Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу



НазваниеСемей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу
Дата конвертации13.04.2013
Размер178.63 Kb.
ТипДокументы
источник




«Әлеуметтік қорғау саласында

мемлекеттік қызмет көрсету

регламенттерін бекіту туралы»

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2012 жылғы ___________ № _____

қаулысымен бекітілген


«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


1. Негізгі түсініктер




1.Қолданыстағы терминдар мен аббревиатуралардың анықтамасы:

1)Арнайы комиссиялар- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөнінде қала (аудан) әкімдіктерінің шешімі бойынша құралған комиссиялар;

2)Арнайы комиссияның жұмысшы органы- «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі-бөлім);

3)ҚҚБ– мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер – мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйесі;

4)Орталық- «Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік мекеме, оның филиалдары және өкілеттіктері;

5)Тұтынушы– мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

6)Іс макеттері– өтем алу үшін азаматтың жеке іс макеті.

^ 2.Жалпы ережелер


2.Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы «Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет регламентіне (бұдан әрi – регламент) 1-қосымшада көрсетiлген «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрi – бөлім) ұсынады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негiзде тұтынушының тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы ұсынылады.Орталықтардың мекенжайлары осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

3.Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған.

4.Мемлекеттiк қызмет «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі-Заң) 11-бабы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу қағидасының 2-тарауы негiзiнде көрсетiледi.
      5.Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Қарағанды қаласының әкімдігінің www.karaganda-akimat.kz және бөлімнің,орталықтың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады, сондай-ақ нөмiрлерi осы регламенттің 1,2,3 қосымшаларында көрсетiлген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерiнiң телефондары арқылы алуға болады.

      6.Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу туралы шешiм жөнiнде хабарлама(қосымша 4) не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелдi жауап болып табылады.

      7.Мемлекеттiк қызмет мынадай жеке тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушылар):
1)әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

2)1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

3)1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

  4)осы тармақтың екiншi және үшiншi абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балаларына, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себептi байланыстар анықталған ретте көрсетiледi.

8.Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1)мемлекеттiк қызмет тұтынушы осы регламенттің 12-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап: бөлімде – жиырма күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде; орталықта – жиырма күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде (мемлекеттiк қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

      2)тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты (талон алғанға дейiн) 30 минуттан аспайды;

3)тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет тұтынушысына қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты арнайы комиссияның жұмыс органында 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут;

      9.Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

      10.Бөлімнің жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.

      Орталықтың жұмыс кестесi: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз, орталықтың филиалдары мен өкiлдiктерiнде демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз «электронды» кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.

11.Мемлекеттiк қызмет:

1)тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер бар, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген бөлімнің үй-жайында;

2)залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер орналастырылған, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетiледi.
Бөлім және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке

қарсы қауiпсiздiк талаптарына сай келедi, үй-жай режимi – еркiн.


^ 3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi


      12.Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1)белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2)жеке басын куәландыратын құжат;
      3)тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн куәландыратын құжат;
      4)салық төлеушiнiң куәлiгi (бар болған жағдайда жеке сәйкестендiру нөмiрi);
      5)әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы уақытша куәлiк (бар болған жағдайда жеке сәйкестендiру нөмiрi);
      6)жинақ кiтапшасын немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;
      7)1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерiнде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттiк (ауылдық) кеңесiнiң, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары; еңбек кiтапшасы; оқу орнын бiтiргенi туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлiк, орта бiлiм туралы аттестат, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiк; Заңда белгiленген тәртiппен берiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретiнде жеңiлдiктер алуға құқығын растайтын куәлiк).
      Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса – ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы сот шешiмi.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, азаматтар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен жүгiну үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.
      13.Бөлімде өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      14.Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi өтiнiштiң толтырылған нысаны және басқа құжаттар заңды мекенжайлары, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген бөлімнің жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмiрi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде ақпарат жазылған бөлімнің стендiсiнде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы көрсетiлгенде құжаттарды қабылдау «терезелердiң» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      15.Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға:
      1)бөлімде – тұтынушыны тiркеу және оның мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон;
      2)орталықта: өтiнiштiң нөмiрi мен қабылдаған күнi; сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi; қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
орталықтың құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған жауапты инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      16.Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу не тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау жөнiнде хабарлама беру:
      -бөлімге жүгiнген кезде тұтынушының бөлімге өзi келуi арқылы;
      -орталыққа өзi барған кезде қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      17.Тексеру қорытындысы бойынша iс макетi ресiмделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақының төлену фактiсiнiң анықталуы, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) жалған мәлiметтер ұсынуы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.
      Бөлім құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықтаған кезде, осы регламенттің 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда құжаттар пакетiн алған күннен бастап жиырма күнтiзбелiк күн iшiнде бас тарту себебiн көрсете отырып, хабарлама бередi.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде бөлім құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықтаған кезде, осы регламенттің 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда құжаттар пакетiн алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде бас тарту себебiн жазбаша негiздей отырып, оларды кейiн тұтынушыға беру үшiн орталыққа жiбередi.

18.Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1)Тұтынушы қажетті құжаттарды жауапты маманға тапсырады;

2)Жауапты маман тұтынушының ұсынған құжаттарын көрсетілген талаптарға сәйкес тексереді;

3)Жауапты маман тұтынушыға іс макеттерін рәсімдеп, тіркейді және тіркелген күні көрсетілген талон береді;

4)Жауапты маман тұтынушының құжаттарын көрсетілген талаптарға сәйкес комиссияның қарауына тапсырады.

5)Комиссия танысады,мемлекеттік қызмет көрсетуді тағайындау(бас тарту) жөнінде шешім дайындайды;

6)Жауапты маман комиссияның шешімі мен іс макеттерді зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа тапсырады.

     Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

      19.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚҚБ:

1)Бөлім бастығы;

2)бөлімнің жауапты маманы.

20.Әрбір әкімшілік әрекетті(үдерісті) орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚҚБ-нің қарапайым әрекеттері(шаралары) жүйелігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.


^ 4. Шағымдану тәртiбi


21.Көрсетілген қызметтерге жауапты тұлға бөлімнің бастығы, бөлімнің жауапты лауазымдық тұлғалары, орталықтың басшысы(бұдан әрі-лауазымдық тұлғалар).

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдері мен іс-әрекеттері(іс-әрекетсіздігі) үшін белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапты болады.

      22.Уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi және шағымды дайындауда жәрдем көрсетiлетiн мемлекеттiк органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi осы регламенттің  1-қосымшасында көрсетiлген.
      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетiлген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерiнiң телефондары бойынша түсiндiрiледi.
      23.Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетiлген аталған мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұйымдастыруға жауапты бөлімнен жоғары тұрған бөлім басшысының атына берiледi.
      24.Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым кабинет нөмiрi бөлімнің, қала әкiмi аппаратының, орталықтың ақпараттық стендiсiнде көрсетiлген бөлімнің, қала әкiмi аппаратының, орталықтың басшысының атына берiледi. Бөлімнің жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, қала әкiмi аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетiлген.
      25.Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      26.Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға өтiнiш берушi қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш және талап беру себебi көрсетiледi.
      27.Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күнi, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      28.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау,Орынбор көшесi, 8, «Министрлiктер үйi» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.


Қосымша № 1

мемлекеттік қызмет

регламентіне

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды

тіркеу және есепке алу»


«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ




р/с

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан жерінің заңды мекен жайы (қала, аудан, көше, үй № (пәтер), электронды поштасы)

^ Телефон

нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


Қарағанды қаласы

Поспелов көшесі,16

еmail: krggorsobes@mail.ru

8 (7212)

300169

300228

демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.



Қосымша № 2

мемлекеттік қызмет

регламентіне

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды

тіркеу және есепке алу»


Халыққа қызмет көрсету орталықтарының

тізімі




р/с

Орталықтың атауы

Орталықтың заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үй (пәтер) №)

^ Операция бөлмесінің телефон нөмірі

1

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көресту орталығы» РММ

Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47-3

41-63-10

2

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көресту орталығы» РММ №1 филиалы

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7

41-63-03

3

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көресту орталығы» РММ №2 филиалы

Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 5

77-24-40

4

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көресту орталығы» РММ №3 филиалы

Қарағанды қаласы, Архитектурная көшесі, 8

45-71-01

5

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көресту орталығы» РММ №4 филиалы

Қарағанды қаласы, 21 ықшам аудан, 6

53-91-47

6

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көресту орталығы» РММ №5 филиалы

Қарағанды қаласы, Серова көшесі, 73

93-16-86



Қосымша № 3

мемлекеттік қызмет

регламентіне

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды

тіркеу және есепке алу»


«Қарағанды қаласының әкімдігі» ММ




р/с

уәкілетті органның атауы

уәкілетті органның орналасқан жерінің заңды мекен жайы (қала, аудан, көше, үй № (пәтер), электронды поштасы)

^ Телефон

нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

«Қарағанды қаласының әкімдігі» ММ


Қарағанды қаласы

Бейбітшілік бульвары, 39

еmail: krggorsobes@mail.ru

8 (7212)

420890

демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.



Қосымша № 4

мемлекеттік қызмет

регламентіне

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды

тіркеу және есепке алу»


ХАБАРЛАНДЫРУ


Азамат(ша) _______________________________________________________

_______ жылғы «__» ___________№ ____ хаттамаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын мойындау (мойындамау) туралы арнай комиссияның шешіміне сәйкес сіз Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азамат (ша) ретінде тіркелдіңіз.

__________ жылдан ___________ дейін радиациялық әсер аймағының _________________ аумағы.


«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

бастығы Ж. Ысқақов


Қосымша № 5

мемлекеттік қызмет

регламентіне

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды

тіркеу және есепке алу»


1 Кесте ҚҚБ әрекетін сипаттау

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу.







ҚҚБ-1

ҚҚБ-2

1

Іс-әрекет №

(жүріс, жұмыс ағымы)

1




2

ҚҚБ атауы

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – бөлім)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша арнайы комиссия


3

Іс-әрекет атауы (процесстің, процедураның, операцияның)және олардың сипаты

Тұтынушыдан барлық қажет құжаттардың қосымшаларын өтінішпен бірге қабылдау


Жол жүруге әлеуметтік көмек алатын адамдардың тізімін алу

4

Аяқтау үлгісі (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-басқару тәртібінің шешімі)

Өтініш қабылдау туралы талон




5

Орындау мерзімі

15 минут




6

Екінші іс-әрекеттің атауы

Тұтынушының макетін құрастыру




7

Аяқтау үлгісі

Біржолғы мемлекеттік ақшалай төлемақыны алатын азаматардың іс макеттерін азаматтарды тіркеу журналына тіркеу




8

Орындау мерзімі

5 күн




9

Үшінші іс-әрекеттің атауы

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жобасының шешімін даярлау және іс макеттерімен бірге арнайы комиссияға жіберу.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу арнайы комиссия шешімі.

10.

Аяқтау үлгісі

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұтынушыларды тіркеу немесе қайтарып беру жобасының шешімі

Шешім

11.

Орындау мерзімі

10 күн

1 күн

12.

Төртінші іс-әрекеттің атауы

Комиссия төрағаларымен бекітілген тұтынушылардың тізімдерін құру, іс макеттерімен бірге және арнайы комиссияның шешімімен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа жіберу (Жамбыл көшесі, 2 үй)




13.

Аяқтау үлгісі

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұтынушыларды тіркеу немесе бас тарту жөнінде қабылданған шешімді қабылдау.




14.

Орындау мерзімі

5 күн






Похожие:

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде...
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде...
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon1-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу.»
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу iconСемей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу туралы ақпарат «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»
Олигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 18 желтоқсандағы №1787-хіі...
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Осы стандарт Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі...
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік...
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу...
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік...
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу үшiн аудандар (қалалар)...
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу icon«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, және есепке алу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтардың құжаттарын тіркеуге алу жөнінде (мұнан әрі – Регламент) келесі ұғымдар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы