтар мен рапорттар

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, жедел жиынтықтар мен рапорттардың белгіленген нысандары

М 2-8 Ауысымдағы жұмыстар және оқиғалар туралы жедел жиынтықтар мен рапорттарды жасау

Ауысымдағы жұмыстар және оқиғалар туралы жедел жиынтықтар мен рапорттарды толтыру дағдылары

Ауысымдағы жұмыстар және оқиғалар туралы жедел жиынтықтар мен рапорттарды белгіленген мерзімде жеткізу және ресімдеу тәртібін білу

Кезекшілік журналы мен кітабын жүргізу

Кезекшілік журналы мен кітабы

М 2-9 Кезекшілік журналы мен кітабын жүргізу

Диспетчерлік журналды және кезекшілік кітабын жүргізу дағдылары

Диспетчерлік журналды және кезекшілік кітабын жүргізу тәртібін білу

Ескертпе: М – міндет.


«Автомобиль көлігімен

жолаушыларды тасымалдау

кезінде диспетчерлік

қызметті ұйымдастыру»

кәсіби стандартына

5-қосымша


Келісу парағы


Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.

Кәсіптік стандарттардың реестріне №__________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________







Похожие:

«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» icon«Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу»
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растайтын құжаттардың...
«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» icon«Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау»
«Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе қызметтер» кәсіби...
«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» icon«Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
Лдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Басқа санаттарға енгізілмеген басқа да кәсіби, ғылыми...
«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» iconҚазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, индекс
Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі қызметтерін конкурс тәсiлiмен...
«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» icon«Жүк вагондарын жүк тиеуге дайындау» кәсіби стандарт Жалпы бөлім «Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу»
«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет...
«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» icon«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» iconМетрополитенде жолаушыларды тасымалдау қағидасы Жалпы ережелер
Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді және жолаушыларды...
«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» icon«Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ереже Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» icon«Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»
Азақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы №1463 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы