«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon

«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты



Название«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты
Дата конвертации22.02.2014
Размер223.29 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «26» қарашадағы № 938 бұйрығымен бекітілген


«Вагон паркін сақтау»

кәсіби стандарты


1. Жалпы бөлім



1. «Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты (одан әрі – КС) «Тасымалдау кезіндегі қызметтің қосымша түрлері» кәсіби қызметінің саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
^





2. КС паспорты



5.КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 52.2 «Тасымалдау кезіндегі қызметтің қосымша түрлері»

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

вагон паркінің сақталуы;

3) осы КС 1 қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.


^

3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіптің) карточкалары



1-параграф «Вагон паркінің сақталуы бойынша инспектор (аға инспектор)»

6.Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:


1)біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай- ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 3152 «Қауіпсіздік, сапа (көлік құралдары, өндірістік процестер және өнімдер), кенді қорғау және қолдану инспекторлары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон паркінің сақталуы бойынша инспектор (аға инспектор);

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы- субъекттің вагон паркінің сақтауын қамтамасыз ету;

5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Вагон паркінің сақталуы бойынша инспектордың (аға инспектор) еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.


2-параграф «Инженер технолог (1 санатты инженер)»

^

7.Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:


1)біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай- ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 2145 «Инженер-механиктер және машина құрау технологиялары »;

3) лауазымның ықтимал атаулары: инженер технолог (1 санатты инженер);

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы- субъекттің вагондарды қабылдау, жөндеу жұмыстарының ұйымдастыру мен технологиясының сапасын тексеру,материалдар мен қосалқы бөлшектер шығынын есептеужұмыстарын жүргізу;

5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Инженер технолог (1 санатты инженер) еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.


3-параграф «Вагон паркінің сақталуы бойынша жетекші инженер»

^

8.Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:


1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай- ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 2145 «Инженер-механиктер және машина құрау технологиялары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон паркінің сақталуы бойынша жетекші инженер;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы- субъектті вагонның техникалық жағдайын анықтау, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Вагон паркінің сақталуы бойынша жетекші инженер еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.



  1. КС бірліктерінің тізімі



9. КС бірліктері тізімі осы КС 3- қосымшасының 1-3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.



  1. КС бірліктерінің сипаттамасы



10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.



  1. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

Вагон паркін сақтау»

кәсіби стандартына

1-қосымша


^ Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіптің) түрлері


№р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ-ның біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша дәрежелер

1

Вагон паркінің сақталуын қамтамасыз ету

Вагон паркінің сақталуы бойынша инспектор

(аға инспектор)

Вагон паркінің сақталуы бойынша инспектор

(аға инспектор)

5




2

Вагондарды қабылдау, жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен технологиясының сапасын тексеру, материалдар мен қосалқы бөлшектер шығынын есептеу

Инженер технолог

(1 санатты инженер)

Инженер технолог

(1 санатты инженер)

5




3

Вагонның техникалық жағдайын анықтау, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, бағынышты қызметкерлер жұмысын басқаруды ұйымдастыру

Вагон паркінің сақталуы бойынша жетекші инженер

Жетекші инженер технолог

5




Ескертпе: БТБА –жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

«Вагон паркін сақтау»

кәсіби стандартына

2-қосымша


1 кесте


1.Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон паркінің сақталуы бойынша инспектор (аға инспектор)еңбек жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Темір жол көлігі ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі

Кемінде 1 жыл


2-кесте


^ 2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Инженер технолог (1 санатты инженер)еңбек жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары(ұйымдар)

Теміржол көлігі ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң.

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі

Кемінде 2 жыл



3-кесте


^ 3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон паркінің сақталуы бойынша жетекші инженереңбек жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігі ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң.

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі.

Кемінде 2 жыл

Вагон паркін сақтау»

кәсіби стандартына

3-қосымша


^ КС бірліктерінің тізімі


1-кесте


1.«Вагон паркінің сақталуы бойынша инспектор (аға инспектор)»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, маневрлік және басқа да операцияларды орындау кезінде орнатылған жұмыс технологияларының сақталуын есепке алу

2 Ф

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша және вагондар мен контейнерлер ақауларын ескеру бойынша шараларды әзірлеу және орындау

3 Ф

Вагон паркінің сақталуын қамтамасыз етуге арналған ұйымдастыру-техникалық шаралар өткізудің жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу


2-кесте


^ 2. «Инженер технолог (1 санатты инженер)»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Жұмыс жоспарын құру, құжаттарды рәсімдеу

2 Ф

Вагондарды қабылдауға қатысу, қажетті жөндеу жұмыстары көлемін анықтау. Вагон және дөңгелек жұптарын жөндеуді ұйымдастыру сапасын және технологиясын тексеру

3 Ф

Вагонды жөндеу кезіндегі материалдар мен қосалқы бөлшектер шығынын есепке алу, есеп жүргізу


3-кесте


^ 3. «Вагон паркінің сақталуы бойынша жетекші инженер»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Жұмыс жоспарын құру, бағынышты қызметкерлер жұмысын үйлестіру, басқаружәне сәйкес құжаттардың рәсімделуін бақылау

2 Ф

Вагондардың техникалық жағдайын анықтау, жөндеу жұмыстарына қатысу, жөндеу сапасын бақылау

3 Ф

Есеп жүргізу, қызметкерлермен нұсқамалықтар, техникалық оқулар жүргізу

Ескертпе: Ф – Функция.


Вагон паркін сақтау»

Кәсіби стандартына

4-қосымша


^ КС бірліктерінің сипаттамасы

1-кесте



1. «Вагон паркінің сақталуы бойынша инспектор (аға инспектор)»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

1 Ф

Цистерналар, жабық вагон, ашық вагон, платформа, дәнді дақыл таситын вагон

Вагондар паркінің автоматтандырылған мәліметтер банкі

1-1 М Теміржол және тұрақты бақылау бөлімдерінде вагон және вагон паркіне қатысты орнатылған жұмыс технологияларының сақталуын іске асыру. Станцияларда, теміржол ұйымдарында және ішкі жолдарда жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, маневрлік және басқа да операцияларды орындау кезінде вагон паркінің сақталуын қамтамасыз ету

Станцияларда, теміржол ұйымдарында және ішкі жолдарда вагондардың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын талдау, өзіндік талдау және шешімдер қабылдау дағдысы. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, маневрлік және басқа да операцияларды орындау кезінде вагон және вагон паркімен жұмыс жасау технологиясының орындалу нәтижесін талдау

Теміржолдарды техникалық пайдалану, экономика негіздері, еңбекті, өндірісті, басқаруды ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс туралы білім. Вагон паркінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қою және шешу амалдары, принциптері және әдістері туралы, жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары туралы және жүктерді тасымалдау ережелері туралы білім.Вагон паркі сақталуын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да жетекші материалдар туралы білім

Цистерналар, жабық вагон, ашық вагон, платформа, дәнді дақыл таситын вагон

Вагон паркінің сақталуы туралы ереже

1-2 МТеміржол станцияларында, өнеркәсіптік және құрылыс ұйымдарында вагон паркінің сақталуы туралы ережені талдау және қарастыру.


Теміржол станцияларында, өнеркәсіптік және құрылыс ұйымдарында вагон паркінің сақталу жұмыстарын талдау, өзіндік талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

2 Ф

Цистерналар, жабық вагон, ашық вагон, платформа, дәнді дақыл таситын вагон

Вагондар ақаулары есебі

2-1 М Вагон ақауларының есепке алынуының дұрыстығын тексеру


Вагон ақауларын анықтау жұмыстарын талдау, өзіндік талдау және шешімдер қабылдау және жағдай жасау дағдысы. Тапсырмаларды нақтылау, тапсырманы қою, вагон кемшіліктерін есепке алу дұрыстығы кезінде шешімдер қабылдау және жағдай жасау дағдысы

Цистерналар, жабық вагон, ашық вагон, платформа, дәнді дақыл таситын вагон

Вагон паркінің сақталуын қамтамасыз етуде анықталған кемшіліктер бойынша есеп


2-2 М Вагондардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктер туралы сәйкес әкімшілік органдарды ақпараттандыру

Кемшіліктер анықтау жұмыстарын талдау, өзіндік талдау және шешімдер қабылдау дағдысы. Вагон сақталуын қамтамасыз ету нәтижесін талдау


Цистерналар, жабық вагон, ашық вагон, платформа, дәнді дақыл таситын вагон

Вагон паркінің сақталу мәселелері бойынша тұжырым

2-3 М Эксперттік комиссияға қатысу, жол инспекторы құзыретіне кіретін вагондарды сақтау мәселелері туралы қорытынды тұжырым ұсыну

Консультация жүргізу кезінде шешімдер қабылдау және жағдай жасау дағдысы.. Вагондарды сақтау мәселелері бойынша қорытынды тұжырым ұсыну нәтижелерін талдау

3 Ф

Цистерналар, жабық вагон, ашық вагон, платформа, дәнді дақыл таситын вагон

Вагон паркінің сақталуын қамтамасыз етуге арналған ұйымдастыру-техникалық шараларды өткізудің жылдық жоспары

3-1 М Вагон паркінің сақталуын қамтамасыз етуге арналған жұмыстардың озық әдіс-тәсілдерін енгізуді қарастыратын ұйымдастыру-техникалық шараларды жүргізудің жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу

Вагон паркін қамтамасыз етудің ұйымдастыру-техникалық шараларын жүргізу кезінде шешімдер қабылдау және жағдай жасау дағдысы. Ұйымдастыру-техникалық шаралар жоспарын орындау нәтижесін талдау



2-кесте



^ 2. «Инженер технолог (1 санатты инженер)»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

1 Ф

Вагондар

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

1-1 М Бір айға жұмыс жоспарын құру.

Бір айда орындау керек жұмыстарды талдау, бір айға жұмыс жоспарын құруда шешімдер қабылдау

Қажет жөндеу көлемін анықтауда жүйелік талдау және жобалау әдістемесі, вагон және дөңгелек жұбын жөндеуді ұйымдастыру және технологиясы сапасын тексеру туралы, басқармалық шешімдер қабылдау әдістері, командамен жұмыс туралы білім. Жылжымалы құрамды жөндеу және жөндеуден қабылдауды ұйымдастыру және сапасы туралы, автоматтандырылған басқару жүйесі жұмысы туралы білім

Вагонның бөлшектері мен түйіндері, дөңгелектер жұбы

Теміржол көлігі саласындағы нормативтік актілер

1-2 МОрнатуды қажет ететін бөлшектер мен түйіндерге акт жүргізу. Екі жақты қолтаңбалы жұмыс аты және жөндеу сомасы көрсетілген акті, вагондарды жөндеу кезінде анықталған, бірақ дефекттер тізімдемесінде көрсетілмеген немесе жоспарлы калькуляциядан тыс қосымша жұмыстар акті, дөңгелектер жұбы және т.б. жөндеуге арналған қабылдау-тапсыру акті.

Бөлшектер мен түйіндер актін жүргізу, вагондарды жөндеу кезінде анықталған, бірақ дефекттер тізімдемесінде көрсетілмеген немесе жоспарлы калькуляциядан тыс қосымша жұмыстарды жүргізуді, жоқ бөлшектер мен түйіндерін, акттерді құруды талдау

2 Ф

Вагондар, қосалқы бөлшектер мен түйіндер

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

2-1 М Вагонды жөндеу ұйымына түскен вагондар мен қойылған (өңделме) қосымша бөлшектер мен түйіндерді қабылдау.

Жөндеуге түскен вагондар мен қойылған қосымша бөлшектерді қабылдау кезінде шешімдер қабылдау және жағдай жасау. Бағынышты қызметкерлер жұмысын бақылау және түзету

Вагондар

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

2-2 М Әр вагонды жөндеу позициясына қойғанға дейін тексеру, қажет жөндеу жұмыстары түрі мен көлемін анықтау.

Вагонды тексеру және жөндеу позициясына қою кезінде шешімдер қабылдау және жағдай жасау дағдысы. Қажет жөндеу көлемін талдау. Бағынысты қызметкерлер жұмысын бақылау және түзету

Вагондар мен дөңгелектер жұбы

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

2-3 МВагондар мен дөңгелектер жұбын жөндеудің ұйымдастырылуын және технологиясының сапасын тексеру.

Вагондар мен дөңгелектер жұбын жөндеу кезінде шешімдер қабылдау және жағдай жасау дағдысы


3 Ф

Материалдар мен қосалқы бөлшектер, дөңгелектер жұбы, бөлшектер мен түйіндер

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

3-1 М Материалдар мен қосымша бөлшектер шығынын есепке алу, дөңгелектер жұбы, жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз деп табылған бөлшектер мен түйіндерді есепке алу.

Материалдар мен қосымша бөлшектер шығынын есепке алу және дөңгелектер жұбын жөндеу кезінде талдау жасау және шешім қабылдау



Вагондар, дөңгелектер жұбы, екі қабатты платформалар

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

3-2 М Есеп жүргізу және жөнделген, сонымен қатар жөндеуден қабылданған вагондардың саны туралы техникалық анықтама толтыру.

Жүк паркіндегі жарамсыз вагондардың бар болуы және жөндеу туралы талдау жасау және шешімдер қабылдау. Жөнделген және жөндеуден қабылданған вагондар санын талдау


3-кесте



^ 3. «Вагон паркінің сақталуы бойынша жетекші инженер»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

1 Ф

Вагондар

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

1-1 МЖұмыс жоспарын құру, бағынышты қызметкерлер жұмысын үйлестіру, басқару, жұмысын бақылау.

Қызметкерлер жұмысын талдау, бақылау және түзету. Жұмыс жоспарын құруда шешімдер қабылдау



Вагондардың техникалық жағдайын анықтауда жүйелік талдау және жобалау туралы, жөндеу жұмыстарын жүргізу, жөндеу сапасын басқару, басқару туралы шешімдер қабылдау әдістері, командамен жұмыс туралы білім. Жылжымалы құрамы жөндеу және жөндеуден қабылдауды ұйымдастыру және сапасына бағытталған нұсқаулықтар, басқармалық нормативтік құжаттар, бұйрық пен ережелер туралы, автоматтандырылған басқару жүйесі жұмысының, ОВП-да пайдаланылатын бағдарламалық жасақтаманың технологиясы, Қазақстан Республикасының теміржолдарындағы поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар нұсқамалығы, вагондар, олардың жабдықтары және бөлшектері бойынша техникалық кеңестер, сызбалар және технологиялық процестер туралы, нұсқалықтар, басқарма нормативтік құжаттар, еңбектің қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс туралы бұйрықтар мен кеңестер туралы білім.


Вагондар

Теміржол көлігі саласындағы нормативтік актілер

1-2 М Вагондардың қозғалғыш бөлшектер нөмірлерін салыстыруды бақылау, техникалық паспорттар рәсімдеу, әр вагонға акт құру

Акттерді құру кезіндегі орындалған жұмыстарды талдау, техникалық паспорттарды рәсімдеуде вагондардың қозғалғыш бөлшектер нөмірлерін салыстыруды бақылау

2 Ф

Вагондар

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

2-1 М Жөндеу объектілерін орналастыруға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, сонымен қатар хат жазуда және вагон паркі мүлкін түгендеуде қатысу, жөндеу сапасын бақылау

Жөндеу объектілерін орналастыруға және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шешімдер қабылдау, жұмыстарды бақылау және түзету

Вагондар

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

2-2 М Ұзақ мерзімді вагондарды есепке алу және техникалық жағдайын анықтау, түгендемелік жиынтық қатарындағы жөнделмейтін вагондарды алып тастау жайлы ұсыныстар енгізу

Ұзақ мерзімді вагондардың техникалық жағдайын анықтауда шешімдер қабылдау, бақылау, түзету. Жөнделмейтін вагондарды алып тастау жайлы ұсыныстарды талдау

Вагондар, қосалқы бөлшектер

Келісім-шарттар

2-3 М Жаңа және б/қ өңделме қосымша бөлшектерді қабылдап-тапсыру. Вагондарды жалға беруге таңдау, беру және рәсімдеу, жалға берілген вагондарды жұмыс паркіне жіберу

Қосымша бөлшектер мен вагондарды қабылдап-тапсыру кезінде шешімдер қабылдау, бақылау, түзету

3 Ф

Вагондар, қосалқы бөлшектер, бөлшектер, түйіндер және құрастырма бірліктер, қара және түсті метал сынығы

Нұсқамалар, басшылық нормативтік құжаттары

3-1 МАй, тоқсан, жарты жылдық және жылдық есеп жүргізуді бақылау (жөндеудің жоспарлы түрлеріне ағытылған вагондар саны туралы техникалық анықтама, вагондарды бөлу кезінде тартып шығарылған дөңгелектер жұбы айналымының бар болуы туралы есеп,ВКМ жұмысы туралы есеп, тиеу, түсіру, маневрлік жұмыстар кезінде зақымдалған вагондар туралы есеп, инвентардан шығарылған вагондарды өңдеу туралы есеп, вагондарды ажырату кезінде қайтаруға жарамды жөндеу-жарамды бөлшектер, түйіндер және құрастыру бірліктері туралы есеп, вагондарды ажыратукезіндегі бөлшектер мен түйіндер туралы есеп; жоспарлы жөндеу түрі кезіндегі қара және түсті металл сынықтары есебі, жоспарлы жөндеу түрі кезіндегі ауыспалы, жоқ, зақымдалған бөлшектер мен түйіндер туралы есеп,жоспарлы жөндеу түрі кезіндегі түйін мен бөлшектерді жаңғырту туралы есеп, жоспарлы жөндеу түрі кезінде пайда болған сынықтар туралы есеп, ауданда жөндеу түрлері бойынша бөлінген ұзақ мерзімді вагондардың бар болуы туралы есеп, жоспарлы жөндеу түрлерін жүргізгеннен кейін кепілдікті мерзімге төзбеген, ағымдағы ағытпа жөндеудегі вагондар туралы есеп және т.с.с.).

Жөндеудің жоспарлы түрлеріне ағытылған вагондар саны, вагондарды бөлу кезінде тартып шығарылған дөңгелектер жұбы айналымының бар болуы, тиеу, түсіру, маневрлік жұмыстар кезінде вагондардың зақымдалуы, инвентардан шығарылған вагондарды өңдеу, жоспарлы жөндеу түрі кезіндегі қара және түсті металл сынықтары есебін талдау, шешім қабылдау, бақылау

Вагондар

Нормативтік және базалық құжаттар

3-2 М Қызметкерлермен алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты нұсқамалық жүргізу

Қызметкерлер жұмысын талдау, бақылау және түзету дағдысы

Ескертпе: М – мақсат.



Вагон паркін сақтау»

кәсіби стандартына

5-қосымша


Келісу парағы


Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.

Кәсіби стандарттардың реестріне №______________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні____________________.





Похожие:

«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Локомотив паркін пайдалану» кәсіби стандарты
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «26» қарашадағы №939 бұйрығымен бекітілген
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «26» қарашадағы №940 бұйрығымен бекітілген
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Жолаушылардың әуе көлігі» кәсіби қызметі саласындағы біліктілік деңгейіне,...
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолды ағымдағы ұстау»
«Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік...
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандарты
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Су көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби...
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау»
«Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе қызметтер» кәсіби...
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жерде қызмет көрсету»
«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Жерде қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне,...
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты iconШалқар ауданының қала және селолық округтер әкімдерінің 2013 жылғы қазан айындағы есеп беру желілік кестесі Шалқар қаласы
«Қамқор-Вагон» жшс –нің «Шалқар вагон жөндеу депосы» филиалы акт залында 21. 10. 13
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «Теңіз және жағалау жүк көлігі» кәсіби...
«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты icon«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы