«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» icon

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»



Название«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»
Дата конвертации23.02.2014
Размер83.97 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу

орталығы сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қабылдайды немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы немесе Портал арқылы электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын алуға осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 60 күн;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру (бұдан әрі - сертификат) немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру;

2) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілеттік берілген адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында сертификат беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым алынады. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Алым мөлшерлемелері:

авиациялық персоналды даярлау – алым төленген күнгі қолданыстағы 547 айлық есептік көрсеткіш;

авиациялық персоналды қайта даярлау – алым төленген күнгі қолданыстағы 510 айлық есептік көрсеткіш;

авиациялық персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау – алым төленген күнгі қолданыстағы 474 айлық есептік көрсеткіш;

авиациялық персоналды даярлау, авиациялық персоналды қайта даярлау – алым төленген күнгі қолданыстағы 583 айлық есептік көрсеткіш;

авиациялық персоналды даярлау, авиациялық персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау – алым төленген күнгі қолданыстағы 547 айлық есептік көрсеткіш;

авиациялық персоналды даярлау, авиациялық персоналды қайта даярлау, авиациялық персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау – алым төленген күнгі қолданыстағы 619 айлық есептік көрсеткіш.

9. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса тіркелген өтінішті ұсынады:

1) құрылтай құжаттардың көшірмелері;

2) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулық көшірмесі;

3) сапа жөніндегі нұсқаулық көшірмесі;

4) ұшуда қауіпсіздік жүйесін басқару жөніндегі нұсқаулық көшірмесі (қажеттілігіне қарай);

5) авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы және штаттық кестесі;

6) кәсіптік дайындығы және біліктілігі туралы ақпаратты қоса алғанда авиациялық оқу орталығының персоналы туралы мәліметтер;

7) оқу процесін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын негізгі құралдар туралы тізбе және қысқаша ақпарат;

8) пайдаланылатын бағдарламалық құралдар туралы тізбе және қысқаша ақпарат;

9) авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және өзге ұйымдармен жасасқан шарттар көшірмелері (олар болған жағдайда және қажеттілігіне қарай);

10) авиациялық оқу орталығын бітіргендігі туралы куәліктер және сертификаттардың үлгілері;

11) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;

12) авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат.

Барлық құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе олар уәкілеттік берген адамның мөрімен және қолымен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

12. Сертификатты көрсетілетін қызметті беруші қызметкер берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді

Порталда көрсетілетін қызметті алушы авиациялық оқу орталығының сертификатын электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» алады.

13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1) осы стандарттың 10-тармағында көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттамаларда анық емес мәліметтердің анықталуы негіз болып табылады.

2) сертификатты беру мүмкін еместігі туралы қорытынды актісі негіз болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

15. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414, сондай-ақ 8 (7172) 24-27-10 телефоны бойынша алуға болады.

17. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

18. Шағым еркін нысанда жасалады.

Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


20. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен портал арқылы көрсетіледі.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

22. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат осы стандарттың 5-қосымшасында, сондай-ақ 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу схемасы келтірілген.

23. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.


_____________________




Похожие:

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» icon«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі...
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» iconАвиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететiн және жөндейтiн (ат тқ және Ж) ұйымның сертификатын алуға арналған өтiнiмнiң
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын
Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» iconЭлектрондық құжат нысанындағы өтініш
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» iconАвиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымының қызметтік нұсқаулығы
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» icon«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» icon«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» icon«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы