«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Название«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации23.02.2014
Размер103.65 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№ қаулысымен   
бекiтiлген


«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қабылдайды немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы немесе Портал арқылы электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы әуеайлақтың (тікұшақ айлағының)

жарамдылығы сертификатын алуға осы стандартқа 10-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 90 күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушы әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының телнұсқасын (бұдан әрі - сертификат) алуға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 7 күн;

3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – сертификат немесе сертификат телнұсқасын беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;

2) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілеттік берілген адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жарамдылық сертификатын беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым алынады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін үшін алым мөлшерлемелері:

А немесе Б немесе В класы/санатталмаған – алым төленген күнгі қолданыстағы 1349 айлық есептік көрсеткіш;

А немесе Б немесе В класы / I-санаты – алым төленген күнгі қолданыстағы 1604 айлық есептік көрсеткіш;

А немесе Б немесе В класы / II немесе III-санаты – алым төленген күнгі қолданыстағы 2078 айлық есептік көрсеткіш;

Г класы/ санатталмаған – алым төленген күнгі қолданыстағы 1203 айлық есептік көрсеткіш;

Д класы/санатталмаған – алым төленген күнгі қолданыстағы 948 айлық есептік көрсеткіш;

Е класы/санатталмаған – алым төленген күнгі қолданыстағы 692 айлық есептік көрсеткіш;

Үлгісі және класына байланысты тікұшақтың жарамдылығы бойынша:

  1. жер беті деңгейінде орналасқан:

I, II, III класы жабдықталмаған – алым төленген күнгі қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;

I, II, III класы ішінара жабдықталған – алым төленген күнгі қолданыстағы 382 айлық есептік көрсеткіш;

I, II, III класы жабдықталған – алым төленген күнгі қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш;

3) Палубалық тікұшақ алаңы немесе тікұшақ палубасы:

I, II, III класы жабдықталмаған – алым төленген күнгі қолданыстағы 255 айлық есептік көрсеткіш;

I, II, III класы ішінара жабдықталған – алым төленген күнгі қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;

I, II, III класы жабдықталған – алым төленген күнгі қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш.

9. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтінішті ұсынады:

1) заңды тұлға үшін көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы және мөрімен расталған жарғы көшірмелері (экспорттық және импорттық операцияларды қоспағанда), көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* көшірмесі немесе анықтама.

Ескерту: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат көшірмелері;

3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) орналасқан құрылыс, жер учаскесін (жеке меншіктегі) пайдалану құқығына акт көшірмелері;

4) осы стандартқа  2-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына көрсетілетін қызметті алушы міндеттемесінің көшірмесі;

5) тиісті ғылыми-зерттеу институты немесе басқа құзыретті ұйым беретін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) және жасанды жамылғысымен ұшу-қону жолақтарының класы туралы қорытынды көшірмелері;

6) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу кезінде тексеру актілерінің көшірмелері;

7) әуеайлақтардың пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі кестесінің көшірмелері және мынадай мәліметтер көрсетілген графикалық материал:

әуеайлақтың (тікұшақ айлағы) физикалық сипаттамасы;

әуе қозғалысына қызмет көрсету және басқару жөніндегі диспетчері мен радиооператоры пунктінің радиотехникалық жабдығы және жабдығы;

әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарық сигналы жабдығының жүйелері;

әуеайлақты (тікұшақ айлағын) және оның объектілерін электрмен қамтамасыз ету және электржабдықтау;

әуеайлақтың (тікұшақ айлағы) метеорологиялық жабдықталуы;

өртке қарсы және авариялық-құтқару құралдары;

8) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаулық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспарды қоса алғанда, әуеайлақтың(тікұшақ айлағы) аэронавигациялық төлқұжатының көшірмелері;

9) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын жүргізуді растайтын құжат көшірмелері;

10) авиациялық персоналдың оқуы мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көшірмелері;

11) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) сызбалары мен схемаларының көшірмелері;

12) санитарлық және экологиялық қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдардың қорытынды көшірмелері;

13) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі ақпаратты тарату және алмасу бойынша жүйе мен құралдарды қоса алғанда, әуеайлақта (тікұшақ айлағында) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелерінің көшірмелері;

14) әуеайлақтың (тікұшақ айлағы) объектілері мен жабдығына техникалық қызмет көрсету, ұстау және жай-күйіне бақылау жүргізілетін құжаттар, жоспарлар тізбесі;

15) лауазымдық нұсқаулықтар тізбесі;

16) сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төлемін растайтын құжат.

Осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген растайтын құжаттар тізбесіне, егер олар көрсетілген құжаттаманы және ұшу қауіпсіздігінің балама деңгейін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге тартылса, әуеайлақтардың аспаптары мен жабдықтарының ресурсы мерзімінің және пайдалануға жарамдылығы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және тиісті құзыретті органдар қорытындысының болуын растайтын техникалық төлқұжаттар қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

12. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын (телнұсқасы) көрсетілетін қызметті беруші қызметкер берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді

Порталда көрсетілетін қызметті алушы авиациялық жұмыстарды орындауға куәлігін (телнұсқасын) электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» алады.

13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1) егер әуеайлақ (тікұшақ айлағы) әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалану ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келмесе;

2) егер әуеайлақты (тікұшақ айлағы) пайдаланушы Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе негіз болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

15. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефондар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414, сондай-ақ 8 (7172) 24-27-10 телефондары бойынша алуға болады.

17. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

18. Шағым еркін нысанда жасалады.

19. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


20. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен портал арқылы көрсетіледі.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсынылады.

22. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат осы стандарттың 5-қосымшасында, сондай-ақ 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу схемасы келтірілген.

23. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.


_____________________




Похожие:

«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»...
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігін беру» (бұдан әрі...
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы