|
ҰЗАРТЫЛДЫ 201__жылғы «___»___________ дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 201___жылғы «___»______________ №_________________ хаты Жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері Астана - 2011
Мазмұны
ҰҒЫМДЫҚ СӨЗДІК АҚ – акционерлік қоғам; АБЖ – автоматтандырылған басқару жүйесі; ТҮКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; ДК – дербес компьютер; ЖЭО –жылу электр орталығы; ЭЖҰ – энергиямен жабдықтаушы ұйымы. КІРІСПЕ Осы норматив тұтынушыларға жылу энергиясын сатуды іске асыратын, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жұмысшыларының нормативтік санын айқындауға арналған. Нормативтік-техникалық құжат Қазақстан Республикасының Құрылыс және ТҮКШ істері жөніндегі агенттігімен қайта қаралды. Тұтынушыларға жылу энергиясын сатуды іске асыратын барлық ұйымдарда қолдану үшін ұсынылған. І. Жалпы бөлім 1.1. Осы нормативтер жылу энергиясын сатуды іске асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қызметкерлерінің санын есептеу мен талдау үшін арналған.
1.7. Қызметтік және өндірістік үй-жайларды жинаушылардың, аула сыпырушылардың саны республикада қызмет ететін нормативтік құжатқа сәйкес орнатылады. 1.8. Ұйымның автомобиль көліктерін жүргізу бойынша персоналы, олардың саны ұйым балансындағы техникалық күйі жұмыс істеуге жарамды автомобиль көліктерінің санына сүйене отырып, ал апат-диспетчерлік қызмет үшін – 4,7 адамнан деп есептеледі. Автокөліктерге барлық жөндеу жұмыстарын орындайтын қызметкерлердің нормативтік саны техниканың 7 бірлігіне 1 адам деп есептеледі. 1.9. Ұйымдар персоналдың нормативтік санын есептеу кезінде, егер өзгеше тиісті нормативте, түзетуде, коэффициентте көрсеткіш (фактор) атауында көрсетілмесе, жалпы ұйым үшін анықталған, көрсеткіштерді (факторларды) қолданады. Көрсеткіштер (факторлар) мәндері есеп айырысу кезеңінің алдындағы жыл үшін есептік деректерге сәйкес келуге тиісті 1.10. «Дейін» деп көрсетілген көрсеткіштердің (факторлардың) санды мәндерінің шектерін «қоса алғанда» деп түсіну қажет. 1.11. Дөңгелектеу ережелері бойынша бүтін санға дейін дөңгелектеуге 1.1-тармағында көрсетілген, кестелер мен тармақтар тобы бойынша жеке есептелген персоналдың жиынтық саны ғана жатады. 1.12. Персоналдың нормативтік саны жалпы ұйым бойынша нормативтер бойынша айқындалады. Бірінші басшы, персоналдың іс жүзіндегі құрамына, оларға жүктелген функцияларға сүйене отырып, персоналдың есептелген жиынтық нормативтік саны шегінде құрылымдық бөлімшелер бойынша нормативтік санды мынадай санаттар бойынша есептейді. - 3.1.1.- 3.1.4-кестелер және 1.7-тармақ бойынша; - 3.2.1.-3.2.6-кестелері бойынша. 1.13. Күзет қызметкерлерінің нормативтік саны күзет орнының орналасқан жерін және жұмыс істеу тәртібін ескеріп ұйым комиссиясының актісін басшылыққа ала отырып есептеледі, сонымен қатар әрбір күзет орнына, жұмыс тәртібіне байланысты:
Күзет бөлімшелері басшыларының саны күзетшілердің (жұмысшылардың) санына байланысты, 30 адамға 1 басшы деп орнатылады. 1.14. Егер жылу энергиясын энергия өндіретін ұйым (ЖЭО, қазандық) немесе жылу энергиясын тасымалдауды іске асыратын ұйым сататын болса, 3.2.1-3.2.5-кестесі бойынша есептелмейді және энергия өндіретін ұйымның осы функциялары бойынша нормативтік саны энергия өндіретін ұйымның және жылу энергиясын сату бойынша бөлімшенің өндірістік персоналының жиынтық саны бойынша есептеледі. ^ 2.1. Жылу энергиясын сатуды іске асыратын ұйым қызметкерлерінің өндірістік қызметі құрылымдық бөлімше туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулармен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының басқа актілерімен, әдістемелік ұсыныстармен, нұсқаулармен, жоғары тұрған деңгейдегі басқару органдарының ережелерімен реттеледі. 2.2. Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс түрлері бойынша мамандануы мекеменің құрылымдық бөлімшелерін қалыптастыру негізі болып табылады. 2.3. Жұмыс орындарындағы еңбектің ұйымдастырылуы еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы талаптарына және өнеркәсіптік санитария мен гигиена ережелеріне сәйкес келуге тиісті. ^ - 3.1.1 – 3.1.4-кестелері және 1,7; 1,8; 1,13-тармақтары бойынша өндірістік және қызмет көрсетуші; - 3.2.1 – 3.2.6-кестелері бойынша басқару аппараты персоналының нормативтік санын қосып есептеледі. ^ 3.1.1. «Тұрмыстық тұтынушыларға жылу энергиясын сату» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Жұмыстардың үлгі құрамы: қызметтегі тарифке сәйкес тұтынушыларға – жеке тұлғаларға (халыққа) жылу энергиясын сату. Тұтынушыларға төлеуге төлем құжаттарын кейіннен беріп, тұтынылған жылу энергиясы үшін төлеу үшін қажетті есептерді орындау. Тұтынылған жылу энергиясы үшін есептемелерді есептеу кезінде туындаған сұрақтар бойынша абоненттерге түсіндіру жұмысын жүргізу. Есепке алу аспаптарынан бақылау көрсеткіштерін тіркеу. Тұтынушыларға шот-квитанцияларды жеткізу. Жылу энергиясы үшін ақшалай қаражатты жинау. Тұрмыстық тұтынушылардың жылу энергиясы үшін есептемелерін автоматтық есептеу үшін жүйеге бастапқы деректерін енгізу. Лауазымдардың үлгі тізбесі: учаске басшысы Кәсіптердің үлгі тізбесі: оператор, курьер 3.1.1-кесте
3.1.2. «Өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес тұтынушыларға жылу энергиясын сату» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Жұмыстардың үлгі құрамы: қаржы құжаттарының қозғалысын бақылау. Ақшалай қаражаттардың, төлемдердің түсуі бойынша есепті жүргізу және тұтынушылардың алдын ала төлеген ақшасының есебін жүргізу. Лауазымдардың үлгі тізбесі: топ басшысы, бухгалтер. Кәсіптердің үлгі тізбесі: оператор 3.1.2-кесте
Ескерту: Осы кестедегі факторлардың аралық мәндері үшін персонал санының нормативі сызықтық интерполяция бойынша айқындалады. 3.1.3 «Жылу энергиясын тұтынушылармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативі Жұмыстардың үлгі тізбесі: Тұтынушыларға – жеке тұлғаларға жылу энергиясын жеткізу бойынша келісім-шарттық жұмысты іске асыру. Келісімшартта орнатылған мерзімдерде тұтынылған жылу энергиясы үшін ақшалай қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету. Жеткізілген жылу энергиясының уақытында төленуін қамтамасыз ету, абоненттерге жылу энергиясын қамтамасыз етуге пәрменді шараларды қабылдау. Лауазымдардың үлгі тізбесі: бөлім бастығы (топ жетекшісі), келісім-шарттық және арыз-талап қою жұмысы жөніндегі экономистер. 3.1.3-кесте
3.1.4 «Автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, пайдалану» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері Жұмыстардың үлгі тізбесі: бағдарламалау және есептеу техникасының құралдары саласындағы үздік жетістіктер ескеріле отырып, экономикалық міндеттердің шешілуін жүзеге асыратын жергілікті бағдарламаларды ретке келтіру және әзірлеуге қатысу. Бағдарламалармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтарды даярлау, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу. Кәсіпорын бөлімшесінің нақты міндеттерін шешу үшін дайын бағдарламалық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін айқындау. Есептеу және желілік техниканың құралдарын меңгеру кезінде кәсіпорын жұмысшыларына нұсқамалық жүргізу және көмек көрсету. Осы құралдарды пайдаланатын жұмысшылардың техникалық білімдерін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Есептеу және желілік техниканың құралдарының ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету. Профилактикалық және ағымдағы жөндеуді жүргізу. Есептеу және желілік техниканың жаңадан енгізілетін құралдарын қабылдауды ұйымдастыру және оларды меңгеру. Есептеу техника құралдарының қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз етілуін бақылау. Лауазымдардың үлгі тізбесі: топ басшысы, бағдарламалаушы-инженер, инженер. 3.1.4-кесте
Ескерту: Міндет – бастапқы ақпараттың алынуын, шығу көрсеткіштерінің есебін, сондай-ақ пайдаланушы белгілеген түрі мен көлемінде оларды беруді қамтамасыз ететін бағдарлама мен деректер кешені. Міндеттің бір немесе бірнеше шығу нысандары болуы тиіс. Міндеттер кешені – функционалдық белгі бойынша біріктірілген, міндеттер жиынтығы. 3.2 Ұйымның басқару аппаратының басшылар, мамандар мен басқа да қызметкерлер санының нормативтері 3.2.1 «Жалпы басқару» функциясы бойынша басшылар санының нормативтері Жұмыстардың үлгі тізбесі: Кәсіпорын қызметінің барлық түрлерін басқару. Өндірістік, пайдалану, басқару және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы мен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру. Кәсіпорынның қызметтің негізгі түрлері бойынша жоспарланатын сандық және сапалық көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету. Жылумен қамтамасыз ету қызметтерінің өсу динамикасын айқындау, мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкес жылумен қамтамасыз ету жүйесі жұмысының сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету. Апаттық және төтенше жағдайларда кәсіпорын қызметін қамтамасыз ету. Кәсіпорынды білікті мамандармен қамтамасыз ету. Бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін бақылау. Техникалық саясатты, кәсіпорынды дамыту болашағы және қызметтегі кәсіпорынды жетілдіру, қайта құру және техникалық жағынан қайта жарақтандыру жөніндегі кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру жолдарын айқындау. Өндірістің озық, экономикалық негізделген энергияны үнемдейтін технологиялық процестер мен тәртіптерді әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру. Технологиялық отын мен электр энергиясының шикізат пен материалдардың озық шығыс нормаларын енгізуді, өндірістің еңбек сыйымдылығын азайтуды қамтамасыз ету. Өндірістің процестерді кешенді механизациялау мен автоматтауды енгізуді жүзеге асыру. Отын-энергетикалық қорлардың пайдалану тиімділігін, жабдық жұмысының сенімділігі мен экономикалығын арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын құру бойынша іс-шаралардың енгізілуін қамтамасыз ету. Лауазымдардың үлгі тізбесі: бастық, бастық орынбасары 3.2.1-кесте
3.2.2 «Экономикалық жұмыс, еңбек және еңбекақы» функциясы бойынша мамандар санының нормативтері Жұмыстардың үлгі тізбесі: Кәсіпорында оның тиімді қызметін қамтамасыз ететін бірыңғай қаржы-экономикалық саясатты жүргізу. Кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, материалдық, қаржы және еңбек қорларының ұтымды қолданылуын көздейтін, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу. Олардың жүзеге асырылуына бақылауды ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне экономикалық талдауды жүргізу, өндіріс қорларын анықтау, оларды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеу. Өндіріске деген шығыстардың азаюын ескере отырып, қызметтерге орнатылған тарифтерді талдау. Қызметтердің өзіндік құнына енгізу үшін еңбек және материалдық қорларының экономикалық негізделген жергілікті нормалары мен нормативтерін әзірлеу. Олардың қолданылуы мен қайта қаралуын бақылау. Еңбек жағдайы мен нормалауды зерттеу. Оларды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу мен енгізу. Еңбекақысын төлеу бойынша жергілікті нормативтік актілердің жүйесін әзірлеу. Ұжымдық шарттарды даярлауға қатысу және қабылданған міндеттемелерді бақылау. Еңбекақы қорын қалыптастыру және оның шығындалуын талдау. Кәсіпорнының штат кестесін әзірлеу. Түрлі экономикалық негіздемелерді, шолу мен есептілікті жасау. Лауазымдардың үлгі тізбесі: жоспарлау жөніндегі экономист, еңбек жөніндегі экономист. 3.2.2-кесте
3.2.3 «Бухгалтерлік есеп, есептілік, қаржы қызметі» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативі Жұмыстардың үлгі тізбесі: Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Өндірістік емес шығындардың, өндіріс кемшіліктерінің азаюын қамтамасыз ететін бірыңғай қаржы саясатын жүргізу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, экономикалық негізделген бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу. Тиісті органдарға бухгалтерлік және статистикалық есептіліктің уақытында жасалуы мен тапсырылуын қамтамасыз ету. Кәсіпорын мүлігінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Келіп түсетін ақшалай қаражаттың, тауар-материалдық құндылықтары мен негізгі құралдары шығысының есебін ұйымдастыру және қадағалау. Жылумен қамтамасыз ету қызметтеріне экономикалық негізделген тарифті қалыптастыру үшін нақты шығыстардың есебін жүргізу. Мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға салықтар мен басқа да төлемдерді, банктік мекемелер мен басқа да ұйымдарға төлемдерді есептеу мен аудару заңдылығы мен уақтылығын қамтамасыз ету. Штаттық, қаржы және кассалық тәртіптің сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Ақшалай қаражатты қабылдау, есепке алу, беру және сақтау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру. Еңбекақы алу үшін құжаттарды ресімдеу және банк мекемелерінде ақшалай қаражаттың орнатылған тәртібіне сәйкес алу. Лауазымдардың үлгі тізбесі: басты бухгалтер, бухгалтер, кассир 3.2.3-кесте
3.2.4 «Кадрларды жинақтау, арнайы және жұмылдыру жұмысы» функциясы бойынша мамандар санының нормативтері Жұмыстардың үлгі тізбесі: Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды рәсімдеу. Кәсіпорын басшысының бұйрықтары мен өкімдерінің уақытында орындалуын бақылау. Біліктілік және аттестаттау комиссиясы үшін материалдарды даярлау. Еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау. Кәсіпорынды қажетті кәсіптердің, мамандықтар мен біліктіліктегі кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау. Жұмысшылардың кәсіптік оқуын және басшылар мен мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Кәсіпорын қызметкерлеріне және олардың отбасы үшін зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды даярлау, оларды әлеуметтік қамсыздандыру органдарына ұсыну. Мемлекеттік зейнетақы сақтандыру жүйесінде әр адамға арналған есепті жүргізу. Орнатылған статистикалық есептілікті құрастыру. Сабақтарды жоспарлау және оларды өткізуге қатысу, оқу жоспары мен кестелерін құрастыру және оларды жүргізу есебі журналын жүргізу. Құлақтандыру жүйесінің тұрақтылығы бойынша іс-шараларды әзірлеу мен жүргізу. Жинау мен құлақтандырудың техникалық құралдарын енгізу. Ұйым басшылары мен құрылымдық бөлімшелерін құлақтандыру жүйесін үнемі бақылау. Құлақтандыру өткізуге тізімді жүргізу және оны уақытында түзету. Бөлімшелерді көшіруге тізімдерді тоқсан сайын нақтылау. Лауазымдардың үлгі тізбесі: кадрлар жөніндегі инспектор 3.2.4-кесте
3.2.5 «Жалпы іс жүргізу және шаруашылық қызмет көрсету» функциясы бойынша мамандар мен қызметкерлер санының нормативтері Жұмыстардың үлгі тізбесі: Басшының қарауына келіп түскен хаттарды қабылдау, қабылданған шешімге сәйкес оны құрылымдық бөлімшеге не нақты орындаушыға беру. Іс жүргізу, компьютерлік техниканы пайдалана отырып түрлі операцияларды жасау. Кәсіпорын басшысының қолын қойғызуға құжаттар мен жеке өтініштерді қабылдау. Орындау үшін келіп түскен құжаттардың уақытында қаралуын бақылау, дайындалған құжаттарды ресімдеу дұрыстығын тексеру. Басшының телефон арқылы сөйлесулерін ұйымдастыру, қабылдау-сөйлеу құралдары бойынша ақпаратты қабылдау. Басшы жүргізетін отырыстар мен мәжілістерді даярлау жөніндегі жұмыстарды орындау. Кәсіпорын қызметкерлерінің шығарылған бұйрықтар мен өкімдердің атқаруын бақылау, бақылау-тіркеу картотекасын жүргізу. Қажетті қызметтік материалдарды теру, деректер базасына ағымдағы ақпаратты енгізу. Келушілердің қабылдау кестесін ұйымдастыру. Шаруашылық құрал-сайманның сақталуын қамтамасыз ету, оны қалпына келтіру және толықтырып отыру. Үй-жайлардағы және жақын маңындағы аумақта тазалықтың сақталуын қамтамасыз ету. Уақытылы жөндеу бойынша шараларды қабылдау. Қызметкерлерді кеңсе заттарымен және қажетті заттармен қамтамасыз ету. Лауазымдардың үлгі тізбесі: шаруашылық меңгерушісі, хатшы (референт), аудармашы 3.2.5-кесте
3.2.6 «Заң қызметі» функциясы бойынша мамандар санының нормативтері Жұмыстардың үлгі тізбесі: Кәсіпорын қызметі бойынша нормативтік жобалар мен ұйымдық-өкімгерлік құжаттарын әзірлеу. Материалдарды төрелікке, тергеу және сот органдарына беру үшін даярлау, жүргізіліп жатқан және аяқталған сот істерін есепке алу мен сақтау. Шаруашылық келісім-шарттарды жасасу, олардың заңды негізділігі туралы қорытынды дайындау, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешек туралы сұрақтарды қарау жөніндегі жұмысқа қатысу. Анықтамалар мен есептердің уақытында ұсынылуын, келісім-шарттық қатынастардың орындалуын бақылау, қойылған талаптарға жауаптарды даярлау. Басқа бөлімшелермен бірлесіп, қолданыстағы немесе кәсіпорындарда шығарылған бұйрықтар мен басқа да нормативтік актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстарды даярлау. Құқықтық сұрақтар бойынша қорытынды даярлауға қатысу. Лауазымдардың үлгі тізбесі: бөлім бастығы, заңгер 3.2.6-кесте
|
![]() | Келісілді: бекітілді «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,... | ![]() | Келісілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органның даму мақсаттарының мемлекет дамуының стратегиялық мақсаттарымен сәйкестігі |
![]() | «келісілді» Қазақстан Республикасының Газды тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлер санының нормативтері | ![]() | «келісілді» Қазақстан Республикасының Тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері |
![]() | Келісілді бекітемін өскемен қаласы әкімінің орынбасары Өскемен қаласының әкімі Азақстан республикасының президенті н. А. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 АҚпандағЫ «Әлеуметтік экономикалық жаңҒырту – Қазақстан дамуының... | ![]() | «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі Жоба іске асыру барысына арналған әдістемелік материалдарды, көрнекі насихаттау құралдарын әзірлеу мен таратуды, айдарлар ашуды,... |
![]() | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес... | ![]() | Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының... |
![]() | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының... | ![]() | Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi... |