«келісілді» Қазақстан Республикасының icon

«келісілді» Қазақстан Республикасының



Название«келісілді» Қазақстан Республикасының
страница1/3
Дата конвертации18.02.2013
Размер465.06 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3



«келісілді»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі

______________Б. Нұрымбетов

30 қаңтар 2012 ж.




«бекітілді»

Қазақстан Республикасының

Құрылыс және ТҮКШ агенттігі төрағасының

2012 ж. 30 қаңтардағы

№ 21 бұйрығымен



Қызмет мерзімі

2012 ж. 31 қаңтарға дейін орнатылды

2012 ж. «30» қаңтардағы

№ 04-3-1-16/1364 хаты









ҰЗАРТЫЛДЫ

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің

201___ж. «___»______________

№_________________ хатымен

Мерзімі 201__ж. «___»___________ дейін


Газды тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлер санының нормативтері


Астана - 2011


ҰЗАРТЫЛДЫ

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің

201___ж. «___»______________

№_________________ хатымен

Мерзімі 201__ж. «___»___________ дейін


ҰЗАРТЫЛДЫ

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің

201___ж. «___»______________

№_________________ хатымен

Мерзімі 201__ж. «___»___________ дейін





ҰЗАРТЫЛДЫ

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің

201___ж. «___»______________

№_________________ хатымен

Мерзімі 201__ж. «___»___________ дейін


ҰЗАРТЫЛДЫ

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің

201___ж. «___»______________

№_________________ хатымен

Мерзімі 201__ж. «___»___________ дейін




Мазмұны



Ұғымдық сөздік ................................................................................................................

4

кіріспе ..............................................................................................................................................

5

1. Жалпы бөлім…………………………………………………………………………

6

2. Еңбекті ұйымдастыру ……………………………………………………………….

8

3. Нормативтік бөлім……………………………………………………………………

9



ҰҒЫМДЫҚ СӨЗДІК


АДҚ - апаттық-диспетчерлік қызмет;

АГҚС - автомобильге газ құю станциясы;

ҮІГЖ - үй ішіндегі газ жабдығы;

ГТС - газ толтыру станциясы;

ГРП - газ реттеуші пункт;

ТРҚ - топтық резервуарлық қондырғы;

ГЖҰ - газ желісі ұйымы;

ЕДҚ - газ шығысын есептеудің дара құралы;

БАП - баллондарды айырбастау пункті;

БАҚ - баллондардың аралық қоймасы;

ДЭЕМ - дербес электрондық-есептеу машинасы;

БМҚ - басшылар, мамандар және қызметкерлер;

БМ - басшылар, мамандар;

ТЭК - техникалық-экономикалық көрсеткіштер;

ШРП - шкафтық реттеу пункті;

ЭХҚ - электрохимиялық қорғау.


КІРІСПЕ


Осы норматив Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен қайта қаралды.

Нормативтік-техникалық құжат газды тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын барлық ұйымдарында қолдану үшін ұсынылады.


І. Жалпы бөлім


1.1. Осы нормативтер газды сақтауды, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын ұйымдарда (әрі қарай – газ желісі ұйымы (ГЖҰ)) газ пайдалану және жөндеу жұмыстарының бүкіл кешенін орындау үшін жұмысшылардың, басшылардың, мамандар мен басқа да қызметкерлердің қажетті санын орнатады.

    1. Персонал санының қайта қаралған нормативтерінің негізінде:

  • «Газды тасымалдау мен сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың персонал санының нормативтері», Астана, 2000 ж.

  • бірқатар жұмыстарды фотографиялық есепке алу әдісімен орындауға уақыт шығысын зерттеу;

  • функциялар матрицасы;

  • өндірістік жағдайда сынау нәтижелері жатыр.

    1. Қызметкерлер санының нәтижелері:

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 252-ІІІ Еңбек кодексі;

  • «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 514-ІІ Заңы;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысымен бекітілген, ^ Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесі;

  • Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмыстарды қауіпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегi мемлекеттік комитетi 1993 жылғы 15 сәуiрде бекiткен Газ шаруашылығындағы қауіпсiздiк ережесі;

  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі;

  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген, Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелері ескеріле отырып әзірленді.

    1. Нормативтер:

  • дайындық-қорытынды жұмысқа, демалуға, жеке мұқтаждықтарға және жұмыс орын ұстауға уақыт шығысы;

  • тұрып жатқан жерінен жұмыстарды жүргізу орнына дейін жүруге уақыт шығысы;

  • жұмыс уақытының орташа жылдық пайдалы қоры ескеріле отырып персоналдың орташа жылдық тізімдік санын орнатады.

1.5. Жұмысшылар кәсіптерінің және басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының атаулары Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерінiң тарифтік-бiліктілік бiрыңғай анықтамалығы мен Қызметшiлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес келеді.

1.6. Ұйымдар нормативтерді берілген ескертулерге сәйкес түзетулерді ескере қолданады.

1.7. Осы нормативтер бойынша есептелген персоналдың нормативтік санына қосымша:

1.7.1. Ұйым балансындағы қуаттылығы 220 кВ-қа дейінгі жоғары вольтті желілер мен қосалқы станцияларға қызмет көрсету бойынша персоналы, бұл ретте олардың саны қолданыстағы нормативтік құжат бойынша анықталады;

1.7.2. Ұйымның автомобиль көліктерін жүргізу бойынша персоналы, олардың саны ұйым балансындағы техникалық күйі жұмыс істеуге жарамды автомобиль көліктерінің санына сүйене отырып, ал апат-диспетчерлік қызмет үшін – 4,7 адамнан деп есептеледі.

Автокөліктерге барлық жөндеу жұмыстарын орындайтын қызметкерлердің нормативтік саны техниканың 7 бірлігіне 1 адам деп есептеледі.

      1. Ұйымда көшірме жасайтын техникамен (болған жағдайда) - бір техникамен жұмыс істеуге 0,5 адам деп есептеледі.

      2. Күзет қызметкерлерінің нормативтік саны күзет орнының орналасқан жерін және жұмыс істеу тәртібін ескеріп ұйым комиссиясының актісін басшылыққа ала отырып есептеледі, сонымен қатар әрбір күзет орнына, жұмыс тәртібіне байланысты:

  • тәулік бойы 24 сағаттағы жұмыс тәртібі – 4,7 адам;

  • 16 сағаттағы – 3,14 адам;

  • 12 сағаттағы – 2,35 адам;

  • 8 сағаттағы – 1,57 адам.

Күзет бөлімшелері басшыларының саны күзетшілердің (жұмысшылардың) санына байланысты, 30 адамға бір басшы деп орнатылады.

      1. Қызметтік және өндірістік үй-жайларды жинаушылардың, аула сыпырушылардың саны республикада қызмет ететін нормативтік құжатқа сәйкес орнатылады.

      2. Қоймашылардың нормативтік саны қоймалық үй-жайлардың санына байланысты – газ желілерінің ауданына, сондай-ақ стационарлық қойма болған жағдайда табиғи газ құбырларын пайдалануды іске асыратын, ұйым базасынан 10 км және одан да алыс жерде орналасқан учаскелеріне бір қоймашы деп белгіленеді.

      3. Ұйымның балансында кіші қазандықтар болған жағдайда оларды күтіп-ұстау бойынша қызметкерлердің саны қызметтегі «Қазандықтардың персонал санының нормативтері» нормативтік құжаты бойынша анықталады.

      4. Ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын орындау бойынша персонал, ол есептік жылда өз персоналы орындауға міндетті, жұмыстардың көлеміне қарай (смета бойынша) есептеледі.

Өндірістік және қызметтік ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің нормативтік саны, қызметтік және өндірістік ғимараттардың  2000 м2 бір адам деген есеппен анықталады.

  1.8. Ұйымдар персоналдың нормативтік санын есептеу кезінде, егер өзгеше тиісті нормативте, түзетуде, коэффициентте көрсеткіш (фактор) атауында көрсетілмесе, жалпы ұйым үшін анықталған, көрсеткіштерді (факторларды) қолданады.

1.9. Көрсеткіштер (факторлар) мәндері есептік жылдың басына қарай қалыптасқан, олардың нақты мәндері бойынша анықталады және есеп айырысу кезеңінің алдындағы жыл үшін статистикалық есептілікте көрсетілген, мәндерге сәйкес келуге тиісті.

1.10. Персоналдың нормативтік саны жалпы ұйым бойынша нормативтер бойынша есептеледі. Бірінші басшы, персоналдың іс жүзіндегі құрамына, оларға жүктелген функцияларға, жабдық пен құрылғыларға сүйене отырып, персоналдың есептелген жиынтық нормативтік саны шегінде құрылымдық бөлімшелер бойынша нормативтік санды мынадай санаттар бойынша есептейді.

- 1.7-тармағы ескеріле отырып (жұмысшылар) 3.2.1.- 3.2.7-кестелер бойынша;

- 3.3.1. – 3.3.5-кестелері және 1.7.1, 1.7.4, 1.7.7, 3.3.4-3.3.6-тармақтары бойынша (БМ өндірістік персонал);

- 3.3.6.-3.3.5-кестелері және 3.3.7-тармағы бойынша (БМҚ басқару аппараты).

1.11. «Дейін» деп көрсетілген көрсеткіштердің (факторлардың) санды мәндерінің шектерін «қоса алғанда» деп түсіну қажет.

1.12. Көрсеткіштердің (факторлардың) аралық мәндері үшін персонал санының нормативтері интерполяция әдісімен анықталады.

Дөңгелектеу ережелері бойынша бүтін санға дейін дөңгелектеуге ұйым бойынша жеке жұмысшылардың жиынтық саны ғана, өндірістік персоналдың басшылары мен мамандарының жиынтық саны және басқару аппараты персоналының жиынтық саны ғана жатады.


  1. ^ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Персонал еңбегі еңбек пен жұмыс орындарын ұйымдастыру жобаларына сәйкес ұйымдастырылады.

2.2. Құрылымдық бөлімшелердің қызмет көрсететін газ жабдығының түрлері бойынша мамандануы, жабдыққа, ғимараттар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстары оларды қалыптастыру негізі болып табылады.

2.3. Персоналдың жұмыс атқару кезінде іс-қимылын ұйымдастыруды өз функцияларына сәйкес басқару бөлімшелері мен өндірістік қызметтер жүзеге асырады.

2.4. Техникалық қызмет көрсету, күрделі және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықты, құрылғылар мен құрылыстарды жетілдіру және жаңарту бойынша жұмыстарды ұйымның жөндеу персоналымен қатар, мердігерлік ұйымдардың персоналы да жүргізе алады.

2.5. Халыққа газ сату халықтың ыңғайы үшін қаланың әр түрлі жерлерінде орналасқан қабылдау пункттерінде тұрмыстық тұтынушылардан тұтынылған газ үшін төлемдерді қабылдауды, сондай-ақ төлем құжаттарын өңдеу үшін есептегіш техниканың (ДЭЕМ) қолданылуын көздейді.

2.6. Нормативтер үздік тәжірибе пайдалана отырып, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастырудың озық әдіс-тәсілдерінің қолданылуына арналған (нормаланған тапсырмаларды беру, кешенді механизациялау, еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық нысандарын қолдану).





  1   2   3



Похожие:

«келісілді» Қазақстан Республикасының iconКелісілді: бекітілді
«Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,...
«келісілді» Қазақстан Республикасының iconКелісілді Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органның даму мақсаттарының мемлекет дамуының стратегиялық мақсаттарымен сәйкестігі
«келісілді» Қазақстан Республикасының icon«келісілді» Қазақстан Республикасының
Жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері
«келісілді» Қазақстан Республикасының icon«келісілді» Қазақстан Республикасының
Тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері
«келісілді» Қазақстан Республикасының iconКелісілді бекітемін өскемен қаласы әкімінің орынбасары Өскемен қаласының әкімі
Азақстан республикасының президенті н. А. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 АҚпандағЫ «Әлеуметтік экономикалық жаңҒырту – Қазақстан дамуының...
«келісілді» Қазақстан Республикасының icon«Келісілді» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі
Жоба іске асыру барысына арналған әдістемелік материалдарды, көрнекі насихаттау құралдарын әзірлеу мен таратуды, айдарлар ашуды,...
«келісілді» Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес...
«келісілді» Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі
Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының...
«келісілді» Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының...
«келісілді» Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi
Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы