«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon

«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті



Название«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Дата конвертации14.04.2013
Размер221.5 Kb.
ТипДокументы
источник




Жамбыл облысы әкімдігінің

2011 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 429 қаулысымен бекітілді


«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті



1. Негізгі ұғымдар

Осы «Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі ұғымдар қолданылады:


  1. арнайы комиссияның жұмыс органы – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

  2. тұтынушыжеке тұлғалар:

әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

1966 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

осы тармақтың екiншi және үшінші абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балаларына, олардың денсаулық жағдайы мен «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте көрсетіледі.


^ 2. Жалпы ережелер


2. Осы Регламент Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1- бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет арнайы комиссияның жұмыс органымен немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі-Орталық) көрсетіледі.

4. Көрсетілетін қызмет нысаны: автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

7. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және есепке алу туралы шешім жөнінде хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


8. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша, мемлекеттік қызметті көрсету барысы туралы ақпаратты Орталықтан немесе арнайы комиссияның жұмыс органынан алуға болады, олардың мекен-жайлары мен жұмыс кестесі осы Регламенттің 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

арнайы комиссияның жұмыс органында – жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде;

орталықта – жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушысына қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты арнайы комиссияның жұмыс органында 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут;

10. Тексеру қорытындысы бойынша іс макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақының төлену фактісінің анықталуы, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін тапсырған сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

  1. тұтынушы уәкілетті органға, Орталыққа немесе ауылдық округ әкіміне өтініш береді;

  2. Орталық өтінішті тіркейді және уәкілетті органға тапсырады.

  3. уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі өтінішті тіркеу жүргізеді және құжаттарды учаскелік комиссияға тапсырады.

  4. учаскелік комиссия тұтынушының (оның отбасының) материалдық жағдайын тексеруді жүргізеді, жәрдемақыны тағайындау және төлеу бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт құрады және уәкілетті органға және ауылдық округ әкіміне отбасының мұқтаждығы туралы қорытынды ұсынады;

  5. ауылдық округ әкімі тұтынушының құжаттарын және қорытындыны уәкілетті органға тапсырады.

  6. уәкілетті орган құжаттарды тіркейді, қарастырады және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды, хабарламаны немесе уәжделген бас тарту әзірлейді, мемелекеттік қызметті көрсету нәтижесін ауылдық округ әкіміне, Орталыққа немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға жолдайды.

  7. ауылдық округ әкімі немесе Орталық тұтынушыға хабарлама немесе дәлелді бас тарту тапсырады.

12. Уәкілетті органдағы мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар санының ең төмен саны бір қызметкерді құрайды.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы іс-әрекеттер (қарым-қатынастар) тәртібінің сипаттамасы


13. Құжаттарды Орталықта осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі

Құжаттарды арнайы комиссияның жұмыс органында қабылдау осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша арнайы комиссия жұмыс органының жауапты орындаушысы арқылы жүзеге асырылады.

Жүгінген кезде тұтынушыға:

1) арнайы комиссияның жұмыс органында – мемлекеттік қызмет алуға тұтынушы тіркелген және алатын күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

2) Орталықта – мыналар:

сұраудың нөмірі және қабылдаған күні;

сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжат;

4) салық төлеушiнiң куәлiгi (бар болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі);

5) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы уақытша куәлiк (бар болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі);

6) жинақ кiтапшасын немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;

7) 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерiнде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттiк (ауылдық) кеңесiнiң, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары; еңбек кiтапшасы; оқу орнын бiтiргенi туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлiк, орта білiм туралы аттестат, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiк; Заңда белгіленген тәртіппен берілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретінде жеңілдіктер алуға құқығын растайтын куәлік).

Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса – ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы сот шешімі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Уәкілетті органда және ауылдық округ әкімінде өтініштердің нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.

Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы;

3) арнайы комиссияның жұмыс органы басшылығы;

4) арнайы комиссияның жұмыс органының жауапты орындаушысы.

16. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімі көрсетілген әр ҚФБ дәйектілігі және әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) қарым-қатынастарының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ логикалық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.


^ 5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі


18. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты болып арнайы комиссияның жұмыс органының басшылығы және Орталық басшысы (бұдан әрі – лауазымдық тұлғалар) табылады.

Лауазымдық тұлғалар мемлекеттік қызметтің көрсетілуін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген тәртіпте жүзеге асырылуына жауап тартады.


«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет Регламентіне

1- қосымша     


^ Мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі


№ р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы


Операциялық залдың телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232

8-7262

46-00-28

Демалыс (жексенбі)

және мереке күндерін қоспағанда,

аптасына

алты күн

сағат 9-00 бастап

19-00 дейін,

үзіліссіз

2

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Тараз қаласының орталығы

Тараз қаласы,

Қойгелді көшесі, 158 а

8-7262

51-44-79

3

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» №1 филиалы

Тараз қаласы, Сәтпаев көшесі, №1б

8-7262

56-90-27

56-90-26


4

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» №2 филиалы

Тараз қаласы, 6 мөлтек ауданы, 2 үй

8-7262

6-17-78

6-17-58


5

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» №3 филиалы

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232 үй

8-7262

56-90-04

6

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Байзақ аудандық филиалы

Сарыкемер ауылы, Медеулова көшесі, 33

8-726-37

2-10-29

2-28-04

7

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Жамбыл аудандық филиалы

Аса ауылы, Абай көшесі, 127

8-726-33

2-11-99

2-24-72

8

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Жуалы аудандық филиалы

Б.Момышұлы, Сауранбекұлы көшесі, 49

8-726-35

5-02-47

2-00-78

5-02-97

9

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Қордай аудандық филиалы

Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, 215

8-726-36

2-13-52

10

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Меркі аудандық филиалы

Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 232

8-726-32

2-19-13

4-42-54

11

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мойынқұм аудандық филиалы

Мойынқұм ауылы, Рысқұлбеков көшесі, 215

8-726-42

2-47-93

2-47-42

2-40-15

12

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Сарысу аудандық филиалы

Жаңатас қаласы, Жібек жолы көшесі,1

8-726-34

6-10-77

6-33-00

13

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Талас аудандық филиалы

Қаратау қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 49

8-726-44

6-33-93


14

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Т.Рысқұлов аудандық филиалы

Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесі, 71

8-726-31

2-18-10

2-18-84

15

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Шу аудандық филиалы

Шу қаласы, Автобаза көшесі, 1

8-726-38

2-19-69

2-18-97

2-18-43

16

«Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Гродеково аудандық филиалы

Гродеково ауылы, Мира көшесі, 88

8-7262

51-23-24




«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет Регламентіне

2 - қосымша     


^ Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының тізімі


р/с



Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі


Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1



Байзақ ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 112

ozsp_baizak@mail.ru

8-72637 2-19-71





1

2

3

4

5

2

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жамбыл ауданы,

Аса ауылы,

Абай көшесі, 123

mariah_1@mail.ru

8-72633

2-17-56

Демалыс

және мереке күндерін қоспағанда,

аптасына

бес күн

сағат 9-00 бастап

18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап

14-00 дейін

3

Жуалы ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 1

juali_sobes@mail.ru

8-72635

2-03-28

4

Қордай ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қордай ауданы,

Қордай ауылы,

Белашев көшесі, 3

utzsnkorday@mail.ru

8-72636

4-28-57

5

Рысқұлов ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Рысқұлов ауданы,

Құлан ауылы,

Жібек жолы көшесі, 61

kulan_sobes@mail.ru

8-72633

2-12-81

6

Мерке ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мерке ауданы,

Мерке ауылы, Ысмайылов көшесі, 157

mozsp@mail.kz

8-72632

2-25-51

7

Мойынқұм ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 10

moinkumsobes@mail.ru

8-72642

2-47-21

8

Талас ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Талас ауданы,

Қаратау қаласы,

Қонаев көшесі, 26

otzsp_karatau@mail.ru

8-72644

6-13-06

9

Сарысу ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сарысу ауданы,

Жаңатас қаласы,

4-шағын аудан, 17 otdelzan@mail.ru

8-72634

6-16-80

10

Шу ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шу ауданы,

Төле би ауылы,

Балуан Шолақ

көшесі, 189

shuozsp@mail.ru

8-72638

3-10-96

11

Тараз қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Тараз қаласы, Достоевский көшесі, 14

sobes-taraz@mail.ru

8-72623

4-51-24



«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет Регламентіне

3- қосымша


^ Дәйектiлiк сипаттамасы және әкімшілік іс-әрекеттердің (үрдістердің) қарым-қатынасы


  1. Кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы




Негізгі үрдістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Жинақтаушы бөлімінің инспекторы

Жинақтаушы бөлімінің инспекторы

Іс-әрекеттің
(үрдістің, рәсімнің,
операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Журналға қол қояды және құжаттарды жинайды

Тізілім жасайды және құжаттарды жолдайды

Аяқтау түрі
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Журналға тіркеу және қолхат беру

Жинақтау бөліміне құжаттар жинау

Құжаттарды уәкілетті
органға жолдау

Орындау мерзімдері

30 минут

Күніне 3 рет

Күніне екі реттен кем емес

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4




Негізгі үрдістің (жұмыс барысының,ағымының)іс-әрекеттері

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

4

5

6

ҚФБ атауы

Арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысы

Арнайы комиссияның жұмыс органның басшылығы

Арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысы

Іс-әрекеттің
(үрдістің, рәсімнің,
операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау,
тіркеу

Хат-хабармен танысу,
орындау үшін арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысын анықтау

Құжаттардың толықтығын тексеруді іске асыру, бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлейді немесе хабарлама ресімдейді

Аяқталу нысаны
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Бұрыштама қою үшін құжаттарды басшылыққа жолдау

Бұрыштама қою, арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысына жіберу



Құжаттарды арнайы комиссияның жұмыс органына тапсыру

Орындау мерзімдері

1 сағат

1 сағат

Он тоғыз күнтізбелік күн ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7




Іс-әрекеттің № (жұмыс барысының, ағымының)

7

8

9

ҚФБ атауы

Арнайы комиссияның жұмыс органның басшылығы

Арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысы

Орталық инспекторы

Іс-әрекеттің
(үрдістің, рәсімнің,
операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хат-хабармен танысу



Хабарламаны Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу кітабында тіркеу, тұтынушыға дәлелді бас тарту немесе хабарлама табыстау немесе Орталыққа тапсыру

Бас тарту туралы дәлелді жауап немесе хабарлама табыстау

Аяқталу нысаны
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Құжатқа қол қою

Хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға немесе Орталыққа тапсыру туралы қолхат

Тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тапсыру туралы қолхат

Орындау мерзімдері

30 минут

Жұмыс күні ішінде

Жұмыс күні ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

8

9






^ Кесте 2. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үрдіс.

Топ 1
ҚФБ
Орталық инспекторы

Топ 2
ҚФБ
Арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысы



Топ 3
ҚФБ
Арнайы комиссияның жұмыс органның басшылығы

№ 1 іс-әрекет
Құжаттар қабылдау,
қолхат беру,
өтінішті тіркеу, құжаттарды арнайы комиссияның жұмыс органына жолдау

№ 2 іс-әрекет
Өтінішті Орталықтан немесе тұтынушыдан қабылдау,
тіркеу, өтінішті арнайы комиссияның жұмыс органның басшылығына жолдау

№ 3 іс-әрекет
Орындау үшін арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысын анықтау, бұрыштама қою




№4 іс-әрекет
Өтінішті қарастыру, хабарламаны дайындау

№ 5 іс-әрекет
Хабарламаға қол қою




№ 6 іс-әрекет
Хабарламаны Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу кітабында тіркеу







№ 7 іс-әрекет
Хабарламаны Орталыққа жіберу немесе тұтынушыға тапсыру






№ 8 іс-әрекет
Хабарламаны тұтынушыға Орталықта тапсыру









^ Кесте 3. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үрдіс.

Топ 1
ҚФБ
Орталық инспекторы

Топ 2
ҚФБ
Арнайы комиссияның жұмыс органының жауапты орындаушысы

Топ 3
ҚФБ
Уәкілетті органның басшылығы

№ 1 іс-әрекет
Құжаттар қабылдау,
қолхат беру,
өтінішті тіркеу, құжаттарды арнайы комиссияның жұмыс органына жолдау

№ 2 іс-әрекет
Өтінішті Орталықтан немесе тұтынушыдан қабылдау,
тіркеу,

өтінішті арнайы комиссияның жұмыс органның басшылығына жолдау

№ 3 іс-әрекет
Орындау үшін арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысына анықтау, бұрыштама қою




№ 4 іс-әрекет

Өтінішті қарастыру, бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

№ 5 іс-әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою




№ 6 іс-әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа жіберу немесе тұтынушыға тапсыру




№ 7 іс-әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға Орталықта тапсыру









«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет Регламентіне

4- қосымша


Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар


Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі (жұмыс барысы, ағымы)

ҚФБ 1 топ

ҚФБ 2 топ

ҚФБ 3 топ


Жауапты орындаушы құжаттардың толықтылығын тексеруді жүзеге асырады, дәлелді бас тарту дайындайды немесе хабарлама ресімдейді (тоғыз жұмыс күні ішінде)

Басшылық құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны белгілейді (1 сағат)

Жауапты орындаушының алған құжаттарды басшылыққа табыстауы (1 сағат)

Басшылық құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны белгілейді (1 сағат)







Жауапты орындаушы Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

кітабында хабарламаны тіркейді және тұтынушыға дайын нәтижені табыстайды немесе Орталыққа жолдайды (жұмыс күні ішінде)





Похожие:

«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу үшiн аудандар (қалалар)...
«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік...
«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, және есепке алу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтардың құжаттарын тіркеуге алу жөнінде (мұнан әрі – Регламент) келесі ұғымдар...
«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде...
«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде...
«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті iconМемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу»
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар – 1949 жылдан 1990 жылдар аралығындағы сынақ...
«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу...
«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon2 «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon2 «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы