«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Название«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации23.02.2014
Размер66.12 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға

жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға жүгінген жағдайда:

азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;

азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімінің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім (шешім телнұсқасы).

Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке келуімен берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

Көрсетілетін қызметті алушы порталда азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімді электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» алады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбіден қос алғанда жұмаға дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге:

  1. осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

  2. шет мемлекет берген әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің

көшірмесі;

3) шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатының көшірмесі;

4) пайдаланушы сертификатының көшірмесі (азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметті беруші берген авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік көшірмелері, ұшуды орындау құқығына арналған куәлік көшірмелері);

5) шет мемлекет берген жергілікті жердегі шуыл бойынша сертификат көшірмесі;

6) әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттардың көшірмесі (егер осы әуе кемесі қайта жабдықталған болса);

7) әуе кемесі тіркелген авиациялық билік орындарымен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 83 bis-бабының шеңберіндежасалған әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдау рәсімдерін белгілеу бойынша келісім немесе Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындары мен әуе кемесін тіркеу мемлекеттерінің авиациялық билік орындары арасындағы әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдау рәсімдері бойынша жауапкершілігі шектелгенін растайтын құжат көшірмесі;


8) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға міндетті түрде берілетін әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және әуе кемесін қауіпсіз пайдалануға қатысты ұшу жарамдылығы директивалары, бюллетендері, әуе кемесін және қозғалтқыштарын дайындаушылармен жасалған шарттардың көшірмесі.

Жоғарыда көрсетілген құжат көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолы және мөрімен куәландырылады.

Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

Порталға:

Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтің осы стандартына 3-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдау күні және уақыты көрсетілген, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.


^ 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану үшін шағым мемлекеттік қызметтің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы почта немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңаратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы жағдайында Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).

_____________________




Похожие:

«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігін беру» (бұдан әрі...
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconӘуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАзаматтық әуе кемесiнiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын тануға
Авиакомпанияның инженерлiк-авиациялық қызметi басшысының әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
№ тiзiлiмге енгiзiлген аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын берудi сұраймын
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»

«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы