Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, icon

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы,



НазваниеҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы,
Дата конвертации23.12.2012
Размер158.62 Kb.
ТипДокументы
источник



Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, “Қазақстандық жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар қауымдастығы” қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттігі арасындағы

2012– 2014 жылдарға арналған

^ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ


  1. Жалпы ережелер




    1. Осы салалық келісім (бұдан әрі – Келісім) қызметшілерді - салалық кәсіподақ мүшелерін ұсынатын – «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Кәсіподақ), салалық жұмыс берушілерді ұсынатын «Қазақстан Су Арнасы» Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, «Қазақстандық жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – Жұмыс берушілердің өкілдері), сондай-ақ атқарушылық биліктің мемлекеттік органын ұсынатын Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) арасында жасалды (бұдан әрі қосымша Тараптар деп аталады).

    2. Келісім әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеудің жалпы қағидаттарын, өзара міндеттемелер мен Тараптардың жауапкершілігін белгілейді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделмеген қызметкерлерге – кәсіподақ мүшелеріне - қосымша әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін анықтайды және ұжымдық шарттарды жасасу барысында ең шағын болып табылады.

    3. Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының “Кәсіптік одақтар туралы” Заңына және өзге нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы бас келісімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен бекітілген Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенцияларына сәйкес жасалды.

    4. Осы келісімнің әрекеті Жұмыс берушілерге, Агенттікке, Кәсіподаққа және кәсіподақ мүшелеріне таралады.

    5. Келісім 2012–2014 жылдарға жасалды, қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және кезекті келісім жасағанға дейін, бірақ үш жылдан артық емес мерзімге жарамды.

    6. Келісім әрекет еткен кезеңде Тараптардың әрқайсысы оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы, олар барлық Тараптардың келісімі бойынша ғана қабылдана алады. Тараптардың ешқайсысының бір жақты тәртіпте Келісім бойынша міндеттемелерді тоқтату құқығы жоқ.



  1. ^ Тараптардың міндеттемелері




    1. Тараптар осы Келісіммен көзделген және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін әлеуметтік-экономикалық және еңбек кепілдіктерді ұжымдық шарттарды жасасу барысында міндетті екендігін біледі.

Кәсіпорындардың қаржы жағдайына байланысты Келісіммен көзделген әлеуметтік кепілдіктерді орындауға мүмкіндік болмағанда ұжымдық шартқа Келісімнен ауытқу арқылы нақты кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын есепке алумен Кәсіподақпен келіскеннен кейін қол қойылады.

    1. Жұмыс берушілер осы Келісіммен көзделген кәсіпорындардың тиімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайын жасау, қызметкерлерді сауықтыру, олардың білім деңгейі мен кәсіби дайындығын, жеңілдіктер мен кепілдіктерді арттыру бойынша шаралар қолданады.



Жұмыс беруші:

      1. Жұмыс берушінің актілерін Кәсіподақпен келісім бойынша немесе оның пікірін есепке алумен мына мәселелер бойынша шығару:

  • жұмыскерлер саның жаппай төмендеуіне әкелетін кәсіпорындарды қайта құрылымдау;

  • кәсіпорындағы еңбек жағдайларының нашарлауына әкелетін еңбек жағдайы мен еңбекке ақы төлеуін өзгерту;

  • қызметкерлер санын қысқарту және толық емес жұмыс уақытын енгізу;

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітілген тиісті ережелер мен нормалардан тыс тегін арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғаныс заттарын алуға, арнайы тамақтану, сүт, сабын алуға құқық беретін жұмыстар мен кәсіптер тізбесін белгілеу;

  • мереке және демалыс күндері кезекшілік шарты мен тәртібін, үйде

кезекшілік жасау жөніндегі актілерді шығаруға.

      1. Қоғамдық көліктің жеткілікті маршрут саны жоқ болғанда ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес қызметкерлерді жұмыс орнына және кері қарай жеткізуді іске асыруға

міндетті.


    1. Кәсіподақ сала кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді, еңбектің өнімділігі, тиімділігі мен сапасы үшін қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыруға, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау нормалары мен қауіпсіздігі, еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту ережесін қадағалауға, кадрлардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамытудың, корпоративтік бірлестіктің негізгі бағыттарын іске асыруға көмек көрсетеді.


Кәсіподақ:

      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына

қоғамдық бақылауды іске асыруға

      1. Ұйымдарда ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға және олардың орындалуына бақылауды іске асыруға.

      2. Еңбек ұжымдарындағы салауатты моральдік-психологиялық

климаттың болуына көмек көрсетуге, кәсіпорындардағы конфликтілердің алдын алу және еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіпте шешу бойынша шаралар қолдануға.

      1. Қызметкерлерге – кәсіподақ мүшелеріне - тегін заңдық кеңес беруге және олардың мүдделерін сот инстанцияларында еңбек қатынастары мәселелері бойынша қорғауға.

      2. Осы келісімді орындаған жағдайда конфликтілік жағдайды шешудің соңғы шарасы ретінде қарсылық акциясы мен ереуілдерді өткізбеуге.

      3. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін сақтау бойынша салауатты өмір салтын, науқастануды төмендету және еңбек тәртібін қадағалаудың алдын алу мақсатында кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуге.

      4. Агенттікпен және Жұмыс берушілер бірлестіктерімен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі күнін (сәуір айының 2-ші жексенбі күні) заңнамалық деңгейiнде бекіту туралы ұсыныс жолдауға

міндетті.


    1. Агенттік тараптардың сұранысы бойынша саланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуына қатысты материалдарды ұсынады, тараптарды өз іс-шараларына қатысуға шақырады, бірлескен іс-шаралардың әкімшілік-құқықтық қамтамасыз етілуін іске асырады, сарапшы ретінде даулы мәселелерді шешуге қатысады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес құзыретіне сай салада мемлекеттік бақылауды іске асырады.


Агенттік:

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және жүктелген міндеттермен сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына табысты қызмет ету үшін қойылған өкiлеттiктердiң шектерiнде оларға мемлекеттік қолдау көрсетуге

      2. Саланы әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіруге қатысуға және оның жергілікті жерлерде тәжірибелік қолдануына ықпал етуге

      3. Келісімді жасасу және жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерге қатысу жолымен әлеуметтік серіктестіктің салалық жүйесінің нығаюы мен дамуына көмек көрсетуге

      4. Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайларды қамтамасыз етуге.

      5. Кәсіподақ және Жұмыс берушілер өкілдерін алқаларға, мәжілістерге қатысу үшін тартуға, Кәсіподақ пен Жұмыс берушілердің еңбегі сіңген қызметкерлерді мемлекеттік және салалық наградалармен марапаттау туралы ұсынымдарын қарастыруға

міндетті.


    1. Тараптар өзіне мына мәселелер бойынша міндеттемелерді қабылдайды:

  • осы келісімді жүзеге асыру;

  • республикамыздың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;

  • инвестицияларды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға қатыстыру үшін жағдай жасау;

  • жұмыс берушілердің прогрессивтік бастамасына басшылық ететін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесіне бағытталған салық саясатын қалыптастыру туралы ұсынысты қолдау.

    1. Тараптар ерекше көрінген қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен, салалық төс белгілерімен, Агенттіктің, Кәсіподақ және Жұмыс берушілердің Құрмет мадақтамаларымен, ақшалай сыйақымен, ескерткіш сыйлықтармен марапаттауға ұсынады.




  1. Еңбек қатынастары




    1. Корпоративтік ережелерге сәйкес Жұмыс берушілер Кәсіподаққа бірлесіп қабылданған шешімдерді жүзеге асыру барысы, соның ішінде мына сұрақтар:

  • санаттар бойынша қызметкерлердің саны;

  • кәсіпорындар бойынша орта айлық атаулы еңбекақы;

  • қауіпті және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеу барысында бірінші разрядты ең төмен айлық тарифтік мөлшерлемесінің көлемі;

  • қызметкерлердің негізгі еңбекақы үлесі;

  • өндірістік жарақаттану

туралы ақпаратты ұсынады.


  1. Еңбек ақы төлеу




    1. Еңбек ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Жалақыны индекстеу тәртібі ұжымдық шартпен белгіленеді. Жалақыны индексациялау барысында Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін ескереді.

Қызметкерлердің жоспарлық тапсырмалар мен шарт міндеттемелерін орындаудағы материалдық қызығушылығын күшейту, өндіріс тиімділігін және өнім сапасын арттыру үшін сыйақы беру жүйесін, сондай-ақ материалдық ынталандырудың басқа нысандарын қолдануға болады.

    1. Жұмыс берушілер қызметкерлерді материалдық ынталандыру мақсатында еңбек жағдайларына сәйкес қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте жалақы саралауын жасайды.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 122-бабы 2-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне 1,4 көлемінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында еңбек ақы төлеу үшін салалық арттырушы коэффициенті енгізілсін.

    3. Вахталық әдіс барысында жинақтау пунктінен жұмыс орнына

дейінгі және кері қайту уақыты есепке алу кезеңіне енеді және ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен белгіленетін көлемде төленеді.


  1. Демалыс уақыты




    1. Жұмыс беруші Кәсіподақпен бірігіп, ұжымдық шартта төленетін қосымша демалыс немесе оның ақшалай өтемақысын берудің шарттарын белгілейді.

    2. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру мекемелерінде оқып отырған қызметкерлерге мекеменің шақыру анықтамасында көрсетілген мерзімге емтихан тапсыру, дипломдық жұмысты дайындау және қорғау кезеңінде төленетін қосымша демалыс беріледі. Оқу демалысын төлеу шарттары еңбек және ұжымдық шарттарда аталып өтеді.

    3. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша өз демалыс күндерінде кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтетін қызметкерлерге заңнамаға сәйкес нақты оқуға жұмсалған уақыт үшін төлем беріледі немесе қосымша демалыс күндері ұсынылады.




  1. ^ Жұмыспен қамту




    1. Саладағы қызметкерлерді жұмыспен қамту мақсатында Агенттiк Жұмыс берушілер және Кәсіподақпен бірлесіп, салада жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (сақтау) жөнініде Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгіне жолдау үшiн ұсыныстарды, сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі ұсыныстарды Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарды өндіру саласындағы техникалық және кәсiби бiлiм және кадрларды даярлауды дамыту жөніндегі Салалық Кеңеске және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жолдау үшін әзірлейді.

    2. Ұйым таратылған, қызметшілер саны қысқартылған жағдайда Жұмыс беруші алдын ала, жоспарлық іс-шараларды жүзеге асыру басталғанға дейін кем дегенде 2 айдан бұрын босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру жөнінде өзара кеңестер беруді жүргізу үшін Кәсіподақты ақпараттандырады.

    3. Жұмыс беруші кәсіпорындағы қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына (үш ай ішінде қызметкерлер санының 10 пайызынан артық) жол бермеу үшін шаралар қолданады, бұл үшін қызметкерлерді тиісті еңбек төлем ақысымен толық емес жұмыс уақыты тәртібіне ауыстырады, өз қаражаты есебінен персоналды қайта оқытуды жүзеге асырады.

    4. Қолданыстағы заңнамамен көзделген қызметкерлер санаттарынан басқа қызметкерлер санын қысқарту барысында мыналарды жұмыста қалдыруға:

  • асырауында жұмысқа қабілетсіз отбасы мүшелері бар қызметкерлерге;

  • 16 жасқа дейінгі балалары бар жалғыз басты аналарға (әкелерге);

  • ұйымда еңбек жарақатын, кәсіби науқас алған тұлғаларға;

  • зейнеткерлікке шығу алдындағы қызметкерлерге - олардың зейнеткерлікке шығу құқығын беретін жасқа жетуге 3 (үш) жыл қалғанда;

  • 29 жасқа дейінгі жас мамандарға;

  • ұжымдық шартпен белгіленетін басқа санаттарға басымдық беріледі.

    1. Жұмыс беруші мүмкіндік болған жағдайда өндірісте қаза болғанның (ері, жұбайы, балалары) немесе еңбек жарақаты немесе кәсіптік науқастану нәтижесінде бірінші және екінші топтағы мүгедектік алғанның жұмыс істемейтін туысқандарын еңбекпен қамтамасыз етеді, оқытады (қайта оқытады).




  1. Еңбекті қорғау




    1. Жұмыс беруші мен Кәсіподақтың бірлескен іс-әрекеттері қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

    2. Өндірісте мүгедектікке әкеп соққан бақытсыз жағдайларда және кәсіби науқастарға шалдыққанда, жарақат алған қызметкерге немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда құқығы бар тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен көзделген қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу сомасы үстінен Жұмыс беруші ұжымдық шартпен көзделген көлемдер мен тәртіпте, бірақ қызметкердің бір жылдық еңбекақысынан кем емес бір жолғы жәрдемақы төлейді.

    3. Жұмыс орындарын, соның ішінде арнайы ұйымдардың қатысуымен аттестациялау нәтижелері және аттестациялық комиссияның қорытындылары зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбек төлеу және жеңілдіктер мен өтемақылар беру үшін негіздеме ретінде пайдаланылады.

    4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салаларына Өндірістер тізбесінің күші таратылады, ондағы белгіленген жұмыс кәсіптер мен лауазымдар қызметкерлеріне Жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбектің ерекше зиянды жағдайына байланысты емдеу-алдын алу тамақтануға құқық береді.

    5. Жұмыс беруші кәсіптік науқас белгіленген және растау құжаттары болған жағдайда медициналық зерттеуден (плацкарттық орынның құны бойынша төлем, медициналық қызмет құны) өтуіне байланысты қызметкерге материалдық шығыстарды өтейді.

    6. Тараптар еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың қызметін реттейтін және ынталандыратын ережені әзірлейді.




  1. Әлеуметтік кепілдіктер




    1. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге Жұмыс беруші қаржылық мүмкіндік болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша біржолғы жәрдемақыға қосымша төлем белгілейді; бұл жағдайда қосымша төлеммен жәрдемақының жалпы сомасы 10 АЕК-ден кем болмауы тиіс.

    2. Жұмыс беруші қаржылық мүмкіндіктері болған жағдайда кәсіподаққа еңбекақы қорының 0,3 пайызынан кем емес көлемде мәдени-жаппай және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын өткізуге қаражат бөледі. Көрсетілген жұмыс түрлерін орындау шарттары ұжымдық шартпен белгіленеді.

    3. Жұмыс беруші Кәсіподақпен бірлесіп, санаттары ұжымдық шартта белгіленген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне, бұрынғы қызметкерлерге атаулы әлеуметтік қолдау көрсетеді. Атаулы әлеуметтік көмектің көлемі мен тәртібі ұжымдық шартпен белгіленеді.

    4. Жұмыс беруші ұжымдық шартпен көзделген жағдайда кем дегенде үш күнтізбелік күнге қосымша төленетін демалыс береді.

    5. Жұмыс беруші балалар үйінен немесе оқу мекемесін аяқтағаннан кейін жұмысқа түскен жетім балаларға 30 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлейді.




  1. Әйелдер мен жастардың әлеуметтік кепілдіктері




    1. Жүктілік және бала туу демалысына шыққанға дейін әйелдерге қосымша әлеуметтік демалыс беріледі. Демалыс беру шарттары мен тәртібі ұжымдық шартпен және/немесе жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.

    2. 14 жасқа дейінгі екі немесе одан көп баласы бар әйелдер үшін қосымша әлеуметтік демалыстар беріле алады. Талаптар ұжымдық шартпен және/немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.

    3. Жұмыс беруші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жастарды еңбекпен қамту кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

    4. Салаға жас мамандарды тарту мақсатында Жұмыс берушілер Кәсіподақпен бірлесіп, әрбір кәсіпорында жастардың өндірісте бекітілуін ынталандыратын бағдарламаны әзірлейді.




  1. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері




    1. Жұмыс берушiлер кәсiпорындардың қызметкерлерiне алғашқы кәсiподақ ұйымдарды ұйымдастыруға кедергi келтiрмейдi.

    2. Жұмыс берушілер мен Агенттік Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің өкілетті өкілі ретінде Кәсіподақты таниды.

    3. Жұмыс берушілер Кәсіподақтың басшылық органдарының өкілдеріне (Орталық комитет, облыстық бірлестіктер, кәсіподақ комитеттері) Келісіммен көзделген міндеттемелерді орындау үшін кәсіпорындарға, жұмыс орындар мен әлеуметтік объектілерге келуіне қарсы келмейді.

    4. Жұмыс беруші кәсіпорындағы кәсіподақ органына ұжымдық шартпен көзделген жағдайда немесе тараптардың жазбаша келісімі бойынша үй-жайларды, автокөлікті, ішкі, желілік және халықаралық байланыс құралдарын, ұйымдастыру техникасын тегін пайдалануға береді.

Ұжымдық шартпен кәсіподақ органының қызметін қамтамасыз етуге арналған басқа жақсарту жағдайларын көздей алады.

    1. Жұмыс беруші кәсіпорында әрекет ететін еңбек құқықтарын, жеңілдіктерді, сыйақы беру жүйесі мен босатылған таңдаулы және бастапқы кәсіподақ ұйымының жалдамалы қызметкерлерінің ынталандыру төлемдерін ұжымдық шартпен белгіленген тәртіпте таратады.

    2. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған жағдайда Жұмыс беруші ай сайын толық көлемде кәсіподақ ұйымының шотына қызметкерлердің еңбекақысынан мүшелік кәсіподақ жарналарды аударады.

    3. Жұмыс беруші негізгі жұмыстан босатылмаған сайланған кәсіподақ органдарының мүшелеріне жүктелген міндеттемелерді орындауға арналған уақыт ұсынады. Негізгі жұмыстан босату шарты мен кәсіподақ органдарының басқа мүшелерінің, еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың, ұйымда құрылатын еңбек қорғау жөніндегі комитетінде (комиссия) кәсіподақ өкілдерінің кәсіптік міндеттемелерін орындау уақытын төлеу тәртібі ұжымдық шартпен белгіленеді. Кәсіподақ органдары шақыратын съездер, конференциялар делегаттары ретінде қатысу, сондай-ақ сайлау органдарының жұмысына қатысу немесе қысқа мерзімді кәсіподақ оқу үшін жұмыс беруші осы іс-шара қатысушыларын іс-шараның толық ұзақтығы уақытына жұмыстан босатады, орта айлық еңбекақысын сақтап қалады.

    4. Жұмыс беруші орта еңбекақыны сақтап, кәсіподақтың босатылмаған өкілдерін Өндірістегі бақытсыз жағдайды зерттеу комиссиясына, сондай-ақ еңбек дауларын қарастыру бойынша комиссия жұмысына қатысу үшін басқа жерге іссапарға жіберу шығыстарын өтейді.




  1. ^ Келісімнің орындалуын бақылау және жауапкершілік




    1. Қол қойылған күннен бастап 10 күн ішінде Салалық Келісім жасасуға қатыспаған Жұмыс берушілерге, кәсіподақтарға қол қойылған құжатқа қосылу туралы ұсыныспен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

    2. Кәсіподақ, Жұмыс берушілердің өкілдері мен Агенттік қолданыстағы заңнамаға сәйкес Тараптардың тең өкілдіктерінен тұратын үш тарапты салалық комиссия құрып, осы Келісімнің орындалуына бақылауды іске асырады.

    3. Келісімге қол қойған Тараптардың Келісімді орындамауы немесе тиісінше орындамағандығы анықталған жағдайда оларға жазбаша ұсынымдар жіберіледі. Тараптар осындай ұсынымдар алған күннен бастап он күндік мерзімнен кешіктірмей, мәселе мәні бойынша өзара кеңес өткізуге міндетті. Өзара кеңес беру барысында қабылданған шешімде жазбаша ресімделеді және барлық тараптар үшін міндетті күші бар. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда келіспеушілік хаттамасы құрастырылады, бұдан кейін даулы мәселелер қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешіледі.

    4. Келісімді жүзеге асыру барысында туындайтын барлық даулы мәселелер үш тарапты салалық комиссияның отырысында, ал келіспеу- шіліктер болған жағдайда – ұжымдық шартқа сәйкес шешіледі.

    5. Келісімді орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.



Келісім 2 тілде - мемлекеттік және орыс тілдерінде - құрастырылып, бірдей заңды күші бар 10 данада қол қойылды.


Қазақстан Республикасының

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері жөніндегі агенттігі атынан


Қазақстан Республикасының Құрылыс және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері

жөніндегі агенттік төрағасы ________________С.К. Нокин


Қазақстан Республикасының тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық және қызмет

көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы”

қоғамдық бірлестігі атынан


Кәсіподақ төрағасы ______________С.У. Капенов


Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы

сумен жабдықтау және су ауытқу

жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы атынан


Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы

сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі

кәсіпорындар қауымдастығының президенті ____________ В.В. Сюндюков


Қазақстандық жылумен қамтамасыз ететін

ұйымдар қауымдастығы” қауымдастық

нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі атынан


КАТО” ЗТБ президенті _______________А.Қ. Жұмабаев


Келісім Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінде ескертетін тіркеуден өтті

“______” ___________ 20_____ жыл N _____



Похожие:

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, iconСумен жабдықтау және су бұру қызметінің
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10 тармақшасына және «Қазақстан...
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, icon10. 01. 2012ж. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-техникалық
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 2 және 3 тармақшаларына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, iconҚазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
Жұмыс Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің тапсырысы бойынша орындалды
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, icon10. 01. 2012ж. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құжаттарды бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 2 және 3 тармақшаларына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз...
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы, iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы