«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»



Название«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Дата конвертации14.04.2013
Размер128.41 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің            
2011 жылғы 7 сәуірде      
№ 394 қаулысымен       
бекітілген          


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт)

1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі) өтініш жасайды.

   2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»

2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауының, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

     6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушыларға) көрсетіледі.
7.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

     уәкілетті органға – он күнтізбелік күн ішінде;

     тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – отыз күнтізбелік күннен аспайды;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.

8.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

     9. Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған.
      Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай болады, үй-жайға кіру режимі – еркін.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

11. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

     1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш, әлеуметтік жеке кодтың нөмірі;

2)белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;

      3) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелері алған табыстары туралы мәліметтер;

4) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер.
      Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.

      12. Уәкілетті органда өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Ауылдық округтің әкімінде өтініш нысандары құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.

      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стендісінде ілінген.

      14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде тұтынушыға мемлекеттік қызметке тұтынушыны тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

      15. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жеткізу тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне тұтынушының өзі келгенде не пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

     16.Мемлекеттік қызмет көрсетуден:

    1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын жағдайда;

     2) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға;

      3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға бас тартылады.

      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап оған атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.


^ 3. Жұмыс қағидаттары

17. Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелері

  18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      19. Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.


^ 5. Шағымдану тәртібі

20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауда жәрдем көрсететін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, электронды поштасының мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетілген.

      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталықтың стендісінде көрсетілген уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталық басшысының атына немесе ауылдық округ әкіміне беріледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкімі аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

      23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берілгенде қызметіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.

      25. Жазбаша шағым берген өтініш берушіге берілген шағымға жауап алуға болатын күні және уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік     
көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет 
стандартына 1-қосымша        


^ Уәкілетті органдардың тізбесі

Жамбыл облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Байзақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 112 ozsp_baizak@mail.ru

8-72637 2-19-71

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда,

аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 123
mariah_1@mail.ru

8-72633 2-17-56

3

Жуалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 1 juali_sobes@mail.ru

8-72635 2-03-28

4

Қордай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қордай ауданы, Қордай ауылы, Белашев көшесі, 3 utzsnkorday@mail.ru

8-72636 4-28-57

5

Рысқұлов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 61 kulan_sobes@mail.ru

8-72633 2-12-81

6

Мерке ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мерке ауданы, Мерке ауылы, Ысмайылов көшесі, 157 mozsp@mail.kz

8-72632 2-25-51

7

Мойынқұм ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 10 moinkumsobes@mail.ru

8-72642 2-47-21

8

Талас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Талас ауданы, Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 26 otzsp_karatau@mail.ru

8-72644 6-13-06

9

Сарысу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 4-шағын аудан, 17 otdelzan@mail.ru

8-72634 6-16-80

10

Шу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шу ауданы, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 189 shuozsp@mail.ru

8-72638 3-10-96

11

Тараз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Тараз қаласы, Достоевский көшесі, 14 sobes-taraz@mail.ru

8-72623 4-51-24



«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік     
көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет 
стандартына 2-қосымша        


^ Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)












«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік    
көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет 
стандартына 3-қосымша        


Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының тізбесі


Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Телефон, факс нөмірлері, электронды мекенжайлары

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 1

Тел: 8-7262-45-37-67, Факс: 8-7262-50-05-85 Еmail: taraz@enbek.kz

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн 9-00 ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін



«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік    
көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет 
стандартына 4-қосымша   

      

^ Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің тізбесі

Жамбыл облысының қалалық және аудандық әкімдіктері

Р/с №

Әкімдіктің атауы

Әкімдік орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

«Байзақ ауданының әкімдігі» ММ

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 107 baizak_akimat@mail.ru

8-72637 2-11-52 2-11-80

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9-00 бастап 19-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 15-00 дейін

2

«Жамбыл ауданының әкімдігі» ММ

Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 123 zhambyl_aca_akim@mail.ru

8-72633 2-11-38 2-14-36

3

«Жуалы ауданының әкімдігі» ММ

Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 12 juali_akim@mail.ru

8-72635 2-15-73 2-13-65

4

«Қордай ауданының әкімдігі» ММ

Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106 akimat_k@mail.ru

8-72636 2-13-40 2-13-08

5

«Меркі ауданының әкімдігі» ММ

Меркі ауданы, Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 169 merkekense@mail.ru

8-72632 2-11-66 2-12-61

6

«Мойынқұм ауданының әкімдігі» ММ

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 147 moinkum_akimat@mail.ru

8-72642 2-49-71 2-41-67

7

«Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі» ММ

Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 75 kulan2008@mail.ru

8-72631 2-30-00 2-16-34

8

«Сарысу ауданының әкімдігі» ММ

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1 sarysu.kz

8-72634 6-19-41 6-29-27

9

«Талас ауданының әкімдігі» ММ

Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, 1 talas.kz

8-72644 6-20-67 6-33-93

10

«Шу ауданының әкімдігі» ММ

Шу ауданы, Шу қаласы, Төле би көшесі, 274 shu_apparat@mail.ru

8-72638

3-10-75

11

«Тараз қаласының әкімдігі» ММ

Тараз қаласы, Сүлейманов көшесі, 3 gorakim.kz

8-72624

3-27-37

3-27-31



Похожие:

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Жао), баламалы негізде «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы