«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»



Название«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»
Дата конвертации14.04.2013
Размер113.16 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2011 жылғы 7 сәуірдегі 
№ 394 қаулысымен    
бекітілген     

   

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

    

  1. Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

    3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының

22-бабы 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесiнің негізінде ұсынылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

       5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кресло-арба беру үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап болып табылады.

      Мүгедектердің өтініштері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары кресло-арбаға қажеттілікті, олардың тізбесі мен санын көрсете отырып айқындайды және Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оларды сатып алуды жүргізеді.

    Кресло-арбаларды беру мүгедектің тегі, аты, әкесінің аты, зейнеткерлік куәлігінің нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері, алған кресло-арбаның атауы, алған күні, алудағы белгілер көрсетіле отырып, тізім бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жүзеге асырылады.

     6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

     Жеке кәсіпкер – жұмыс беруші қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатынан немесе кәсіби науқастан болған мүгедектерге көрсетіледі.

7.Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

    1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері тұтынушы осы стандарттың

11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап он жұмыс күні ішінде;
      2) тұтынушы өтініш білдірген күнгі көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш білдірген күнгі орнында мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минуттан аспайды.

      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.00-ге дейін, түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін.

     Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

    10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органның үй-жайында көрсетіледі. Уәкілетті органның үй-жайы қажетті құжаттарды даярлау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен жабдықталған, ақпараттық стенділермен жарақтандырылған, күту залы бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.

    Уәкілетті органның үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, күзет және өртке қарсы дабылмен жарақтандырылған.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі


      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:

     1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішті, әлеуметтік жеке кодының нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда);

2)мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын;

    3) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болғандар үшін – жазатайым оқиға туралы актінiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң – жеке кәсіпкердің қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.

     Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.

     12. Өтініш нысандары уәкілетті органдағы күту залында арнаулы тағанда орналастырылады не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.

      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті толтырылған өтініш нысаны мен осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның жауапты тұлғасына тапсырылады. Жауапты тұлғалардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі ақпарат қойылған уәкілетті органның стендісінде орналастырылған.

      14. Тұтынушы уәкілетті органда барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметке тұтынушының тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

     15. Кресло-арба алуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізуді тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

    16.Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша:

      1) тұтынушының мүгедектердің кресло-арбалармен қамтамасыз етілуіне қарсы медициналық көрсетілімдері болғанда;

     2) аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды ресімделуінде қате анықталған кезде;

    3)жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда бас тартылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.


^ 3. Жұмыс қағидаттары

  

   17.Уәкілетті органның лауазымды адамдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында көзделген, Азаматтық қызметшілердің ар-намыс кодексіне сәйкес адамның конституциялық құқықтарының сақталуына негiзделедi және заңдылық, сыпайылық, уақтылы толық ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, қызметтік борышына адал қарамағаны үшін жауапкершілік қағидаттарында жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелері

     

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

^ 5. Шағымдану тәртібі

20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға көмек көрсететін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлар, телефон нөмірлері, электронды почталарының мекенжайлары осы стандартқа 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген.
      21. Көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайларда шағым осы мемлекеттік қызметті көрсетудің ұйымдастырылуына жауапты атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы мен электронды почтасының мекенжайы, телефондары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.

      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның стендісінде, уәкілетті орган жұмыс кестесі мен электронды почталық мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның басшысының атына беріледі.

     23. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

    24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде органның атауы немесе қызметіне шағым келтірілетін лауазымды адам, өтініш себебі мен талаптар көрсетіледі.

      25. Жазбаша шағым жасаған тұтынушыға берілген шағымға жауап алатын күні мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz


«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру  
үшін оларға құжаттарды ресімдеу»    
мемлекеттік қызмет стандартына     
1-қосымша                 

^ Уәкілетті органдардың тізбесі

Жамбыл облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Байзақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 112 ozsp_baizak@mail.ru

8-7263 72-19-71

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 123 mariah_1@mail.ru

8-7263 32-17-56

3

Жуалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 1 juali_sobes@mail.ru

8-7263 52-03-28

4

Қордай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қордай ауданы, Қордай ауылы, Белашев көшесі, 3 utzsnkorday@mail.ru

8-7263 64-28-57

5

Рысқұлов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 61 kulan_sobes@mail.ru

8-7263 32-12-81

6

Меркі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ысмайылов көшесі, 157 mozsp@mail.kz

8-7263 22-25-51

7

Мойынқұм ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 10 moinkumsobes@mail.ru

8-7264 22-47-21

8

Талас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Талас ауданы, Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 26 otzsp_karatau@mail.ru

8-7264 46-13-06

9

Сарысу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 4-шағын аудан, 17 otdelzan@mail.ru

8-7263 46-16-80

10

Шу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шу ауданы, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 189 shuozsp@mail.ru

8-72638 3-10-96




11

Тараз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Тараз қаласы, Достоевский көшесі, 14 sobes-taraz@mail.ru

8-7262 34-51-24



«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру    
үшін оларға құжаттарды ресімдеу»     
мемлекеттік қызмет стандартына     
2-қосымша                  

^ Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділіккөрсеткіштері

Көрсеткіштіңнормативтік мәні

Көрсеткіштіңкелесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштіңесепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)












«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру    
үшін оларға құжаттарды ресімдеу»     
мемлекеттік қызмет стандартына     
3-қосымша      

             

Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының тізбесі


Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекенжайы (қала, аудан, көше, үй (пәтер) №)

Телефон, факс нөмірлері, электронды мекенжайлары

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 1

8-72624 5-37-67 taraz@enbek.kz

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн 9-00 ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін



Похожие:

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»
Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»
Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет «Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімі»
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»электрондық мемлекеттік қызметінің осы регламентінің 1 қосымшасында...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Ларға құжаттарды ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы