Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы icon

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
страница1/23
Дата конвертации30.09.2012
Размер3.74 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 3 шiлдедегi № 419 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 22 тамызда № 7136 тiркелдi


"Заң газетi" 2011 жыл 3 қараша N 161 (1977)




      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ.Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылатын 157, 178, 180, 181 және 182–тармақтарын, сондай-ақ 2011 жылғы 17 қарашадан бастап құқықтық қатынастарға қолданылатын 341–тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ^ Министр                                    Б. Камалиев
 

Қазақстан Республикасы  
Көлiк және коммуникация  
министрiнiң 2011 жылғы  
3 шiлдедегi № 419 бұйрығымен
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды
жүргiзу қағидасы

1. Жалпы ережелер

1-параграф. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi – Заң), «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712 қаулысының талаптарына сәйкес әзiрлендi.
      Қағида коммерциялық әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстар мен жалпы мақсаттағы авиация ұшуын жүзеге асыру, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық карталар» 4-қосымшасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрi – ИКАО) «ӘК ұшуды жүргiзуi» құжатына (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) сәйкес орындалатын әуеайлақ сызбаларын жасау мақсатында ұшуды жүргiзу, Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген азаматтық әуе кемесiн (бұдан әрi - ӘК) пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
      1) абсолюттiк биiктiк - орташа теңiз деңгейiнен нүкте немесе нүкте деп қабылданған объектi деңгейiне дейiнгi тiгi бойынша арақашықтық
      2) авариялық хабарлау – тиiстi қызметтер мен ұйымдарға iздестiру-құтқару қызметтерi көмегiн және мұндай қызметтер мен ұйымдардың қажеттi жәрдем көрсетуiн қажет ететiн әуе кемелерi туралы хабарлама;
      3) авиациялық жұмыстар – пайдаланушы басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделерi үшiн азаматтық әуе кемелерiн пайдалана отырып, орындайтын мамандандырылған операциялар;
      4) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелерiнiң ұшуын, әуе қозғалысына қызмет көрсетудi және әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету мақсатында деректердi жинау, талдау және өңдеу нәтижесiнде алынған ақпарат;
      5) аэростат – көтерiлу күшi тығыздығы ауа тығыздығынан жеңiл қабықтағы газ есебiнен болатын ауадан (қоршаған ортадан) жеңiл ұшу аппараты;
      6) аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыты (ағылшын тiлiндегi қысқартылған SID аббревиатурасы, (бұдан әрi – SID)) - аспаптармен ұшу қағидасы бойынша әуеайлақтан немесе әуеайлағының белгiлi бiр ұшып көтерiлу-қону жолағынан әуеайлақ ауданынан шығу нүктесiне дейiнгi ұшып шығудың белгiленген бағыты;
      7) аспаптар бойынша ұшып келудiң стандартты бағыты (ағылшын тiлiндегi қысқартылған STAR аббревиатурасы, (бұдан әрi – STAR)) - аспаптармен ұшу қағидаты бойынша әуеайлақ ауданына кiру нүктесiнен аспаптар бойынша қонуға енудiң жарияланған схемасымен ұшу басталатын нүктеге дейiнгi ұшып келудiң белгiленген бағыты;
      8) аэронавигациялық жанармай қоры - ұшу жоспарын өзгерту қажет болған жағдайда қосалқы әуеайлаққа бағыт алуға, бекiтiлген бағыттан ауытқуға, қарсы желдiң күшеюiне және басқа жағдайларға байланысты ұшып шыққан әуеайлақтан тағайындалған әуеайлаққа дейiн ұшып жету үшiн есептiк мөлшерден тыс жанармай;
      9) аэронавигациялық карта – ұшу мақсаттарына арналған жер бетi учаскесiнiң, оның бедерiнiң және жасанды құрылғылардың шартты белгiсi;
      10) ауысу биiктiгi - белгiленген эшолонға шығу үшiн барометрлiк биiктiк өлшеуiштiң қысым шкаласын 760 мм сынап бағанасы (1013,2 мбр) қысым мәнiне ауыстыру үшiн әуеайлақ ауданында орнатылған салыстырмалы/абсолюттiк биiктiк;
      11) аспаптар бойынша ұшу - ӘК кеңiстiктегi жағдайы мен оның ұшып келе жатқан жерiн экипаж пилотаждық-навигациялық аспаптармен толықтай немесе iшiнара айқындаған кездегi ұшу;
      12) аса жеңiл ұшу аппараттары – ұшып көтерiлу массасы 750 килограмнан аз (бұдан әрi кг) ӘК, сондай-ақ аэростаттар, мотодельтапландар, дельтапландар, парапландар және осы санаттағы басқа да ұшу аппараттары;
      13) аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыты (ағылшын тiлiндегi қысқартылған SID аббревиатурасы, (бұдан әрi – SID)) - аспаптармен ұшу қағидасы бойынша әуеайлақтан немесе әуеайлағының белгiлi бiр ұшып көтерiлу-қону жолағынан әуеайлақ ауданынан шығу нүктесiне дейiнгi ұшып шығудың белгiленген бағыты;
      14) аспаптар бойынша ұшып келудiң стандартты бағыты (ағылшын тiлiндегi қысқартылған STAR аббревиатурасы, (бұдан әрi – STAR)) - аспаптармен ұшу қағидаты бойынша әуеайлақ ауданына кiру нүктесiнен аспаптар бойынша қонуға енудiң жарияланған схемасымен ұшу басталатын нүктеге дейiнгi ұшып келудiң белгiленген бағыты;
      15) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық, эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылық ететiн орталық атқарушы орган;
      16) әуеайлақтағы атмосфералық қысым – сынап бағанының миллиметрiнде (бұдан әрi – сын. бағ.мм.) миллибардағы (бұдан әрi – мбар) немесе ұшып көтерiлу-қону жолағының жұмыс табаны деңгейiндегi гектопаскалдағы (бұдан әрi – гПа) атмосфералық қысым мәнi;
      17) әуеайлақ (гидроайлақ) – бұл жоғары бет бойынша әуе кемелерiнiң толықтай немесе iшiнара ұшып келуiне, кетуiне және қозғалуына арналған жер немесе су бетiнiң белгiлi бiр учаскесi (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықты қоса алғанда);
      18) әуе трассасы – әуе кемелерiнiң ұшуды орындауына арналған және аэронавигациялық құрылғылармен жабдықталған, әуе кеңiстiгiнде биiктiгi мен енi бойынша шектеулi дәлiз;
      19) әуе кемесi - жер (су) бетiнен шағылысатын ауамен өзара әрекеттi жоққа шығара отырып, ауамен өзара әрекет есебiнен атмосферада ұсталатын аппарат;
      20) әуеайлақ минимумы – бұл кезде осы әуеайлағына осы үлгiдегi әуе кемесiнiң ұшып көтерiлуi немесе қонуына рұқсат берiлетiн көрiнудi  (ұшып көтерiлу - қону жолағындағы көрiнудiң), бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiнiң (тiгiнен көрiнуiнiң) ең аз рұқсат етiлген мәнi;
      21) әуе кемесiнiң минимумы – осы үлгiдегi әуе кемесiмен қауiпсiз ұшып көтерiлуге және қонуға рұқсат етiлетiн ұшып көтерiлу - қону жолағы (көрiну) мен бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiндегi (тiгiнен көрiнудiң) көрiнудiң ең аз рұқсат етiлген мәнi;
      22) ӘК командирiнiң (екiншi пилоттың) минимумы – пилотқа (ұшқышқа) осы үлгiдегi ӘК-мен ұшып көтерiлу, қону немесе бағыт бойынша ұшуына рұқсат етiлетiн ұшып көтерiлу - қону жолағы (көрiну) мен бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiндегi (тiгiнен көрiнудiң) көрiнудiң ең аз рұқсат етiлген мәнi;
      23) әуеайлақ тәртiптемесi – электрондық және/немесе баспа түрiнде жарияланатын пилотаждық аспаптар бойынша орындалатын ұшудағы алдын ала анықталған маневрлар қатарының сипаттамасы;
      24) әуеайлақ сызбасы – кедергiлерге соқтығысуды болдырмауды көздейтiн белгiленген талаптар сақталған жағдайда белгiленген ұшып бару бағытынан бастап қону жоспарланатын нүктеге дейiнгi, егер қону орындалмаса, онда күту аймағындағы немесе бағыттағы кедергiлерден ұшып өту критерийлерi қолданылатын нүктеге дейiнгi пилотаждық аспаптармен орындалатын алдын ала көзделген маневрлар сериясы;
      25) әуеайлақтағы қысым QFE (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы QFE (бұдан әрi – QFE)) – атмосфералық қысымның сынап бағанасы бойынша миллиметрмен (с.б.мм) немесе ҰҚЖ шегi деңгейiнде гектопаскальмен (гпа) берiлген мәнi;
      26) әуеайлақ туралы деректер – оның өлшемi, координаты, асып түсу және өзге де оған қатысты ұшып көтерiлу-қону жолағы, рулеждiк жолдар,қондырғылар, жабдықтар, ұшуларды орындау бойынша құралдар мен рәсiмдер туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi қамтитын әуеайлаққа қатысты деректер;
      27) ӘК командирi (бұдан әрi ӘКК) – экипаждағы басшы болып табылатын және ӘК ұшуы мен қауiпсiздiгiне жауап беретiн пилот (ұшқыш);
      28) ӘК мұз қату - әуе кемесiнiң әртүрлi бөлiктерiнде мұздың қатуы;
      29) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрi - ӘҚҚ) - ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық құлақтандыру, әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету (аудандық диспетчерлiк қызмет көрсету, жақын келгенде диспетчерлiк қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсету);
      30) әуеайлақтағы көрiнуi төмен рәсiмдер (LVP) – әуеайлақта енгiзiлген рәсiмдер;
      кемiнде 400 метр ҰҚЖ (RVR) көрiнуi кезiнде рөлдеу үшiн;
      ҰҚЖ (RVR) көрiнуi 550 метр және одан кем, бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi 60 метр және одан кем кезiнде қонуға бет алу;
      31) әуеайлақ ауданы - әуеайлақтың және оған жапсарлас жатқан жерлердiң үстiнде көлбеу және тiк жазықтықта белгiленген шекарадағы әуе кеңiстiгi;
      32) ӘҚҚ ауданы - әуе трассалары және одан тыс бағыттар бойынша ӘҚҚ диспетчерi жүзеге асыратын белгiленген шекарадағы әуе кеңiстiгi;
      33) ӘК басқару жүйесi (Flight control system). Автоматты қону жүйесiн және/немесе қонудың гибриттi жүйесiн қамтитын жүйе;
      34) әуеайлақ схемасын әзiрлеу үрдiсi – аспаптар бойынша ұшу схемаларын жобалауға арналған, осы немесе өзге аспаптар бойынша ұшу схемаларын жасау немесе өзгерту үрдiсi;
      35) бару әуеайлағы – ұшу жоспарында немесе ұшу тапсырмасында (ұшу парағында) жоспарланған қону әуеайлағы ретiнде көрсетiлген әуеайлақ. Бару әуеайлағы аралық әуеайлақ және соңғы қону әуеайлағы болып бөлiнедi;
      36) барометрлiк биiктiк - бұл барометрлiк биiктiк өлшегiш шәкiлiнде белгiленген атмосфералық қысымның изобарикалық бетiне қатысты ұшу биiктiгi;
      37) бұлтақтау – турбуленттi атмосферада ұшу кезiнде әуе кемесiнiң ретсiз қозғалысы;
      38) борттық жабдық - борттық қорлар мен ұшу кезiнде әуе
кемесiнiң бортында пайдалануға арналған түсiру қосалқы бөлiктерiн,
оның iшiнде алғашқы көмек құралдары мен авариялық-құтқару жабдығын қоспағандағы заттар;
      39) борттық өздiгiнен жазғыш – ұшу параметрлерi мен әуе кемесiн пайдалану туралы ақпаратты сақтау мақсатында әуе кемесiнiң бортында орнатылатын кез келген өздiгiнен жазу аспабы;
      40) бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi (бұдан әрi – БТШБ) - тiгiнен алғанда құрлық (су) бетi мен бұлттың ең төменгi қабатының төменгi шекарасының арасындағы қашықтық, бұлттың төменгi шекарасын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда тiгiнен көру мүмкiндiгiнiң мәнi қолданылады;
      41) бағдардан айырылу - ұшқыш (экипаж) белгiленген ұшуды жалғастыру үшiн қажеттi дәлдiкпен өзiнiң тұрған жерiн анықтай алмайтын жағдай;
      42) "Бас тарту кезiндегi пассив" (Fail-Passive flight control system) ӘК басқару жүйесi. Егер оның бас тартуында ұшу траекториясы немесе тангаждан айтарлықтай балансталмаған сәттер немесе ауытқуларға ықпал етпеген жағдайда жүйе "бас тарту кезiндегi пассив" болып табылады, алайда қону автоматты режимде орындалмауы мүмкiн. Осындай жүйенiң бас тартуы кезiнде ұшқыш ӘК басқаруды өзiне алады;
      43) белгiленген бағыт – уәкiлеттi органдармен, мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен келiсiлген, авиациялық жұмыстар жүргiзуге арналған, әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс бағыт;
      44) бүйiрлеп эшелондау - ӘК жол желiсi арасындағы қашықтық немесе бұрыштық қиылысу бойынша белгiленген аралықтарда бiр биiктiкте орналастыру;
      45) бойлап эшелондау - ӘК жол желiсi бойымен уақыт немесе қашықтық бойынша белгiленген аралықтарда бiр биiктiкте орналастыру;
      46) векторлау (радиолокациялық бағыттау) – радиолокаторлардың деректерiн пайдалану негiзiнде белгiлi бiр бағамдарды көрсету көмегiмен әуе кемесiн навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;
      47) дирижабль – қуат қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлетiн басқарылатын аэростат;
      48) деректерiн беру желiсi VOLMET (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы VOLMET (бұдан әрi - VOLMET)ұшып келе жатқан ӘК үшiн метеорологиялық мәлiметтердi тұрақты беру желiсi;
      49) ерекше жағдай - авиациялық техниканың тосыннан iстен шығуы немесе әуе кемесi мен жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн экипаждан стандартты емес iс-қимылдар жасауды талап ететiн жағдайларға тап болуы нәтижесiнде пайда болатын жағдай;
      50) екпiн алудың қолда бар ара қашықтығы (бұдан әрi - ЕҚА) - қолда бар болып табылатын және қонғаннан кейiн әуе кемесiнiң жүруi үшiн жарамды ұшып көтерiлу - қону жолағының ұзындығы;
      51) есептi уақыт – экипаждың әуе кемесiнiң белгiленген нүктеден (бақылау нүктесi, бағдар, мiндеттi хабарлау пунктi, бағыттың бұрылу нүктелерi, әуеайлақтық-навигациялық құрал немесе әуеайлақтың бақылау нүктесi) ұшып шығуына (ұшып келуiне) есептеген уақыты;
      52) "Енгiзудiң жетiлдендiрiлген жүйесi (EVS)" - көрiну датчиктерi арқылы сыртқы ортаның жедел көрiнiсiнiң электрондық құралы;
      53) жалпы мақсаттағы авиация (бұдан әрi – ЖМА) – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiнде тұрған және төлем үшiн емес және жал бойынша емес, мына:
      жолаушыларды, багажды, жүк пен почта жөнелтiмдерiн тасымалдау;
      авиациялық жұмыстарды орындау;
      iздестiру-құтқару және авиациялық-құтқару жұмыстары;
      табиғи зiлзала жағдайында халыққа көмек көрсету;
      жаттығу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту;
      әуе кемесi пайдаланушыларының жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын азаматтық авиация;
      54) жергiлiктi әуе желiсi – биiктiгi мен енi жағынан шектелген
және ӘК ұшуына арналған төменгi әуе кеңiстiгiндегi дәлiз;
      55) жазық жер – 25 км радиусте салыстырмалы түрде 200 м дейiн бедерлi қырқасы бар жер;
      56) жермен жүру - ұшып көтерiлудi және қонуды қоспағанда, ӘК-нiң өзiн тарту есебiнен әуеайлақ бетiмен қозғалуы;
      57) жел екпiнi – шығыс және кiрiс ағындарын қоса алғанда, әуе кеңiстiгiндегi жел бағытының және (немесе) жылдамдығының өзгеруi;
      58) көру мүмкiндiгi - атмосфералық жағдайға байланысты және қашықтық бiрлiктерiмен бөлiнетiн күндiз жарық түспейтiн елеулi
объектiлерде және түнде жарық түсiрiлген елеулi объектiлерде көру және айырып тану мүмкiндiгi;
      59) көру мүмкiндiгi шектеулi жағдайларда ұшып көтерiлу (бұдан әрi LVTO, ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы) – ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгi 400 м төмен жағдайда ұшып көтерiлу;
      60) көзбен шолып ұшу - әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайын және оның тұрған жерiн табиғи көкжиек және жердегi бағдар бойынша ұшқыш оны көзбен шолып анықтайтын кездерде орындалатын ұшу;
      61) көзбен шолып ұшу - әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайын және оның тұрған жерiн табиғи көкжиек және жердегi бағдар бойынша ұшқыш оны көзбен шолып анықтайтын кездерде орындалатын ұшу;
      62) күту аймағы – әуе кемелерiнiң әуеайлаққа жақындауына және/немесе қонуға енуiне кезегiн күту үшiн, әдетте әуеайлақ (аэроторап) ауданының радионавигациялық нүктесi (РНН) үстiнде белгiленген белгiлi бiр мөлшердегi әуе кеңiстiгi;
      63) кету (қайта оралу) межесi - ӘК жолында белгiленген, ұшуды
орындауы және қосалқы әуеайлаққа (ұшып шығу әуеайлағы) қонуы үшiн
жеткiлiктi, жанармайы осы ӘК ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылық белгiлеген мөлшерден аз емес, қосалқы әуеайлақтан (ұшып шығу әуеайлағы) алшақ меже;
      64) күрделi метеорологиялық жағдайлар – метеорологиялық көрiну 2000 м және одан аз және (немесе) олардың жалпы көлемi кезiнде 2 октанттан астам кезде бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 200 м ж не одан төмен болатын жағдайлар;
      65) KҰE бойынша арнайы ұшулар – КҰЕ бойынша ең төменгi ұшу жағдайынан нашар метеорологиялық жағдайларда диспетчерлiк аймақта ӘҚҚ (ӘҚБ) органы рұқсат еткен ұшулар;
      66) күту аймағында ұшу схемасы - әуе кемесiнiң келесi рұқсат берудi күту үшiн белгiлi бiр әуе кеңiстiгi шегiнде қалуына мүмкiндiк беретiн алдын ала белгiленген маневр;
      67) кабина экипажының мүшесi - қауiпсiздiк мүддесi үшiн және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктердi тасымалдау мақсатында әуе кемесiнде оған әуе кемесiнiң пайдаланушысы немесе командирi тапсырған мiндеттердi орындайтын, бiрақ ұшу экипажының мүшесi болып табылмайтын тұлға;
      68) қосалқы әуеайлақ - егер тағайындалған әуеайлаққа ұшып бару немесе қону мүмкiн емес немесе қажетсiз болған жағдайда әуе кемесi бағыт алуы мүмкiн әуеайлақ
      69) қауiпсiз биiктiк - әуе кемесiн жер (су) бетiмен немесе ондағы кедергiлермен соқтығысудан сақтауға кепiлдiк болатын ұшу биiктiгi;
      70) қысымы QNH (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы QNH (бұдан әрi – QNH)) – стандартты атмосфера үшiн теңiздiң орташа деңгейiне келтiрiлген гектопаскальдағы атмосфералық қысым;
      71) қонуға бет алудың соңғы кезеңiндегi үздiксiз төмендей отырып, қонуға бет алу (Continuous descent final approach - CDFA). ҰҚЖ шегiнен немесе нүктеден жоғары шамамен 15 метрге (50 фут) тең нүктеде қонуға бет алудың соңғы кезеңiндегi абсолюттiк/салыстырмалы биiктiк немесе белгiленген абсолюттiк/салыстырмалы биiктiгiнен жоғары үздiксiз төмендеу, теңелмеу сияқты аспаптар бойынша қонуға дәл бет алмау рәсiмдерiнiң қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң сегментiндегi ұшулар үшiн айқындалған техника, ұшақ үлгiсi үшiн маневр жасауы тиiс;
      72) қонуға кiру және ұшып көтерiлудiң аяқталу кезеңiнiң аймағы (FATO) - iлiну немесе қону режимiне дейiн үстiнен қонуға кiру маневрiнiң аяқталу кезеңi орындалатын және ұшып көтерiлу маневрi басталатын белгiленген аймақ және FATO-ны 1-санатты ұшу-техникалық сипаттамалары бар тiкұшақтар пайдалануға тиiс болған жағдайларда, ол тоқтатылған ұшып көтерiлудiң орналасатын аймағын қамтиды;
      73) қонуға дәл бет алмау және қону (Non-precision Approach). Электрондық құралдардың көмегiмен қалыптасатын глиссаде бойынша дәлдеудi пайдаланбай аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону;
      74) қауiптi жақындау – әуе кемелерiнiң өзара немесе басқа материалдық объектiлермен қасақана емес немесе ұшуға арналған тапсырмада көзделмеген, нәтижесiнде олардың соқтығысу қаупi туындайтын, осы Қағидада белгiленген аралықтың жартысынан аз жақындауы;
      75) "Қону жүйесi GNSS (GLS)" - жанама және тiк GNSS деңгейiне негiзделген ӘК енгiзудi қамтамасыз ету үшiн GNSS ақпаратты (бұдан әрi - GNSS) пайдаланатын қонуға бет алулар;
      76) қолда бар қону ара қашықтығы (бұдан әрi – ҚҚА) - ӘК қонғаннан кейiн жүретiн және екпiн алуға жарамды ұшу-қону жолағының ұзындығы;
      77) қонуға дәл бет алу және қону (Precision Approach). Қонуға бет алу және қону санаты айқындалған, минимумдар кезiнде дәл жанама және тiгiнен дәлдеудi пайдалана отырып, қонуға бет алу және қону;
      78) маркер – кедергiлердi немесе шекараларды (шептердi) белгiлеу үшiн жер үстiнен жоғары орнатылатын объект;
      79) мәжбүрлi қону - жоспар бойынша ұшуды орындау мүмкiн болмайтын себептер бойынша әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс жерге қону;
      80) метеорологиялық ақпарат – әуе кеңiстiгiнiң пайдаланушыларына арналған нақты немесе күтiлетiн метеорологиялық жағдайларға қатысты метеорологиялық мәлiмет, талдау, болжам және басқа да кез келген хабарлама;
      81) нақты кедергi – жергiлiктi жердiң кез келген табиғи элементi немесе жергiлiктi жерге жалғасып жатқан және оны қоршап тұрған элементтерден едәуiр жоғары тұрған, әуе кемелерiнiң нақты схема бойынша ұшулары кезiнде олардың ұшу қауiпсiздiгiне қауiп келтiруi мүмкiн тұрақты және уақытша салынған жасанды нысан;
      82) негiзгi нүкте – ӘҚҚ бағытын, әуе кемесiнiң ұшу траекториясын анықтау үшiн және навигация мен ӘҚҚ-ның басқа да мақсаттары үшiн пайдаланылатын, белгiленген географиялық орын;
      83) өтпелi қабат - өту биiктiгi мен өту эшелоны арасындағы әуе кеңiстiгi. Өтпелi қабатта әуе кемесiнiң көлденең режимде ұшуына тыйым салынады;
      84) өту эшелоны - барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шәкiлiн 760 мм. сын. бағ. (1013,25 мбар/гПа) қысымынан әуеайлақ қысымына немесе теңiз деңгейiне келтiрiлген ең аз қысымға ауыстыру үшiн белгiленген эшелон;
      85) сапаны қамтамасыз ету - сапаға қойылатын талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджментi бөлiгi (ИСО 9000*);
      86) соқтығысуды ескертудiң борттық жүйесi (бұдан әрi - СЕБЖ) – жерүстi жабдығынан тәуелсiз жұмыс жасайтын және пилотқа (ұшқышқа) қосарлы шолу радиолокаторының қабылдау жауап бергiштерiмен (бұдан әрi - ҚШРҚ) жабдықталған әуе кемелерi туындатуы мүмкiн шиеленiстi жағдай туралы ақпаратты беретiн ҚШРҚ белгiлерiн пайдалануға негiзделген борттық жүйе;
      87) сынап көру – тексеру, зерттеу, сынап көруге негiзделген мақұлдау, бекiту;
      88) таулы әуеайлақ (гидроәуеайлақ) - ойлы-қырлы жер бедерiнде және салыстырмалы биiктiгi 500 метр (бұдан әрi – м) және одан да асатын әуеайлақтың (гидроәуеайлақтың) бақылау нүктесiнен 25 км радиуста немесе теңiз деңгейiнен 1000 м және одан астам биiктiкте орналасқан әуеайлақ
      89) тiкұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезiнде негiзiнен шамамен тiк қалыпта болатын осьтердiң айналасындағы күш қондырғысы арқылы айналатын бiр немесе бiрнеше тiрек бұрандамен ауа реакциясының есебiнен қалықтайтын әуе кемесi;
      90) тiкұшақ айлағы – әуеайлақ немесе құрылыстың үстiңгi бетiнiң  тiкұшақтардың келуiне, жөнелтiлуiне немесе осы үстiңгi бетi арқылы қозғалуына толықтай немесе iшiнара арналған белгiлi бiр учаскесi;
      91) тiгiнен көру мүмкiндiгi - жоғарыдан тiк төмен жер үстiндегi объектi көрiнетiн деңгейге дейiнгi жер бетiнен ең аз арақашықтық
      92) таулы жер - 25 км радиусте бедерлi қималары мен салыстырмалы түрде 500 м және одан да астам қырқасы бар жер, сондай-ақ теңiз деңгейiнен 1000 м және одан да астам биiктiктегi жер;
      93) төбелi жер – 25 км радиусте жер бедерi салыстырмалы түрде 200-ден 500 метрге дейiн жоғары жер;
      94) төмендеудiң ең аз биiктiгi – қонуға дәл кiрмеу немесе шеңбер жасап қонуға кiру үшiн белгiленген, бағдарлар көрiнбесе одан төмен төмендеуге болмайтын салыстырмалы (абсолюттiк) биiктiк;
      95) төмен көрiну кезiндегi рәсiмдер (Low Visibility Procedures (далее – LVP) – ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы) - әуеайлақтарда II және III санаттар бойынша қонуға кiрудi және төмен көрiну кезiнде ұшып көтерiлудi орындаған кезде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын рәсiмдер;
      96) "Тоқтап қалу кезiндегi актив" (Fail-Operational flight control system) ӘК басқару жүйесi. Егер оның бас тартуында шешiм қабылдау биiктiгiнен төмен жағдайда, жүйе "тоқтап қалу кезiндегi автив" болып табылады және қонуға бет алу, теңесу және жерге қону автоматты режимде орындалуы мүмкiн. Автоматты қону жүйесi тоқтап қалған кезде жүйе "тоқтап қалу кезiндегi актив" сияқты жұмыс iстейдi;
      97) тiк эшелондаудың қысқартылған минимумы (Reduce Vertical Separation Minimum – ағылшын тiлiндегi қысқартылған RVSM аббревиатурасы (бұдан әрi – RVSM) - RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерiн эшелондау үшiн 8850 м және 12500 м эшелондар аралығындағы ауқымда қолданылатын тiк эшелондау аралығы;
      98) Тiгiнен дәлдеу үшiн қонуға бет алу схемасы (APV) - жанама және тiк  дәлдеудi пайдалана отырып, бiрақ қонуға дәл бет алу және қонудың белгiленген талаптарына жауап бермейтiн аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасы;
      99) тiгiнен эшелондау – әуе кемелерiнiң белгiленген аралықтардағы биiктiк бойынша бытырауы;
      100) ұшқышсыз, басқарылмайтын аэростат - еркiн ұшуда болатын, ауадан жеңiл ұшқышсыз әуе кемесi;
      101) ұшу жоспары - әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына ұсынылатын әуе кемесiнiң көзделiп отырған ұшуы немесе ұшудың бөлiгi туралы белгiлi бiр мәлiметтердi қамтитын белгiленген нысандағы құжат;
      102) ұшу-қону жолағы (бұдан әрi – ҰҚЖ) - әуе кемесiнiң қонуы және ұшуы үшiн дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың ұшу жолағының белгiленген тiк бұрышты учаскесi;
      103) ұшып көтерiлу қашықтығы - ұшақтың жерден көтерiлу және қауiпсiз жылдамдыққа жету (V2) нүктесiндегi ҰҚЖ шегiне қатысты старт нүктесiнен 10 м биiктiк нүктесiне дейiн өтетiн көлденеңiнен алғандағы ұзақтығы;
      104) ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы Runway Visibility Range (бұдан әрi – RVR)) - ҰҚЖ осьтiк жол сызығында тұрған әуе кемесiнiң кабинасынан ұшқыш ҰҚЖ бетiнде таңбаланған белгiлердi немесе ҰҚЖ шектейтiн не осьтiк жол сызығын белгiлейтiн оттарды көруi мүмкiн шектегi арақашықтық
      105) ұшу биiктiгi - тiгiнен алғандағы белгiлi бiр деңгейден әуе кемесiне дейiнгi қашықтық
      106) ұшуға тапсырма – экипаж, әуе кемесi туралы қажеттi мәлiметтi қамтитын және ұшудың (ұшулардың) бағыты мен мақсатын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат;
      107) ұшу уақыты, ұшудағы уақыт:
      1) ұшақтар үшiн - ИКАО-ның 6-қосымшасына сәйкес ұшақтың ұшып көтерiлу мақсатында қозғалу сәтiнен бастап оның ұшу аяқталғаннан кейiн тоқтаған сәтiне дейiнгi жалпы уақыт;
      2) тiкұшақтар үшiн - ИКАО-ның 6-қосымшасына сәйкес көтерме бұрамалардың қалақтары айналған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейiн тiкұшақтың толық тоқтаған және көтерме бұрамалардың айналуы тоқтаған сәтке дейiнгi жалпы уақыт;
      108) ұшу-ақпараттық ӘҚҚ - ұшуларды қауiпсiз және тиiмдi орындау үшiн пайдалы консультацияларды және ақпаратты беру мақсатында қамтамасыз етiлетiн қызмет көрсету; ӘҚҚ-ның барлық түрлерiнде берiледi;
      109) ұшу-қону жолағының шегi (бұдан әрi - ҰҚЖ шегi) - әуе кемелерiнiң қонуы үшiн пайдаланылуы мүмкiн ҰҚЖ учаскесiнiң басталуы;
      110) ұшақ - ұшу кезiнде көтеру қуаты негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жер бетi бойынша аэродинамикалық реакция есебiнен құрылатын, қуат қондырғысымен қозғалысқа түсетiн ауадан ауыр әуе кемесi;
      111) ұшу экипажының мүшесi - авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлiгi бар авиациялық персоналға жататын тұлға, оған ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiн басқарумен байланысты мiндет жүктеледi;
      112) ұшу эшелоны - қысымның 760 мм. сын. бағ. (1013,25 мбар/гПа) белгiленген шамасына жатқызылған және қысымның белгiленген аралығы шамасындағы басқа да мұндай беттенден кейiндеп қалатын тұрақты атмосфералық қысым бетi;
      113) үзiлген ұшып көтерiлудiң қолда бар ара қашықтығы (бұдан әрi – ҮҰҚА) – екпiн алудың қолда бар ара қашықтығының және тежеудiң соңғы жолағы (қауiпсiз) ұзындығының жиынтығы, көзделген болса;
      114) хабарламасы NOTAM (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы Notice to airmen (бұдан әрi – NOTAM) электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықты iске қосу немесе өзгерту, қызмет көрсету және ұшу ережелер туралы ақпаратты немесе қауiп-қатер, шулардың қауiпсiздiгi үшiн маңызы аса зор уақтылы алдын алу туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
      115) халықаралық әуе трассасы – халықаралық ұшуларға ашылған әуе трассасы;
      116) шешiм қабылдау биiктiгi (бұдан әрi – ШҚБ) – ҰҚШ шегiнiң деңгейiне қатысты белгiленген, онда:
      егер осы биiктiкке жеткенге дейiн әуе кемесiнiң командирi немесе пилот қонуға бет алуды жалғыстыру үшiн бағдарлармен қажеттi бейне байланысты орнатпаған;
      әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайы немесе оның қозғалыс параметрлерi қауiпсiз қонуды қамтамасыз етпеген жағдайларда екiншi айламға кету маневрiн бастау қажет биiктiк;
      117) шеңбер бойынша ұшулар - аспаптар бойынша қонуға бет алулар аяқталғаннан кейiн орындалатын ұшудың көзбен көру кезеңi, онда тiкелей қонуға бет алу үшiн жарамсыз орналасқан ҰҚЖ қатысты ӘК қону жағдайы шығарылады;
      118) шеңбер жасап қону – көзбен шолып маневрлеу аймағы шегiнде қонар алдында әуеайлақ үстiмен көзбен шолып шеңбер жасап ұшуды көздейтiн аспаптар бойынша қонуға кiру тәртiптемесiнiң жалғасы;
      119) «Iстен шыққан кезде белсендi» ӘК басқару жүйесi (Fail-Operational flight control system – ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы) – бұл жүйе «iстен шыққан кезде белсендi» болады, егер ол шешiм қабылдау биiктiгiнен төмен биiктiкте iстен шықса, қонуға кiру, теңестiру және қону автоматты режимде орындалуы мүмкiн;
      120) эшелондау - әуе кемелерiн әуе қозғалысын қамтамасыз ететiн белгiленген аралықтардағы әуе кеңiстiгiнде тiк, көлденең немесе бүйiр таратуды бiлдiретiн жалпы термин:
      бүйiрлiк эшелондау - әуе кемелерiн бiр биiктiкте қашықтық немесе олардың жол жолақтарының арасындағы бұрыштық ауытқу бойынша тарату;
      тiк эшелондау - әуе кемелерiн биiктiгi бойынша белгiленген аралықтарға тарату;
      көлденең эшелондау - әуе кемелерiн бiр биiктiкте уақыт және жол жолағының бойынан қашықтық бойынша белгiленген аралықтарға тарату.

^ 2-параграф. Пайдалану бойынша ұйымдық-нұсқама құжаттар

      3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдық-нұсқама құжаттарын (Пайдалану директивалары) басу арқылы әуе кемелерiнiң жекелеген даналарын немесе жекелеген үлгiлерiн пайдалануға тыйым салу туралы немесе ұшу қауiпсiздiгi мүддесiнде пайдалануды шектеу туралы нұсқау бередi.
      4. Пайдалану мәселелерi бойынша ұйымдық-нұсқама құжаты (пайдалану директивасы немесе нұсқау) мыналарды:
      1) оны шығару себебiн;
      2) қолданушылығы мен қолдану мерзiмiн; және
      3) азаматтық әуе кемелерiнiң пайдаланушысы қабылдауды тиiс әрекеттердi белгiлейдi.

^ 3-параграф. Заңдарды, қағидалар мен рәсiмдердi сақтау

      5. Азаматтық ӘК пайдаланушы (бұдан әрi – пайдаланушы) экипаждың барлық мүшелерiнiң өз мiндеттерiн орындауға байланысты заңдармен, қағидалармен және тәртiптемелермен танысуын қамтамасыз етедi.
      6. Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдаланушысы (бұдан әрi – пайдаланушы) мыналар:
      1) экипаж мүшелерiн қоса алғанда, оның барлық авиациялық персоналы, егер заңдар, қағидалар мен рәсiмдер Қазақстан Республикасындағы осыған ұқсас заңдардан, қағидалар мен рәсiмдерден гөрi қатаң болса, ұшу орындалатын мемлекеттердегi көрсетiлген заңдардың, қағидалар мен рәсiмдердiң (олардың өз мiндеттерiн орындаумен байланысты) сақталуына жауапкершiлiгi және пайдаланушының әрбiр қызметкерi шетелде болған кезде болу елiнiң Заңдарына қайшы емес Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ болу мемлекетiнiң Заңдары мен қағидаларының сақталуына жауап беретiндiгi туралы ескертiлгенi;
      2) экипаждың барлық мүшелерi олардың өз мiндеттерiн орындаумен байланысты заңдармен, қағидалармен және рәсiмдермен таныс екендiгi үшiн жауапты болады.

^ 4-параграф. Жалпы жұмыс тiлi

      7. Пайдаланушы экипаждың барлық мүшелерiнiң өзара бiр жалпы жұмыс тiлiнде сөйлесу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
      8. Пайдаланушы авиациялық персоналдың 2010 жылғы 18 қазандағы Үкiмет қаулысымен бекiтiлген, № 1069 Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу Ережесiнiң талаптарына сәйкес, ӘК әзiрлеушiсi әзiрлеген ӘК ұшу пайдалану жөнiндегi нұсқау (бұдан әрi - ҰПН), Ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқау (ҰЖН), пайдаланушының техникалық қызмет көрсетудi реттеу және жөндеу жөнiндегi нұсқау (бұдан әрi – ТҚРжЖ), 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Үкiмет қаулысымен бекiтiлген әуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау ережелерiн және пайдаланушыға азаматтық әуе кемелерiн пайдалану сертификатын беру Ережесiн және авиациялық персоналдың өз мiндеттерiн орындаумен және олардың өкiлеттiктерiмен байланысты басқа да құжаттар жазылған тiлдi түсiнуге қабiлеттi болуын қамтамасыз етедi.
      9. Пайдаланушы халықаралық ұшуды орындау әуе кемесi командирi мен экипаждың басқа да мүшелерiнiң кезiнде ҰПН/ҰЖН-да бар рәсiмдерге сәйкес авиация персоналымен, әуе қозғалысын ұйымдастыру (ӘҚҰ) қызметiн қоса алғанда, жер үстi қызметтерiмен және шетел мемлекеттерiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы өкiлдерiмен халықаралық жұмыс органы – ағылшын тiлiнде радиоалмасу және сөйлесу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

^ 5-параграф. Ең аз ақаусыз жабдық тiзбесi

      10. Қандай да бiр аспаптың, жабдықтың немесе жүйенiң жұмыс iстемеуi кезiнде, олар үшiн жұмыс iстемейтiн аспаптармен жабдықпен немесе жүйемен ұшуды орындау үшiн ҰПН ережелерi негiз болатын ТМД елдерi өндiрген әуе кемелерiнде ұшуды орындау жағдайларын қоспағанда, ең аз жабдық тiзбесi (ЕЖТ - Minimum Equipment List – MEL – қысқартылған ағылшын тiлiндегi аббревиатура) негiзiнде коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат етiледi.
      11. Жөндеу жұмыстарын жүргiзудiң және жабдықты алмастырудың бақыланатын және негiзделетiн бағдарламалары шеңберiнде жұмыс iстемейтiн аспаптармен, жабдықпен немесе жүйелермен әуе кемесiн пайдалану мүмкiндiгiн айқындауға арналған MEL ең аз жабдық тiзбесiн пайдаланушы негiзгi ең аз ақаусыз жабдық (MMEL - қысқартылған ағылшын тiлiндегi аббревиатура) немесе ТМД-да өндiрiлген немесе бұрын КСРО-да пайдаланылатын әуе кемелерi үшiн ҰПН талаптары негiзiнде әрбiр әуе кемесi үшiн жасақтайды.
      12. Пайдаланушының ең аз жабдығы тiзбесi – MEL әзiрлеу үшiн қолданылатын MMEL-дi ӘК үлгiсiнiң сертификатын ұстаушы басып шығарады және оны әуе кемесiн әзiрлеушi мемлекеттiң уәкiлеттi органы бекiтедi.
      13. MEL ұшуды пайдаланушының ҰЖН-ға енгiзiледi және ол мыналарды қамтуы тиiс:
      1) ең аз жабдық тiзбесiн техникалық персоналдың және әуе кемелерiнiң ұшу экипажының қолдану ережесiн қамтитын алғысөз;
      2) қолданылатын терминдердiң анықтамалары мен түсiндiрулер;
      3) аспаптардың, жабдықтар мен жүйелердiң, тиiстi ескерту және хабарлау дабылдарының iстен шыққан белгiлерi болып табылатын тiзбесi;
      4) олар iстен шыққан кезде әрбiр әуе кемесi үшiн мыналарды:
      әуе кемесiнде орнатылған аспаптардың санын және ұшуды орындау үшiн талап етiлетiн аспаптардың санын;
      жұмыс iстемей қалған аспаптың, жабдықтың немесе жүйенiң жұмыс қабiлетiн қалпына келтiрудiң рұқсат етiлген кезеңiн;
      әуе кемесi экипажының кабинасындағы және (немесе) жолаушылар кабинасындағы аспапты, жабдықты және жүйенi маркерлеу қажеттiгiн;
      егер бұлар талап етiлсе, әуе кемесiн ұшуға техникалық дайындаудың талап етiлетiн қосымша рәсiмiн;
      ол кезде жұмыс iстемейтiн құрылғымен оны бастауға тыйым салынатын ұшудың болжамды шарттарын қоса алғанда, осы тармақты қолдану шарттарын көрсетiлетiн аспаптардың, жабдықтар мен жүйелердiң тiзбесi.
      14. MEL бекiту кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) әуе кемесiнiң осы үлгiсiн пайдалану тәжiрибесi;
      2) пайдаланушының әуе кемесiнiң осы үлгiсi мен ұқсас үлгiлердi пайдалану тәжiрибесi;
      3) пайдаланушының әуе кемесi ұшу экипажы мүшелерiнiң бiлiктiлiгi мен даярлығы.
      Жабдықтардың MEL-де көрсетiлген бiрнеше компоненттерi iстен шыққан кезде әуе кемесiнiң экипажы пайдаланушы ҰЖН-да белгiлеген рәсiмдерге сәйкес ұшу басталар алдында жұмыс iстемейтiн компоненттер арасында ұшу қауiпсiздiгi деңгейiн рұқсат етiлген шектен төмен деңгейiне төмендеуiне немесе ұшу экипажына жүктеменiң тым ұлғаюына әкелетiн өзара байланыстың жоқтығына көз жеткiзуге мiндеттi.
      15. Қауiпсiздiктiң қолайлы деңгейiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiн айқындау кезiнде пайдаланушы жұмыс iстемейтiн жүйелермен немесе жабдықпен пайдалануды жалғастыру барысында әуе кемесi аспаптарының, жабдықтарының немесе жүйелерiнiң қосымша жұмыс iстемей қалу ықтималдығын ескеруi тиiс.
      16. Қандай да бiр жабдықтың немесе жүйенiң iстен шығуы кезiнде әуе кемесi ұшуға жiберiлген жағдайда әуе кемесiнiң борт журналына әуе кемесiн ұшуға дайындауды жүргiзетiн техникалық персонал iстен шыққан аспаптар, жабдықтар немесе жүйелер туралы мәлiметтердi және олар орындаған ұшуға дайындау рәсiмдерiн енгiзедi, сондай-ақ егер ол талап етiлсе, жұмыс iстемей қалған аспаптарды таңбалау жүргiзiледi.
      17. Қандай да бiр жабдық немесе жүйе iстен шыққан кезде ұшуды бастау туралы түпкiлiктi шешiмдi әуе кемесiнiң Командирi (бұдан әрi - ӘК командирi) қабылдайды.
      18. Әуе кемесiнiң есiгi жабылғаннан кейiн қандай да бiр жабдықтың немесе жүйенiң iстен шыққаны анықталған жағдайда ұшуды орындау мақсатында ӘК командирi ҰПН-да ұйғарылған рәсiмдердi орындауды ұйымдастырып, MEL мен ҰПН талаптары негiзiнде ұшуды орындауды тоқтату немесе жалғастыру туралы шешiм қабылдайды және қажет болған жағдайда техникалық персоналға жүгiнедi.
      19. MEL-ге негiзделген ҰЖН-дағы анықтама ақпарат ӘК командирiне ұшуды орындау мақсатында әуе кемесiнiң есiктерi жабылғаннан бастап екпiн алу басталғанға дейiн ұшуды тоқтату, жалғастыру туралы тез шешiм қабылдауға мүмкiндiк беруi тиiс.
      20. Пайдаланушы iстен шыққан қандай да бiр аспаптарды, жабдықтарды немесе жүйелердi жөндеу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде орындалуы үшiн шаралар қабылдайды. Жөнделгеннен кейiн алғашқы төрт ұшуда қандай да бiр аспаптың, жабдықтың немесе жүйенiң iстен шығуы анықталған кезде MEL пунктiн қолдануды қайталау базалық әуеайлаққа немесе әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша ұйымы бар әуеайлаққа әуе кемесiн қайтару үшiн ғана рұқсат етiледi.
      21. MEL-дi қолдана отырып, ұшуды жүзеге асыратын пайдаланушы әуе кемесiнiң ұшу экипажы мүшелерiн даярлау бағдарламасына тиiстi ережелердi әзiрлейдi және енгiзедi.

^ 6-параграф. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару

      22. Пайдаланушы, жалпы мақсаттағы авиацияға (бұдан әрi – ЖМА) жататын және бес мың жетi жүз килограммнан аз барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерiлу салмағы бар пайдаланылатын әуе кемелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6855 нөмiрiмен тiркелген) Әуежайлардағы азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушылардың ұшу қауiпсiздiгiн әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсеткен кезде басқару жөнiндегi үлгiлiк нұсқаулық талаптарына сәйкес әзiрленген Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушылардың ұшу қауiпсiздiгiн басқару жөнiндегi үлгiлiк нұсқаулыққа сәйкес мыналарды қамтитын көлем мен күрделiлiгiне қарай ұшу қауiпсiздiгiн басқарудың жүйесiн (бұдан әрi – ҰҚБЖ) енгiзедi:
      1) ұшу қауiпсiздiгiне арналған қатерлердi айқындау;
      2) ұшу қауiпсiздiгiнiң келiсiлген көрсеткiштерiн ұстау үшiн қажеттi түзету әрекеттерiн қабылдау;
      3) ұшу қауiпсiздiгiнiң тұрақты мониторингiн және жүйелi бағалау жүргiзу;
      4) ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi жұмысының жалпы көрсеткiштерiн тұрақты жақсарту.
      23. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi шеңберiнде пайдаланушының  барлық ұйымдарында ұшу қауiпсiздiгi мәселелерiндегi жауапкершiлiгi, оның iшiнде аға басшылық тарапынан ұшу қауiпсiздiгi үшiн тiкелей жауапкершiлiк айқындалады.
      24. Пайдаланушы ҰҚБЖ барысында ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында пайдаланушы қол жеткiзген уәкiлеттi органның мақсатын көрсететiн, ұшуға жарамдылығы деңгейiн енгiзедi.
      25. Ең жоғары сертификатталған ұшып көтерiлудiң 27000 кг астам салмағы бар ұшақтарды пайдаланушы оның ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде ұшу деректерiн талдау бағдарламасын қабылдайды және орындайды.
      26. Ұшу деректерiн талдау бағдарламасы жазалау түрiндегi шараларды қабылдауға әкелмейдi және мұндай деректердiң көзiн (дерiн) қорғау мақсатында тиiстi сақтандыру шараларын қамтиды.
      27. Ұшу қауiпсiздiгiн басқарудың өз жүйесi шеңберiнде пайдаланушы персоналдың басшылыққа алуы мен пайдалануына арналған ұшу қауiпсiздiгi бойынша жөнiндегi құжаттама жүйесiн құрады.

7-параграф. Авариялық-құтқару жабдығы туралы ақпарат

      28. Пайдаланушы ұшу экипажының кабинасында iздестiру және құтқаруға қатысты барлық ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.
      29. Пайдаланушы iздестiру-құтқару үйлестiру орталықтарына дереу беру үшiн өзiнiң барлық әуе кемелерiнiң бортында бар борттық авариялы - құтқару жабдығы туралы ақпараттар тiзбесiнiң болуын қамтамасыз етедi.
      30. Ақпарат құтқару салдары, кеудешелерi мен пиротехника санын, үлгiсiн және түсiн, медициналық жабдық, су мен азық-түлiк қорының болуы, сондай-ақ портативтi авариялық радиоаппаратура үлгiсi мен жиiлiгi туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi қамтиды.

^ 8-параграф. Суға мәжбүрлi қону

      31. Пайдаланушы, егер ұшып көтерiлу және қону кезiнде маневр жасау траекториясы сулы кеңiстiк үстiнен өтетiн болса немесе бағыт бойынша ұшу жағалау сызығынан жоспарлау режимiнде ұшудың шектiк қашықтығынан асатын аралықтағы су үстiнен өтетiн болса немесе ұшу жағалау сызығынан 93 км астам (50 теңiз милiнен) қашықтықтағы су үстiнен өтетiн болса борттағы әрбiр адамға арналған құтқару кеудешелерi болмаған кезде әуе кемесiн пайдаланбайды.
      32. Пайдаланушы, егер мәжбүрлi қону жасау үшiн жарамды беттен ұшақтың:
      1) ең көп саны 30-дан астам жолаушы орны бар ұшақтар үшiн – крейсер жылдамдықта ұшудың сәйкес келетiн 120 минутiнен немесе 740 км (400 теңiз милiнен) астам қашықтыққа;
      2) барлық қалған ұшақтар үшiн – крейсерлiк жылдамдықта ұшудың сәйкес келетiн 30 минутiнен немесе 185 км (100 теңiз милiнен) астам қашықтыққа алыстаумен шарттасатын бағыттар бойынша су бетi үстiнен өтетiн болса борттағы жолаушылардың тиiстi санын құтқару салдарымен қосымша жарақтаусыз әуе кемесiн пайдаланбайды.
      Екi жағдайда да қашықтаудың ықтимал мәнiнiң азы есепке алынады.
      33. Құтқару салдарының саны жолаушылар орындарының санына және пайдаланылатын салдардың нормативтiк сыйымдылығына қарай айқындалады, қосу барынша жоғары сыйымдылықтағы бiр қосалқы құтқару салы болады.

^ 9-параграф. Әскери құралымдарды, қару-жарақтар мен әскери техниканы тасымалдау

      34. «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен және әуе кеңiстiгiнде ұшуды жүзеге асыратын барлық басқа мемлекеттермен келiсiлгеннен кейiн ғана пайдаланушыға әскери құралымдарды, қару-жарақтар мен әскери техниканы, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы өнiмдi тасымалдауға рұқсат етiледi.
      35. Пайдаланушы қару-жарақ пен әскери техниканың:
      1) әуе кемесiнде арнайы тасымалдау қабында немесе ұшу уақытында жолаушылар үшiн қол жетпейтiн орындағы өзге де орамада орналасуын;
      2) ұшу басталғанға дейiн барлық мемлекеттер айрықша жағдайларға сәйкес ұшу жүзеге асырылатын әуе кеңiстiгiнде оқтаулы қару жарақты әуеде тасымалдауға рұқсат берiлген жағдайлардан басқа, оқпен ату қаруын тасымалдау кезiнде оның оқтаусыз болуын қамтамасыз етедi.
      36. Пайдаланушы әуе командирi ұшу басталғанға дейiн көрсетiлген тасымалдың және әуе тасымалдануына жататын әскери құралымдар мен әскери техниканың бортта орналасуына рұқсаты туралы хабарлар болуын қамтамасыз етедi.

^ 10-параграф. Қару мен оқ-дәрiлердiң спорттық және басқа да санаттарын тасымалдау

      37. Пайдаланушы әуемен тасымалдауға қабылданған кез келген қару туралы ақпаратты жинауды қамтамасыз етудiң барлық мүмкiн шараларын қабылдайды.
      38. Қаруды тасымалдауға қабылдаған пайдаланушы мыналарды:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бұл жағдайды қолданудың практикалық орынсыздығын анықтайтын және өзге рәсiмдердiң қолданылуымен келiсiлетiн жекелеген жағдайларды болдырмай, қарудың орамада, штаттық қаптарда немесе ұшу уақытында жолаушылар үшiн қол жетпейтiн орындағы контейнерлерде орналасуын;
      2) егер, оқпен атылатын немесе оқ-дәрiсi болуы мүмкiн өзге де қару туралы сөз болса қарудың оқтаусыз болуын қамтамасыз етедi.
      39. Қаруға арналған оқ-дәрiлер Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетi Төрағасының "Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулықты – бағдарламаны бекiту туралы" 2003 жылғы 12 қарашадағы № 523 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2616 нөмiрiмен тiркелген) талаптарына сәйкес жолаушылардың тiркелген багажында тасымалданады.

^ 11-параграф. Қауiптi жүктердi әуемен тасымалдау

      40. Пайдаланушы, егер авиациялық персонал арнайы даярлықтан өтпесе, ал жүктер тиiстi түрде жiктелмесе, құжатталмаса, сертификатталмаса, сипатталмаса, оралмаса, таңбаланбаса, мөрленбесе және Қауiптi жүктердi әуемен қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқаулықтарына (Doc 9284 ИКАО) сәйкес әзiрленген «Азаматтық әуе кемелерiнде қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6822 нөмiрiмен тiркелген)талаптарына жауап беретiн жағдайға келтiрiлмесе қауiптi жүктердi әуемен тасымалдауға қабылдамайды.
      41. Азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер «Азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 18 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6805 нөмiрiмен тiркелген) Қауiптi жүктер тiзбесiнде көрсетiлген.

^ 12-параграф. Қозғалу мүмкiндiгi шектеулi адамдарды тасымалдау

      42. Пайдаланушы қозғалушылығы шектеулi адамдарды тасымалдау рәсiмдерiн белгiлейдi.
      43. Пайдаланушы қозғалушылығы шектеулi адамдардың болуы:
      1) экипаж мүшелерiне қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн;
      2) авариялық-құтқару жабдығына жақындауға кедергi келтiретiн;
      3) ұшақты авариялық тастап шығуға кедергi келтiретiн орындарда орналаспауын қамтамасыз етедi.
      44. ӘК командирi пайдаланушыға бортта қозғалушылығы шектеулi адамдардың бар екендiгi туралы ескертедi.

^ 13-параграф. Әдетте бортқа жiберiлмейтiн жолаушыларды, депортацияланатын адамдарды немесе күзетпен алып жүретiн адамдарды тасымалдау

      45. Пайдаланушы әуе кемесi мен оның жолаушыларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әдетте бортқа жiберiлмейтiн жолаушыларды, депортацияланатын адамдарды немесе күзетпен алып жүретiн адамдарды тасымалдау рәсiмдерiн белгiлейдi.
      46. ӘК командирiне ӘК бортында осы Қағиданың 45-тармағында көрсетiлген адамдардың бар екендiгi туралы ескертiледi.

14-параграф. Жолаушыларды орналастыру.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23



Похожие:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы"
Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулыларына өзгерiстер енгiзу...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi
Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi №859 және "Қазақстан...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы icon1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу заңдары 1-бап. Азаматтық iс жүргiзу заңдарымен
Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жiберу қағидаларын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 26. 12. 2013 ж. №282 (28221); "Казахстанская правда" от 26. 12. 2013 г. №344 (27618)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасының әуе жайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы»
Ағида Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету тәртiбiн, оның iшiнде авариялық-құтқару жұмыстарын...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012 жыл 5 маусым №292-297 (27371); "Казахстанская правда" от 05. 06. 2012 г. №169-170 (26988-26989); Қазақстан...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012 жыл 5 маусым №292-297 (27371); "Казахстанская правда" от 05. 06. 2012 г. №169-170 (26988-26989); Қазақстан...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012 жыл 5 маусым №292-297 (27371); "Казахстанская правда" от 05. 06. 2012 г. №169-170 (26988-26989); Қазақстан...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы icon"Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы iconАзаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 17 сәуiрдегi 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы