|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты1. Жалпы ережелер1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет). 2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленген.3. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлік құралының жүру бағытында орналасқан стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетіледі.^2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) қызмет алушының жүгінген сәттінен бастап: мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қызмет алушының жүгінуі бойынша беріледі; 2) мемлекеттік қызметті алуға жүгіну кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) жүгіну күні қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 45 минут. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жүк көлік құралдарын өлшеу халықаралық сертификатын (бұдан әрі – сертификат) қағаз тасымалдағышта беру болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Қызмет берушінің жұмыс кестесі: демалыссыз және мейрам күндерсіз тәулік бойы еңбек заңнамасына сәйкес. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қызмет берушімен берілетін осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сертификаттың 1-3 бағандарын толтырады. Толтырылған сертификат бланкісі қызмет берушінің қызметкеріне тапсырылады. ^ лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің атына не Министрілік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша (телефоны 8 (7172) 24-13-12) беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда пошта не қолма-қол қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қабылданады. Шағымды қабылдаудың расталуы нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөр, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін қызмет берушінің немесе Министрліктердің басшысына жолданады. Министрліктің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Шағымда: 1) жеке тұлғаның – оның аты-жөні, ықыласы бойынша тегі, пошталық мекенжайы көрсетіледі; 2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы қойылуы керек. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар 12. Қызмет алушының, соның ішінде тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын тұлғалардың жеке өзі келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары қызмет берушінің – www.mtс.gov.kz («Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414. ––––––––––––––––––––––– |