«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты



Название«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Дата конвертации22.02.2014
Размер64.04 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген


«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»

мемлекеттiк қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.


^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру күнтiзбелiк отыз күн ішінде жүзеге асырылады;

Комиссия тексеріс жүргізу үшін куәландырушы орталыққа қайта барған жағдайда өтінішті қарау мерзімі күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Көрсетілетін қызметті беруші мерзімді ұзарту себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді хат жолдайды;

құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – куәландырушы орталықты аккредиттеу және куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру журналына өзінің қолын қойғызып береді, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу пошталық немесе курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке (сенбі және жексенбі) күндерінен басқа күндері, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдауды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлік беруге өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;

3) еркін таратылмайтын пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификаттардың көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттар;

4) аккредиттелетін куәландырушы орталық мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жағдайда, куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі туралы аттестат;

5) көрсетілетін қызметтi алушы бекіткен куәландырушы орталықтың модульдерінің (құрауыш) өзара іс-қимылы схемасы және пайдаланылатын криптографиялық түрлендіру алгоритмдері туралы деректер берілген электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру процесін іске асыруға және жекеленген параметрлер мен куәландырушы орталыққа қойылатын талаптардың өзге де бастапқы деректерінің (негізгі талаптар) схемалары;

6) куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік саясатын;

куәландырушы орталықтың қызметінің регламентін немесе ережелерін;

тіркеу куәліктерін пайдалану саясатын;

куәландырушы орталық туралы ережені;

жұмыстарды көрсетілетін қызметті алушының атынан жүзеге асыратын, штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін шығару, сүйемелдеу, әкімшілендіру бойынша жұмыстарға тікелей қатысатын қызметкерлердің іс-әрекеттері жөніндегі нұсқаулықты;

куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурстарының резервтік көшірмесін жасау туралы нұқсаулықты;

куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату және күйге келтіру бойынша нұсқаулықты реттейтін бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі;

7) осы куәландырушы орталықта және оның пайдаланушылары пайдаланылатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша ақпаратты криптографиялық қорғаудың пайдаланылатын құралдарына сәйкестік сертификаты.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде:

  1. сұратудың нөмірі мен қабылдау күнін;

  2. сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрін;

  3. қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауларын;

  4. құжаттар берілетін күнін (уақытын) және орнын;

  5. құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы көрсетілетін қызметтi алушыға қолхат береді.



3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің басшысы атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда поштмен немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнінің бірінші әріптерін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсетіп, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу мерзімі) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуді бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуді бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Жеке тұлғаның шағымында - оның тегі, аты, сонымен қатар қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен мерзімі көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.

11. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mtc.gov.kz Министрліктің интернет-ресурстарында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mtc.gov.kz интернет – ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде берілген.



Похожие:

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi (бұдан әрi уәкiлеттi орган) мынадай мекенжай...
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ереже Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) «Электрондық құжат және электрондық...
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» регламенттінде (бұдан әрі Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты iconКуәландырушы орталықтарды аккредиттеу
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» жобасына
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты iconМемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»...
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет атауы: «Электрлік зертханаларды аккредиттеу»
«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және...
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiктерiн беру және керi қайтарып алу» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты iconКуәландырушы орталықты аккредиттеу

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы