«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты



Название«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты
Дата конвертации14.04.2013
Размер171.99 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірде
№ 394 қаулысымен
бекітілген


«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

      1.Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт)

1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – арнайы комиссияның жұмыс органы) ұсынады.

      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы ұсынылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы

№ 110 қаулысымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу қағидасының 2-тарауы негізінде көрсетіледі.

      4.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, арнайы комиссияның жұмыс органдарының стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары арқылы алуға болады.

     5.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және есепке алу туралы шешім жөнінде хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет мынадай жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар)

 әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

      1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;


   1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

      осы тармақтың екiншi және үшінші абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балаларына, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте көрсетіледі.

      7.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

арнайы комиссияның жұмыс органында – жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде;

орталықта – жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

  2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушысына қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты арнайы комиссияның жұмыс органында 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут;

     8.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      9. Арнайы комиссияның жұмыс органының жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

      Орталықтың жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

    10.Мемлекеттік қызмет:

  тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген арнайы комиссияның жұмыс органының үй-жайында;

      залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.

      Арнайы комиссияның жұмыс органының және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

     

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1)белгіленген үлгідегі өтiнiш;

      2)жеке басын куәландыратын құжат;

      3)тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжат;

      4) салық төлеушiнiң куәлiгi (бар болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі);

      5) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы уақытша куәлiк (бар болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі);

      6) жинақ кiтапшасын немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;

      7) 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерiнде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттiк (ауылдық) кеңесiнiң, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары;

еңбек кiтапшасы;

оқу орнын бiтiргенi туралы диплом;

әскери билет;

туу туралы куәлiк, орта білiм туралы аттестат, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiк;

Заңда белгіленген тәртіппен берілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретінде жеңілдіктер алуға құқығын растайтын куәлік).

Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса – ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы сот шешімі.

 Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, азаматтар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен жүгіну үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.

12. Арнайы комиссияның жұмыс органында өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.

Орталықта өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналасады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны және басқа құжаттар заңды мекенжайлары, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген арнайы комиссияның жұмыс органының жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған арнайы комиссияның жұмыс органының стендісінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттарды қабылдау «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

      14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:

     1) арнайы комиссияның жұмыс органында – тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;

2)орталықта:
     өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;

     сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

     қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

    орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

     15. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау жөнінде хабарлама беру:

    арнайы комиссияның жұмыс органына жүгінген кезде тұтынушының арнайы комиссияның жұмыс органына өзі келуі арқылы;

    орталыққа өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.

    16. Тексеру қорытындысы бойынша іс макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақының төлену фактісінің анықталуы, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресімделуінде қателер анықтаған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресімделуінде қателер анықтаған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бас тарту себебін жазбаша негіздей отырып, оларды кейін тұтынушыға беру үшін орталыққа жібереді.

 Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.


^ 3. Жұмыс қағидаттары

17. Арнайы комиссияның жұмыс органы мен орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк міндетін орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.


^ 4. Жұмыс нәтижелері

     18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа

3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Арнайы комиссияның жұмыс органының, орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.


^ 5. Шағымдану тәртібі

  

    20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағымды дайындауда жәрдем көрсетілетін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1, 4-қосымшаларда көрсетілген.

      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары бойынша түсіндіріледі.

      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты арнайы комиссиядан жоғары тұрған жұмыс орган басшысының атына беріледі.

      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі арнайы комиссияның жұмыс органының, облыс әкімі аппаратының, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген арнайы комиссияның жұмыс органының, облыс әкімі аппаратының, орталықтың басшысының атына беріледі. Арнайы комиссияның жұмыс органының жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкімі аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 6-қосымшаларда көрсетілген.

      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш және талап беру себебі көрсетіледі.

      25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күні, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі,

8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.


«Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

^ Уәкілетті органдардың тізбесі

Жамбыл облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Байзақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 112 ozsp_baizak@mail.ru

8-72637 2-19-71

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 123
mariah_1@mail.ru

8-72633 2-17-56

3

Жуалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 1 juali_sobes@mail.ru

8-72635 2-03-28

4

Қордай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қордай ауданы, Қордай ауылы, Белашев көшесі, 3 utzsnkorday@mail.ru

8-72636 4-28-57

5

Рысқұлов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 61 kulan_sobes@mail.ru

8-72633 2-12-81

6

Мерке ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мерке ауданы, Мерке ауылы, Ысмайылов көшесі, 157 mozsp@mail.kz

8-72632 2-25-51

7

Мойынқұм ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 10 moinkumsobes@mail.ru

8-72642 2-47-21

8

Талас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Талас ауданы, Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 26 otzsp_karatau@mail.ru

8-72644 6-13-06

9

Сарысу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 4-шағын аудан, 17 otdelzan@mail.ru

8-72634 6-16-80

10

Шу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шу ауданы, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 189 shuozsp@mail.ru

8-72638 3-10-96

11

Тараз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Тараз қаласы, Достоевский көшесі, 14 sobes-taraz@mail.ru

8-72623 4-51-24



«Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

^ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі

Р/с №

Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшылардың телефон нөмірі

1

2

3

4

5

1

Жамбыл облысының орталығы

Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 а

8-7262 51-44-79

43-84-14 қабылдау бөлмесі

  


    «Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

^ Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










   


   «Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу» мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша

Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының тізбесі


Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Телефон, факс нөмірлері, электронды мекенжайлары

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 1

Тел: 8-7262-45-37-67, Факс: 8-7262-50-05-85, Еmail: taraz@enbek.kz

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн 9-00 ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін



«Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу» мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша

^ Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің тізбесі

Жамбыл облысының қалалық және аудандық әкімдіктері

Р/с №

Әкімдіктің атауы

Әкімдік орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

«Байзақ ауданының әкімдігі» ММ

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 107 baizak_akimat@mail.ru

8-72637 2-11-52 2-11-80

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат

9-00 бастап 19-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 15-00 дейін

2

«Жамбыл ауданының әкімдігі» ММ

Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 123 zhambyl_aca_akim@mail.ru

8-72633 2-11-38 2-14-36

3

«Жуалы ауданының әкімдігі» ММ

Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 12 juali_akim@mail.ru

8-72635 2-15-73 2-13-65

4

«Қордай ауданының әкімдігі» ММ

Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106 akimat_k@mail.ru

8-72636 2-13-40 2-13-08

5

«Меркі ауданының әкімдігі» ММ

Меркі ауданы, Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 169 merkekense@mail.ru

8-72632 2-11-66 2-12-61

6

«Мойынқұм ауданының әкімдігі» ММ

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 147 moinkum_akimat@mail.ru

8-72642 2-49-71 2-41-67

7

«Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі» ММ

Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 75 kulan2008@mail.ru

8-72631 2-30-00 2-16-34

8

«Сарысу ауданының әкімдігі» ММ

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1 sarysu.kz

8-72634 6-19-41 6-29-27

9

«Талас ауданының әкімдігі» ММ

Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, 1 talas.kz

8-72644 6-20-67 6-33-93

10

«Шу ауданының әкімдігі» ММ

Шу ауданы, Шу қаласы, Төле би көшесі, 274 shu_apparat@mail.ru

8-72638 3-10-75

11

«Тараз қаласының әкімдігі» ММ

Тараз қаласы, Сүлейманов көшесі, 3 gorakim.kz

8-72624 3-27-37 3-27-31


«Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу» мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша

^ Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдері аппараттарының тізбесі


р/с №

Мемлекеттік мекеменің атауы

Аппаратта орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің) атауы

Құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің) телефон нөмірі

Орналасқан мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Жамбыл облысы әкімінің аппараты

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингін дамыту бөлімі

8-7262 43-34-54 43-36-95

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125



Похожие:

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon1-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу.»
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Осы стандарт Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу үшiн аудандар (қалалар)...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты iconСемей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу
Арнайы комиссиялар- семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты iconСемей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу туралы ақпарат «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»
Олигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 18 желтоқсандағы №1787-хіі...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, және есепке алу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтардың құжаттарын тіркеуге алу жөнінде (мұнан әрі – Регламент) келесі ұғымдар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы