Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon

Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер



НазваниеМемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
Дата конвертации30.09.2012
Размер111.08 Kb.
ТипРегламент
источник


Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат

министрінің

2012 жылғы «___»_____

№ _____ бұйрығымен

бекітілген


«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»

мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.

2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызмет регламенті – мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

2) орындаушы – міндетіне компьютер жүйелерінің сараптамасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу және бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру жататын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің лауазымды тұлғасы;

3) сараптамалық комиссия – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен құрылған, куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу жөніндегі комиссия;

4) тұтынушы – заңды тұлға.

3. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 35 бабы 2 тармағымен сәйкес көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу аккредиттеу туралы куәлікті немесе қызметтерді ұсынуда бас тарту туралы дәлелденген жауапты беру және тұтынушыға пошта бойынша жөнелту немесе тұтынушының қолына беру болып табылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


7. Мемлекеттік қызмет Министрлікпен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейін күн сайын көрсетіледі, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін. Қызметті алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жылдамдатылған қызмет көрсету режимі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, кабинеті № А781, телефон: (87172) 74-03-64.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе
8 (7172) 74-10-34 телефоны бойынша беріледі.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  2. Тұтынушы Министрлікке ілеспе хатпен келесі құжаттар пакетін ұсынады:

1) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті беруге өтінішті;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;

3) еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелерін, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттарды;

4) акредиттелетін куәландырушы орталық мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған жағдайда куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігінің аттестатын;

5)өтініш беруші бекіткен куәландырушы орталықтың модульдерінің (құрамдас бөліктерінің) өзара іс-қимылының схемасын және қолданылатын криптографиялық түрлендіру алгоритмдері туралы деректер және электрондық цифрлық қолтаңба үдерісін іске асыру жөніндегі басқа да бастапқы деректер (негізгі талаптар) мен жекелеген параметрлерге және куәландырушы орталыққа қойылатын талаптар бар электрондық цифрлық қолтаңбаның схемаларын;

6) мыналарды:

куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік саясатын;

куәландырушы орталық қызметінің регламентін немесе қағидаларын;

тіркеу куәліктерін қолдану саясатын;

куәландырушы орталық туралы ережені;

штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда өтініш берушінің атынан куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін сүйемелдеу, әкімшілендіру, шығару жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысып, жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлердің (бұдан әрі - жауапты адамдар) іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықты;

куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурстарын резервтік көшіру туралы нұсқаулықты;

куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнату және жөнге келтіру жөніндегі нұсқаулықты регламенттейтін, бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесін;

7) осы куәландырушы орталықта және оны пайдаланушылар қолданатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша пайдаланылатын АКҚҚ-ға сәйкестік сертификатын ұсынады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

  1. мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

  2. комиссия куәландырушы орталықты тексеруге қайтадан шыққан жағдайда өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнге ұзартылуы мүмкін, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

  3. мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі Стандарттың 16-тармағына сәйкес жүргізіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдау Министрліктің жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде бір тұлғамен жүзеге асырылады.



^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы


14. Өтінішті қарау мынадай кезеңдерден тұрады:

1) өтініш берушінің Стандартқа сәйкестігін сараптамалық комиссияның тексеруі;

2) уәкілетті органның куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беруі.

15. Өтініш берушіні тексерген кезде:

1) тексерілетін куәландырушы орталықта қолданылатын, пайдаланылатын АКҚҚ-ның Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығымен үйлесімділігі;

2) Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәлігінен куәландырушы орталықтың АКҚҚ-сын пайдалана отырып, куәландырушы орталықты пайдаланушының (бұдан әрі - клиент) тіркеу куәлігіне дейінгі тіркеу куәліктері тізбегін құру және тексеру;

3) куәландырушы орталық шығаратын тіркеу куәліктерінде уәкілетті орган тіркеген объектілік сәйкестендіргіштердің болуы;

4) электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәліктерінің тізбектерін құрудың және тексерудің тетігі;

5) тіркелген объектілік сәйкестендіргіштер (ОID);

6) серверлік үй-жай;

7) пайдаланылатын байланыс арналары;

8) Қазақстан Республикасының уақыт бірлігінің эталонынан, позициялаудың жерсеріктік жаһандық жүйелерінен, жалпыға бірдей танылған халықаралық көздерден (бұдан әрі - нақты уақыт жүйесі) уақыттың ағымдағы мәні туралы цифрлық ақпараттың ұдайы берілуін қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешенімен аккредиттелетін куәландырушы орталықтың уақытын үйлестіру рәсімі;

9) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелетін куәландырушы орталықтың бірыңғай есепке алу-есеп беру уақыты;

10) куәландырушы орталық ұсынатын қызметтер;

11) куәландырушы орталықтың инфрақұрылымы (сертификаттау орталықтары және тіркеу орталықтары);

12) резервтік сервердің болуы;

13) кері қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің тізіміне кол жетімділік;

14) серверлік бөлмелерге қойылатын талаптар:

үздіксіз қоректену көзінің болуы;

ауа баптау жүйесінің болуы;

серверлердің адам тұрмайтын үй-жайларда орналастырылуға тиістігі;

серверлік үй-жай жабдығы 1,5 см кем емес мөлшердегі кондуитпен ғимараттың жерге тартылған жүйесінің негізгі электродымен қосылуға тиістігі;

серверлік үй-жай төбесінің биіктігі 2,44 метрден кем болмауға тиіс екендігі;

хабарлаудың және өрт сөндірудің автоматты жүйесі;

серверлік үй-жайға кірудің шектелуі, кіруді бақылау;

серверлік үй-жайға жүргізілетін жұмыстардың тігілген журналының болуы айқындалады.

16. Тексеру аяқталған соң тексеру нәтижелері туралы екі данада акт жасалады, онда куәландырушы орталықтың нақты жай-күйі, тұжырымдар мен ұсынымдар көрсетіледі.

Тексеру нәтижелері туралы актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Егер комиссия мүшесінің бірі қабылданған шешіммен келіспеген және тексеру актісіне қол қоймаған жағдайда, ол себептерді негіздей отырып, уәкілетті органға хабарлайды.

Тексеру актісі комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы бар болған кезде қабылданған болып саналады.

Тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы өтініш берушіге беріледі.

17. Тексеру нәтижелері туралы актіге сәйкес уәкілетті орган қолданылу мерзімі үш жыл болатын куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Уәкілетті орган берілген куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәліктерінің тізілімін жүргізеді.

18. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәліктерді берген кезде бас тартылады, егер:

1) өтініш беруші Регламентқа сәйкес қажетті құжаттарды ұсынбаса;

2) өтініш беруші дұрыс ақпарат ұсынбаса;

3)өтініш беруші осы Қағиданың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы стандарттарға сәйкес келмесе, куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартылады.

19. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге осы Регламенттің 11-тармағында белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бас тарту себебін негіздей отырып, ресми хабарлама жолдайды.

20. Аккредиттеу туралы куәліктің негізінде өтініш беруші куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізу үшін Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығына жүгінеді.


«Компьютер жүйелерін бақылау-касса

машиналарының мемлекеттік тізіліміне

енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


Қорытынды беру бойынша үдеріс



3. ҚР БАМ Байланыс және ақпарат комитеті

(сараптамалық комиссия)

КЖ сараптамасы.

Сәйкестік туралы актілер құрастыру.








    
















«Компьютер жүйелерін бақылау-касса

машиналарының мемлекеттік тізіліміне

енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша


1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы







1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Орталық атқарушы органның ҚҚҚ қызметкері

^ Орталық атқарушы органның қызметкері

Сараптамалық комиссия

Орталық атқарушы органның басшысы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, операцияның, рәсімнің)атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарастыру және куәландырушы орталықты зерттеуді жүргізуді тағайындау немесе бас тарту туралы шешімді бекіту

Куәландырушы орталықты зерттеу

Куәландырушы орталықты зерттеудің қорытындыларын қарау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тиісті шешімді бекіту үшін Орталық атқарушы органға ұсыну

Куәландырушы орталықты зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу

Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті құру

Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікке қол қою

5

Орындалу мерзімі

15 минут

5 күнтізбелік күн

23 күнтізбелік күн

2 күнтізбелік күн








Похожие:

Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер iconМемлекеттік қызмет ін көрсету регламенті Жалпы ережелер
Бұл «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» регламенті (әрі қарай-регламент) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (әрі қарай–мемлекеттік...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімен және мемлекеттік мұрағаттармен (бұдан әрі қызмет...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі электрондық мемлекеттік қызмет) «Қарағанды облысының мұрағаттар...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі электрондық мемлекеттік қызмет) «Қарағанды облысының мұрағаттар...
Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік мұрағаттары, баламалы негізде халыққа...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы