Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген icon

Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген



НазваниеШахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген
Дата конвертации30.05.2013
Размер109.5 Kb.
ТипДокументы
источник

Шахтинск қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «14» 03

8/10 қаулысымен

бекітілген


«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


Шахтинск қаласы 2013 жыл



  1. Жалпы ережелер


1. «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасымен анықталған құзыреті шегінде мемлекеттік (коммуналдық) тұрғын үй қорын бөлуді жүзеге асыратын, инженерлі-коммуналдық инфрақұрылым объектілерін: су құбырларын, кәріз және жылу жүйелерін, тазарту имараттарын, электр жеткізу желілерін, Шахтинск қаласының көліктік және инженерлік инфрақұрылымының өзге де объектілерін пайдалану бойынша іс-шаралар қабылдайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативті құқықтық актілерге, сонымен қатар осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Шахтинск қаласының әкімдігі – жергілікті атқарушы орган тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік мекемені мемлекеттік басқару органы болып, сонымен қатар оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі міндеттерін жүзеге асырушы орган (әрі қарай – уәкілетті орган) Шахтинск қаласының әкімдігі болып табылады.

4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары, белгіленген үлгідегі бланктері, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрлері және мөртаңбалары бар.

5. Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

6. Мемлекеттік мекеменің, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде әрекет ету құқығы бар.

7. Мемлекеттік мекеме өзінің құзырлық мәселелері бойынша мемлекттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге де актілермен ресімделетін, заңмен белгіленген тәртіпте шешімдер қабылдайды.

8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шектi штат саны қолданымдағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері - Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесi 101, индексі 101600.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – Государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Шахтинска».

11. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттік мекемеге мемлекеттік мекеме қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субьектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

14. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік мекеменің мақсаты, негізгі міндеттері,

қызметтері және құқықтары


15. Мемлекеттік мекеменің мақсаты: Шахтинск аймағының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік басқару және реттеу.

16. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік тұрғын үй қорын үйлестіру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

2) Шахтинск аймағының: Шахтинск қаласының, Шахан, Долинка, Новодолинский кенттерінің мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру бойынша шаралар ұйымдастыру;

3) қолданымдағы заңнамаға сәйкес қала ішіндегі жолдарды күту және пайдалану бойынша шаралар қабылдау;

4) қала ішіндегі қоғамдық-жолаушылар тасымалдауларын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасымен анықталған құзыреті шегінде инженерлі-коммуналдық инфрақұрылым объектілерін: су құбырларын, кәріз және жылу жүйелерін, тазарту ғимараттарын, электр жеткізу желілерін, Шахтинск қаласының көліктік және инженерлік инфрақұрылымының өзге де объектілерін пайдалану бойынша іс-шаралар қабылдау;

6) заңнамаға қайшы келмейтін басқа міндеттерді орындау.

17. Егер заңды тұлғаның жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық үлесі болса мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

18. Мемлекеттік мекеменің өзінің құрылу мақсатына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

19. Мемлекеттік мекеме өзінің құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) өзінің құзыреті шегінде ұсыныстар жасау, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын құрастыруға, мемлекеттік бағдарламалардың және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жүзеге асу барысын қамтамасыз етуге және бақылауға қатысу жолымен Шахтинск аймағының аймағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының жүзеге асуын қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасы заңдарының, Президенттің және Үкіметтің актілерінің, қала әкімінің және әкімдігінің актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

3) бөлім қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың, азаматтардың өтініштерінің, азаматтарды жеке қабылдауының қаралуын, азаматтардан түскен хаттардың және өтініштердің, құжатайналымның талдауын, іс жүргізуді ретке келтіруін және толық жетілдіруін, іс жүргізудің мемлекеттік және орыс тілдерде жүргізілуін ұйымдастырады;

4) Шахтинск аймағының инфрақұрылым объектілерін дамыту үшін шаралар қабылдайды;

5) «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуін қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік мекеме Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

7) мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды орындау үшін меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымдық тұлғалардан бекітілген тәртіпте ақпаратты және мәліметті алу үшін шаралар қабылдайды;

8) Шахтинск аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымды және болашақ мақсаттарын шешуге бағытталған бағдарламалардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді;

9) қалалық, облыстық және республикалық бюджеттерден ресми трансферттердің қаржы есебінен жүзеге асатын бағдарламалардың әкімшісі функцияларының орындалуын жүзеге асырады;

10) Шахтинск қаласының тіршілікпен қамтамасыз ету және абаттандырудың даму объектілерін жөндеу үшін қалалық бюджетті қалыптастырғанда ұсыныстар енгізеді;

11) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

12) мемлекеттік мекемеге берілген мүлікті тиімді пайдалануына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

13) жемқорлықпен күресу бойынша шаралар қабылдайды;

14) бөлім басшысымен және оның орынбасарларымен жүргізілетін кеңестердің, сапарлардың және басқа іс-шаралардың ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, бөлімге және оның қызметкерлеріне шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерін шешеді;

15) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен анықталған басқа міндеттерді орындайды.

20. Мемлекеттік мекеменің жалпы басқаруын заңнамаға сәйкес анықталған уәкілетті орган жүзеге асырады.

21. Уәкілетті орган заңнамамен орнатылған тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;

2) мемлекеттік мекемені ұстау сметасын (шығындар жоспарын) бекітеді;

3) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеменің Ережесін бекітеді, оған өзгертулер мен толықтыруларды енгізеді;

5) мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штаттық санын бекітеді;

6) жылдық қаржы есебін бекітеді;

7) заңнамамен белгіленген басқа функцияларды жүзеге асырады.

22. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме:

1) мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға және алуға;

2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

3) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.


^ 3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру


23. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, оған жеке жауапкершілік жүктеледі:

1) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін;

2) мемлекеттік мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы және жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөніндегі жұмыстың жағдайы үшін жеке жауапкершілікке тартылады.

24. Мемлекеттік мекеменің басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасына сәйкес тағайындалады және босатылады.

25. Мемлекеттік мекеменің басшысының орынбасары болады, ол лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және босатылады.

26. Мемлекеттік мекеме басшысына мемлекеттік мекеме жұмысын үйлестіру функциясы жүктеледі, ол оны қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады.

27. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеме жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;

2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесін, құрылымын және олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

3) мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

4) мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібі ережелерін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, Ар-намыс кодексінің (мемлекеттік қызметкердің қызметтік этикасы ережелері) және өзге НҚА орындалуына бақылау жасайды;

5) мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз әрекет етеді;

6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғайды;

7) шарттар жасайды;

8) сенім хаттар береді;

9) қызметкерлердің іс сапарлары, сынақ істері, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында оқуы және олардың біліктіліктерін арттырудың өзге де түрлері бойынша мемлекеттік мекеме жоспарларын және тәртібін бекітеді;

10) банктік шоттар ашады;

11) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

12) уәкілетті органмен тағайындалатын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;

14) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

28. Мемлекеттік мекеме басшысы дара басшылық негізде әрекет етеді, Қазақстан Республикасы заңнамасы мен осы Ережемен анықталатын өз құзырына сәйкес өз қызметінің мәселелерін жеке шешеді.

29. Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның міндеттері қолданымдағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.


^ 4. Мемлекеттік мекеме мүлкі


30. Мемлекеттік мекеме заңнамамен көзделген жағдайда жедел басқару құқығында жеке мүлікке ие бола алады.

31. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған иегермен берілген, өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздерден алынған мүлік (ақша кірістерін қосқанда) есебінен құрылады.

32. Мемлекеттік мекемеге тіркелген мүлік коммуналық меншікке жатады.

33. Мемлекеттік мекемені қарыжыландыру, егер заңнама актілерде өзге жағдайлар белгіленбесе, мемлекеттік бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады.

34. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп ұсынады.


^ 5. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу тәртібі


35. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен орнатылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

36. Мемлекеттік мекеме және Уәкілетті орган, Құрылтайшы, еңбек ұжымы арасындағы қарым қатынастар Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасына сәйкес құрылады.

37. Мемлекеттік мекеме жұмыскерлері Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құқықтарға ие болады және міндеттер жүктеледі.


^ 6. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу тәртiбi


38. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу уәкілетті органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

39. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.


^ 7. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату шарттары


40. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңында, өзге де заңнамалық актілерде көзделген тәртіпте қайта құрылуы мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің қайта құру қосу, біріктіру, бөлу, шығару, қайта құру нысанында немесе заңнамада көзделген өзге нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік мекеме, қайта құрудың біріктіру үлгісін қоспағанда, жаңадан пайда болған ұйымның (ұйымдардың) мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап қайта құрылған болып есептеледі.

Мемлекеттік мекеме оған басқа мемлекеттік мекемені біріктіру нысанында қайта құрылғанда олардың ішіндегі біріншісі біріктірілген мемлекеттік мекеменің қызметін тоқтату туралы заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелім жазбасы шыққан сәттен бастап қайта құралған болып есептеледі.

Мемлекеттік мекемені қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне қайта құрылған мемлекеттік мекеменің қызметін тоқтату туралы жазбасын енгізу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

41. Мемлекеттік мекеме ерікті түрде (оның мүлік иесінің немесе иесінің уәкілетті органының шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттармен уәкілетті заңды тұлға органының шешімі бойынша) және еріксіз түрде (сот шешімі бойынша) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының және басқа да заңнамалық актілердің негізінде, және оларда көзделген тәртіпте таратылуы мүмкін.

42. Мемлекеттік мекемені таратқанда несиегерлердің талаптарын қанағаттандырудан кейінгі қалған мүлік, егер басқа тәртіп заңнамалық актілерде көзделмесе, құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бағытталады.


8. Мемлекеттік мекеменің бөлімшелері және

өкілдіктері туралы мәлімет


43. Мемлекеттік мекеменің бөлімшелері және өкілдіктері жоқ.



Похожие:

Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «11» желтоқсандағы №26/36 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/38 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №26/28 қаулысымен бекітілген
Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің ақпараттық – талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық – техникалық қызметін жүзеге...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсан №28/8 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласы тұрғын үй инспекциясының бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады,...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қантардағы №3/15 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жер қатынастарын реттеуді жүзеге...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/7 қаулысымен бекітілген
Шахтинск аймағы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға арналған ұйымдастыру-құқықтық...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/6 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) аймақтың мемлекеттік...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/22 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін...
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген icon1. Негізгі ұғымдар
Балқаш қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «28» ақпандағы №06/01 қаулысымен бекітілген
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «14» 03 №8/10 қаулысымен бекітілген iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №28/23 қаулысымен бекітілді
«Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі құзырет аясында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы