«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» icon

«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару»



Название«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару»
Дата конвертации22.02.2014
Размер288.77 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «20» қарашадағы № 919 бұйрығымен бекітілген


«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты


1. Жалпы бөлім


1. «Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «Теңіз және жағалау жүк көлігі» кәсіби қызметінің саласында біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.


2. КС паспорты



5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктегіші (бұдан әрі - ҚР МЖ 03-2007) «50.1 Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «50.2 Теңіз және жағалау жүк көлігі»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:

теңіз кемесін басқару;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

^ 3. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары


1-параграф «Кеме жүргізуші, бірінші класты матрос ретіндегі қатардағы құрамның тұлғасы»


6. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8340 «Матрос»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: матрос;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - теңіз кемесін басқару;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Кеме жүргізуші, бірінші класты матрос ретіндегі қатардағы құрамның тұлғасының» еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.


^ 2-параграф «Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын кеме капитанының вахта көмекшісі»

7. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вахта көмекшісі;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын теңіз кемесін басқару;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын кеме капитанының вахта көмекшісің» еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 2-кестесінде келтірілген.


^ 3-параграф «Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын кеме капитанының вахта көмекшісі»


8. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының Кәсіптерді мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі – ҚР КЖ 01-2005) бойынша базалық тобы: жоқ;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вахта көмекшісі;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесін басқару;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.


^ 4-параграф «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі»


9. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 4, СБШ – 4;

2) Қазақстан Республикасының Кәсіптерді мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі – ҚР КЖ 01-2005) бойынша базалық тобы: жоқ;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары:: вахта көмекшісі;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесін басқару;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшылардың кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіби бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 4-кестесінде келтірілген.


^ 4. КС бірліктерінің тізімі


8. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1 – 4-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.


^ 5. КС бірліктерінің сипаттамасы


9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 – 4-кестелерінде келтірілген.


6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері


10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.


^ 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі


12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.


«Теңіз кемесін басқару»

кәсіби стандартына

1-қосымша


^ Біліктілік деңгейлері бойынша

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері




р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ-ның біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша дәрежелер

1

Теңіз кемесін бірінші класты матрос ретінде басқару

Кеме жүргізуші, бірінші класты матрос ретіндегі қатардағы құрам тұлғасы

матрос (8340)

3

3,4,5

2

Жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын теңіз кемесін басқару

Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі

-

4

-

3

Жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесін басқару

Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі

-

4

-




Жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесін басқару

Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі

-

4

-

Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы («Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын бекіту туралы (52 шығарылым)» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығына қосымша (52 шығарылым), (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіреу тізілімінде № 8770 болып тіркелген), 4 бөлім: «Теңіз және өзен көліктері»)


«Теңіз кемесін басқару»

кәсіби стандартына

2-қосымша


1-кесте


1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, бірінші класты матрос ретіндегі қатардағы құрамның тұлғасының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теңіз көлігі ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек шарты

Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары

Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, ҚР теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет Жарғысына, ҚР су көлігі кемелеріндегі қызмет Жарғысына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

СБШ біліктілік деңгейі

3

Кеме жүргізу саласында техникалық және кәсіптік білім туралы құжат.

Теңіз саласында білім беретін мекемеде «вахта матросы» бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.

Дипломды маманның кем дегенде екі ай қадағалауымен, жүру көпірінде вахта жұмысын атқару бойынша міндеттемелерді орындап жүзігендігі туралы анықтамалар.

ОЖО берген, қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындық туралы куәлік.

ОЖО берген, қорғау бойынша дайындық туралы куәлік

Дипломды маманның кем дегенде екі ай қадағалауымен, жүру көпірінде вахта жұмысын атқару

Ескертпе: ОЖО - Оқу-жаттығу орталығы.


2-кесте


2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін, жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын кеме капитанының вахта көмекшісің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар»


Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теңіз көлігінің ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек шарты

Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары

Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының кемелердегі қызмет Жарғысына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Теңіз саласында білім беретін мекемеде, кеме жүргізу саласында техникалық және кәсіптік білім туралы құжат.

Оқу бағдарламаларының орындалуын растайтын құжаттар немесе жүзу өтілі кем дегенде 12 ай болғандығын растайтын анықтамалар, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші-машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындалуын растайтын анықтамалар.

АБҒТЖ-ң шектеулі аймағы операторының дипломы немесе АБҒТЖ операторының дипломы.

Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік .

Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өтуі туралы куәлік. Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күреске дайындықтан өту туралы куәлік.

Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.

Радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. Автоматтық радиолокациялық төсем жүйелерін пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік (АРТЖ пайдалану бойынша дайындық туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «АРТЖ-сыз» шектеумен беріледі.

Электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйені пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. (ЭКНАЖ пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «ЭКНАЖ-сыз» шектеумен беріледі).

Қорғау бойынша дайындықтан өту туралы куәлік

Жүзу өтілі кем дегенде 12 ай, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші-машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетін орындау


3-кесте


3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теңіз көлігінің кәсіпорындары мен ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек шарты

Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары

Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының кемелердегі қызмет Жарғысына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Теңіз саласында білім беретін мекемеде, кеме жүргізу саласында техникалық және кәсіптік білім туралы құжат.

Оқу бағдарламаларының орындалуын растайтын құжаттар немесе жүзу өтілі кем дегенде 12 ай болғандығын растайтын анықтамалар, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші-машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындалуын растайтын анықтамалар.

АБҒТЖ-ң шектеулі аймағы операторының дипломы немесе АБҒТЖ операторының дипломы.

Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік.

Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өтуі туралы куәлік. Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күреске дайындықтан өту туралы куәлік.

Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.

Радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. Автоматтық радиолокациялық төсем жүйелерін пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік (АРТЖ пайдалану бойынша дайындық туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «АРТЖ-сыз» шектеумен беріледі.

Электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйені пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. (ЭКНАЖ пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «ЭКНАЖ-сыз» шектеумен беріледі).

Қорғау бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.

Жүзу өтілі кем дегенде 12 ай, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші-машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындау



4-кесте


4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теңіз көлігінің кәсіпорындары мен ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек шарты

Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары

Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының кемелердегі қызмет Жарғысына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Кеме жүргізу саласында техникалық және кәсіптік білім туралы құжат.

Оқу бағдарламаларының орындалуын растайтын құжаттар немесе жүзу өтілі кем дегенде 12 ай болғандығын растайтын анықтамалар, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші-машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындалуын растайтын анықтамалар.

АБҒТЖ-ң шектеулі аймағы операторының дипломы немесе АБҒТЖ операторының дипломы.

Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік.

Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өтуі туралы куәлік.

Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күреске дайындықтан өту туралы куәлік.

Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.

Радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.

Автоматтық радиолокациялық төсем жүйелерін пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік (АРТЖ пайдалану бойынша дайындық туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «АРТЖ-сыз» шектеумен беріледі.

Электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйені пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. (ЭКНАЖ пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «ЭКНАЖ-сыз» шектеумен беріледі).

Қорғау бойынша дайындықтан өту туралы куәлік

Жүзу өтілі кем дегенде 12 ай, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші-машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетін орындау.

Ескертпе:

АБҒТЖ - Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың ғаламдық теңіз жүйесі;

ЭКНАЖ - электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйе;

АРТЖ - автоматтық радиолокациялық төсем жүйесі.

«Теңіз кемесін басқару»

кәсіби стандартына

3-қосымша


^ КС бірліктерінің тізімі


1-кесте


1. «Кеме жүргізуші, бірінші класты матрос ретіндегі қатардағы құрам тұлғасы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Кемені қосымша деңгейде жүргізу


2-кесте


^ 2. «Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Бас Кемені пайдалану деңгейінде жүргізу.


3-кесте


  1. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі




Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Кемені пайдалану деңгейінде жүргізу


4-кесте


^ 4. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Кемені пайдалану деңгейінде жүргізу

Ескертпе: Ф – функция.


«Теңіз кемесін басқару»

кәсіби стандартына

4-қосымша


^ КС бірліктерінің сипаты


1-кесте


1. «Кеме жүргізуші, бірінші класты матрос ретіндегі қатардағы құрам тұлғасы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф 1

З 1.1 Кеме якорьде немесе арқандап байланып тұрған кезде, вахта жұмысын ҚР ТККҚЖ ережелеріне сәйкес атқару

Палубалық аспаптар

Кеме

Типтік практикалық тапсырмаларды шешу, нұсқаулық бойынша белгілі әрекеттердің ішінен әрекет тәсілін таңдау, әрекеттерді, олардың орындалу шарттарын ескеріп түзету

Рұқсаттамалық режим және кемені қорғау бойынша кеме нұсқаулықтарын білу

З 1.2 Жүру вахтасында жұмысты ҚР ТККҚЖ ережелеріне сәйкес атқару

Гиро- және магниттік компастар, рөлмен басқару

Кеме

Гиро- және магниттік компастарды пайдалану дағдылары.

Типтік практикалық тапсырмаларды шешу, нұсқаулық бойынша белгілі әрекеттердің ішінен әрекет тәсілін таңдау, әрекеттерді, олардың орындалу шарттарын ескеріп түзету

Рөлге берілетін командалар бойынша әрекеттер. КСАХЕ-72, ХМҚА, ХДЖ-65 талаптарын білу. Кеменің маневрлік сипаттамалары



2-кесте


^ 2. «Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф 1

З 1.1 Қозғалу вахтасына ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес кірісу


^ ҚР ТККҚЖ.

Гиро- және магниттік компастар.

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

Кеме

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу.

Гиро- және магниттік компастарды, навигациялық аспаптарды, карталарды және навигациялық құралдарды пайдалана білу

^ ҚР ТККҚЖ.

Гиро- және магниттік компастар. Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

З 1.2 Қозғалу вахтасын ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ КСАХЕ - 72.

Гиро- және магниттік компастар.

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу.

Гиро- және магниттік компастарды, навигациялық аспаптарды, карталарды және навигациялық құралдарды пайдалана білу

^ ҚР ТККҚЖ.

КСАХЕ-72.

Гиро- және магниттік компастар. Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар




З 1.3 Кеме якорьде тұрған кезде вахта қызметін ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ ҚР ТККҚЖ.

КСАХЕ - 72

ХДЖ - 65

Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу

ҚР ТККҚЖ

З 1.4 Кеме айлақта тұрған кезде вахта қызметін ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ ҚР ТККҚЖ.

Порт ережелері (мысалы, Актау портының міндетті қаулысы)

Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу

ҚР ТККҚЖ

З 1.5 Жүк орынжайларындағы температуралық және газдық режимдерді бақылау

Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық Кодексі

Трюмдер және жүк орынжайлары

Жүк орынжайларындағы температуралық және газдық режимдерді бақылау аспаптары мен жүйелерін пайдалана білу

Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық Кодексі


3-кесте


^ 3. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 А

З 1.1 Қозғалу вахтасына ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес кірісу


^ ҚР ТККҚЖ.

Гиро- және магниттік компастар.

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

Кеме

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу.

Гиро- және магниттік компастарды, навигациялық аспаптарды, карталарды және навигациялық құралдарды пайдалана білу

^ ҚР ТККҚЖ.

Гиро- және магниттік компастар. Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

З 1.2 Қозғалу вахтасын ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ КСАХЕ - 72.

Гиро- және магниттік компастар.

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар.


Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу.

Гиро- және магниттік компастарды, навигациялық аспаптарды, карталарды және навигациялық құралдарды пайдалана білу.

^ ҚР ТККҚЖ.

КСАХЕ-72.

Гиро- және магниттік компастар. Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар.

З 1.3 Кеме якорьде тұрған кезде вахта қызметін ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ ҚР ТККҚЖ.

КСАХЕ - 72

ХДЖ - 65

Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу.

ҚР ТККҚЖ




З 1.4 Кеме айлақта тұрған кезде вахта қызметін ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ ҚР ТККҚЖ.


Порт ережелері (мысалы, Актау портының міндетті қаулысы)

Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу

ҚР ТККҚЖ

З 1.5 Жүк орынжайларындағы температуралық және газдық режимдерді бақылау




Трюмдер және жүк орынжай-лары

Жүк орынжайларындағы температуралық және газдық режимдерді бақылау аспаптары мен жүйелерін пайдалана білу

Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық Кодексі


4-кесте


^ 4. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесі капитанының вахта көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 А

З 1.1 Қозғалу вахтасына ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес кірісу


^ ҚР ТККҚЖ.

Гиро- және магниттік компастар.

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

Кеме

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу.

Гиро- және магниттік компастарды, навигациялық аспаптарды, карталарды және навигациялық құралдарды пайдалана білу

^ ҚР ТККҚЖ.

Гиро- және магниттік компастар. Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

З 1.2 Қозғалу вахтасын ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ КСАХЕ - 72.

Гиро- және магниттік компастар.

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу.

Гиро- және магниттік компастарды, навигациялық аспаптарды, карталарды және навигациялық құралдарды пайдалана білу

^ ҚР ТККҚЖ.

КСАХЕ-72.

Гиро- және магниттік компастар. Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

З 1.3 Кеме якорьде тұрған кезде вахта қызметін ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ ҚР ТККҚЖ.

КСАХЕ - 72

ХДЖ - 65

Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу

ҚР ТККҚЖ

З 1.4 Кеме айлақта тұрған кезде вахта қызметін ҚР ТККҚЖ талаптарына сәйкес атқару

^ ҚР ТККҚЖ.

Порт ережелері (мысалы, Актау портының міндетті қаулысы)

Кеме, вахта қызметі

Қоластындағы жұмыскерлер қызметін ұйымдастыра және бақылай білу

ҚР ТККҚЖ

З 1.5 Жүк орынжайларындағы температуралық және газдық режимдерді бақылау

Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық Кодексі

Трюмдер және жүк орынжай-лары

Жүк орынжайларындағы температуралық және газдық режимдерді бақылау аспаптары мен жүйелерін пайдалана білу

Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық Кодексі

Ескертпе:

ХМҚА - Халықаралық маяктық қызметтер ассоциациясы;

ХДЖ-65 – Халықаралық дабылдар жинағы;

КСАХЕ-72 - Теңізде Кемелердің Соқтығысуын Алдын алудың Халықаралық Ережелері;

ҚР ТККҚЖ - Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы.


«Теңіз кемесін басқару»

кәсіби стандартына

5-қосымша


Келісу парағы


Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





Осы КС _____________________________________________________ тіркелді.

Кәсіби стандарттардың реестріне №______________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № _____________________ Күні__________________________.





Похожие:

«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» icon«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «Теңіз және жағалау жүк көлігі» кәсіби...
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» icon«Әуе кемесін ұшу пайдалану» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе кемесін ұшу пайдалану»
«Әуе кемесін ұшу пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемесі саласындағы қызмет» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік...
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» iconСауда мақсатында теңізде жүзу туралы
Көлік экспедициясының, теңіз агенттігін жүргізудің, теңіз делдалдығының шарттары
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» iconҚазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі
Теңіз көлігі мамандарын халықаралық талаптарға сәйкес даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары теңіз білім деңгейіне сәйкес мынадай...
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» icon«Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолды ағымдағы ұстау»
«Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік...
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» icon1. Жалпы ережелер «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз»
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде...
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» icon«Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау»
«Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе қызметтер» кәсіби...
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» iconКәсіби стандарты Жалпы бөлім
«Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету...
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» icon«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жерде қызмет көрсету»
«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Жерде қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне,...
«Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Теңіз кемесін басқару» icon«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы