Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 132-р өкіміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің 114-тармағын орындау мақсатында |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | Жоқ |
7. | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Қажет етеді
|
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Жүргізілген жоқ |
9. | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы). | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында қаұлының жобасы орналастырылған www.mtc.kz |