Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген icon

Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген



НазваниеШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген
Дата конвертации15.06.2013
Размер90.74 Kb.
ТипДокументы
источник


Шахтинск қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 11 желтоқсандағы

26/38 қаулысымен

бекітілген


«Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ


Шахтинск қаласы 2012 жыл

1. Жалпы ереже


1.«Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) мәдениет пен өнер ошақтарын ашу және сақтау, халықтардың мәдениетін дамыту, жаңғырту бойынша жұмыстар ұйымдастыратын, Шахтинск қаласының аумағында мемлекеттік тіл саясатын жүргізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.

2.Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің актілеріне, басқа да нормативті - құқықтық актілерге, сонымен қатар осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып - жергілікті атқарушы орган тұлғасындағы Шахтинск қаласы әкімдігі табылады. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы, сонымен қатар оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі міндеттерін жүзеге асырушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Шахтинск қаласының әкімдігі деп танылады.

4.Мемлекеттік мекеме, мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық үлгідегі заңды тұлғасы болып есептеледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органында шоттары, бекітілген үлгідегі бланктері, мемлекеттік тілде жазылған өз атауымен мөрлері мен мөртаңбалары бар.

5.Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға кіре алады.

6.Мемлекеттік мекеме заңнамаға сәйкес уәкілеттілігі болса, мемлекет атынан азаматтық – құқықтық тарап болып қатысуға құқығы бар.

7.Мемлекеттік мекеменің құзыры шеңберіндегі сұрақтар болса, Қазақстан Республикасы заңнамаларына және басқа да актілерге сүйене отырып, мемлекеттік мекеме басшысы бұйрықпен дайындалған шешімдер шығара алады.

8.Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индексі 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы 50.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – Государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков города Шахтинска».

11. Осы ереже мемлекеттік мекменің құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттік мекемеге мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік субьектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

14. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері,

қызметтері мен құқықтары


15.Мемлекеттік мекеменің миссиясы - мәдениет саласында сапалы да қолжетімді қызмет түрлерін ұсынуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

16. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және ұйыстырушы функциясын кеңейту;

2) ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүргізу;

3) мәдениет саласында отандық өнімге деген сұраныстың өсуіне жағдай жасау;

4) Мәдениет пен өнер саласында бәсекелестікті көтеру;

17.Мемлекеттік мекеме өз құзыры шеңберінде келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) Шахтинск қаласы аумағындағы өнер мен мәдениетті, барлық Қазақстан халқының фольклорын, ұлттық әдет-ғұрыптарын түсіндіріп тарату, дамыту, сақтау және қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметтерін, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін өзге де мәселелерді үйлестіреді.

2) Шахтинск аймағында мәдениет саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізеді;

3) Шахтинск аймағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырады;

4) ономастика бойынша сұрақтарды дайындап, қарастырады;

5) әлеуметтік–маңызды және бұқаралық-мәдени ісшараларды, халық шығармашылығының смотрларын, конкурстар мен фестивальдар өткізеді .

6) көркемөнерпаздар ұжымының, үйірмелердің, қызығушылықтары бойынша бас қосу клубының жұмыстарын, тұрғындардың бос уақытын қызықты өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;

7) ұлттық және мемлекеттік мерекелерге, қоғамдық маңызы бар басқа да даталы күндерге арналған ісшаралар өткізеді;

8) қала әкімдігінің қаулыларын және әкім өкімдерінің, шешімдерінің, бөлім бастығы бұйрықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

9) бөлімде кадр саясатын жүргізеді, кадр резервін құрады, қызметкерлерді қайта даярлау, тәжірибеден өткізу, оқытуы жұмыстарын ұйымдастырады;

10) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жұмыстарын ұйымдастырады;

11) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құжатпен қамтамасыз етілуін, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарастыруды, ісқағаздарының мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілуін ұйымдастырады;

12) мемлекеттік мекеменің қарамағына мүлік бекітеді;

13) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

14) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылау жүргізеді;

15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды;

16)Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен анықталған басқа де өкілеттіліктерді жүргізеді;

17)мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

18. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме құқылы:

1) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзырына жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан жазбаша немесе ауызша түсініктемелер, мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерден құжаттар, қажетті ақпараттар және басқа да материалдар сұрауға және алуға;

2) мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарайтын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізуге;

4) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;

5) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне сыйақы және тәртіптік жаза беруге;

6) жергілікті атқарушы органдар, қала әкімдігінің отырыстарына қатысуға;

7) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құру мақсатына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ..


^ 3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру


19.Мемлекеттік мекемеге тапсырылған міндеттерді орындауға жеке жауапкершілік жүктелген басшы басшылық етеді.

20.Мемлекеттік мекеме басшысы лауазымға Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тағайындалады және босатылады.

21.Мемлекеттік мекеме басшысына мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері мен бөлімнің жұмысын үйлестіру міндеттері жүктеледі.

22. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттілігі:

1) мемлекеттік мекеме Ережесі мен құрылымын, құрылымдық бөлімшелердің Ережесін және оларға кіргізілетін өзгертулерді бекітеді;

2) мемлекеттік мекемеге жалпы басшылық жүргізеді, бөлімнің ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің және бөлімнің жұмысын бақылайды және үйлестіреді;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің штаттық санын берілген лимит шеңберінде бекітеді;

4) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімше жетекшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібінің ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтардың орындалуын бақылайды;

6) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

7) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

8) шарттар жасайды,

9) сенімхаттар береді;

10) қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, қазақстандық және шет елдердегі оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту, тәлімгерлік, іссапар бойынша мемлекеттік мекеме жоспарларын бекітеді;

11) қызметкерлердің бәріне қажетті нұсқаулар береді, бұйрық шығарады; 12) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

13) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен сыйақы береді;

14) мемлекеттік мекеме басшысы осы Ережемен, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және өкілетті органмен жүктелген міндеттерді жүргізеді;

15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды;

16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың орындалуына жеке жауапкершілік жүктеледі.

17) өкілетті органмен, осы Ережемен, заңдылықтармен жүктелген басқа да функцияларды жүргізеді.

18) заңды тұлғаның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес белгіленеді және жүргізіледі;

19) мемлекеттік мекеме басшысы дара басшылық қағидасын ұстанады, осы Ереже мен Қазақстан Республикасы заңдылықтарында белгіленгендей өз құзыры шеңберінде бөлім қызметі бойынша сұрақтарды шеше береді.

20) мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезде оның міндеттерін қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.

^ 4. Мемлекеттік мекеме мүлкі


23. Мемлекеттік мекеме мүлкі мемлекеттің берген мүлкінен құралып, негізгі қордан және айналымдағы құралдардан, сондай-ақ мемлекеттік мекеме балансында құны көрсетілетін басқа да мүліктерден тұрады.

24. Мемлекеттік мекеме мүлікке жедел басқару құқығы негізінде ие және ол коммуналдық меншікке жатады.

25. Мемлекеттік мекеме өзіне тиесілі, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебіен алынған мүлікті өз еркімен басқа адамға беруге немесе оны иелігінен шығаруға құқы жоқ, егер ол туралы заңнамада көрсетілмесе.

26. Мемлекеттік мекеме қызметін қарыжыландыру тек мемлекеттік бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады, егер заңнамада өзгеше көрсетілмесе.

27.Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес есеп беріп отырады.


^ 5. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу тәртібі


28. Мемлекеттік мекеменің жұмыс мерзімі ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес жсалады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы нормалар бұзылмауы тиіс.


^ 6. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу тәртiбi


29. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу уәкілетті орган шешімі бойынша жүргізіледі.

30. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.


^ 7. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату тәртібі


31. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңында, басқа да заңнамалық актілерде белгіленген тәртіпте қайта құрылуы мүмкін.

Мемлекеттік мекемені қайта тіркеу қосылу, біріктіру, бөлу, өзгерту үлгісінде немесе заңнамада көрсетілгендей басқа да үлгіде болуы мүмкін.

Қайта құру барысында жаңадан ашылған мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеу және қайта құру барысында қызметін тоқтатқаны туралы заңды тұлғаны мемлекеттік регистрге жазу заңды тұлғаны мемлекеттік регистрге тіркеу туралы заңдылықтарға сәйкес жүргізіледі.

32. Мемлекеттік мекеме ерікті түрде (меншік иесінің, немесе меншік иесінің уәкілетті тұлғасының шешімі бойынша, сондай – ақ құрылтайшы құжаттармен өкілеттілік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша) және еріксіз түрде (сот шешімі бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдары туралы» Заңы және басқа да заңнамалық актілер негізінде жойылуы мүмкін.

33. Мемлекеттік мекеме жойылған жағдайда несиегерлердің талаптары қанағаттандырылып, қалған мүлік құрылтайшы құжаттарда көрсетілген мақсаттарға жұмсалады, егер басқа тәртіп заңнамалық актілерде қарастырылмаса.


^ 8. Мемлекеттік мекеменің бөлімшелері және

өкілдіктері туралы мәлімет


34. Мемлекеттік мекеменің алты құрылымдық бөлімшесі бар:


  1. «Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайы» КМҚК;

  2. «Шахан кентінің мәдениет үйі» КМҚК;

  3. «Новодолинский кентінің мәдениет үйі» КМҚК;

  4. «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ;

  5. «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы;

  6. «Барс» КМҚК



Шахтинск қаласының мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы С.Ибраева



Похожие:

Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «11» желтоқсандағы №26/36 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/28 қаулысымен бекітілген
Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің ақпараттық – талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық – техникалық қызметін жүзеге...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/7 қаулысымен бекітілген
Шахтинск аймағы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға арналған ұйымдастыру-құқықтық...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/6 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) аймақтың мемлекеттік...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/22 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады,...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/23 қаулысымен бекітілді
«Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі құзырет аясында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № «28/17» Қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік мекеме өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген icon«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Р Әділет Министрлігі Приозерск қаласы әкімдігінің Қарағанды облысы әділет департаменті 2012 жылғы «7» желтоқсандағы нормативтік-құқықтық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы