Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген icon

Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген



НазваниеШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген
Дата конвертации14.04.2013
Размер62.14 Kb.
ТипДокументы
источник

Шахтинск қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «27» желтоқсан

28/8 қаулысымен бекітілген


«Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


Шахтинск қаласы 2012 жыл

1. Жалпы ереже


1. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды басшылыққа алады.

2. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі ведомоствасы бар (бар болса):

3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, басқа да нормативті құқықтық актілерге, сонымен қатар осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеме, мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық үлгідегі заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органында шоттары, орнатылған үлгідегі бланктері, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрлері және мөртаңбалары бар.

5. Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға енеді.

6. Мемлекеттік мекеме егер ол заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастар жағынан енуге құқығы бар.

7. Өзінің мемлекеттік мекеме құзырлығы мәселесі бойынша мемлекттік мекеме басшысының бұйрықтарымен дайындалатын және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілерімен заңда орнатылған тәртіпте шешімдер қабылдайды.

8. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен шектi штат саны қолданымдағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: Қазақстан Республикасы, 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі,101 үй.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – Государственное учреждение «Отдел жилищной инспекции города Шахтинска».

11. Осы ереже «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бюджетінің (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субьектілерімен шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады. Егер «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджет табыстарына жіберіледі.


^ 2. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері,

қызметтері және құқықтары және миссиясы.


14. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі Шахтинск аймағы бойынша тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты жандандыру бағдарламасына тікелей қатысады, тұрғын үй – коммуналдық саласында қатынасты реформалау және тұрғын үй қоры саласында мемлекеттің саясатын енгізу.

15. Негізгі міндеттері: «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік басқару болып табылады.

16. Функциялары: «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі негізгі функциясы кондоминимум нысандарының жалпы мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларымен жоспарлы, жоспарлы емес тексерулерді жүргізу.

17. Құқықтары мен міндеттері: Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері функционалдық міндеттерін атқару барысында келесі құқықтарға ие болған:

1) Қызметтік куәлікті ұсыну барысында тексеру жүргізу барысында тексерілетін нысанды кедергісіз қарау.

2) тексеру жүргізу барысында барлық қажетті ақпаратты алуға;

3) кондоминимум нысандарының органымен тексеру барысында тұрғын үй қорының сақталу ережелерінің бұзылу фактілері анықталған жағдайда міндетті түрде орындалу үшін ескертулер беру. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының негізгі міндеттері болып:

4) ҚР заңдарына сәйкес тексерістер жүргізу, тексеру барысында тексерілетін нысанның бекітілген жұмыс кестесіне кедергі келтірмеу.

5) Тексеру барысында алынған мәліметтер және алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

6) Тұрғы үй қорының сақтау ережесін бұзу туралы акті құрастыру.

18. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылық жасау бірінші басшымен жүзеге асырылады, «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер және функцияларды орындалуына жауапкершілік артылады.

19. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы Шахтинск қаласының әкімімен жұмысқа тағайындалады және босатылады.

20. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысында орынбасары бар, ол қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және босатылады.

21. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының уәкілеттілігі:

Тұрғын үй инспекциясының қызметін жүзеге асыру барысында тұрғын үй инспекциясының бастығы:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз қызмет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде тұрғын үй инспекциясының мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды,

4) сенімхаттар береді;

5) қызметкерлердің біліктіліктерін артыру және қазақстандық және шет елдердегі оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту, тәжірибе, іс сапар бойынша мемлекеттік мекеме жоспарларын және тәртібін бекітеді;

6) банктік шоттар ашады;

7) барлық қызметкерлерге міндетті нұсқаулар мен бұйрықтар береді;

8) уәкілетті органмен тағайындалған қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) тұрғын үй инспекциясының қызметкерлеріне әкішлілік тәркілеу салады және кеңейту бойынша шаралар қабылдайды;

10) өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және тұрғын үй инспекциясының басқа да басқарушы қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды.

«Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының міндеттерін орындау ол жоқ болған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

22. Тұрғын үй инспекциясы және уәкілеттік органмен, құрылтайшымен, еңбек колективі арасында қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызмет етеді.

23. Тұрғын үй инспекциясының жұмыскерлері еңбек заңнамасында және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада қарастырылған міндеттерге және құқыққа ие.

24. Тұрғын үй инспекциясының әр қызметкерінің өз штампы бар. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының міндеттерін орындау ол жоқ болған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

25. бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарының уәкілетігін анықтайды.

26. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесін, «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бастық басқарады.


^ 4. Мемлекеттік органның мүлкі.


27. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған жағдайда мүлікті жедел жеке басқару құқығына ие бола алады. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздерден және өз қызметі нәтижесінде алынған, мүлікті (ақша кірістерін қосқанда) оған иегермен берілген, мүлік есебінен құрылады.

28. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркелген мүлік республикалық коммуналдық меншікке жатады.

29. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркелген, оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікпен өз еркімен билік етуге немесе оны иелігінен шығаруға құқылы емес, егер заңнамада өзгеше орнатылмаса.


5. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату.


30. «Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Шахтинск қаласының

тұрғын үй инспекциясының бөлімі» ММ

бастығының м.а С.Д. Мусагулов



Похожие:

Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «11» желтоқсандағы №26/36 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/28 қаулысымен бекітілген
Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің ақпараттық – талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық – техникалық қызметін жүзеге...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/7 қаулысымен бекітілген
Шахтинск аймағы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға арналған ұйымдастыру-құқықтық...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconПавлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсан №1727/27 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconПавлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсан №1727/27 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет регламенті
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconПавлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсан №1727/27 қаулысымен бекітілген
«Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/6 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) аймақтың мемлекеттік...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/22 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы