Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы icon

Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы



НазваниеШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
Дата конвертации14.04.2013
Размер289.73 Kb.
ТипДокументы
источник


Шахтинск қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «___» ________

№_______ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн

оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызметінің регламенті


1. Негізгі ұғымдар


1. Осы регламентте келесідей негізгі ұғымдар қолданылады:

протездік-ортопедиялық құралдар – денсаулығының зақымдануынан

немесе науқастануы салдарынан ағзаның бұзылған не жоғалтқан қызметін өтейтін, аяқ-қолының немесе өзге бөліктерінің жоқтығында орнын басатын құралдар;

мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі- уәкілетті орган) – «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.


2. Жалпы ережелер


2. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу- протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету және оларды қолдануға үйрету бойынша арнаулы медициналық – техникалық көмектің түрін алуға мүгедектердің құқықтарын іске асыруға бағытталған мемлекеттік қызмет.

3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган, сонымен бірге баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі-Орталық) көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінің негізінде ұсынылады.

6. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресiмдеу туралы қағаз тасығашта хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


7. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді, осы регламенттің 1 қосымшасында мекенжай мен жұмыс кестесі көрсетілген.

Баламалы негізде мемлекеттік қызметті Орталық арқылы көрсетеді, осы регламенттің 2 қосымшасында мекенжай мен жұмыс кестесі көрсетілген.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің: http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Шахтинск қаласы әкім аппаратының: http://www.shahtinsk.kz. ақпараттық порталында, уәкілетті органының стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері өтінушімен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

уәкілетті органына – он жұмыс күн ішінде;

орталықта – он жұмыс күн ішінде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартылады:

1) тұтынушының протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді қабылдауға медициналық қарсы көрсетілімдері болғанда;

2) аталған мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттардың біреуі болмағанда, орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған кезде;

3) жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда;

4) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерге, егер олардың қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылмаған жағдайда бас тартылуы мүмкін.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер қарастырылммаған.

11. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу үшін мемлекеттік қызметті тұтынушы уәкілетті органға өтінеді.

1) Әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы:

құжаттардың толық жиынтығымен мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдайды, көшірмелері мен түпнұсқаларын салыстырады және түпнұсқаларын өтінушіге қайтарады, өтінішті протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну өтініштер есебі журналында тіркейді және тұтынушының тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген тіркеу талон береді;

қызмет алушының құжаттар пакетін құрады және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісіне тексеруге береді;

2) Әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі ұсынылған құжаттардың толықтылығын және дұрыс ресімделгенің тексереді «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» ММ жолдамахат жобасына виза қояды және мемлекеттік қызметті алушының жеке ісі макетін уәкілетті органның бастығына береді;

3) Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметті көрсету (немесе қызмет көрсетуден бас тарту) туралы шешімді қабылдайды, жолдама құжатына қол қояды және істі әрі қарай жұмыс үшін бас маманға жолдайды;

4) әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы қызмет тұтынушының жеке ісін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» ММ жолдайды, протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны қызмет тұтынушыға береді.

Протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізуді тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

12. Баламалы негізде мемлекеттік қызметті тұтынушы протездік-ортопедиялық көмекті көрсету үшін Орталыққа өтінеді.

Мемлекеттік қызметті тұтынушының тілегі бойынша тегін кеңесшінін көмегімен құжаттардың талап етілетін тізімге сәйкестігін алдын ала тексеру ұсынылады.

«Электрондық» кезек күту тәртібімен тұтынушы Орталықтың инспекторына құжаттарды тапсыру үшін операциондық залға өтеді

  1. Инспектор:

құжаттардың толықтылығын тексереді, журналда тіркейді және өтінішті қабылдағаны туралы қолхат береді. Берілген қолхатта өтінішті қабылдау нөмірі және күні, қажет етілетін мемлекеттік қызметтің түрі, сұралатын қызметтің берілу күні, уақыты және орны, өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

өтінішті орталықтың жинақтау бөлімі инспекторына тапсырады.

2) Орталықтың жинақтау бөлімі инспекторы тізімді құрастырады және құжаттарды уәкілетті органға жолдайды.

3) Әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы:

тізім бойынша құжаттардың толығық жиынтығымен мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдайды және протездік-ортопедиялық көмек көрсету өтініштің есебі журналында тіркейді;

қызмет алушының құжаттар пакетін қалыптастырады және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісіне тексеруге береді.

4) Әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі ұсынылған құжаттардың толықтылығын және дұрыс ресімделгенің тексереді «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» ММ жолдамахат жобасына виза қояды және мемлекеттік қызметті алушының жеке ісі макетін уәкілетті органның бастығына береді;

5) Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметті көрсету (немесе қызмет көрсетуден бас тарту) туралы шешімді қабылдайды, жолдама құжатына қол қояды және істі әрі қарай жұмыс үшін бас маманға жолдайды;

6) Әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы қызмет тұтынушының жеке ісін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» ММ жолдайды, протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламалар тізімін қалыптастырады және Орталықтың жинақтау бөліміне береді.

7) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы хабарламаны орталықтың құжаттарды беру бөліміне береді.

8) Орталықтың құжаттарды беру бөлімінің инспекторы қолхат бойынша хабарламаны береді.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды іске асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау.


14. Өтініш протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға өтініштер есебі журналында әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманымен тіркеледі. Тұтынушыға тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген тіркеу талон береді.

Баламалы тәртіпте құжаттар қосылып берілген өтініш орталықтың инспекторымен журналда тіркеледі. Қызмет алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Берілген қолхатта сұранымның қабылдау нөмірі және күні, қажет етілетін мемлекеттік қызметтің түрі, қосылып берілген құжаттардың мөлшері және атауы, сұралатын қызметтің берілу күні, уақыты және орны, өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

15. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтініш, әлеуметтік жеке кодының нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда);

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, ата-анасының біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмені;

4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәліктің көшірмесін;

5) Ұлы Отан соғысы қатысушылары үшін – протездік-ортопедиялық көмек көрсету қажеттілігі туралы тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым қорытындысының көшірмесін;

6) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер – жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесін және жеке кәсіпкер – жұмыс беруші қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат ұсынады.

Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

16. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары: уәкілетті органы мен орталықтың қызметі, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттардың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

17. Мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі үрдісінде қатысады:

1) 1 ҚФБ - уәкілетті органның басшысы;

2) 2 ҚФБ - уәкілетті органның әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі;

3) 3 ҚФБ уәкілетті органның әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы;

Мемлекеттік қызметті көрсетудің баламалы үрдісінде қатысады:

1) 1 ҚФБ - уәкілетті органның басшысы;

2) 2 ҚФБ -уәкілетті органның әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі;

3) 3 ҚФБ уәкілетті органның әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы;

4) 4 ҚФБ –Орталықтың құжаттар беру бөлімінің инспекторы;

5) 5 ҚФБ -Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

6) 6 ҚФБ -Орталықтың инспекторы.

18. Осы регламенттің 3 қосымшасында әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттердің (шаралардың) реттілігі мен іс-әрекеттестігің мәтінді кестелік сипаттау әрбір әкімшілік іс-әрекеттердің (шаралардың) орындау мерзімін көрсетеді.

19. Схема осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі әкімшілік іс-әрекеттінің логикалық бірізгілігі арасындағы байланысты көрсетеді.

20. Осы регламенттің 5 қосымшасында протездік-ортопедиялық көмекті қамтамасыз ету туралы өтініштің үлгісі көрсетілген.

Осы регламенттің 6 қосымшасында протездік-ортопедиялық көмекті қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу туралы қабылданған шешімнің туралы хабарламның үлгісі көрсетілген.


5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі


21. Уәкілетті органының басшысы мен Орталықтың басшысы (бұдан әрі-лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылдаған шешімдері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған тәртіпте жауапкершілік алады.


«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық

көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды

ресiмдеу» мемлекеттік қызметтің

регламентіне

1-қосымша


Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша

уәкілетті органдардың мекен жайлары және жұмыс кестесі


Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Заңды мекен жайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефондары

Электорндық мекен жай

1

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы, Калинина көшесі, 17

Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ке дейін, демалыс күндері – сенбі мен жексенбі

8(72156)

5-25-78

Shahtinsk_ozan@krg.gov.kz



«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық

көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды

ресiмдеу» мемлекеттік қызметтің

регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша

халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен жайлары және жұмыс кестесі


Р/с №


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекен жайы

Басшының телефон нөмірі

Электронды мекен жай

Жұмыс тәртібі

1

2

3

5

6

7

1

«Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ филиалының Шахтинск қалалық № 1 бөлімі

Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы,

65 Б

8 (721156)

5-26-32


shahtcon@

yandex.ru

Күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, үзілссіз, жексенбі демалыс


2

«Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ филиалының Шахтинск қаласы Шахан кентінің № 2 бөлімі

Шахан кенті, 10/16 – 16 орам


8 (72156)

3-20-99


con_shahan@

mail.ru



«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық

көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды

ресiмдеу» мемлекеттік қызметтің

регламентіне

3-қосымша


1 кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктерінің әрекеттерін сипаттау


Өтінімнің негізгі үдірістің іс әрекеті

1

№ іс әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

3 ҚФБ

3 ҚФБ

2 ҚФБ

1 ҚФБ

3 ҚФБ

3

Іс әрекеттің атауы (барысы, рәсімі,тыңдыруы) және оның баяндауы

Протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу бойынша өтіну

Құжатты рәсімдеу тәртібі

Ұсынылған құжаттардың толықтылығын және дұрыс ресімделгенің тексереді

Қабылдаған

шешім

Тұтынушының алатын қызметтінің хабарлау тәртібі

4

Аяқтау нысаны

Өтінішті өтініштер есеп журналында тіркейді және тұтынушының тіркеу талон береді

Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар пакеті

Жолдама хатының жобасымен қызмет алушының жеке іс макеті

Қызмет тұтынушының жеке ісі, жолдама хат

Қағаз жеткізгіштегі хабарлама

5

Баламалы аяқтау нысаны







Тұтынушының жеке іс макетінің жобасының қабылдалмағаны жөнінде хабарлама

Қызмет тұтынушының жеке ісі, қабылдалмағаны жөнінде хабарлама




6

Орындау мерзімі

15 минут

Өтінішті тіркеу сәтінен бастап 6 жұмыс күн

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні




Өтінімнің баламалы үдірістің іс әрекеті

1

№ іс әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

ҚФБ 6

ҚФБ 5

ҚФБ 3

ҚФБ 3

ҚФБ 2

ҚФБ 1

ҚФБ 3

ҚФБ 5

ҚФБ 4

3

Іс әрекеттің атауы (барысы, рәсімі,тыңдыруы) және оның баяндауы

Протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу бойынша өтіну

Уәкілетті органға құжаттарды жолдау тәртібі

Уәкілетті органда протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу тәртібі


Құжатты рәсімдеу тәртібі

Құжаттарды тесеру тәртібі


Қабылдаған

шешім

Орталыққа хабарлама жіберу тәртібі

Уәкілетті органнан хабарлама қабылдау тәртібі

Тұтынушыға хабарлама жіберу тәртібі

4

Аяқтау нысаны

Өтінішті тұтынушыға қол хат беру тіркеу журналына тіркеу,

Тізілем

Өтінішті журналда тіркеу

Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар пакетті

Жолдама хат жобасы және мемлекеттік қызметті алушының жеке іс макеті

Тұтынушының жеке ісі, жолдама хат

Қағаз жеткізгіштегі хабарлама мен тізілім

Қағаз жеткізгіштегі хабарлама мен тізілім

Тіркеу және хабарлама беру

5

Баламалы аяқтау нысаны













Мемлекеттік қызметті алушының жеке ісі макетің қабылдамағаны жөніңде хабарлама

Тұтынушының жеке ісі қабылдамағаны жөніңде хабарлама










6

Орындау мерзімі

15 минут

1

жұмыс күні

15 минут

6 жұмыс күні

1

жұмыс күні

2

жұмыс күні

1 жұмыс күні

15 минут

15 минут

7

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

7

8

9





2 кесте. Қолдану нұсқаулары. Өтінімнің негізгі тәртібі

Негізгі үрдесі (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 3

№4 іс әрекет

Мемлекеттік қызметті көрсету (немесе қызмет көрсетуден бас тарту) туралы шешімді қабылдайды

№3 іс әрекет

Ұсынылған құжаттардың толықтылығын және дұрыс ресімделгенің тексереді «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ жолдамахат жобасына виза қояды және жеке іс қағаздар макетіне уәкілетті органның бастығына береді;

№1 іс әрекет

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, тіркеу талонын беру







№2 іс әрекет

Құжаттар пакетін құру және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісіне тексеруге беру







№5. іс әрекет

Қызмет тұтынушының жеке ісін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» ММ жолдайды, протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны қызмет тұтынушыға береді.





Баламалы үрдесі (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 3

№4 іс әрекет

Мемлекеттік қызметті көрсету (немесе қызмет көрсетуден бас тарту) туралы шешімді қабылдайды

№3 іс әрекет

Ұсынылған құжаттардың толықтылығын және дұрыс ресімделгенің тексереді «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ жолдамахат жобасына виза қояды және жеке ісі макетін уәкілетті органның басшысына береді;

№1 іс әрекет

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, тіркеу талонын беру







№2 іс әрекет

Құжаттар пакетін құру және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісіне тексеруге беру







№5. іс әрекет

Қызмет тұтынушының жеке ісін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» ММ жолдайды, протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны қызмет тұтынушыға береді.



3 кесте. Қолдану нұсқаулары. Өтінімнің баламалы тәртібі

Негізгі үрдесі (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 3

ҚФБ 4

ҚФБ 5

ҚФБ 6

^ 6 іс әрекет

Мемлекеттік қызметті көрсету (немесе қызмет көрсетуден бас тарту) туралы шешімді қабылдау

5 іс әрекет

Ұсынылған құжаттардың толықтылығын және дұрыс ресімделгенің тексереді «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ жолдамахат жобасына виза қояды және жеке іс қағаздар макетін уәкілетті органның басшысына береді;

3 іс әрекет

Орталықтан құжаттарды қабылдау және тіркеу

№9 іс әрекет

Жинақтау бөлімінен хабарламаларды қабылдау және қызмет тұтынушыға беру

2 іс әрекет

Инспектордан құжаттарды қабылдау, тізімді құрастыру, «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» уәкілетті органнына жолдайды

1 іс әрекет

Құжаттарды тіркеу, қабылдау, қолхат беру








4 іс әрекет

Қызмет алушының құжаттар пакетін құрады және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісіне тексеруге береді




8 іс әрекет

Тізім бойынша хабарламаларды қабылдайды және құжаттарды уәкілетті органына беру

2 іс әрекет

Құжаттарды орталықтың жинақтау бөліміне беру







7 іс әрекет

Қызмет тұтынушының жеке ісін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» ММ жолдайды, протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламалар тізімін қалыптастырады және Орталыққа береді.













Баламалы үрдесі (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ 1


ҚФБ 2


ҚФБ 3


ҚФБ 4


ҚФБ 5


ҚФБ 6


^ 6 іс әрекет

Мемлекеттік қызметті көрсету (немесе қызмет көрсетуден бас тарту) туралы шешімді қабылдау

5 іс әрекет

Ұсынылған құжаттардың толықтылығын және дұрыс ресімделгенің тексереді «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ жолдамахат жобасына виза қояды және жеке іс макетін уәкілетті органның басшысына береді;

3 іс әрекет

Орталықтан құжаттарды қабылдау және тіркеу

№9 іс әрекет

Жинақтау бөлімінен хабарламаларды қабылдау және қызмет тұтынушыға беру

2 іс әрекет

Инспектордан құжаттарды қабылдау, тізімді құрастыру, уәкілетті органына жолдайды

1 іс әрекет

Құжаттарды тіркеу, қабылдау, қолхат беру








4 іс әрекет

Қызмет алушының құжаттар пакетін құрады және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісіне тексеруге береді




8 іс әрекет

Тізім бойынша хабарламаларды қабылдайды және құжаттарды уәкілетті органына беру

2 іс әрекет

Құжаттарды орталықтың жинақтау бөліміне беру







7 іс әрекет

Қызмет тұтынушының жеке ісін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» ММ жолдайды, протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламалар тізімін қалыптастырады және Орталыққа береді.












«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық

көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды

ресiмдеу» мемлекеттік қызметтің

регламентіне

4-қосымша

Функционалдық әрекеттесу диаграммасы .


Өтінімнің негізгі тәртібі

ҚФБ 3


ҚФБ 2

ҚФБ 1




Н-4. Шешім қабылдау 2 жұмыс күні









Дұрыс шешім



Н-3. Құжаттарды тексеру рәсімі

1 жұмыс күні




Н-1. Протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу жөнінде өтінім

15 минут





Н-2 Құжаттарды ресімдеу рәсімі

6 жұмыс күні



Н-5. Тұтынушыға қызмет ұсыну туралы хабарлау рәсімі

1 жұмыс күні


Б-5. Тұтынушыға қызмет ұсынудан бас тарту туралы хабарлау рәсімі

1 жұмыс күні






Өтінімнің баламалы тәртібі

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 3

ҚФБ 4

ҚФБ 5

ҚФБ 6


Н-6. Шешім қабылдау

2 жұмыс күні



Дұрыс шешім



Н-5. Құжаттарды тексеру рәсімі

1 жұмыс күні





Н-3. Құжаттарды қабылдау және тіркеу 15 мин





О-4. Процедура оформления документов

6 рабочих дней

Б-7. Орталыққа қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаларды беру рәсімі

1 жұмыс күні



Н-4. Құжаттарды ресімдеу рәсімі

6 жұмыс күні


Н-7. Орталыққа қызмет көрсету туралы хабарламаларды беру рәсімі

1 жұмыс күні





Н-9. Тұтынушыға хабарлау рәсімі

15 мин




Н-2. Құжаттарды уәкілетті органға беру рәсімі 1 күн



Н-8. Уәкілетті органан хабарламаларды қабылдау рәсімі

15 мин





Б-1. Протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу жөнінде өтінім

15 минут











«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну

үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік

қызметтің регламентіне

5 қосымша


«Шахтинск қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ бастығы

________________________________


Өтініш


Тегі__________________________________

Аты__________________________________

Әкесінің аты___________________________

Туған мерзімі__________________________

Жеке куәлігі __________________________

ӘЖК (ЖСК) ___________________________

Мүгедектігі____________________________

Тұрғын мекен –жайы__________________________

Телефон_________________________


Мені протезді-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуді сұраймын

Келесі құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

1.жеке куәлігінің көшірмесі

2. МӘС (ВТЭК) анықтамасының көшірмесі

3.азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі

4.Мүгедектерді оңалту бағдарламасының көшірмесі (ОЖБ)

5. __________________________________________


«____»_____________20___ж. ______________________________

(өтініш берушінің немесе өтініш берген тұлғаның қолы)


Өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың

растығын дәлелдеймін_________________________________________________

(өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә.,лауазымы)


«____»_____________20___ж. ______________

(қолы)


______________ өтініші ____ дана мөлшерінде

қоса берілген құжаттармен,_____ тіркеу нөмірімен

«___»_________ 20___ж қабылданды.

Құжатты қабылдаған тұлғаның лауазымы,қолы, Т.А.Ә.


«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну

үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік

қызметтің регламентіне

6-қосымша


Шахтинск қ. жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Күні__________


Хабарлама


___________________________________________________________________________________________

(мемлекеттік қызметті тұтынушының Т.А.Ә.)


мекенжайы бойынша тұратын_________________________________________________________________

_________________________________ Cіздің өтінішіңізге сәйкес протезді-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттардың ресімделгені (ресімдеуге қабыл алмағаны) туралы Сізге хабарлаймыз


Өкілетті органның бастығы ____________________________


Шахтинск қ. жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Күні__________


Хабарлама


__________________________________________________________________________________________

(мемлекеттік қызметті тұтынушының Т.А.Ә.)


мекенжайы бойынша тұратын_________________________________________________________________


_________________________________ Cіздің өтінішіңізге сәйкес протезді-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттардың ресімделгені (ресімдеуге қабыл алмағаны) туралы Сізге хабарлаймыз


Өкілетті органның бастығы ____________________________


Алдым ___________________________

(қолы, күні)




Похожие:

Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/28 қаулысымен бекітілген
Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің ақпараттық – талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық – техникалық қызметін жүзеге...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «11» желтоқсандағы №26/36 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады,...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/23 қаулысымен бекітілді
«Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі құзырет аясында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №23/3 қаулысы
Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/7 қаулысымен бекітілген
Шахтинск аймағы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға арналған ұйымдастыру-құқықтық...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына ақшалай нысанда материалдық көмекті төлеу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы