|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы « » № қаулысымен бекiтiлген «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік қызметтің атауы – «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы). ^ 5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификат алуға осы стандартқа 10-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 45 күн ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушы аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификат (бұдан әрі - сертификат) телнұсқасын алуға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 7 күн; 3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:қағаз түрінде. 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификат (бұдан әрі - сертификат) телнұсқасын беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым алынады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым алынады. Сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері аэронавигациялық ұйымның (филиал, өкілдік) әуе қозғалысына қызмет көрсету органының штат санына байланысты: 201 адам және одан жоғары – алым төленген күнгі қолданыстағы 435 айлық есептік көрсеткіш; 101-ден 200 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 324 айлық есептік көрсеткіш; 51-ден 100 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 313 айлық есептік көрсеткіш; 21-ден 50 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 302 айлық есептік көрсеткіш; 11-ден 20 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 190 айлық есептік көрсеткіш; 10 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткіш. 9. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі; 10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын алуға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтінішті ұсынады: 1) аэронавигациялық ұйымның құрылтай құжаттары: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік* көшірмесі немесе анықтама. Ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; жарғының көшірмесі; өтініш берушінің негізгі қызмет орнының мекенжайы; 2) жылдық аудиттелген қаржылық есептілігі; 3) әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметі органының бағыныштылығы көрсетілуі енгізілген ұйымдық құрылымы; 4) әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметі органының штаттық кестесі және персоналмен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер; 5) әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің органы туралы ереже; 6) құрамына әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің органы кіретін аэронавигациялық ұйымның басшылық құрамы туралы мәліметтер, басшылық құрамның білімі және жұмыс тәжірибесі туралы тиісті құжаттар көшірмелері; 7) бекітілген кемінде 3 жыл кезеңге арналған аэронавигациялық ұйымның даму жоспары; 8) міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес сақтандыру міндеттемелері туралы мәліметтер; 9) персоналдың біліктілігін арттыру бойынша техникалық оқу және курстарды жоспарлауды, өткізуді растайтын құжаттама; 10) әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты күтпеген жағдайларға арналған іс-шаралар жоспары; 11) соңғы жылдағы инспекциялық тексеру актілерінің көшірмелері; 12) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, сертификаттау жүргізгені үшін мемлекеттік салықты төлегенін растайтын төлем тапсырмасы данасының көшірмесі; 13) мыналар енгізілген әуе қозғалысына қызмет көрсету органының ұшу басшылары, аға диспетчерлері, авиациялық станция операторлары, нұсқаушы және диспетчерлік құрамы туралы мәліметтер: лауазымы; тегі, аты, әкесінің аты; алғашқы дайындығы; диспетчер, оператор куәлігінің класы, нөмірі, қолданыс мерзімі, кім берген; дербес жұмыс жасауға рұқсат беру; диспетчер, операторды медициналық куәландыру, куәліктерінің қолданыс мерзімі; байланысты ағылшын тілінде жүргізуге рұқсат беру, бітіргені туралы құжат нөмірі, кім және қашан берген; мамандығы бойынша біліктілігін арттырудың соңғы курстары; ағылшын тілі бойынша біліктілігін арттырудың соңғы курстары; тренажерлық дайындықтан өту (авариялық, байланыс істен шыққан және күтпеген жағдайларда әрекеттерге оқыту және дағдыларын қолдау); жұмыс өтілі; жасы; 14) диспетчер, оператор жұмысы технологиясының көшірмелері (сертификаттау объектісінің әрбір пункті үшін); 15) жауапкершілік аймақтарының, әуе трассаларының, жергілікті әуе желілерінің, әуе қозғалысына қызмет көрсету секторларының шекаралары белгіленген әуе кеңістігі құрылымының картасы; 16) соңғы жылдағы әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданында) әуе қозғалысының белсенділігі және әуе қозғалысына қызмет көрсету секторларының (аймақтарының) өткізу қабілеті туралы анықтама; 17) соңғы жылдағы әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымының және қауіпсіздік жай-күйінің талдауы. Осы тармаққа сәйкес ұсынылған құжаттар көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады. Көрсетілетін қызметті алушы сертификат телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінішті және осы стандартта көзделген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы жүргізген қызметтік тексеру материалдарын ұсынады. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады. 12. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді. 13. Сертификат беру көрсетілетін қызметті беруші қызметкер берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді. 14. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін: 1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда анық емес мәліметтердің анықталуы; 2) сертификаттық тексеру актісінде сертификат беру мүмкін еместігі туралы қорытынды, анықталған сәйкессіздіктердің белгіленген мерзімде жойылмауы негіз болып табылады. ^ көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін) шағымдану тәртібі 14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05. 15. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті); 3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына». Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады. Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. 16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 24-27-10 телефоны бойынша алуға болады. 17. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 18. Шағым еркін нысанда жасалады. 19. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады. ^ өзге де талаптар 20. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде). 21. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат осы стандарттың 4-қосымшасында келтірілген. 22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан. _____________________ |