«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Название«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации22.02.2014
Размер90.4 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№ қаулысымен   
бекiтiлген


«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты

және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметтің атауы – «Аэронавигациялық ұйымның

радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын алуға осы стандартқа 11-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 45 күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушы аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын (бұдан әрі - сертификат) телнұсқасын алуға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 7 күн;

3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын (телнұсқасын) беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметін сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым алынады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері аэронавигациялық ұйымның (филиал, өкілдік) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің штат санына байланысты:

201 адам және одан жоғары – алым төленген күнгі қолданыстағы 435 айлық есептік көрсеткіш;

101-ден 200 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 324 айлық есептік көрсеткіш;

51-ден 100 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 313 айлық есептік көрсеткіш;

21-ден 50 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 302 айлық есептік көрсеткіш;

11-ден 20 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 190 айлық есептік көрсеткіш;

10 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткіш.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын алуға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтінішті ұсынады:

1) аэронавигациялық ұйымның құрылтай құжаттары:

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік* көшірмесі немесе анықтама.

Ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

2) жылдық аудиттелген қаржылық есептілігі;

3) әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметі органының бағыныштылығы көрсетілуі енгізілген ұйымдық құрылымы;

4) әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметі органының штаттық кестесі және персоналмен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер;

5) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметі туралы ереже;

6) құрамына радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметі кіретін аэронавигациялық ұйымның басшылық құрамы туралы мәліметтер, басшылық құрамның білімі және жұмыс тәжірибесі туралы тиісті құжаттар көшірмелері;

7) бекітілген кемінде 3 жыл кезеңге арналған аэронавигациялық ұйымның даму жоспары;

8) міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес сақтандыру міндеттемелері туралы мәліметтер;

9) персоналдың біліктілігін арттыру бойынша техникалық оқу және курстарды жоспарлауды, өткізуді растайтын құжаттама;

10) әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты күтпеген жағдайларға арналған іс-шаралар жоспары;

11) соңғы жылдағы инспекциялық тексеру актілерінің көшірмелері;

12) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, сертификаттау жүргізгені үшін мемлекеттік салықты төлегенін растайтын төлем тапсырмасы данасының көшірмесі;

13) мыналар енгізілген радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің басшылық, инженерлік-техникалық құрамы туралы мәліметтер:

лауазымы;

тегі, аты, әкесінің аты;

дербес жұмыс жасауға рұқсат беру;

мамандығы бойынша соңғы біліктілігін арттырудың курстары;

жасы;

14) радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ҰРТҚ) және байланыс жабдығының жиынтық тізбесі;

15) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін белгілейтін құжаттар:

ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервте сақтау бойынша бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;

ҰРТҚ және байланыс құралдарына қызмет көрсету және жөндеу кестесі (жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа);

аэронавигациялық ұйымның ҰРТҚ және авиациялық электробайланысы құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша басқа ұйымдармен жасасқан келісімдер көшірмелері;

өлшеу және бақылау құралдарын есепке алу бойынша анықтама;

ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізу туралы анықтама;

ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу кезінде тексеру жүргізу туралы анықтама;

ҰРТҚ және байланыс құралдарының «Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкестігі анықтамасы;

соңғы жылдағы ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шығуы туралы анықтама және істен шығуларын тексеру актілерінің көшірмелері;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 349 бұйрығымен бекітілген авиациялық электробайланысын ұйымдастырудың үлгі схемаларына сәйкес авиациялық электробайланысы схемаларының көшірмелері;

16) соңғы жылдағы ҰРТҚ және авиациялық электробайланысын ұйымдастыру және қауіпсіздігінің жай-күйін талдау.

12. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

13. Сертификат беру көрсетілетін қызметті беруші қызметкер берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда анық емес мәліметтердің анықталуы;

2) сертификаттық тексеру актісінде сертификат беру мүмкін еместігі туралы қорытынды, анықталған сәйкессіздіктердің белгіленген мерзімде жойылмауы негіз болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


15. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

16. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

17. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 24-27-10 телефоны бойынша алуға болады.

18. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

19. Шағым еркін нысанда жасалады.

20. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.


^ 4. Иные требования с учетом особенностей

оказания государственной услуги


21. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

22. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат 4-қосымшада келтірілген.

23. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.

_____________________




Похожие:

«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу
Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын алуға өтінім
Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын таниды және оларды орындауға, азаматтық авиация саласындағы...
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидасы
Озғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметін сертификаттау және сертификат...
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiн сертификаттау және сертификат беру қағидаларын,
Егемен Қазақстан" 11. 01. 2014 ж. №6 (28230); "Казахстанская правда" от 11. 01. 2014 г. №6 (27627)
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар
Ттық талаптар (бұдан әрі – Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі...
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу
«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру»
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі...
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАвиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететiн және жөндейтiн (ат тқ және Ж) ұйымның сертификатын алуға арналған өтiнiмнiң
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconӘуе қозғалысына қызмет көрсету органын және немесе радиотехникалық жабдықты пайдалану және аэронаигациялық ұйымның байланысы қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын,
Республикасының 2010 жылғғы 15 шілдедегі №339-iv заңының 13-бабының 15-1 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы