«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Название«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации23.02.2014
Размер65.54 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы

нормаларына сәйкестігіне куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігін беру – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

Қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажеттілігі болған жағдайда қарау 30 (отыз) күнге дейін созылады;

азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігінің телнұсқасын беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігі (куәлік телнұсқасы).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрде.

Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке келуімен берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.

Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру үшін санатына байланысты алым мөлшерлемелері:

ұшақ үшін – алым төленген күнгі қолданыстағы 1 000 айлық есептік көрсеткіш;

тікұшақ үшін – алым төленген күнгі қолданыстағы 2 000 айлық есептік көрсеткіш;

басқа ұшу аппараттары үшін – алым төленген күнгі қолданыстағы 500 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін сертификаттау үшін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбіден қос алғанда жұмаға дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) сертификатты алу үшін мынадай құжаттар қоса берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) әуе кемесі данасының пайдалану құжаттамасының жинағы;

3) қысқаша техникалық сипаттаманы, жүйелердің басты схемаларын,

негізгі сипаттамаларды, сондай-ақ ауқымында ӘК данасы сертификатталатын пайдаланудың күтілетін жағдайлары мен шектеулерін қамтитын әуе кемесі данасының ерекшелігі;

4) әуе кемесінің үш проекциядағы түрлері немесе әр түрлі кескіндердегі суреттері: алдынан, бүйірінен, артынан;

5) әуе кемесін немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, винтті, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттары;

6) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* көшірмесі немесе анықтама.

7) азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат көшірмесі.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растайтын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдау күні және уақыты көрсетілген тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігінің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жоғалу немесе оның жарамсыз болуының себептері мен жағдайлары

көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

2) егер ол жарамсыз болса, азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігі.


3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану үшін шағым мемлекеттік қызметтің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы почта немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы жағдайында Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).


_____________________




Похожие:

«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»...
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconӘуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау
Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, әуе кемесі мен оның жабдығының азаматтық әуе кемесінің данасына белгіленген...
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconӘуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАзаматтық әуе кемесiнiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын тануға
Авиакомпанияның инженерлiк-авиациялық қызметi басшысының әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» (бұдан...
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАзаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсi
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы