«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon

«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»



Название«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Дата конвертации23.02.2014
Размер67.39 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№ қаулысымен   
бекiтiлген


«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға

жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға жүгінген жағдайда:

аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқасын) беру – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификаты (сертификат телнұсқасы).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз және/немесе электрондық түрде.

Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке келуімен берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

Көрсетілетін қызметті алушы порталда аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» алады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.

Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшу
жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санаты және салмағына байланысты:

750 килограмнан төмен ұшақтың ұшу жарамдылығы – алым төленген күнгі қолданыстағы 10 айлық есептік көрсеткіш;

750 килограмнан төмен тікұшақтың ұшу жарамдылығы – алым төленген күнгі қолданыстағы 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшу
жарамдылығын сертификаттау үшін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз жүзеге асырылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау жіберілген жағдайда төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады (бұдан әрі - ЭҮТШ).

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбіден қос алғанда жұмаға дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) сертификатты алу үшін мынадай құжаттар қоса берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) аса жеңіл авиация кемесі данасының сәйкестік куәлігінің көшірмесі немесе үлгі сертификаты;

3) аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін сертификаттың бүліну және ұрлану (жоғалту) фактісінің сипаттамасы қоса берілген еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

Порталда:

Көрсетілетін қызметті алушы аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алу күні және уақыты көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.


3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану үшін шағым мемлекеттік қызметтің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы почта немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы жағдайында Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).


_____________________




Похожие:

«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
№ тiзiлiмге енгiзiлген аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын берудi сұраймын
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» iconЭлектрондық құжат нысанындағы өтінім
№ тiзiлiмге енгiзiлген аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын берудi сұраймын
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» iconАзаматтық әуе кемесiнiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын тануға
Авиакомпанияның инженерлiк-авиациялық қызметi басшысының әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»...
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» iconӘуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігін беру» (бұдан әрі...
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» iconМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы