Приказ астана қаласы город Астана № icon

Приказ астана қаласы город Астана №



НазваниеПриказ астана қаласы город Астана №
Дата конвертации21.01.2013
Размер153.41 Kb.
ТипДокументы
источник







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

МИНИСТРЛІГІ


БҰЙРЫҚ





МИНИСТЕРСТВО

ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


ПРИКАЗ
Астана қаласы


город Астана

______________№_________________



«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» және «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 19 тамыздағы № 252 бұйрығына өзгерістер еңгізу туралы



«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы №226 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» және «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 7187 тіркелген) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 19 тамыздағы № 252 бұйрығына келесі өзгерістер еңгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызмет регламентінде

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы»

«Негізгі ұғымдар» 1 бөлімінде:

1 тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«6) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, оларға идаралық бағыныстағы ұйымдардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың іске асыру функциялары түрлерінің бірі, заңды және жеке тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтінішімен немесе өтінішсіз орындалатын, бюджеттік қаражатпен қаржыландырылатын заңды және жеке тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;»;

«7) мемлекеттік қызмет алушы – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде оның заңды құқықтары мен мүдделері қанағаттандырылатын заңды немесе жеке тұлға (электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің иесі немесе меншік иесі);»;

«Жалпы ережелер» 2 бөлімінде:

3, 4 және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызметін «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТТСТО» РМК) көрсетеді.»;

«4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;

«6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі депозитке салу объектісінің депозитарийде тіркелгені туралы қағаз тасығыштағы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама), немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.».

«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар» 3 бөлімінде:

7, 8, 9 және 10 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызмет «ТТСТО» РМК-мен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен көрсетіледі. Қызмет алу үшін алдын ала жазылу талабы жоқ. Жедел қызмет көрсету тәртібі қарастырылмаған. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1-үйі, 404-кабинет.»;

«8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар туралы ақпарат www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылады немесе (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.»;

«9. Мемлекеттік қызмет алушымен осы Регламенттің 14 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге тапсыру және анықтама беру аралығы 20 жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік қызметтің уақыт бойынша шектеу мерзімі:

  1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі- Комитет) ұш жұмыс күні аралығында өтінімді «ТТСТО» РМК тапсырады.

  2. «ТТСТО» РМК жеті жұмыс күні аралығында депозитке беру өтінімінің рәсімделуін, депозитке салу объектілерінің жиынтығын, бағдарламалық кодтардың жеткіліктілігін, компиляцияланған модулдердің тұтастығын және депозитке салу объектілерінен қалпына келтірілген депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің құнды жұмыс қабілеттілігін тексереді және қорытынды әзірлейді.

  3. тексеру нәтижесі оң болған жағдайда «ТТСТО» РМК бес жұмыс күні аралығында депозитке салынатын бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама туралы тиісті мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдердің Тізіліміне енгізеді, және депозитке салынған объектілерге депозитарлық нөмірлер меншіктейді.

  4. депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда немесе депозитке беру объектілерінде сәйкессіздік болған жағыдайда уәкілетті ұйым осы Ереженің 40 тармағында көрсетілген мерзімде депозитке беру өтінімін және депозитке беру объектілерін уәкілетті органға қайтару себебін көрсетіп қайтарады. Уәкілетті орган үш жұмыс күні аралығында тіркеу өтінімдерін иесіне қайтарады.

Электрондық апараттық ресурстардың және (немесе) ақпаратты жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі қайтарылған өтінім мен депозитке берілген объектілерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні аралығында ескертулерді түзеп, оларды қайтадан уәкілетті органға ұсынады.»;

«10. Осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын бермеу және/немесе депозитке беруге арналған өтінім тиісті ресімделмеген деректі анықтау, Комитеттің мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына негіз болады.»;

11 тармақтың 3), 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) 3-кезең – Комитеттің лауазымдық тұлғасы кіріс корреспонденциясына қосымша берілген өтінім мен материалдар бірге қарастырады, ілеспе хатпен материалдарды «ТТСТО» РМК әзірлейді;»;

«10) 10-кезең Комитеттің лауазымдық тұлғасы қайтару себептерін көрсетумен өтінімді мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.»;

12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде бір тұлғамен жүзеге асырылады.»;

«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) тәртібін сипаттау» 4 бөлімінде:

13 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет алу үшін Комитетке қосымшаларын көрсетумен ілеспе хатты ұсынады, ол Комитеттің ҚҚҚ қызметкерімен ілеспе хатта көрсетілген тізім бойынша қабылдап алынады. Комитеттің ҚҚҚ қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген ілеспе хатты тіркеуі мемлекеттік қызмет алушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайды.»;

14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды:

1) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруге арналған, белгіленген нысандағы өтінімді;

2) ілеспе хаттан бөлек бір конвертке (пакетке) екі данада (түпнұсқасы және көшірмесі) мына жиынтықта салынған электрондық тасығыштағы (компакт-дискілердегі) материалдарды:

ақпараттық жүйенің мыналарды қамтитын атқарылатын бағдарламалық кодтары:

авторлық кұқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;

қолмен немесе автоматты түрде компиляциясы үшін қажетті қызметтік файлдар;

компиляция процесінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасын көрсете отырып), депозитке берілетін бағдарламалық өнімді құрастыру үшін қажетті әзірлеу ортасын ретке келтіру ерекшеліктерінің сипатталуы;

ақпараттық жүйелердің мыналарды қамтитын инсталляциялау пакеті:

депозитке берілетін бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттері;

депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей құрған, құрастырылған модульдері (құрауыштары), сондай-ақ басқа әзірлеушілердің құрастырылған модульдері (құрауыштары), депозитке берілетін бағдарламалық өнімді құрастыру, орнату және оның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті ретке келтіру мен жұмыс деректері бар файлдар;

қажет болған жағдайда, меншік иесі немесе иеленуші айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;

ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипатталуы;

нормативтік-техникалық құжаттама – ақпараттық жүйенің ерекшелігі, сипаттамасы, сынау бағдарламасы мен әдістемесі, мыналарды қамтитын пайдалану құжаттамасы:

депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің ерекшелігі;

техникалық тапсырма (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезендерінің);

формуляр (негізі сипаттары, жинақтаулық және депозитке берілетін бағдарламалық өнімді пайдалану туралы мәліметтер);

бағдарламалық өнімнің сипатталуы (жұмыстың және өзара іс-қимылдық схемасы мен диаграммасын қоса алғанда, бағдарламалық өнімнің логикалық құрылымы мен жұмыс істеуі туралы мәліметтер);

түсіндірме жазба (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнімнің алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі);

қолданылуын сипаттау (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің сыныбы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгі кескіні туралы мәліметтер);

орнату жөніндегі басшылығы;

әкімшінің басшылығы;

пайдаланушының басшылығы;

техникалық тапсырмамен талап етілетін өзге де құжаттар;

3) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар.»;

«Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі» 5 бөлімінде:

20, 21, 22, 23, 24 және 27 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылықтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы толық ақпаратты № А729 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады.»;

«21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы шағымды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1-үй, №А787 кабинет, телефон (87172) 74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.»;

«22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды мемлекеттік қызмет алушы Комитетке 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасыны 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.»;

«23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.»;

«24. Шағым ерікті түрде, екі данада ресімделеді, оның біреуі жасалған шағымға жауап алатын мерзімі мен орыны, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетіліп, мемлекеттік қызмет алушыға беріледі.»;

«27. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtc.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.».

Осы бұйрықпен бекітілген «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:

«Негізгі ұғымдар» 1 бөлімінде:

1 тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдардың жекелеген функцияларын iске асыру нысандарының бiрi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын қызмет;»;

«4) мемлекеттік қызмет алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және/немесе заңды тұлғалары (электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің иесі немесе меншік иесі)»;

«Жалпы ережелер» 2 бөлімінде:

3 және 6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.»;

«6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде (бұдан әрі - АР мен АЖ мемлекеттік тіркелімі) қағаз тасығышта ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - Куәлік) беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;

«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар» 3 бөлімінде:

7, 8, 9 және 10 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызмет Комитетпен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен көрсетіледі. Қызмет алу үшін алдын ала жазылу талабы жоқ. Жедел қызмет көрсету тәртібі қарастырылмаған. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет.»;

«8. Мемлекеттік қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты (87172) 74-06-85 телефоны арқылы Комитеттен ала алады.»;

«9. Мемлекеттік тіркелімге еңгізу және Куәлік беру үшін мемлекеттік қызмет алушы осы Регламенттің 14- тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 43 жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік қызметтің уақыт бойынша шектеу мерзімі:»;

3) Комитет тіркеу өтінімдері тіркелген сәттен бастап 3 жұмыс күні аралығында олардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелде және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – «ТТСТО» РМК) АР мен АЖ мемлекеттік тіркеліміне мәліметтерді еңгізу үшін жолдайды;»;

6) тіркеу өтінімдері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 16 қыркүйекте № 6497 тіркелген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтінімдердің нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген нысандарға сәйкес келмеген жағдайда, Комитет оларды алған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде тіркеу өтінімдерін қайтару себептерін көрсетумен мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады;

7) мемлекеттік қызмет алушы қайтарылған тіркеу өтінімдерін алған сәттен бастап ескертулерді жояды және оларды тіркеу үшін Комитетке қайтадан тапсырады;

8) мемлекеттік қызмет алушының тіркеу өтінімдерін қайталама қарау осы Регламенттің 9-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

9) АР мен АЖ тіркеу кезінде тіркеу деректерінің мазмұнын немесе құрамын нақтылау үшін Комитет мемлекеттік қызмет алушыдан АР мен АЖ туралы қосымша ақпарат сұратады;

10) тіркеу үшін қажетті, АР мен (немесе) АЖ туралы қосымша ақпарат ұсыну туралы сұрау алған кезде, мемлекеттік қызмет алушы тиісті сұрауды алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде толық жауап ұсынады;»;

«10. Осы Реглементтің 14-тармағында көрсетілген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын тапсырмау және/ немесе тіркеу өтінім тиісті ресімделмеген деректі анықтау, Комитеттің мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына негіз болады.»;

11 тармақтың 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«10) 10-кезең – Комитеттің лауазымдық тұлғасының мемлекеттік қызмет алушыға Куәлікті дайындауы және жіберуі;

11) 11-кезең – тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделмеген жағдайда Комитеттің лауазымдық тұлғасы қайтару себептерін көрсетумен тіркеу өтінімдерін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.»;

12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде бір тұлғамен жүзеге асырылады.»;

«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) тәртібін сипаттау» 4 бөлімінде:

13 және 14 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Кіріс (оның ішінде электрондық) хат-хабарларды тіркеу және мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрауын (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпарат алу тәртібі:

  1. қажетті құжаттары мен материалдары бар ілеспе хат Комитетке жолданады;

2) құжаттар мен материалдарды қабылдауды Комитеттің кеңсесі мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 - кіреберіс, № А746 кабинет, телефоны: (87172) 74-03-64.

3) мемлекеттік қызметтің көрсетілетін күнінің көрсетілуімен Комитет ҚҚҚ-да ілеспе хаттың тіркелуі мемлекеттік қызмет алушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайды.

14. Мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынатын қажетті құжаттар тізбесі:

1) мемлекеттік қызмет алушымен қол қойылған және расталған, Бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтінімнің түпнұсқасы;

2) өтінімнің қағаз және электрондық тасығыштардағы көшірмелері.»;

16 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысады:

ҚФБ1- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;

ҚФБ2 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;

«Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі» 5 бөлімінде:

20, 21, 22, 23, 24 және 27 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылықтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы толық ақпаратты № А729 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады.»;

«21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы шағымды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1-үй, №А787 кабинет, телефон (87172) 74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.»;

«22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды мемлекеттік қызмет алушы Комитетке 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасыны 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.»;

«23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.»;

«24. Шағым ерікті түрде, екі данада ресімделеді, оның біреуі жасалған шағымға жауап алатын мерзімі мен орыны, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетіліп, мемлекеттік қызмет алушыға беріледі.»;

«27. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtc.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.».

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы Р.Р. Нұршабековке осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы және www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

3. Осы бұйрықтың атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.


Министр А. Жұмағалиев




Похожие:

Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ астана қаласы город Астана №
Об утверждении форм ежемесячной информации об объемах производства (реализации), уровне доходности и
Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ №14 Астана қаласы город Астана
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2001 года №550, приказываю
Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ №652 Астана қаласы город Астана
Об утверждении курсов по подготовке водителей автотранспортных средств, перевозящих опасные грузы в международном сообщении
Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ №88 Астана қаласы город Астана
Охватывают, по меньшей мере, темы по маркировке и знакам опасности для различных грузов, оказанию первой помощи, тушению пожара и...
Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ №463 Астана қаласы город Астана
В соответствии с подпунктом 5 пункта 1 статьи 7 и подпунктом 1 статьи 145 Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе...
Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ астана қаласы город Астана №
Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі...
Приказ астана қаласы город Астана № iconПостановление Астана қаласы 2010 ж. «27» мая город Астана №11 о дополнительных мерах по профилактике вирусных гепатитов в и С»
Главным государственным санитарным врачам областей, городов Астана, Алматы, на транспорте
Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ № Астана қаласы город Астана
«Об утверждении Правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих железнодорожные...
Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ №990 Астана қаласы город Астана
В соответствии с постановлениями Правительства Республики Казахстан от 11 ноября 2004 года №1188 «Об утверждении Правил субсидирования...
Приказ астана қаласы город Астана № iconПриказ №990 Астана қаласы город Астана
«Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы