Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  icon

Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын



НазваниеЗалалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын
страница1/5
Дата конвертации30.09.2012
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 28.11.2011 17:19:43


Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 Қаулысы

 

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

^ К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 1 тамыздағы

886 қаулысымен

бекітілген

 

 

Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу

қағидасы

 

 

^ 1. Жалпы ережелер

 

1. Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына және «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына сәйкес әзірленген және залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізуді ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты субсидиялау шартын (бұдан әрі - Шарт) ұзартуды белгілейді.

Осы Қағидада уәкілетті орган деп темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте - салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.

Осы Қағидада ұлттық тасымалдаушы деп мәртебесін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын арнайы тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк багажды, пошта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін тасымалдаушы түсініледі.

2. Тендерге конкурстық құжаттаманы «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысымен айқындалған әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жүруі болжанатын ұлттық темір жол компаниясының жолаушылар поезы қозғалысының нормативтік кестесі базасында құрылған лоттар және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттама негізінде уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Уәкілетті орган тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.

 

 

2. Тендерлік комиссияны құру

 

4. Тендерлік комиссия (бұдан әрі - комиссия) тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзарту мәселелерін қарау үшін құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.

5. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзартуға өтінімдерді қарайды және шарттардың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

6. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

7. Тендер өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсыну бойынша ұйымдастырушысына жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар ретінде жұмыс істеу үшін өзге де мамандарды тартуға рұқсат етіледі.

8. Сарапшылар қатысушылар өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі Шарттың мерзімін ұзартуға берілген өтінімдердің, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар ұсынған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру, жеңімпазды анықтау және шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

 

 

^ 3. Тендерге қатысушыларға және тендерлік өтінімдерге қойылатын талаптар

 

9. Тендерге қатысуға ҚҚС төлеушілері болып табылатын және осы Қағиданың 10-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келетін, осы Қағидаға сәйкестелетін өтінімді және басқа да қажет құжаттарды уақтылы ұсынған әлеуетті тасымалдаушылар жіберіледі.

10. Тендерге қатысу және/немесе Шарттардың мерзімін ұзарту үшін әлеуетті тасымалдаушылар мынадай шарттарға сәйкес болуы қажет:

1) темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауға лицензиясының болуы;

2) Қазақстан Республикасының аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген, жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін жеке меншік немесе басқа заңды негіздерде пайдаланылатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушы жылжымалы құрамының болуы, бұл ретте (жалпы, плацкарт, купелі) үлгілері бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны («Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 пайызын, ал электрдизель поездар вагондарының саны - 100 пайызды құруы тиіс;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және зейнетақылық жинақ қорларына аударымдар бойынша берешектері болмауы;

4) тиісті әлеуметтік мәні бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының және/немесе нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік мәні бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілдіктің болуы;

5) тасымалдаушының магистральдық темір жол желісі операторының, локомотивтік тартымның және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау және оған техникалық қызмет көрсету, вагондарды жалға алу, ғимараттарды жалға беру қызметін ұсыну мен вокзалдарда 12 айда (алдыңғы жылдың қарашасынан бастап, ағымдағы жылдың қарашасына дейін) анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсету бойынша басқа да темір жол ұйымдарының алдында берешегінің немесе берешекті өтеу кепілдіктерінің болмауы.

11. Әлеуетті тасымалдаушы тендерге қатысу және/немесе Шарттардың мерзімін ұзарту үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тендерлік өтінімді ұсынады:

1) осы Қағидаға 2-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) немесе 3-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес тендерге қатысуға өтініш;

2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес үлгілері, саны, шығарылған жылы, вагондардың зауыттық нөмірлері, техникалық жай-күйі және жоспарлы жөндеу түрлері көрсетіле отырып (жеке меншік құқығын немесе жалға алынғандығын растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды қоса берумен) жеке меншік және (немесе) сенімді басқарудағы, мүлікті жалдау немесе басқа да заңды негіздерде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымалы құрамның мүккәмал паркі туралы мәліметтер, бұл ретте (жалпы, плацкарт, купелі) үлгілері бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны («Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 пайызды, ал электрдизель поездар вагондарының саны - 100 пайыз құрауы тиіс;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар болуы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның (осы құқықты растайтын тиісті құжатты қоса беріп) қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілсе, осы берешектің пайда болу мерзімін растайтын анықтаманы берген адамның қолы қойылған құжаттар қоса берілуі қажет;

4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес тендерге қойылған әлеуметтік мәні бар қатынастардағы маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар;

5) тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын қызмет көрсетілген әлеуметтік мәні бар маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтініш берген кезде осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік мәні бар маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілхат - міндеттеме.

6) Шарттың мерзімін ұзартуға өтінім берілген жағдайда ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған магистральдық темір жол желісі, локомотивтік тартым операторының және вагондарды жалдау, техникалық қызмет көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер ұсыну қызметтері көрсететін басқа да темір жол ұйымдарының берешегі бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі және берешек болған жағдайда бірінші басшылар қол қойған берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екі жақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді ұсынудың ай - күні белгіленген берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;

7) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес Шарттың мерзімін ұзартуға мәлімделген маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар;

8) осы Қағиданың 44-тармағына сәйкес тендерге қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету;

12. Тендерге қатысу және/немесе Шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен немесе жеке тұлғаның қолымен куәландырылады.

13. Тендерлік өтінімде және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімде жолдардың арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

14. Әлеуетті тасымалдаушы тендерлік өтінімді және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімді конвертке салып желімдейді, онда әлеуетті тасымалдаушының атауы мен мекенжайы көрсетіледі. Содан соң конверт тағы бір конвертке салынып жабылады.

15. Конверттер тендерді ұйымдастырушыға (комиссияға) мынадай белгілермен жіберілуі тиіс:

тендерге қатысу ниеті болған жағдайда - «Залалдары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсқа арналған тендерлік өтінім»;

Шартты ұзарту ниеті болған жағдайда - «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаурын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінім».

16. Әлеуетті қатысушы тендерлік өтінімдерді (Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді) ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімді өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, салынуы және ұсынылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендерді ұйымдастырушы (Комиссия) тендерлік өтінімдерді (Шартты ұзартуға арналған өтінімдерді) ұсынудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

17. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін өтінімдерге ешқандай өзгертулер енгізілмеуі тиіс.

 

 

4. Тендерді өткізуді ұйымдастыру

 

18. Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген қолданыстағы шарттарды мерзімінен бұрын бұзу немесе жаңа бағытты әлеуметтік мәні бар деп тану жағдайларын қоспағанда, тендер және/немесе Шарттың мерзімін ұзарту жылына 1 рет өткізіледі.

19. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған Шарт жасау жолымен бұрын осы бағытқа қызмет көрсеткен қызметкерлерді (жолсеріктер және поезд бастықтары) міндетті түрде пайдалана отырып, тиісті кезеңге бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде тасымалдарды одан әрі ұйымдастыруды беру жыл соңына дейін немесе тасымалдаушыны анықтағанға дейін жолаушыларды, жүктерді, багажды, жүк багажын және пошта жөнелтілімдерін Ұлттық тасымалдаушыға беруге рұқсат етіледі.

20. Уәкілетті орган тендерді өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті хабарландыру беріледі және тендерге қойылатын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бағыттарының тізбесі анықталады. Хабарландыру тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік 15 күннен және тендер қайта өткізілген жағдайда күнтізбелік 7 күннен кешіктірілмей беріледі.

21. Тендерді өткізу туралы хабарланғаннан кейін тендерге қатысуға тілек білдірген әлеуетті тасымалдаушылар осы Қағиданың 10-тармағында аталған құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның атына тендерлік өтінімдерді ұсынады.

22. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау тіркеу журналына өтінімдерді (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы қол қойған және мөрмен бекітілген) енгізу жолымен жүзеге асырылады және тендерді өткізу күніне дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады, ал Шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін Шарт қолдану мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күн ішінде аяқталады.

 

 

^ 5. Тендерді өткізу, тендерлік ұсыныстарға баға беру және жеңімпаз(дар)ды анықтау тәртібі

 

23. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қатысушылар немесе олардың уәкілеттіктері комиссияның отырысына қатысуға құқық беретін сенімхатпен расталған уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

24. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде комиссия қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысатын әлеуетті тасымалдаушылардың атауы мен тұратын жерін, олар ұсынған бағаларды, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия тиісті хаттаманы жасайды және қол қояды.

25. Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына конверттерді ашу рәсіміне қатысқандар, комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.

Уәкілетті орган өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) әлеуетті тасымалдаушыларға немесе олардың уәкілетті өкілдеріне өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жолдайды немесе ұсынады;

2) өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды. Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында бар және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер ақы өндіріп алмай барлық мүдделі адамдар танысу үшін қол жетімді болуы тиіс.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған әлеуетті тасымалдаушыларға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша немесе олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сұрау салуы бойынша уәкілетті органның осындай сұрау салуды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі ұсынылады.

27. Комиссия тендерге қатысу үшін қарауға қабылданған тендерлік өтінімдерді бағалайды және салыстырады, және қызметтердің сапалы сипаттамалары мен маршруттар бойынша қажетті субсидияларының ұсынылған көлемін есепке ала отырып, тендерде жеңіске жеткен тасымалдаушыны (тасымалдаушыларды) анықтайды.

28. Өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде комиссия әлеуетті жеткізушілердің өтінімдеріндегі мәліметтерді нақтылау мақсатында тендерлік өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті жеткізушілерден олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірмелер сұратуы мүмкін. Комиссия қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғаларданда сұратуы мүмкін.

Конкурстық құжаттаманың (осы Қағиданың) талаптарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді (Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімді) осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сауалдар, ұсыныстар немесе рұқсаттар жасауға жол берілмейді.

29. Комиссия, егер:

1) осы тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті тасымалдаушы осы Қағиданың
  1   2   3   4   5



Похожие:

Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №886 Қаулысы
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар...
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconПриказ № Астана қаласы город Астана
«Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар...
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconПриказ №990 Астана қаласы город Астана
«Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау...
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconЗалалдары жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс қорытындысы туралы хаттама
Конкурстық комиссияның төрағасы – Мақсұт Пернебайұлы Исахов «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм бастығы
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconЗалалдары жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы
Конкурстық комиссияның төрағасы – Мақсұт Пернебайұлы Исахов «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм бастығы
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconЖоба орал қаласы бойынша 2014 жылғы ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Ішкі су көлігі туралы»
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі №1017 «Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын...
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconӘлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconКонкурсқа хабарлама
Ережесін орындау мақсатында 2011 жылғы 27 желтоқанда 2012 жылға Павлодар облысының аудан аралық (қала аралық) және ішкі әлуметтік...
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconМемлекеттік сатып алу бойынша
Бюджеттік бағдарламаның атауы: 002 Жалпы үлгідегі медико-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік...
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын  iconМүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік
Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы