«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon

«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»



Название«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Дата конвертации23.02.2014
Размер119.02 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Репсубликасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің

ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қабылдайды немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы немесе Портал арқылы электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн;

2) көрсетілетін қызметті алушы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 7 күн;

3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқасын) немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру;

2) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілеттік берілген адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқасын) беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электрондық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым алынады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санаты және салмағына байланысты мыналарды:

  1. ұшақтың ұшу жарамдылығы үшін:

136 000 килограмнан астам – алым төленген күнгі қолданыстағы 450

айлық есептік көрсеткіштер;

75 000 килограмнан астам қоса алғанда 136 000 килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш;

30 000 килограмнан астам 2 қозғалтқышпен қоса алғанда – алым төленген күнгі қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;

30 000 килограмнан астам 3 қозғалтқышпен қоса алғанда 75 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;

30 000 килограмнан астам 4 қозғалтқышпен қоса алғанда 75 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 401 айлық есептік көрсеткіш;

10 000 килограмнан астам 2 қозғалтқышпен қоса алғанда 30 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 291 айлық есептік көрсеткіш;

10 000 килограмнан астам 3 қозғалтқышпен қоса алғанда 30 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;

10 000 килограмнан астам 4 қозғалтқышпен қоса алғанда 30 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;

5 700 килограмнан астам қоса алғанда 10 000 килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;

2 250 килограмнан астам қоса алғанда 5 700 килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;

750 килограмнан астам қоса алғанда 2 250 килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 36 айлық есептік көрсеткіш;

2) тікұшақтың ұшу жарамдылығы үшін:

10 000 килограмнан астам – алым төленген күнгі қолданыстағы

қолданыстағы 36 айлық есептік көрсеткіш;

10 000 килограмнан астам – алым төленген күнгі қолданыстағы 145

айлық есептік көрсеткіш;

5 000 килограмнан астам 1 қозғалтқышпен қоса алғанда 10 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 91 айлық есептік көрсеткіш;

5 000 килограмнан астам 2 қозғалтқышпен қоса алғанда 10 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 127 айлық есептік көрсеткіш;

3 180 килограмнан астам 1 қозғалтқышпен қоса алғанда 5 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;

3 180 килограмнан астам 2 қозғалтқышпен қоса алғанда 5 000

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 72 айлық есептік көрсеткіш;

2 250 килограмнан астам 1 қозғалтқышпен қоса алғанда 3 180

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;

2 250 килограмнан астам 2 қозғалтқышпен қоса алғанда 3 180

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 72 айлық есептік көрсеткіш;

2 000 килограмнан астам 1 қозғалтқышпен қоса алғанда 2 250

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;

2 000 килограмнан астам 2 қозғалтқышпен қоса алғанда 2 250

килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 72 айлық есептік көрсеткіш;

750 килограмнан астам қоса алғанда 2 000 килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

9. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтінішті ұсынады:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі;

2) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға беру туралы шарттардың және қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмелері;

3) қолданылатын түрлендірулер көрсетілген үлгі сертификатының көшірмесі немесе конструкцияның ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын балама құжат;

4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат көшірмесі;

5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);

6) әуе кемесін қайта жабдықтау (қайта жабдықтау кезінде) бойынша ақпарат;

7) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын шығарушы зауыттың сертификаты;

8) уәкілетті орган бекіткен бұрынғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасын техникалық қызмет көрсетудің жаңа бағдарламасына ауыстыру бойынша қосымша жұмыс көлемі туралы деректер;

9) орталықтандыру және жүктеме деректері көрсетілген қолданыстағы құрамдағы әуе кемесін өлшеу бойынша деректер;

10) үлгі конструкциясы үшін жауапты ұйым құрастырған негізгі минималды жабдықтау тізбесі болғанда пайдаланушы әзірлеген бекітілген минималды жабдықтау тізбесі;

11) ұшуға жарамдылығы директивасының мәртебесі;

12) шектеулі ресурстармен агрегаттар мәртебесі;

13) орындалған түрлендіру мәртебесі;

Осы тармақтың 1), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіде өтініштің тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 30 күн мерзімінен аспауы тиіс.

Барлық құжат көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші бұрын алған ұшуға жарамдылығы сертификаты бар әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау кезінде осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мынадай құжаттар қоса берілген өтінішті ресімдейді:

1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі;

2) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға беру туралы шарттардың және қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмелері;

3) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат көшірмесі;


4) ұшуға жарамдылығы директивасының мәртебесі;

5) шектеулі ресурстармен агрегаттар мәртебесі;

6) орындалған түрлендіру мәртебесі.

Барлық құжат көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беруге арналған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі;

2) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға беру туралы шарттардың және қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмелері;

3) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі;

4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат көшірмесі;

5) қолданылатын түрлендіру көрсетілген дана сертификатының көшірмесі;

6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) (алғашқы сертификат беру);

7) Ұшуда пайдалану нұсқаулығында негізгі минималды жабдықтау тізбесі болғанда пайдаланушы әзірлеген бекітілген минималды жабдықтау тізбесі (алғашқы сертификат беру)

үлгі конструкциясы үшін жауапты ұйым құрастырған минималды жабдықтау жөніндегі негізгі тізбесі болғанда пайдаланушы құрастырған бекітілген минималды жабдықтау тізбесі.

Барлық құжат көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алуы үшін көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінішті және осы стандартта көзделген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы жүргізген қызметтік тексеру материалдарын ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.


11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

12. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын көрсетілетін қызметті беруші қызметкер есепке алу және тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді

Порталда көрсетілетін қызметті алушы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» алады.

13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттамаларда анық емес мәліметтердің анықталуы;

2) азаматтық әуе кемесін пайдалануда сәйкессіздігі туралы бағалау актісінің болуы негіз болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


13. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

14. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414, сондай-ақ 8 (7172) 24-27-10 телефоны бойынша алуға болады.

16. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

17. Шағым еркін нысанда жасалады.

18. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


19. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен портал арқылы көрсетіледі.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсынылады.

21. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат осы стандарттың 7-қосымшасында, сондай-ақ 8-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу схемасы келтірілген.

22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.


_____________________




Похожие:

«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» iconӘуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»

«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»...
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
№ тiзiлiмге енгiзiлген аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын берудi сұраймын
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігін беру» (бұдан әрі...
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» iconАзаматтық әуе кемесiнiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын тануға
Авиакомпанияның инженерлiк-авиациялық қызметi басшысының әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» iconМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» iconҚазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемесінің
Мемлекеттік тізілімге ж. № болып енгізілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды өткізуді және сертификатын беруіңізді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы