«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon

«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты



Название«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты
Дата конвертации22.02.2014
Размер165.67 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «26» қарашадағы № 940 бұйрығымен бекітілген


«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»

кәсіби стандарты


1. Жалпы бөлім



1. «Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.


2. КС паспорты


5. КС төлқұжаты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеушісі (әрі қарай- ҚР МС 03-2007) «33.17 Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу».

2. экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: локомотивтер жиынтығын қамсыздандыру және жөндеу.

3. осы КС 1 қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері..


^

3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіптің) карточкалары




1-параграф «Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарі»




^

6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:


1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 2-4; СБШ – 2-4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай- ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарі;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жөндеудің жоспарлы түрлерімен жөнделген жүк вагондарын қабылдау, вагондарды коммерциялық тексеру;

5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.



  1. КС бірліктерінің тізімі
^

7. КС бірліктері тізімі осы КС 3- қосымшасының 1 кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.





  1. КС бірліктерінің сипаттамасы



8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.



  1. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.


7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі


11. КС әзірлеуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.


«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»

кәсіби стандартына

1 қосымша




^ Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіп) түрлері


№ р/н

Қызмет түрі атауы

Кәсіп атауы, еңбек нарығы үрдістері ескеруімен

ҚР 01-2005 МС сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды

1

Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және олардың пайдалану кезіндегі дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі бірегей, эксперименттік, механикалық, электрлік, пневматикалық жабдықтар, агрегаттар, қондырғылар, аппараттар мен аспаптарды жөндеу, бақылау, техникалық жағдайын тексеру, сынау және реттеу.

техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарі

техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарі

2-4

4-7

Ескерту. БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген


«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»

кәсіби стандартына

2 қосымша


1-кесте


1. Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің еңбек жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету бекеттері

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеметтік қорғау Министрінің м.а. 2007 жылғы 31шілдедегі № 182-п бұйрығына сәйкес. Ғимарат ішінде: вибрация, шу, ток күшінің артуы, табиғи жарықтың жоқтығы не жеткіліксіздігі, электромагниттік толқындар не селсоқ токтар, еңбек қауырттылығы, жүйке-психикалық ауыртпашылық

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медециналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан, оқудан өткен соң және сынақ тапсырып, сынақ мерзімінен өткен соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, кәсіпорындағы білім не оқу)

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

3

Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар)

Кемінде 2жыл

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім

Кемінде 1жыл

4

Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім (қосымша кәсіптік дайындық), практикалық тәжірибе

3 деңгейде кемінде 2жыл


«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»

кәсіби стандартына

3 қосымша


^ КС бірліктерінің тізімі


1-кесте


1. «Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және олардың пайдалану кезіндегі дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі механикалық, электрлік, пневматикалық жабдықтар бөлшектері мен түйіндерінің, агрегаттар, қондырғылар, аппараттар мен аспаптарды жөндеу, бақылау, техникалық жағдайын тексеру

2 Ф

Түйіндер мен бөлшектерді слесарлық жөндеу және қиыстыру. Дистанциялық басқарудың электрлік жүйесін сынау және реттеу. Локомотивті ақырғы рет тексеру

3 Ф

Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және олардың пайдалану кезіндегі дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі бірегей, эксперименттік, механикалық, электрлік, пневматикалық жабдықтар, агрегаттар, қондырғылар, аппараттар мен аспаптарды сынау және реттеу

Ескертпе: Ф – Функция.


«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»

кәсіби стандартына

4 қосымша


^ КС бірліктерінің сипаттамасы

1-кесте



1. «СБШ 2-деңгейіндегі техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

1 Ф

Қалқанша, тепловоз бен дизель-пойыз желдеткіштері, электровоз және электропойыз вагондарының жабу жабдығы, отын, май, су жүйлерінің, тепловоз бен дизель-пойыз тоңазытқышы секциясының пневматикалық және тежегіштер жабдығы, электрлік машина қылшақ ұстағышы және тартымдық қозғалтқыш тіреуіштері, беттік, бұрандалы серіппегіштер, қорғағыш қапсырма, соққыш-тіркеу аспаптары, остік редукторлар, карданды білік, қылшақ амортизаторы мен реактивті тартымның қорабы

Гидропневматикалық, гидравликалық домкрат, кран, механикалық сомын бұрағыш, арбаша-манипуляторлар, ағаштың берік түрінен жасалған 15-20мм төсемдер, стендтер, арнайы механизмдер мен жабдықтар

1.1 М: Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және олардың пайдалану кезіндегі дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі механикалық, электрлік, пневматикалық қарапайым және күрделілігі орташа жабдықтар бөлшектері мен түйіндері жөндеу, бақылау, техникалық жағдайын тексеру. Тіркеме ішектер мен қақпақтарды, моторлы-арқау мойынтірегі қалпағын, тартымдық қозғалтқыш ілмегін, тісті беріліс қаптамасын бекіту.

Нұсқама негізінде жұмыстың әр түрін жүргізу үшін жабдықтар және механизмдермен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Жабыдқты бөлшектеу, жөндеу және құрастыру кезінде технологиялық процесті қолдану іскерлігі. Қарапайым өндірістік жағдайлардағы әрекеттерді өзіндік бақылау және өзіндік түзеу дағдысы

Механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық процесі, құрылымы, техникалық және пайдалану деректері туралы базалық білім. Қарапайым типтік міндеттерді орындауда нәтижеге қол жеткізу үшін негізгі монтаждық электрлік сызбалар, локомотив тораптары мен бөлшектерінің ақаулықтарын айқындау және жою жолдары мен әдістерін білу қажет


2 ф

Локомотивтің түйіндері мен бөлшектері

Арнайы стендтер, домкрат, кран және басқа да жөндеу қондырғылары жабдықтары

2.1 М: Түйіндер мен бөлшектерді 7-10 квалитеттер (дәлдіктің 2 - 3 класстары) бойынша слесарлық жөндеу және қиыстыру

Нұсқама негізінде жұмыс әдісін таңдау, слесарлық құралдар мен бақылап-өлшеу құралдарымен жұмыс кезінде өзіндік бақылау және өзіндік түзеу дағдысы

Бақылау-өлшеу аспаптарының, шаблондардың, аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы туралы және олардың қарапайым типтік міндеттерді орындауда қолданулыу кезінде нәтижеге қол жеткізу үшін базалық білім



2-кесте



^ 2. «СБШ 3-деңгейіндегі техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

1 ф

Аппаратура жоғары вольтті, төменгі вольтті және найзағайдан қорғағыш, электровоз және электропойыз вагондарының остік редукторлар тартпасы, дөңгелекті және жылжыма мойынтірегі тіркемесі, дөңгелек жұбы, моторлы-остік мойынтірегі, тартымдық қозғалтқыш, қосалқы машиналар, негізгі бақылаушылар, реверсорлар, жылдам әсер ететін сөндіргіштер, ауа таратқыштар, электрлі ауа таратқыштар, тартымдық генераторлар, отын сорғыш, отын сорғыны басқылағыш сорғыш, тепловоз бен дизель-пойыздардың газ таратқыш механизмдері, тартымдық қозғалтқыш, электрлік машина коллекторлары, тежегіш магистральдар, тежегіш және тең ұстаушы цилиндрлер, күш механизмдері, қуатты таңдау және жіберу білігі, тепловоз бен дизель-пойыздар түйіндерінің сыналы белдікті тартпасы, жылдамдық өлшегіш, олардың тартпасы, қадағалар, электровоз және электропойыз вагондарының ток қабылдағыштары

Гидропневматикалық, гидравликалық домкрат, кран, механикалық сомын бұрағыш, арбаша-манипуляторлар, ағаштың берік түрінен жасалған 15-20мм төсемдер, стендтер, арнайы механизмдер мен жабдықтар, электрлік құралдар

1-2 М Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және олардың пайдалану кезіндегі дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі механикалық, электрлік, пневматикалық күрделі жабдықтар, агрегаттар, қондырғылар, аппараттар мен аспаптарды жөндеу, бақылау, техникалық жағдайын тексеру

Жұмыстың әр түрін жүргізу үшін жабдықтар және механизмдермен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Локомотив түйіндері мен бөлшектері ақауларын анықтау және жою іскерлігі

Механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың құрылымы, құрылымдық ерекшеліктері мен өзара іс-әрекеті, сонымен қатар пайдалану және қауіпсіздік техникасы Ережесі. Техникалық және пайдалану деректері, негізгі монтаждық электрлік тәсімдер. локомотив тораптары мен бөлшектерін жөндеу технологиясы мен жөндеу сапасына қойылатын талаптар туралы білім


Басқару тақтасы аппараты, электрлі пневматикалық клапандар. Топтық жұдырық қосқыштары, машинист бақылаушылары, электрлік аппараттар, негізгі сөндіргіш, в электровоз және электропойыз вагондарының түзету қондырғысы, тепловоз бен дизель-пойыздар дизельдері, машинист краны, электрлі пневматикалық тежегіш, тепловоздардың отын жіберуін басқарушы механизм

Аккумулятор-лы шам, домкрат, кран және басқа да жөндеу қондырғылары жабдықтары

1-3 М Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және олардың пайдалану кезіндегі дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі механикалық, электрлік, пневматикалық аса күрделі жабдықтар, агрегаттар, қондырғылар, аппараттар мен аспаптарды жөндеу, бақылау, техникалық жағдайын тексеру

Жұмыстың әр түрін жүргізу үшін жабдықтар және механизмдермен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Тексерілетін және жөнделетін локомотивтердің құрама топтарын жинақтау дұрыстығын анықтау іскерлігі. Локомотивтің механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтарын тексеру жіне реттеу бойынша практикалық жұмыстар дағдысы

Механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың құрылымы, құрылымдары мен тексеру және реттеу тәсілдері туралы білім. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың, тораптар мен агрегаттардың өзара іс-әрекеті мен жөндеу. Тексерілетін және жөнделетін локомотивтердің құрама топтарын дұрыс жинақтау


2 ф

Локомотивтің түйіндері мен бөлшектері

Арнайы стендтер, домкрат, кран және басқа да жөндеу қондырғылары жабдықтары

2-2 М Түйіндер мен бөлшектерді 6-7 квалитеттер (дәлдіктің 1 - 2 класстары) бойынша слесарлық жөндеу және қиыстыру

Слесарлық құрылғы мен бақылау-өлшеу аспаптарымен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Түйіндер мен бөлшектерді қиыстыру әдістерін өз бетінше анықтау


Бақылау-өлшеу аспаптарының, шаблондардың, аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы туралы білім

Электрлік аппараттар. Бақылап-өлшеу құралдары.

Автоматты локомотивті сигнал берудің, автоаялдың және радои байланыстың басқару құрылғысы аспабы. Электровоз бен электропойыз вагондарының электрлі басқару тізбектері сызбасы

Гидропневматикалық, гидравликалық домкрат, кран, арбаша-манипуляторлар, стендтер, арнайы механизмдер мен жабдықтар, электрлік құралдар

2-3 М Электрлік тізбектегі ақауларды жою. Дистанциялық басқарудың электрлік жүйесін сынау және реттеу. Бақылап-өлшеу құралын тексеру, аппараттарды реттеу



Жұмыстың әр түрін жүргізу үшін электрлік сызбамен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Локомотивтің электрлік сызбасын тексеру және реттеу әдістерін өз бетінше анықтау

Локомотивтің электрлік сызбасы құрылымы мен тексеру және реттеу тәсілдері туралы, түйіндерінің ақаулықтарын анықтау және жою жолдары мен әдістері туралы білім. Электрлік сызба құрылымы мен қызмет ету принциптері, сонымен қатар оларды пайдалану және қауіпсіздік техникасы



3-кесте



^ 3. «СБШ 4-деңгейіндегі техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

3 Ф

Электровоздың тартымдық қозғалтқышы, жұдырық түйістіргі, айналымдар санын реттегіш, барлық типті басқарушы реле, жылу релесі, ток қабылдағыш

Арнайы стендтер, домкрат, кран және басқа да жөндеу қондырғылары жабдықтары

3-1 М. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және олардың пайдалану кезіндегі дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі бірегей, эксперименттік, механикалық, электрлік, пневматикалық жабдықтар, агрегаттар, қондырғылар, аппараттар мен аспаптарды жөндеу, бақылау, техникалық жағдайын тексеру, сынау және реттеу

Жұмыстың әр түрін жүргізу үшін бірегей, эксперименттік жабдықтар және механизмдермен практикалық жұмыс жасау дағдысы


Техникалық пайдалану, локомотивтердегі бірегей жабдықтардың: механикалық, электрлік және пневматикалық, агрегаттардың, құрылғылардың, аппараттар мен аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері туралы білім. Жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету. Бірегей және тәжірибелік жабдықтарды жөндеудің технологиялық процесі

Ескертпе: М – мақсат.


«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»

кәсіби стандартына

5-қосымша


Келісу парағы


Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.

Кәсіби стандарттардың реестріне №______________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні____________________.



Похожие:

«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау»
Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Құрлық...
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon«Локомотив паркін пайдалану» кәсіби стандарты
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «26» қарашадағы №939 бұйрығымен бекітілген
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon«Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолды ағымдағы ұстау»
«Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік...
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу»
«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету,...
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау кәсіби стандарты»
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «20» қарашадағы №918 бұйрығымен бекітілген
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon2014 жылғы БҚо жк және ажб бойынша ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын мердігер ұйымдардың тізімі
БҚо жк және ажб бойынша ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын мердігер ұйымдардың тізімі
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon2013 жылғы БҚо жк және ажб бойынша ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын мердігер ұйымдардың тізімі
БҚо жк және ажб бойынша ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын мердігер ұйымдардың тізімі
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты iconЖүру бөлігінің қоршауын орнату, ұстау, және жөндеу (Жүру бөлігінің қоршауын дайындау, орнату, ұстау және жөндеу)
Мм павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, Жүру бөлігінің қоршауын орнату, ұстау, және жөндеу (Жүру бөлігінің қоршауын дайындау, орнату,...
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты icon«Вагон паркін сақтау» кәсіби стандарты
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «26» қарашадағы №938 бұйрығымен бекітілген
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты iconКәсіби стандарты Жалпы бөлім
«Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы