«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon

«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты



Название«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты
Дата конвертации22.02.2014
Размер220.93 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «28» қарашадағы № 954 бұйрығымен бекітілген


«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу АЖ-1 және АЖ-2»

кәсіби стандарты


1. Жалпы бөлім



1. «Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу АЖ-1 және АЖ-2» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
^





2. КС паспорты



5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 33.17 «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу»;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі қызметшілері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізімі мен кәсіптік талаптары;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

АЖ-1 және АЖ-2 вагондарды ағымдағы жөндеу;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.


^

3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіптің) карточкалары




1-параграф «Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша)»




6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:


1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 2359 «Басқа топтарға кірмеген , оқыту бойынша мамандар»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша);

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – поездар қозғалысы қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық процесстерді, типтік және жергілікті талаптарды орындау;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Нұсқаушының (автотежеуіш пен букстік торап бойынша) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.




^

2-параграф «Вагон депосы шебері»




7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:


1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 1226 «Материалды-техникалық жабдықтау мен өтімдеуде, көлік пен байланыс мекемелердегі арнайы (өндіру-пайдаланылатын) бөлімшелердің (қызмет) жетекшілері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон депосының шебері;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – поездар қозғалысы қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық процесстер талаптарын орындау;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосының шеберінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.

^


3-параграф «Темір жол жүрісіндегі кран машинисті»




8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:


1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 1226 «Материалды-техникалық жабдықтау мен өтімдеуге, көлік пен байланыс мекемелердегі арнайы (өндіру-пайдаланылатын) бөлімшелердің (қызмет) жетекшілері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: теміржол жүрісіндегі кран машинисті;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – кран механизмдері, металл құрылымдары және басқа да бөлшектерінің дұрыстығы тексерісін жүргізу;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Теміржол жүрісіндегі кран машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.





  1. КС бірліктерінің тізімі


9. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1 - 3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.



  1. КС бірліктерінің сипаттамасы


10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 - 3-кестелерінде келтірілген.



  1. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері


11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.


7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі


13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

14. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.


«Вагондарды ағымдағы ағытып

жөндеу АЖ-1 және АЖ-2»

кәсіби стандартына

1-қосымша


^ Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері




р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша разряды

1

Поездар қозғалысы қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталғын технологиялық процесстердің, типтік және жергілікті нқсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз ету

Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша)

Нұсқаушы

5

-

2

Поездар қозғалысы қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталғын технологиялық процесстердің, типтік және жергілікті нқсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз ету

Вагон депо шебері

Вагон депо щебері

5

-

3

Кранның басқа бөлшектері мен металлқұрылымдар, барлық механизмдердің дұрыстығын қарау

Теміржол жүрісіндегі кран машинисті

Теміржол жүрісіндегі кран машинисті

4

-

Ескертпе. БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.


«Вагондарды ағымдағы ағытып

жөндеу АЖ-1 және АЖ-2»

кәсіби стандартына

2-қосымша


1-кесте


^ 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Нұсқаушының (автотежеуіш пен букстік торап бойынша) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Техникалық қызмет көрсету бекеті

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары білім

2 жылдан кем емес


2-кесте


^ 2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы шеберінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Техникалық қызмет көрсету бекеті

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша. Жұмысқа рұқсат: ғимарат ішіндегі және ашық аспан аясында

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Қосымша кәсіптік білім дайындығымен техникалық және кәсіптік білім

Кемінде 3 жыл

Жоғарғы кәсіптік (техникалық) білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды



3-кесте


^ 3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Темір жол жүрісіндегі кран машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігін ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, еңбек қорғау бойынша кіріспе талап, жұмыс орнындағы еңбек қорғау бойынша алғашқы талап, және де өртке қарсы талаптар

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Қосымша кәсіптік дайындығы бар техникалық және кәсіптік білім

Кемінде 3 жыл

Жоғарғы кәсіптік (техникалық) білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды



«Вагондарды ағымдағы ағытып

жөндеу АЖ-1 және АЖ-2»

кәсіби стандартына

3-қосымша


^ КС бірліктерінің тізімі


1-кесте


1. «Нұсқаушының (автотежеуіш пен букстік торап бойынша)»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Технологиялық процесстердің талаптары, типтік және жергілікті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету

2 Ф

Вагонның қосымша бөлшектер мен материалдардың болуы, пайдалану және жөндеу цехтерінде слесарлы және өлшеуіш құрал-саймандар, жабдықтарды күтуді бақылау


2-кесте


^ 2. «Вагон депосы шеберінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Технологиялық процесстердің талаптары, типтік және жергілікті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету

2 Ф

Жұмысшылардың біліктілігі мен білімін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, пайдаланылатын жабдықтардың техникалық жағдайын қамтамасыз ету


3-кесте


^ 3. «Темір жол жүрісіндегі кран машинистінің»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Теміржол жүрісіндегі кранды қабылдау

2 Ф

Теміржол жүрісіндегі кранды басқару

3 Ф

Теміржол жүрісіндегі кранды күту және қызмет көрсету

Ескертпе: Ф – функция.


«Вагондарды ағымдағы ағытып

жөндеу АЖ-1 және АЖ-2»

кәсіби стандартына

4-қосымша
^


КС бірліктерінің сипаттамасы



1-кесте


1. СБШ 5-деңгейіндегі «Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша)»

еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Жүк вагондар

ВУ-68 журналы

1-1 М Техникалық қызмет көрсету графигіне сәйкес жасалған жүк вагондарының тұруы нормаларын ұстануды қамтамасыз ету

Жөндеудегі жүк вагондарының техникалық қызмет көрсету кестесіне сәйкес бос болу нормасының орындалуы кезінде талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

Вагондарға пайдалану кезінде және жөндеу кезінде қойылатын техникалық талаптар. Вагондарды пайдалану және жөндеу кезінде шикізат, материалдар, отын және энергияны жұмсау нормативтері. Қазақстан Республикасының теміржол көлігі жұмысшыларының тәртібі туралы білім. Теміржолын техникалық пайдалану. Теміржолындағы дабыл жүйесі туралы нұсқамалық. Теміржолындағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар туралы талаптар. Вагондарды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету туралы нұсқамалық ЦВ-ЦЛ-408. Дөңгелекті мойынтіректі вагон буксін пайдалану және жөндеу бойынша Нұсқамалық кеңестер 3-ЦВРК. Вагонның тежегіш құрылғысын жөндеу туралы жалпы басшылық 732-2009 ПКБ ЦВ. Теміржолдың жылжымалы құрамының автотіркегіш құрылғысын жөндеу және қызмет көрсету туралы нұсқамалық. Жоғарғы органдардың қаулылары, жарлықтары, бұйрықтары және басқа да өз міндеттері шеңберіндегі әдістемелік және нормативтік материалдар. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздік нормалары

1-2 М .Жоғары қауіптілікпен байланысты жұмысшылардың еңбек шарттарының қауіпсіздікпен қамтамасыз ету

Жоғары қауіптегі жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді бақылау және түзету. Қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз ету үшін талдау жүргізу және шешімдер қабылдау дағдысы

1-3 М Біліктілікті көтеруге көмек көрсету, оқуды ұйымдастыру және қыста бірінші рет жұмыс істейтін жұмысшыларды дайындау (алғашқы қыс мезгілінде)

Жұмысшылармен оқуды ұйымдастыруға және бірінші рет жұмыс жасайтын жұмысшыларды дайындауда талдау жүргізу және шешімдер қабылдау.Жұмысшылардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды бақылау және түзету

1-4 М ААЖ цехтеріндегі ВУ-68 журналын жүргізуді бақылау

ААЖ цехтарында ВУ-68 журналының жүргізілуін талдау және өзіндік талдау дағдысы


1-5 М Жолға шығып, ТҚҚБ, ААЖ, КЖ жұмысшыларына техникалық оқыту жүргізу

ТҚҚБ, ААЖ, ББ жұмысшыларымен техникалық оқу жүргізуді бақылау және түзету. Техникалық оқу жүргізу бойынша шешімдер қабылдау дағдысы


1-6 М Вагондардың доңғалақты булар және тығылып қалу тораптары, автотежегіш пен автоағытқыш жабдықтарды жөндеу және пайдалану сұрақтары бойынша көрнекі құралдар, плакаттар, макеттерді пайдаланып және практикалық көрсетім арқылы жекеленген сұхбаттасу мен техникалық сабақтарды жүргізу

Вагондағы автотіркесті, автотежегішті жабдықтарға, дөңгелек жұбына және букстік түйіндерге қатысты вагондарда техникалық оқулар және жеке сұхбаттар жүргізуді талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

2 Ф

Доңғалақты булар және тығылып қалу тораптары, автотежегіш және соққылы-күш жабдықтары, вагондар

ВУ-41 актісі

2-1 М Доңғалақты булар және тығылып қалу тораптары, автотежегіш және соққылы-күш жабдықтарымен қызмет көрсету сапасын тексеру және ААЖ, ТҚКБ цехтеріндегі және бақылау бекеттеріндегі технологиялық процесстерді ұстану

ТҚҚБ, ААЖ, ББ цехтарында дөңгелек жұбы, букстік түйіндер, автотежегішті және соққыш-тартымдық құрылғыларды күтуді және технологиялық процесстердің сақталуын тексеру кезінде шешімдер қабылдау дағдысы


2-2 М Ақаулықтарды жою бойынша оперативті шараларын іске асыру, жолдардағы поездарды ағыту және тоқтатуды талдау

Жолдағы поездардың тоқтауын және ағытылуын талдау дағдысы. Кемшіліктерді жоюдың оперативтік шараларын жүргізу кезінде шешімдер қабылдау

2-3 М Жөндеу жолына вагондарды дұрыс ағытуды қамтамасыз ету

Вагондардың жөндеу жолдарында ағытуын қамтамасыз ету кезінде шешімдер қабылдау дағдысы

2-4 М ВУ-41 актісін құрастырумен доңғалақты булар және тығылып қалу тораптардың ақаулықтары бар жағдайларды зерттеуге қатысу

Дөңгелек жұбы мен букстік түйіндер жарамсыздығы жағдайларын тексеру кезінде шешімдер қабылдау дағдысыВУ-41 актісін құрастыру кезінде талдау дағдылары

2 5 М Оперативті талдау және жарамсыздық жағдайларын зерттеуге қатысу

Ақауларды тексеруге және оперативтік таратуға қатысу кезінде шешімдер қабылдауды талдау дағдысы


2-кесте


^ 2. СБШ 5-деңгейіндегі «Вагон депосы шеберінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Вагондар, контейнерлер, жабдықтар, вагон материалдары

Нормативтік құжаттар

1-1 М Жүк вагондарының жөндеу кезінде бос болуының сақталуын техникалық қызмет көрсету кестесіне сәйкес қадағалау

Жүк вагондарының жөндеу кезінде бос болуының сақталуын техникалық қызмет көрсету кестесіне сәйкес қадағалау кезінде талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

Вагондарға пайдалану кезінде және жөндеу кезінде қойылатын техникалық талаптар. Вагондарды пайдалану және жөндеу кезінде шикізат, материалдар, отын және энергияны жұмсау нормативтері. Теміржол көлігі жұмысшыларының тәртібі туралы білім. Теміржолын техникалық пайдалану. Теміржолындағы дабыл жүйесі туралы. Теміржолындағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар туралы талаптар. Вагондарды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету туралы нұсқамалық ЦВ-ЦЛ-408. Дөңгелекті мойынтіректі вагон буксін пайдалану және жөндеу бойынша Нұсқамалық кеңестер 3-ЦВРК. Вагонның тежегіш құрылғысын жөндеу туралы жалпы басшылық 732-2009 ПКБ ЦВ. Теміржолдың жылжымалы құрамының автотіркегіш құрылғысын жөндеу және қызмет көрсету туралы нұсқамалық. Жоғарғы органдардың қаулылары, жарлықтары, бұйрықтары және басқа да өз міндеттері шеңберіндегі әдістемелік және нормативтік материалдар. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздік нормалары

1-2 М Цех және бекітілген бақылау бекетін қосалқы бөлшектер және материалдармен қамтамасыз ету

Цех және бекітілген бақылау бекетін қосалқы бөлшектер және материалдармен қамтамасыз ету кезінде өзіндік талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

1-3 М Жоғары қауіппен байланысты жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру

Жоғары қауіппен байланысты жұмысшыларға еңбек жағдайларын қамтамасыз ету кезінде бақылау және түзету. Қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз ету үшін талдау және шешімдер қабылдау

1-4 М Парктегі жабдықтардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету, электр энергиясын, майды, қатты отынды үнемдеп жұмсау

Жабдықтардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету кезінде бақылау және түзету. Электр қуатын, материалдарды үнемдеп жұмсау үшін талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

1-5 М Бағынышты цехтарда өртке қарсы қауіпсіздік жағдайын бақылау

Бағынышты цехтарда өртке қарсы қауіпсіздік жағдайын бақылау және түзету

1-6 М Ақаулардың себебін тергеуге және оперативтік сұрыптауға қатысу

Ақаулардың себебін тергеу және кезекті оперативтік сұрыптау кезінде бақылау және түзету

2 Ф

Жабдықтар, құралдар

Біліктілікті арттыру бойынша материалдар

2-1 М Вагондарды жөндеуге қажет материалдар мен қосалқы бөлшектерге сұраным жазу

Вагондарды жөндеуге қажет материалдар мен қосалқы бөлшектерге сұраным жазу кезінде талдау және шешімдер қабылдау

2-2 М Жабдық пен энергетикалық шаруашылықтың техникалық жағдайын, құрылымын қадағалау

Жабдық пен энергетикалық шаруашылықтың техникалық жағдайын сақтау кезінде талдау және түзету. Олардың үзіліссіз жұмыс жасауына жағдай жасау үшін талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

2-3 М Бағынышты цехтардағы өлшеу құралдарының мерзімді тексерілуін бақылау

Бағынышты цехтардағы өлшеу құралдарын тексеру кезінде талдау, өзіндік талдау, шешімдер қабылдау

2-4 М Бақылау бекеттеріне бекітілген жұмысшылармен техникалық оқу жүргізу

Бақылау бекеттеріне бекітілген жұмысшылармен техникалық оқу жүргізу кезінде бақылау және шешімдер қабылдау Техникалық оқуды ұйымдастыру кезінде талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

2-5 М Жұмысшылардың біліктілігін арттыруға, оқуды ұйымдастыруға және қыс мезгілінде бірінші рет жұмыс жасайтын жұмысшыларды дайындауға көмек көрсету

Жұмысшылар оқуын ұйымдастыруда және (қыс мезгілі жұмысына) дайындауда талдау және шешімдер қабылдау дағдысы. Жұмысшылардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруда бақылау және түзету


3-кесте


^ 3. СБШ 4-деңгейіндегі «Темір жол жүрісіндегі кран машинистінің»

еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Кран, механизмдер мен темір құрылымдар

Құрал-

саймандар жиынтығы, стрела канаттар

1-1 М Механизмдер мен темір құрылымдар, кранның басқа бөліктерінің дұрыстығын, және де алдағы болатын жұмыс орнындағы теміржолдың дәйектілігін қарау

Алынған тапсырмаларды нақтылау, бағыныштыларға міндет қою,кран механизмдері, олардың бекіткіш және тежегіш, және де жүріс бөлігі, жүк және буферлік құрылғылар жұмысына баға беру

Жақындаулар және кран, темір құрылымдары, стреланың ілмек элементтері мен тежегіш жүйелерінің техникалық сипаттамалары принциптері туралы білім

1-2 М Номерлер мен сынақ күні, жүк көтергіштігі көрсетілген биркалар немесе таңбалары оларда бар болуы және алынбалы жүк тартқыш құралдардың дұрыстығын жүк артатындармен бірге тексеру

Номерлер мен сынақ күні, жүк көтергіштігі көрсетілген биркалар немесе таңбалары оларда бар болуы және алынбалы жүк тартқыш құралдардың дұрыстығын жүк артатындармен бірге тексеру кезінде өзіндік анықтау дағдылары мен жұмыстың реттелгендігі

Жақындаулар және жүк көтеру механизмдері, стрелалық немесе жүк канаттардың принциптері туралы білім

1-3 М Бос жүрістегі барлық механизмдерді байқап көру

Бос жүрістегі барлық механизмдерді байқап көру кезінде өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдылары

Жақындаулар және теміржол жүрісіндегі кранның жұмыс істеу принциптері туралы білім

2 Ф

Кран, механизмдер мен темір құрылымдар

Құлатушы-шаңғылар, жүк

2-1 М Жүктерді орын ауыстыру және қозғалысы кезінде кранның қауіпсіз қозғалысын және жылдамдық режимін ұстану

Жүктерді орын ауыстыру кезіндегі кранның қауіпсіз қозғалысы мен анықталған жылдамдықпен жүргізу дағдылары

Жақындаулар, принциптер және жылдамдық режимі мен кранды басқару тәсілдері туралы білім

2-2 М Тұрақты және айнымалы ток бөліктерінде электрлендірілген рельс төсегіш және жол төсегіш крандар, стрела крандарды қолдана жұмыстарды орындау кезінде іргелес жүйедегі кернеуді алып тастауды бақылау

Өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдылары. Алынған тапсырмаларды нақтылау, тұрақты және айнымалы ток бөліктерінде электрлендірілген рельс төсегіш және жол төсегіш крандар, стрела крандарды қолдана жұмыстарды орындау кезінде бағыныштыларға міндеттер қою

Жақындаулар, принциптер және теміржолдағы маневрлік жұмыстарды орындау тәсілдері туралы білім.Орындалып жатқан жұмыс аясына қатысты нормативті актілер туралы білім

2-3 М Берілген стрела шығу үшін жүк көтергіштігі рұқсат етілгенге жуық салмағы бойынша кемінде 200-300 мм биіктікке жүкті алдын ала көтеру. Бірқалыпты төсеу және жүкті бөлшектеу

Жүкті алдын ала көтеру, төсеу және бөлшектеу кезінде өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдылары

Жақындаулар және кран, темір құрылымдары, стреланың ілмек элементтері мен тежегіш жүйелерінің техникалық сипаттамалары принциптері туралы білім

3 Ф

Кран, механизмдер мен темір құрылымдар

Майлау, құжат айналым

3-1 М Кран жабдықтары мен механизмдеріне дұрыс күйде және тазалықта сақтау. Механизмдер мен канаттарды уақтылы майлау

Кран жабдықтары мен механизмдеріне дұрыс күйде және тазалықта сақтау бойынша бағыныштыларға міндет қою. Механизмдер мен канаттарды уақтылы майлау

Ескерту: М – мақсат;

ТҚКБ – техникалық қызмет көрсету бекеті;

ААЖ – ағымдағы ағытып жөндеу;

ББ – бақылау бекеті.


«Вагондарды ағымдағы ағытып

жөндеу АЖ-1 және АЖ-2»

кәсіби стандартына

5-қосымша


Келісу парағы


Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





Осы КС _____________________________________________________ тіркелді.

Кәсіби стандарттардың реестріне №______________________________ тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________



Похожие:

«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау»
Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Құрлық...
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу»
«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету,...
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолды ағымдағы ұстау»
«Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік...
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты iconКәсіби стандарты Жалпы бөлім
«Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету...
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»
Кс «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне және құзыретіне,...
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау»
«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Автокөліктік құралдарды жөндеу және техникалық...
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Жолаушылардың әуе көлігі» кәсіби қызметі саласындағы біліктілік деңгейіне,...
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Жолға арналған техникаларды пайдалану және жөндеу» кәсіби стандарты
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «26» қарашадағы №945 бұйрығымен бекітілген
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «26» қарашадағы №940 бұйрығымен бекітілген
«Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу аж-1 және аж-2» кәсіби стандарты icon«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «Теңіз және жағалау жүк көлігі» кәсіби...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы